
- •1.Қаржылық талдаудың мақсаты мен міндеттерін ашып көрсетіңіз және қаржылық және басқарушылық талдау айырмашылықтарын сипаттаңыз.
- •2.Қаржылық талдау әдістерінің түрлерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз
- •3.Қаржылық есептілік нысандарының қаржылық талдаудың ақпараттық көзі ретіндегі маңызын ашып көрсетіңіз
- •4.Қаржылық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету көзі ретінде бухгалтерлік баланстың мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •5.Ұйым балансын талдаудың мақсаты мен міндеттеріне тоқталыңыз.
- •7. Ұйым активтерінің құрамы мен құрылымын талдау барысында қандай коэффициенттер анықталады? Олардың есептелу жолдарын көрсетіп, түсініктеме беріңіз
- •1)Активтердің мобильділік коэф.
- •2)Активтердің орналасу тиімділігін сипаттайтын коэф.
- •3)Ұйымның мүліктік жағдайын сипаттайтын коэф.
- •8. Негізгі құралдарын талдаудың мақсаты мен міндеттеріне тоқталыңыз
- •9. Негізгі құралдардың құрылымы мен қозғалысына талдау жасау барысында қолданылатын көрсеткіштерге сипаттама беріңіз
- •10. Негізгі құралдардың техникалық жағдайына талдау барысында қандай коэффициенттер анықталады? Олардың есептелу жолдарын көрсетіп, түсініктеме беріңіз
- •11. Ұйымның нқ-рмен қамтамасыз етілуіне ж/е оларды пайд-у тиімділігіне талдау жасау үшін қолд.Көрсеткіштерге сипаттама
- •12. Капитал түсінігін ашып көрсетіңіз ж/е оның қалыптастыру көздеріне сипаттама көрсетіңіз
- •13. Өтімділік түсінігін ашып көрсетіңіз және баланс активін өтімділігіне, пассивін төлем жеделдігіне қарай топтастырыңыз, олардың өзара қатынасын көрсетіңіз.
- •14. Банкроттық және оның негізгі пайда болу себептері
- •16. Ұйым капиталын коэффициенттік талдау үшін қолданылатын көрсеткіштерге сипаттама
- •17.Ұйымның төлем қабілеттілік түсінігі
- •1. Өнімдерді (жұмыстар мен қызметтерді) сатудан алынған табыс сомасы / қмм-дің орташа сомасы
- •1 Абсолютті өтімділік коэффициенті.
- •2 Аралық жабу коэффициенті
- •18.Ұйымның балансының өтімділігін талдау, жалпы өтімділік коэффициентін анықтау қалай жүргізіледі? Оның мәні нені білдіреді?
- •19.Ұйымның несиелік қабілетін бағалау
- •20.Ұйымның банкроттық ықтималдығын бағалау үшін нақты анықталған көрсеткіштер жүйесіне сипаттама беріңіз
- •21. Банкроттық түсінігін ашып көрсетіңіз және банкроттық белгілерін талдау үшін қолданылатын көрсеткіштер жүйесіне сипаттама
- •22. Ұйымның банкроттық ықтималдығын бағалау үшін қолданылатын дискриминанттық факторлық модельдерге сипаттама беріңіз
- •24. Жиынтық пайда және оған әсер ететін факторлар.
- •25.Кезең ішінде жалғасқан қызметтен болған пайда көрсеткіштерінесипаттамаберіңіз
- •26.Ұйымның рентабелділік көрсеткіштеріне талдау жасау әдістемесіне тоқталыңыз
- •27.Ұйымның іскерлік белсенділік көрсеткіштерін талдау қалай жүзеге асырылады? Оның мәнін ашып көрсетіңіз.
- •Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау қалай жүзеге асырылады? Оның мәнін ашып көрсетіңіз.
- •29.Кәсіпорынның нарықтық белсенділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
- •30. Ақ қозғалысы туралы есепті құрастыру әдісі,
30. Ақ қозғалысы туралы есепті құрастыру әдісі,
Есепте операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтерді бөлек түрде ақша қаражаттарының қозғалысы ақпараттары көрсетіледі.
Кәсіпорынға түсім әкелетін операциялық қызмет дегеніміз негізгі қызмет.
Инвестициялық қызмет дегеніміз ұзақ мерзімді активтерді сату және сатып алу бойынша қызмет.
Қаржылық қызмет - меншікті капитал құрамын және қарыз қаражаттарын тарту бойынша міндеттемелерді өзгеріске әкелетін қызмет.
Операциялық қызмет бойынша ақша құйылымдарының қозғалысы тауар сатудан, қызмет көрсетуден немесе орындалған жұмыстан ақша қаражаттарының түсуіне және жеткізушілерге кредиторлық борыштарды жабуға жасалған төлемдер нәтижесінен, жұмыскерлерге еңбек ақы төлеудің кредиторлық борыштары, бюджетке салық төлеу және басқа да төлемдер жасау нәтижесінен ақша қаражаттарының жылыстауына алып келеді.
Инвестициялық қызмет бойынша ақша құйылымдарының қозғалысы ақпараты ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жасалатын төлемнің бағыттылығын анықтауға көмектеседі. Инвестициялық қызмет бойынша ақша құйылымдарына: негізгі құралдарды сатып алу бойынша ақша төлемдері, материалдық емес активтерді сатып алу бойынша төлемдер, негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатудан түскен ақша түсімдері, басқа кәсіпорындардан түскен ақша қаражаттарының аванстық түсулері және т.б.
Қаржылық қызмет бойынша ақша құйылымдарына:
- акция эмиссиясынан түскен немесе басқа да үлесті құралдардан түскен түсулер;
- облигация шығарудан түскен түсімдер;
- несиелерді тарту;
- несие бойынша борыштарды жабу төлемдері;
- қаржы лизингтері бойынша қарыздарды қайтару төлемдері кіреді.
Операциялық қызмет бойынша ақша қаражаттары қозғалысы ақпараттары екі әдістің біреуін қолданумен көрсетіледі:
тікелей әдіс;
жанама әдіс.
Тікелей әдісті қолданғанда ақпарат екі варианттың біреуімен көрсетіледі:
есеп жазбаларынан (регистлер);
кіріс пен шығыс есебінде көрсетілген.
Жанама әдісті қолданғанда ақша қаражаттарының құйылымы ТМҚ құрамында, дебиторлық және кредиторлық борыштар, ақшалай емес және басқа да баптар құрамында (инвестициялық және қаржылық қызмет бойынша ақша құйылымдарының пайда болуына әкелетін) өзгерістерді есепке ала отырып, таза пайдаға түзету жолдарымен анықталынады.