- •Шоқан Уәлиханов
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- •Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны
- •Бесікке салу
- •Қазақ тілін зерттеген ғалымдар
- •Ежелгі қалалар
- •Түркістан
- •Қазақтың қолөнер туындылары
- •Музыка аспаптары
- •Ұлттық киім
- •Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
- •Ә.Қастеев - атақты суретші
- •Гульфайрус Исмайлова
- •Қазақтың билері
- •Түркістан
- •Абайдың мұражай үйі
- •Кино өнері
- •Шәкен Айманов
- •Шешендік сөздер
Ұлттық киім
Қазақтың ұлттық аяқ киімдеріне мәсі, кебіс, саптама етік, етік жатады. Қалыңдыққа арнайы тігілетін етік. Мұндай етіктің өкшесі биік, табаны ағаш шегемен шегеленіп тігіледі. Қонышы өңделген теріден түрлі өрнектер салынып, көкшіл бояуға боялып, әсемделеді.
Саптама етік – қонышы тізені жауып тұратын ұзын, табаны қалың түзу болып тігілетін аяқ киім. Оны киіз байпақпен киеді. Қысқы аязда ат үстінде жүргенге жылы, әрі қолайлы.
Мәсі – жұқа теріден, табансыз, үйде киетін аяқ киім. Кебіс – табаны қалың, өкшесі биіктеу, сыртына түрлі өрнектер салынып тігілетін, мәсінің сыртынан киюге арналған аяқ киім.
Киімдер: жейде, көйлек, шалбар, бешпент, қамзол, желет, шапан, тон, ішік.
Ерлердің бас киімдері: бөрік, тымақ, қалпақ, тақия.
Әйелдердің бас киімдері: кимешек, жаулық, бөрік, сәукеле, тақия.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Қаныш Сәтбаев 12 сәуірде 1899 жылы дүниеге келген. Ол бала кезінен зерек болып өсті. Алты жасынан бастап ауыл мектебінде оқыды. Арабша хат танып, араб тілін үйреніп, парсы, түркі әдебиетінің үлгілерімен танысады.
1912 жылы Қаныш Павлодар қаласындағы екі кластық орыс-қазақ мектебіне түседі. Қаныш бұл мектептің жарық жұлдызы болады. Ән салып, гитара, домбыра тартып, Абай мен орыс ақындарының шығармаларын жатқа білді.
1914 жылы Қаныш Семейдің семинариясына түсіп, онда төрт жыл оқиды. Семинарияны бітірген соң 1918-1919 жылдары Қаныш Семей қаласындағы екі жылдық педагогика курсының оқытушысы болып, онда жаратылыстану пәнінен сабақ берді. Бірақ жоғары білім алғысы келді. Біраз дайындықтан кейін Қаныш емтихан тапсырып, Томскідегі Технология институтына түседі.
Институтты бітіргеннен кейін Қ.И.Сәтбаев өзінің туған Қазақстанына оралып, бүкіл өмірін геологияны зерттеуге арнады. Еңбек жолында Атбасар түсті металдар тресінде бастап, инженер-геолог, бас геолог- инженер болды.
Қ.И.Сәтбаев 1943 жылы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды, ал 1946 жылы толық мүшесі болып сайланды.
Қаныш Сәтбаев дарынды адам еді. Ол - 640-тан астам ғылыми еңбектің авторы, «Жезқазған руда кеніші» деген ғылыми еңбегі үшін Қ.И.Сәтбаев Ленин орденімен марапатталды.
1964 жылы қаңтар айында ғалым көз жұмды.
Қаныш Сәтбаев – көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академикасының тұңғыш президенті.
Ә.Қастеев - атақты суретші
Әбілхан Қастеев — этнограф, әрі зерттеуші, зергер суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Қазақ КСР-інің халық суретшісі (1944). ҚАЗАҚ ССР МЕМЛЕКЕТТІК сыйлығының лауреаты.
Қастеев Әбілхан 1 қаңтарда 1904 жылы қазіргі Алматы облысы Жаркент ауданы Шежін аулында дүниеге келген.
Ә.ҚАСТТЕВ Алматыдағы Н.Г.Хлудов пен Москвадағы көркем сурет студияларында оқыды.
1954—1956 жылдары Қазақ КСР-і Суретшілер одағы басқармасының төрағасы болды. Суретші Жетісу өлкесін ерекше сүйіп,оны бейнелей білді. «Медеу манының сипаты», «Жайлауда», «Үй маңындағы көрініс»,«Күз»,«Биік таулы мұз айдыны», «Амангелді сарбаздары»,еңбектерінен суретшінің Отанға деген зор патриоттық сезімі айқын көрінеді.Суретшінің "Ғ.Мұратбаев", "Абай Құнанбаев", "Ж.Жабаев", "А.Иманов", "Ш.Уалиханов", "К.Әзірбаев" сияқты портреттік туындылары жоғары таным-талғамның үлгісі. Тарихи тақырыптағы "Түрксіб", "Амангелді сарбаздары", "Колхоз тойы", "Қалыңдық", "Киіз үйдің ішкі көрінісі", "Қыз Жібек", "Қыз ұзату", "Қос кұрбы", "Келін түсіру", т.б. шығармалары ұлттық қазынамызға айналды.
Алматыда Ә.Қастеев атында көше бар.
2004 жылы ЮНЕСКО аясында Әбілхан Қастеевтің 100 жылдық мерейтойы аталып өтілді.
Қазақ тілі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі . Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатыныс құралы ретінде қызмет етіп келеді. 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Түркі тілдердің ішінде қазақ тіліне ең жақындары - ноғай, қарақалпақ, татар, башқұрт, қарашай-балқар тілдері.
Қазақ тілі – Ресей,Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Монғолия, Қытай, Ауғаныстан, Иран, Түркия, т.б. елдерде тұратын қазақтардың да ана тілі.
Қазақ тілі - өркендеген мәдениеттің тілі, ғылыми тіл, ресми іс-қағаздардың тілі.
1989 жылы 22 қыркүйекте «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы » Заңы қабылданды.
