
- •1.Қаржылық талдаудың мақсаты мен міндеттерін ашып көрсетіңіз және қаржылық және басқарушылық талдау айырмашылықтарын сипаттаңыз.
- •2.Қаржылық талдау әдістерінің түрлерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз
- •3.Қаржылық есептілік нысандарының қаржылық талдаудың ақпараттық көзі ретіндегі маңызын ашып көрсетіңіз
- •4.Қаржылық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету көзі ретінде бухгалтерлік баланстың мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •5.Ұйым балансын талдаудың мақсаты мен міндеттеріне тоқталыңыз.
- •7. Ұйым активтерінің құрамы мен құрылымын талдау барысында қандай коэффициенттер анықталады? Олардың есептелу жолдарын көрсетіп, түсініктеме беріңіз
- •1)Активтердің мобильділік коэф.
- •2)Активтердің орналасу тиімділігін сипаттайтын коэф.
- •3)Ұйымның мүліктік жағдайын сипаттайтын коэф.
- •8. Негізгі құралдарын талдаудың мақсаты мен міндеттеріне тоқталыңыз
- •9. Негізгі құралдардың құрылымы мен қозғалысына талдау жасау барысында қолданылатын көрсеткіштерге сипаттама беріңіз
- •10. Негізгі құралдардың техникалық жағдайына талдау барысында қандай коэффициенттер анықталады? Олардың есептелу жолдарын көрсетіп, түсініктеме беріңіз
- •11. Ұйымның нқ-рмен қамтамасыз етілуіне ж/е оларды пайд-у тиімділігіне талдау жасау үшін қолд.Көрсеткіштерге сипаттама
- •12. Капитал түсінігін ашып көрсетіңіз ж/е оның қалыптастыру көздеріне сипаттама көрсетіңіз
- •13. Өтімділік түсінігін ашып көрсетіңіз және баланс активін өтімділігіне, пассивін төлем жеделдігіне қарай топтастырыңыз, олардың өзара қатынасын көрсетіңіз.
- •14. Банкроттық және оның негізгі пайда болу себептері
- •16. Ұйым капиталын коэффициенттік талдау үшін қолданылатын көрсеткіштерге сипаттама
- •17.Ұйымның төлем қабілеттілік түсінігі
- •1. Өнімдерді (жұмыстар мен қызметтерді) сатудан алынған табыс сомасы / қмм-дің орташа сомасы
- •1 Абсолютті өтімділік коэффициенті.
- •2 Аралық жабу коэффициенті
- •18.Ұйымның балансының өтімділігін талдау, жалпы өтімділік коэффициентін анықтау қалай жүргізіледі? Оның мәні нені білдіреді?
- •19.Ұйымның несиелік қабілетін бағалау
- •20.Ұйымның банкроттық ықтималдығын бағалау үшін нақты анықталған көрсеткіштер жүйесіне сипаттама беріңіз
- •21. Банкроттық түсінігін ашып көрсетіңіз және банкроттық белгілерін талдау үшін қолданылатын көрсеткіштер жүйесіне сипаттама
- •22. Ұйымның банкроттық ықтималдығын бағалау үшін қолданылатын дискриминанттық факторлық модельдерге сипаттама беріңіз
- •24. Жиынтық пайда және оған әсер ететін факторлар.
- •25.Кезең ішінде жалғасқан қызметтен болған пайда көрсеткіштерінесипаттамаберіңіз
- •26.Ұйымның рентабелділік көрсеткіштеріне талдау жасау әдістемесіне тоқталыңыз
- •27.Ұйымның іскерлік белсенділік көрсеткіштерін талдау қалай жүзеге асырылады? Оның мәнін ашып көрсетіңіз.
- •Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау қалай жүзеге асырылады? Оның мәнін ашып көрсетіңіз.
- •29.Кәсіпорынның нарықтық белсенділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
- •30. Ақ қозғалысы туралы есепті құрастыру әдісі,
7. Ұйым активтерінің құрамы мен құрылымын талдау барысында қандай коэффициенттер анықталады? Олардың есептелу жолдарын көрсетіп, түсініктеме беріңіз
Ұйым активтерінің құрамы мен құрылымына талдау жүргізу үшін келесідей коэффициенттер анықталады:
1)Активтердің мобильділік коэф.
