Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9-сынып е мтихан мәтіндер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
124.93 Кб
Скачать

Қазақ отбасы

Қазақ отбасында кенже ұл – шаңырақ иесі.

Кенже бала отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже бала әке-шешесімен тұрады. Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады.

Кенже бала – қара шаңырақ иесі. Қара шаңырақ – үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. Әке-шеше қара шаңырақты кенже ұлына береді. Бұл дәстүрдің мәні зор. Қара шаңырақта балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен аталарын, жеті атасын үнемі айтып отырған.

Елтаңбамыздағы тұлпарлардың мүйіздері жеті буыннан тұрады. Жеті буын қазақтың «жеті атасын білмеген – жетесіз» дегенін аңғартады.

Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды.

Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды.

Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді.

Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді.

Шоқан Уәлиханов

Шоқан (Мұхаммедханафия) Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Жасында ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған ол кейін Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей географиясы мен тарихы, батыс философиясы, физика негіздері, шетел тілдері оқытылған. Шоқан үздік оқыды.

Шоқанның зерттеушілік қабілеті оқып жүргенде оянған. Жазғы демалыс кездерінде ол ел ішіндегі аңыз, әңгімелерді, халықтық жырларды жазып алумен айналысады.

Шоқан қазақ тарихын зерттеуге ерекше ден қойды. Ол қазақ халқының ұйытқысы болған Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ, Керей, Найман руларын жан-жақты зерттеді. Шоқанның тамаша еңбектерінің бірі – «Алты шаһардың жайы туралы» деген шығармасы. Бұл еңбегінде Шоқан Түркістанның қысқаша тарихын жазған.

1864 жылы наурыз айында Шоқан генерал Чернаевтің шақыруымен Әулиеатаға келеді. Содан Верный қаласына, кейін Тезек төренің аулына барып тоқтайды. Сонда үйленіп, тұрып қалады.

Шоқан 1865 жылдың сәуір айында өкпе ауруынан қайтыс болады. Оның сүйегі Алтын Емел тауының бауырындағы Көшен-Тоған деген жерге қойылады.

Шоқанның мұражайы Айыртау ауданындағы Сырымбет аулында орналасқан. Мұражай құрамына Ш.Уәлиханов атындағы мұражайы мен Сырымбет аулынан 4 шақырым жерде орналасқан  ғалымның әжесі Айғанымның үйі кіреді.

Жыл сайын мұражай қабырғасында әдеби оқулар, дәрістер және тағы басқа іс-шаралар жүргізіледі.

Тұңғыш кітаптар

Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптардың бірі – «Қутадғу білік» («Құт негізі – білік» – «Основа богатства – знание»). Бұл кітапты 1069 жылы ірі ғұлама Жүсіп Баласағұн жазып, сол кезде Қашқария мен Жетісуды билеген Боғра ханға сыйлаған.

Кітаптың араб алфавитімен жазылған екі нұсқасы Каир мен Ташкентте сақталған. Ал Боғра ханға берілген үшінші нұсқасы ұйғыр алфавитімен жазылған. «Осыған қарағанда, – дейді атақты түрколог профессор С.Е.Малов, – кітап әуелде араб жазуымен жазылған болуға тиісті».

Бұдан кейінгі кітап – «Диуани луғат-ат-түрік» («Түрік сөздерінің жинағы») 1072– 1074 жылдары араб алфавитімен жазылған. Оның авторы – ұлы ғалым Махмұд Қашқари. Осыдан бастап Орта Азияның ұлы ғалымдары мен ақындары, тарихшылары араб жазуын орта ғасырға дейін пайдаланған. Ал араб алфавиті Қазақстанда ХХ ғасырдың басына дейін (1929 жылға дейін), яғни 900 жыл бойы қолданылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілері. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік рәміздері бекітілді.

Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы

Елтаңбада сол елдің тарихы, дәстүрі толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген. Жылқы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған.

Пырақ - мал шаруашылығының бейнесі. Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді.

Жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]