Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин анализ дайын теория.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
313.34 Кб
Скачать

16. Ұйым капиталын коэффициенттік талдау үшін қолданылатын көрсеткіштерге сипаттама

Ұйымның қаржылық жағдайына оның қарыздық капиталының құрамы мен құрылымы, яғни қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелердің ара-қатынасы әсер етеді. Талдау жүргізу барысында кредиторлық қарыздардың құрамы, олардың пайда болу мерзімі, өтеу мерзімі кейінге шегіндірілген қарыздардың (жеткізушілер, қызметкерлер, бюджет) бар болуы, олардың пайда болу себептері зерттелінуі керек.

Ұйымның кредиторлық қарыздарының жағдайын бағалау үшін пайдаланылатын көрсеткіштердің бірі оны өтеу кезеңінің орташа ұзақтығы

М к.қ. болып табылады. Бұд көрсеткіш келесідей формула бойынша есептеледі:

М к.қ. = кредиторлық қарыздардың орташа қалдығы * кезеңдегі күндер саны / қайтарылған кредиторлық қарыздар сомасы

Өндірістің басқа факторлары сияқты Ұйымның операциондық және инвестициялық шығындарының мөлшері қалыптастыратын қарыздық капиталының құн болады.

Қарыздық капитал құны – бұл әртүрлі көздерден тартылған қаражаттар үшін ұйымның төлейтін бағасы.

Талдау жүргізу барысында олардың әрқайсысының құнын салыстырмалы түрде талдаудың маңыздылығы жоғары.

Ұйымның меншікті капиталының құны Қмк былай анықталады:

Қмк = есептік кезеңдегі таза пайда сомасы / есептік кезеңдегі меншікті капиталдың орташа сомасы * 100

Акционерлік қоғамдар үшін акционерлік капиталдың құны Қак былай анықталады:

Қак = акциялар бойынша төленген дивиденттер сомасы / акционерлік капиталдың орташа сомасы * 100

Банктік несие түріндегі қарыздық капиталдың құны Қбн былай анықталады:

Қнб = несие үшін есептелінген пайыз / банк несиелерінің орташа сомасы

17.Ұйымның төлем қабілеттілік түсінігі

Төлем қабілеттілік – бұл ұйым өзінің барлық міндеттемелерін өз уақытында орындау қабілеттілігі. Ұйымның төлем қабілеттілігі баланстың өтімділік деңгейіне тәуелді. Төлем қабілеттілік төлем қабілеттілік коэффициенті арқылы көрінеді.

К т.қ. = қолда бар ақша қаражаттарының сомасы / төленуі қажетті міндеттемелер сомасы

Егер осы коэффициент 1 тең немесе одан жоғары болса ұйымның төлем қабілеттілігі бар деп саналады. Болашақтағы төлем қабілеттілікті бағалау үшін ұйым өтімділіктің динамикалық және статикалық көрсеткіштерін қолданады. Ұйымның төлем қабілеттілігіне динамикалық көрсеткіштерді көрсететін мынандай коэффиценттерді қосымша есптеуге болады:

1. Өнімдерді (жұмыстар мен қызметтерді) сатудан алынған табыс сомасы / қмм-дің орташа сомасы

Бұл есептеуде белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының ағынын (баланс жасалған күндегі емес) көрсетеді.

2. Ақша қаражаттарының жеткіліктілік коэффиценті. Бұл ұйымда шығындарды жабу үшін ақша қаражаттарының нақты бар екендігін көрсетед Осы коэффицент 1 тең болуы ұйымның сырттан тартылған қаражаттарсыз жұмыс істеуге қабілетті екендігін көрсетеді.

К а.қ.ж = өнімдерді сатудан немесе қызмет көрсетуден түскен табыстар сомасы / (күделі шығыстар + құрылтайшыларға төленетін төлемдер сомасы+ айналым қаражаттарының өсімі (есептік жыл – өткен жыл)

3.Ақша қаражаттарын капиталдандыру коэффициенті ұйым активтеріне салынған инвестициялар деңгейін анықтауда қолданылады.

К = Сатудан алынған табыс – төленген дивидендтер___

Негізгі құралдардың бастапқы құны + инвестициялар

+ басқа активтер + меншікті айналым қаражаттары

Ақша қаражаттарының капиталдандыру деңгейі 8-10 % мөлшерінде болса, жеткілікті деп есептелінеді.

Болашақтағы төлем қабілеттілікті бағалау үшін өтімділіктің статикалық көрсеткіштері кеңінен қолданылады. Олар: