
- •1.Қаржылық талдаудың мақсаты мен міндеттерін ашып көрсетіңіз және қаржылық және басқарушылық талдау айырмашылықтарын сипаттаңыз.
- •2.Қаржылық талдау әдістерінің түрлерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз
- •3.Қаржылық есептілік нысандарының қаржылық талдаудың ақпараттық көзі ретіндегі маңызын ашып көрсетіңіз
- •4.Қаржылық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету көзі ретінде бухгалтерлік баланстың мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •5.Ұйым балансын талдаудың мақсаты мен міндеттеріне тоқталыңыз.
- •7. Ұйым активтерінің құрамы мен құрылымын талдау барысында қандай коэффициенттер анықталады? Олардың есептелу жолдарын көрсетіп, түсініктеме беріңіз
- •1)Активтердің мобильділік коэф.
- •2)Активтердің орналасу тиімділігін сипаттайтын коэф.
- •3)Ұйымның мүліктік жағдайын сипаттайтын коэф.
- •8. Негізгі құралдарын талдаудың мақсаты мен міндеттеріне тоқталыңыз
- •9. Негізгі құралдардың құрылымы мен қозғалысына талдау жасау барысында қолданылатын көрсеткіштерге сипаттама беріңіз
- •10. Негізгі құралдардың техникалық жағдайына талдау барысында қандай коэффициенттер анықталады? Олардың есептелу жолдарын көрсетіп, түсініктеме беріңіз
- •11. Ұйымның нқ-рмен қамтамасыз етілуіне ж/е оларды пайд-у тиімділігіне талдау жасау үшін қолд.Көрсеткіштерге сипаттама
- •12. Капитал түсінігін ашып көрсетіңіз ж/е оның қалыптастыру көздеріне сипаттама көрсетіңіз
- •13. Өтімділік түсінігін ашып көрсетіңіз және баланс активін өтімділігіне, пассивін төлем жеделдігіне қарай топтастырыңыз, олардың өзара қатынасын көрсетіңіз.
- •14. Банкроттық және оның негізгі пайда болу себептері
- •16. Ұйым капиталын коэффициенттік талдау үшін қолданылатын көрсеткіштерге сипаттама
- •17.Ұйымның төлем қабілеттілік түсінігі
- •1. Өнімдерді (жұмыстар мен қызметтерді) сатудан алынған табыс сомасы / қмм-дің орташа сомасы
- •1 Абсолютті өтімділік коэффициенті.
- •2 Аралық жабу коэффициенті
- •18.Ұйымның балансының өтімділігін талдау, жалпы өтімділік коэффициентін анықтау қалай жүргізіледі? Оның мәні нені білдіреді?
- •19.Ұйымның несиелік қабілетін бағалау
- •20.Ұйымның банкроттық ықтималдығын бағалау үшін нақты анықталған көрсеткіштер жүйесіне сипаттама беріңіз
- •21. Банкроттық түсінігін ашып көрсетіңіз және банкроттық белгілерін талдау үшін қолданылатын көрсеткіштер жүйесіне сипаттама
- •22. Ұйымның банкроттық ықтималдығын бағалау үшін қолданылатын дискриминанттық факторлық модельдерге сипаттама беріңіз
- •24. Жиынтық пайда және оған әсер ететін факторлар.
- •25.Кезең ішінде жалғасқан қызметтен болған пайда көрсеткіштерінесипаттамаберіңіз
- •26.Ұйымның рентабелділік көрсеткіштеріне талдау жасау әдістемесіне тоқталыңыз
- •27.Ұйымның іскерлік белсенділік көрсеткіштерін талдау қалай жүзеге асырылады? Оның мәнін ашып көрсетіңіз.
- •Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау қалай жүзеге асырылады? Оның мәнін ашып көрсетіңіз.
- •29.Кәсіпорынның нарықтық белсенділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
- •30. Ақ қозғалысы туралы есепті құрастыру әдісі,
4.Қаржылық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету көзі ретінде бухгалтерлік баланстың мазмұнын ашып көрсетіңіз
Кәсіпорынның қаржылық есептілігін талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс – есепті жылдыңбасындағы және соңындағыкәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады.
Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрлымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрлымын,сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады. 1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келеді. Активтер, баланс кәсіпорынның есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлкі құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды:
Активтер – бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.
Пассив – бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорынресурстарының шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.
Капитал – бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты.
Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:
1) қысқа мерзімді активтер;
2) ұзақ мерзімді активтер;
3) қысқа мерзімді міндеттемелер;
4) ұзақ мерзімді міндеттемелер;
5) меншікті капитал.
Қысқа мерзімді активтер – айналыстағы активтер, себебі олар бір жыл ішінде толық қоданылуы немесе ақшаға айналдырылуы мүмкін.
Ұзақ мерзімді активтер – ұйымның өндірістік қызметінде ұзақ уақыт бойында қолданылатын және өздерінің физикалық нысанын өзгертпейтін активтер.
Қысқа мерзімді міндеттемелер – баланстық есепті құрастырған күннен бастап бір жыл ішінде немесе әдеттегі операциялық цикл бойында өтелуге тиісті борыштары.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер – жоғарыдағы анықтамаға сай, бірақ төлем мерзімі баланстық күннен кейінгі бір жылдан артық мерзімді қамтитын міндеттемелер.
Меншікті капитал – ұйымның міндеттемелерін шегергенде қалатын акивтердің бір бөлігі, яғни, МК – фирмадағы меншік иесінің иелену үлесі.
Бухгалтерлік Есептің Халықаралық Стандартына (БЕХС) көшуіне байлнысты Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы №427 бұйрығымен бекіткен.
Баланс активтің өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі жоғары активтерден өтімділігі төмен активтере қарай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімнің жеделділігі тез арада құтылуынан басталады.