Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9-сынып е мтихан мәтіндер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
124.93 Кб
Скачать

Абайдың мұражай үйі

Абайдың Жидебайдағы мұражай үйі – ақынның өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме. Ол Семей қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан.

1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 жыл толу қарсаңында арнаулы мемлекеттік комиссияның шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы оның мұражай үйіне айналды.

Ол 1970 жылы күрделі жөндеуден өткізілді. Мұражайдың бес бөлмесі мен үш залына орналастырылған заттар ұлы ақынның жақын туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс-келбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді. Ол - терезесі шығысқа қараған кең бөлме, кіре берісте – қазанаспа. Оған екі қазан орнатылған. Үлкенінде ет, кішісінде жеңіл тағамдар әзірленген. Қазанаспаның жанында екі самауыр тұр. Оң жақ босағада асадал, мыс жалатылып сүйектен жасалған кішкене кебеже. 1885 жылы Абай осы екі бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген.

Ас үйдегі мұнан өзге тарихи мұрағаттардың бірі - суреттер. Қонақ үйде Абайдың орыс достары Е.П.Михаэлис, С.С.Гросс, Н.И.Долгополовтың суреттері бар.

Мұражайдың температурасы қысы-жазы бірқалыпты. Оның қабырғалары таспен қаланған.

Кино өнері

Кино өнері - көп өнердің бір түрі. Ол - әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер. Кино шығаруға, яғни фильмді жасауға әр алуан мамандықтың шығармашылық қызметкерлері қатысады.Олар: кинодраматург (сценарий авторы); режиссер (оқиғаның орындалуына жетекшілік етуші), актер (кейіпкер тұлғасын экранда жасаушы), оператор (кадрға түсіруші), суретші, композитор.

Кино өнері - өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дәстүрлері бар ерекше өнер.

Киношежіре - күнделікті өмірдің өзекті мәселелерін баяндайтын жедел кинохабар. Киноматериалды авторлық қорытудан өткізілген, жанрлық, көркемдік-эстетикалық бірлік жиынтығы. Киношежіре факт жайлы қысқаша ақпарат беріп, не түсініктеме қосады. Бірақ оператор өз ойын көркемдік тәсілдер (түсіру түрі, жоспар, кадр композициясы) арқылы береді. Киношежіре кинорепортаж, киносұхбат, киноочерк және кинофельетон болып бөлінеді. Киношежіре қазіргі күнде теледидардың дамуына байланысты бейнемагнитафондық түрге ауысты. Қазақстанның басты саяси-әлеуметтік оқиғаларын түсіріп, мұрағаттарға жинайды.

Шәкен Айманов

Шәкен Айманов - қазақ киносының майталманы. Ол 1928 жылы Семейдегі педагогикалық техникумда оқып жүрген кезінде осындағы көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене араласады. 1933 жылы арнайы шақырумен қазақ академиялық драма театрына келеді. 1947-1951 жылдар арасында осы театрдың көркемдік жағын басқарады әрі бас режиссері болады.

М.Әуезовтың «Абай» романы бойынша сахналық қойылым жасаған. 1941 жылдан бастап киноға түседі.

Ерен еңбектерін ескере отырып, Ш.Айманов Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен (екі рет), «Құрмет белгісі» медальдармен марапатталған.

Кино өнері - көп өнердің бір түрі. Ол - әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер. Кино шығаруға, яғни фильмді жасауға әр алуан мамандықтың шығармашылық қызметкерлері қатысады. Олар: кинодраматург(сценарий авторы); режиссер(оқиғаның орындалуына жетекшілік етуші), актер(кейіпкер тұлғасын экранда жасаушы), оператор(кадрға түсіруші), суретші, композитор.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]