- •Еңбек ақысын ұйымдастыру және жұмыскерлерді материалды ынталандыру
- •Жаңа өнімді өндіруге көшу әдістері
- •Заңдық тұлғалардың шаруашылық етуінің ұйымдық-құқықтық түрлері.
- •Кәспорындағы еңбекті ұйымдастыру және техникалық мөлшерлеу
- •Кәсіпорындағы өнім өз құндылығын қалыптастыру
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстары.
- •Кәсіпорынның негізгі қорларын бағалау түрлері. Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану көрсеткіштері
- •Кәсіпорынның негізгі қорларының маңызы мен түсінігі
- •Негізгі қорлардың тозу түрлері. Амортизация түрлері.
- •Негізгі өндіріс құрылымы, принциптері және оның құрылуы.
- •Өндірістегі жоспарлауды ұйымдастыру.
- •Өндірісті рационалды ұйымдастыру принциптері
- •Ұйымдастыру және диспетчерлік қызметінің функциялары.
Заңдық тұлғалардың шаруашылық етуінің ұйымдық-құқықтық түрлері.
Заңдық тұлғалардың шаруашылық етуінің ұйымдық-құқықтық түрлері. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметiне байланысты мiндеттердi осы Кодекске сәйкес мойнына алуы мүмкiн. Мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтары болуы және заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қажеттi азаматтық мiндеттердi атқаруы мүмкiн. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асырушы заңды тұлғалар үшiн басқа қызметпен айналысу мүмкiндiгi болмауы немесе шектелуi мүмкiн. Заңды тұлға тiзбесi заң актiлерiнде белгiленетiн жекелеген қызмет түрлерiмен лицензия негiзiнде ғана айналыса алады.2. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлғаның (мемлекеттiк мекеме) құқық қабiлеттiлiгi осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен белгiленедi.Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211, 1998.12.16. N 320 Заңдарымен.
ИСО стандарттары 9000 сериялары.Сапаға қойылатын талаптар халықаралық деңгейде 9000 сериялы ИСО стандарттармен анықталған. 9000 сериялы халықаралық ИСО стандарттарының бірінші редакциясы 80-ші жылдардың аяғында шықты және халықаралық стандарттаудың сапалы жаңа деңгейге шығуын атап өтті. Олар сапаны сертификаттауға бастама салды. ИСО-9000 стандарттары сапа жүйелерін бағалау бойынша келісімдік шарттарға әлемде жалғыз танылған амалды анықтады және өнімді шығарушылар мен тұтынушылар арасындағы қтынастарды бір мезгілде регламенттеді. Сапа жүйелері бойынша ИСО 9000 Халықаралық стандарттары бес атаудан тұрады:1. ИСО 9001 «Сапаны жалпы басқару және сапаны қамтамасыз ету бойынша стандарттар. Таңдау мен қолдану бойынша басқарушы нұсқаулар».2. ИСО 9001 «Сапа жүйесі. Жобалау және (немесе) әзірлеу, өндіру, жинақтау және қызмет көрсету кезінде сапаны қамтамасыз етуге арналған модель».3. ИСО 9002 «Сапа жүйесі. Өндіру мен жинақтау кезінде сапаны қамтамасыз етуге арналған модель».4. ИСО 9003 «Сапа жүйесі. Түпкілікті бақылау мен сынау кезінде сапаны қамтамасыз етуге арналған модель».5. ИСО 9004 «Сапаны жалпы басқару және сапа жүйесінің элементтері. Басқарушы нұсқаулар».
Иілімділік маңызы және оны есептеу принциптері. Серпімділі-тұтқырлы-иілімділік пішін өзгеруінің заңдарының негізгі теңдеулері қарастырылып отырған есептерде әртүрлі пішінді қабылдайды. Әйтседе барлық жағдайларда біздер сызықты емес проблемаларға тап болып, математикалық шешулерінің толықтығы әжептеуір қиындыққа соғады. Сондықтан көп жағдайларда проблеманың талдауымен ғана шектелуге тура келеді де, кейбір дербес жағдайларда ғана кернеу мен деформация арасындағы байланысты дәл шешуге болатынын көрсетеміз.
