Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9-сынып е мтихан мәтіндер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
124.93 Кб
Скачать

Ежелгі қалалар

Ежелгі қалалардың бірі – Отырар. Ол VI-VIII ғасырларда Сырдария өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекеттің астанасы болған. XVI-XVII ғасырларда Отырар саяси, шаруашылық және мәдени орталық болған. Отырар алғашқы кезде Фараб деп аталады. Отырарда медресе, мешіт, базар, монша, басқа да ғимараттар болған.

VII ғасырдан бастап Тараз қаласы Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қалалардың біріне айналған. Бұл қалада сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болған. Олар: Айша бибі кесенесі мен Бабаджа қатын кесенесі. Әйгілі Тараз моншасы – Орта Азия мен Қазақстандағы ең алғашқы моншалардың бірі.

X – XII ғасырлар – қаланың ең гүлденген кезі.

XVII ғасырдан бастап бірте-бірте халқы азайып, шағын елді мекенге айналады.

Түркістан

Түркістан — Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан каласы казак халқының тарихымен тығыз байланысты. Орта ғасырларда (XVI—XVIII ғ.) ол Орта Азия мен Қыпшақ даласы халықтарының саяси орталығы болған. Кейін қазак хандығының ордасы болады. Қасиетті Түркістанды "Екінші Мекке" деп атаған.

1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген. Қазір Түркістан — тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне барады. Бұл кесене — сөулет өнерінің ең озық үлгісі. Кесене отыз бес бөлмеден жөне сегіз бөліктен тұрады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында "қырық төрт бөлмеден тұратын "қылует" деп аталатын ғибадатхана салынған. Түркістан каласы Қожа Ахмет Йассауи атымен әлемге әйгілі болды. Бүгінгі Түркістан — туристердің назарын аударып отырған қала. Мұндағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде мыңдаған қазақстандық жастар білім алады.

Киіз үй

Қазақ халқының көшпелі тіршілігіне сай, негізгі баспанасы киіз үй болған. Киіз үй тез құрылады, тез жиналады. Қолданыста өте ыңғайлы, көшіп–қонуға лайықты.

Киіз үй негізгі төрт бөлшектен құралады. Ол – уық, кереге, шаңырақ, есік. Олар мықты ағаштан жасалады. Киіз үйді тігу үшін, алдымен керегелерді керіп, байлайды. Содан кейін шаңырақты көтереді. Шаңырақты салт бойынша сол үйдің иесі ер адам көтереді. Шаңырақ пен керегенің арасын уықпен бекітеді. Уықты баумен байлайды. Содан соң киізбен жабады. Киіз үйдің есігін ағаштан әдемілеп жасайды. Киіз үйдің киіздері: туырлық, түндік, үзік деп үшке бөлінеді. Бірінші туырлық , содан кейін үзік, ең сыртынан түндік жабылады.

Киіз үйдің іші төртке бөлінеді. Ортасында тамақ пісіретін ошақ орнатылады. Киіз үйдің жоғары бөлігі “ төр”, есік жағы “ босаға” деп аталады. Үйдің оң жағына ағаш төсек, көрпе-жастық жинайды, сол жағына тамақ салатын кебеже, ыдыстар қойылады.

Ы.Алтынсарин

Ы.Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы, аудармашы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген.

1850 жылы тоғыз жасар Ыбырай Орынборда қазақ балалары үшін ашылған мектепке оқуға түседі. 1857 жылы мектепті үздік бітірген Ыбырай атасы Балғожаның хатшысы болады. Көп ізденіп, өз бетімен білімін толықтырған Ыбырай халқына пайдалы болуды арман етті. 1860 жылы Торғайда төрт сыныптық қазақ мектебі ашылған кезде Ыбырай орыс тілінің мұғалімі болып белгіленеді. Осы кезден Ыбырайдың ағартушылық-ұстаздық қызметі басталады. Қазақ балаларын орыс тіліне үйретіп, мәдениеттілікке тәрбиелейді. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» атты кітабы балаларға арналған өлеңдер, әңгімелерден тұрады. Ыбырай әңгімелерінің басты тақырыбы - еңбек, еңбек адамы. «Атымтай жомарт» «Әке мен бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімелерінде еңбектің маңызын көрсетеді, еңбекпен төрбиелеуді үйретеді. Ы.Алтынсариннің шығармалары балаларға арналған.

Қазақтың тұңғыш педагогі, ақын, жазушы Ы. Алтынсарин 1889 жылы дүние салған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]