А.мб= ҚМА\ Барлық Активтер
Бұл коэф. Ұйым міндеттемелерін өз уақытында өтеу үшін қажетті активтердің үлесін сипаттайды. Мәні неғұрлым жоғары болған сайын ұйымның үздіксіз түрде жұмыс істеуі үшін мүмкіндіктердің жоғары екенін көрсетеді.
2)Активтердің орналасу тиімділігін сипаттайтын коэф.
Мобильді қаражат \Имобильді қаражат =ҚМА \ҰМА
Бұл коэф. оптималды мәні -0,5. Егер имобильді қаражаттардың өсу қарқыны мобильді қаражаттардан жоғары болса, онда бұл жағдай ұйым активтерінің айналымдылығының бәсендеуін көрсетеді.
3)Ұйымның мүліктік жағдайын сипаттайтын коэф.
К= Негізгі құралдар\ Барлық Актив
Бұл коэф. есептеу үшін ұйымның материалдық техникалық базасының негізін құрайтын негізгі құралдарға талдау жүргізіледі.
8. Негізгі құралдарын талдаудың мақсаты мен міндеттеріне тоқталыңыз
Негізгі құралдарды талдаудың мақсаты олардың жағдайын объективті түрде бағалау және неғұрлым тиімді бағалау жолдарын іздестіру. Себебі негізгі құралдарды пайдалану тиімділігі ұйымның дамуына тікелей әсер етеді. Яғни өндіріс және сату көлеміне , өндірілген өнім бірлігінің өзіндік құнына, ұйымның іскерлік белсенділігіне, қызметтің рентабельділігіне және қаржылық тұрақтылыққа әсер етеді.
Міндеттері:
1)Ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін анықтау;
2)Негізгі құралдардың құрамында болған өзгерістерді анықтау;
3)Негізгі құралдардың техникалық жағдайын зерттеу;
4)Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін талдау;
5)Ұйым қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштеріне Н.Қды пайдаланудың әсер етуін анықтау;
6)Қор қайтарымдылығы көрсеткіштерін анықтау.
9. Негізгі құралдардың құрылымы мен қозғалысына талдау жасау барысында қолданылатын көрсеткіштерге сипаттама беріңіз
Н.қ құрылымы мен қозғалысы мен талдау көбінесе олардың көлемі мен құрылымын бағалаудан басталады. Н.қ бағалау келесідей нысандарда жүргізіледі:
1) натуралды түрде бағалау - н.қ техникалық құрамын, оларды пайдалану деңгейін, өндірістік қуаттылығын анықтау мақсатында жүргізіледі
2) ақшалай бағалау – н.қ тозу құнын есептелген амортизация сомасын, бастапқы құнын, қалдық құнын анықтау мақсатында жүргізіледі
Н.қ құрылымы – н.қ жеке түрлерінің жалпы құнға қатынасы арқылы анықталады. Н.қ құрылымының қалай өзгергенін анықтау үшін ұйымға келіп түскен және есептен шыққан н.қ туралы мәліметтер қажет.
Н.қ құрылымына талдау жүргізу үшін қажетті мәліметтерді бухгалтерлік есеп ақпараттарын алуға болады.
Н.қ қозғалысына талдау жүргізу маңыздылығы өте жоғары, осы мақсат үшін келесідей көрсеткіш есептеледі:
1. Жаңару коэффиценті:
К(жаңару) = келіп түскен н.қ сомасы / жыл соңындағы н.қ сомасы
Бұл коэф. Жыл соңындағы н.қ жалпы сомасындағы жаңа н.қ үлесін сипаттайды.
2. Н.қ жаңарту мерзімі:
Т(жаңару) = жыл басындағы н.қ сомасы / келіп түскен н.қ сомасы
3. Есептен шығару коэф:
К(есептен шығару) = есептен шығарылған н.қ сомасы / жыл басындағы н.қ сомасы
4. Өсім коэф:
К(өсім) = н.қ өсім сомасы / жыл басындағы н.қ сомасы