- •Мәліметтер қорының модельдері. Иерархиялық модель.
- •Мәліметтер қорының модельдері. Мәліметтердің реляциялық моделі.
- •Реляциялық алгебра. Біріктіру, қиылысу, айыру, көбейту амалдары.
- •Реляциялық алгебра. Таңдау, проекцияны құру амалдары. Қосу (жалғау) амалы. Бөлу, меншіктеу амалы.
- •Реляциялық есептеу. Қалыптандыру.
- •Постреляциялық модель.
- •Объектілі-бағытталған модель.
- •Жергілікті ақпараттық жүйелер.
- •Мқбж қолданбасын пайдалану
- •Мәліметтер қоры және интернет.
- •Мәліметтер қорын басқару жүйелері.
- •Транзакция. Мқ қорғау құралдары.
- •Қолданбалы программалық қамтамасыз ету.
- •Мәліметтер қорын жобалауды автоматтандыру құралдары. Case-технология.
- •Sql стандарттары.
- •Компьютерлік желідегі sql.
- •Sql тілінің элементтері.
- •Sellect операторы.From сөйлемі.
- •Where сөйлемі. Салыстыру. Диапазонға жататындығын тексеру. Жиынға жататындығын тексеру. Шаблонға сәйкес болуын тексеру. Null мәніне тең болуын тексеру.
- •Агрегаттық функциялар.
- •Group by сөйлемі. Having сөйлемі. Order by сөйлемі.
- •Индекстер.
- •Sql және мәліметтер қорының қауіпсіздігі.
- •Мәліметтер қорын басқару жүйесі. Жалпы сипаттама.
- •Кесте, форма, сұраныс, есеп.
- •Макрос, модуль, мәліметтерге қол жеткізу беттері.
- •Мәліметтер қорын тұғырнамалық жобалаудың ұстанымдары.
Реляциялық есептеу. Қалыптандыру.
Реляциялық есептеу, реляциялық алгебраға қарағанда, кестені бір сұраныстың көмегімен анықтайды. Реляциялық есептеуде сұраныс келесі түрде беріледі:
{мақсаттық тізім: анықтаушы өрнек} Мақсаттық тізім реляциялық есептеудегі сұраныстың шешімі болып табылатын кестенің атрибуттарын (бағандарын) анықтайды.
Анықтаушы өрнек шешу кестесінің элементтері қанағаттандыруға тиіс болатын шарттарды береді. Мысалы, «Орион» фирмасының сауда агенттерінің қайсысы Лондонда тұрады деген сұраныс келесі түрде беріледі: {r.Summ, r.Sname:=r IN Salespeople AND r.City=”London”}Сұраныс нәтижесінде келесі кесте пайда болады.
Summ Sname
1001 Pal
1004 Smith
Мәліметтер қорын әзірлеу, жобалау кезінде кестелер белгілі бір талаптарды қанағаттандыруы, яғни стандарттық түрге ие болуы тиіс. Бұл талаптар қалыпты форма деп, ал қалыпты түрге келтіру үдерісі – қалпына келтіру деп аталады. Қалпына келтірілмеген кестелерді реляциялық алгебраның әрекеттері дұрыс өңдемейді. Мәліметтер қорының кестелері 4 қалыпты түрге сәйкес келуі тиіс.
Алғашқы қалыпты форма атрибуттардың барлық мәндері жиындар емес, қарапайым шамалар болуға тиіс болатынын ескереді. Мысалы, келесі түрдегі жазбаға
0023003 {607.1, 160.09} 10/03/2000 2001 1001 жол берілмейді, себебі ол алғашқы қалыпты формаға сәйкес келмейді.
Екінші қалыпты форма. Егер де ешбір кілттік емес атрибуттар кілттің бөлігіне тәуелді болмаса, реляциялық кесте екінші қалыпты формада болады. Осылайша, екінші қалыпты форма бастапқы кілт құрамдас болған жағдайда, былайша айтқанда, бірнеше атрибуттардың жиыны болған жағдайда ғана бұзылуы мүмкін.
Үшінші қалыпты форма. Егер кез келген детерминант кілт болып табылса, онда реляциялық кесте үшінші қалыпты формада болады. Детерминант деп кестенің әрбір жолындағы басқа атрибуттың мәнін анықтайтын атрибут аталады.
Төртінші қалыпты форма өзге атрибутқа (көпмәнді байланыстылық) тәуелді болатын атрибут мәніңің көп рет қайталану мүмкіндігіне жол бермейді.
Бесінші қалыпты формада біріккен тәуелділіктер болмайды.
Постреляциялық модель.
Постреляциялық модель. Реляциялық модельге қарағанда постреляциялық модельде көпмәнді өрістерге жол беріледі, яғни онда алғашқы қалыпты түр қоятын шектеудің күші жойылады. Көп мәнді өрістердің мәндер жиыны өзіндік кесте болып саналады. Постреляциялық модельдің артықшылығы сол – ол байланысқан реляциялық кестелердің жиынтығын бір ғана постреляциялық кесте түрінде беру мүмкіндігі. Постреляциялық модельдің кемшілігі сақталатын мәліметтердің тұтастығы мен қарама-қайшылықсыздығын қамтамасыз ету мәселесін шешудің қиындығы болып отыр. Мәліметтердің постреляциялық үлгісіне негізделген МҚБЖ-лардың қатарына Bubba және Dasdb жүйелері жатады.
Көпөлшемді модель. Көпөлшемді модель.Мәліметтер қорының көпөлшемді моделі ақпаратты интерактивтік аналитикалық өңдеуден өткізуге арналған. Мәліметтердің тиімді жедел түрде өңдеуден өткізілуін қамтамасыз ететін реляциялық модельге қарағанда, көпөлшемді модель талдау жүргізу мен шешім қабылдау барысында мәліметтерді жедел түрде өңдеуге мүмкіндік береді. Сол арқылы ол жасанды интеллект жүйелерінде, атап айтқанда экспертік жүйелерде қолданыста болады.
Мәліметтер моделінің көпөлшемділігі цифрлық мәліметтерді көрсетудің көпөлшемділігін емес, сипаттау кезінде және мәліметтерді манипуляциялау әрекеттерінде ақпараттың құрылымын көпөлшемдік логикалық кейіптеуді білдіреді. Көпөлшемді модельдер үшін мәліметтердің агрегирлігі, тарихилығы мен болжамдылығы тән болып келеді. Көпөлшемдік модельдің негізгі ұғымдарына өлшем мен ұяшық жатады. Өлшем дегеніміз – бұл гиперкуб қырларының бірін құрайтын бір типтік мәліметтердің жиыны. Мәліметтер қорының көпөлшемдік моделінде бірақатар арнайы амалдар қолданылады: қиындыны құрастыру, айналдыру, агрегациялау және детализациялау.
