
- •1.Қаржылық талдаудың мақсаты мен міндеттерін ашып көрсетіңіз және қаржылық және басқарушылық талдау айырмашылықтарын сипаттаңыз.
- •2.Қаржылық талдау әдістерінің түрлерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз
- •3.Қаржылық есептілік нысандарының қаржылық талдаудың ақпараттық көзі ретіндегі маңызын ашып көрсетіңіз
- •4.Қаржылық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету көзі ретінде бухгалтерлік баланстың мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •5.Ұйым балансын талдаудың мақсаты мен міндеттеріне тоқталыңыз.
- •7. Ұйым активтерінің құрамы мен құрылымын талдау барысында қандай коэффициенттер анықталады? Олардың есептелу жолдарын көрсетіп, түсініктеме беріңіз
- •1)Активтердің мобильділік коэф.
- •2)Активтердің орналасу тиімділігін сипаттайтын коэф.
- •3)Ұйымның мүліктік жағдайын сипаттайтын коэф.
- •8. Негізгі құралдарын талдаудың мақсаты мен міндеттеріне тоқталыңыз
- •9. Негізгі құралдардың құрылымы мен қозғалысына талдау жасау барысында қолданылатын көрсеткіштерге сипаттама беріңіз
- •10. Негізгі құралдардың техникалық жағдайына талдау барысында қандай коэффициенттер анықталады? Олардың есептелу жолдарын көрсетіп, түсініктеме беріңіз
- •11. Ұйымның нқ-рмен қамтамасыз етілуіне ж/е оларды пайд-у тиімділігіне талдау жасау үшін қолд.Көрсеткіштерге сипаттама
- •12. Капитал түсінігін ашып көрсетіңіз ж/е оның қалыптастыру көздеріне сипаттама көрсетіңіз
- •13. Өтімділік түсінігін ашып көрсетіңіз және баланс активін өтімділігіне, пассивін төлем жеделдігіне қарай топтастырыңыз, олардың өзара қатынасын көрсетіңіз.
- •14. Банкроттық және оның негізгі пайда болу себептері
- •16. Ұйым капиталын коэффициенттік талдау үшін қолданылатын көрсеткіштерге сипаттама
- •17.Ұйымның төлем қабілеттілік түсінігі
- •1. Өнімдерді (жұмыстар мен қызметтерді) сатудан алынған табыс сомасы / қмм-дің орташа сомасы
- •1 Абсолютті өтімділік коэффициенті.
- •2 Аралық жабу коэффициенті
- •18.Ұйымның балансының өтімділігін талдау, жалпы өтімділік коэффициентін анықтау қалай жүргізіледі? Оның мәні нені білдіреді?
- •19.Ұйымның несиелік қабілетін бағалау
- •20.Ұйымның банкроттық ықтималдығын бағалау үшін нақты анықталған көрсеткіштер жүйесіне сипаттама беріңіз
- •21. Банкроттық түсінігін ашып көрсетіңіз және банкроттық белгілерін талдау үшін қолданылатын көрсеткіштер жүйесіне сипаттама
- •22. Ұйымның банкроттық ықтималдығын бағалау үшін қолданылатын дискриминанттық факторлық модельдерге сипаттама беріңіз
- •24. Жиынтық пайда және оған әсер ететін факторлар.
- •25.Кезең ішінде жалғасқан қызметтен болған пайда көрсеткіштерінесипаттамаберіңіз
- •26.Ұйымның рентабелділік көрсеткіштеріне талдау жасау әдістемесіне тоқталыңыз
- •27.Ұйымның іскерлік белсенділік көрсеткіштерін талдау қалай жүзеге асырылады? Оның мәнін ашып көрсетіңіз.
- •Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау қалай жүзеге асырылады? Оның мәнін ашып көрсетіңіз.
- •29.Кәсіпорынның нарықтық белсенділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
- •30. Ақ қозғалысы туралы есепті құрастыру әдісі,
Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау қалай жүзеге асырылады? Оның мәнін ашып көрсетіңіз.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп кезең ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді оларды операциялық, инвестициялық қызмет немесе қаржы қызметі бойынша жіктей отырып ұсынылуы тиіс. Қызмет түрлері бойынша жіктеу пайдаланушыларға осы қызметтің ұйымның қаржы жағдайына əсер етуін, оның ақша қаражаттары мен ақша қаражаттарының баламаларының сомасын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтамасыз етеді. Бұл ақпарат сонымен бірге қызмет түрлері арасындағы өзара байланысты бағалау үшін де пайдаланылады.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді алу мақсатында 2 бастапқы тәсілді қолданады:
1. Тура әдіс- бұл әдісте жалпы ақша түсімдерінің негізгі түрлері мен төлемдері туралы ақпарат ашылады. Бұл әдісте ақша қаражаттарының есебінің шоттары бойынша барлық бухгалтерлік жазбаларда жүзеге асырылуын қорытындылап көрсетеді. Мұнда барлық ақша қаражаттарының сомасының дебеті “ақша қаражаттарының келіп түсуі” бөлімінде көрсетіледі, ал кредиті “ақша қаражаттарының шығарылуы” бөлімінде көрсетіледі. Сонымен қатар жыл басындағы қалдығы бухгалтерлік есепте анықталады, ал жыл соңындағы қалдық есептілік жолымен және бухгалтерлік есептілік мәліметтерімен расталып шығарылады.
2.Жанама тәсіл- бұл тәсіл кезінде таза пайда мен залал ақшалай емес сипаттағы операцияларды, негізгі кез келген қызметтен кейінге қалдырылған немесе есептелген өткен жылдағы және болашақтағы ақша қаражаттарының түсімдерін немесе төлемдерінің және инвестициялық және қаржылық қызметімен байланысты кірістер мен шығыстар нәтижесін ескере отырып түзету жүргізіледі. Сонымен қатар ұйым қабылдаған пайдаға түзету жүргізуін теориялық түрде қарастырады.
Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау барысында келесідей міндеттерді қарастырады:
ақша қаражаттарының көлемін оптималды бағалау;
ақша қаражаттарының қозғалысын бағыттарын және құрылымын, құрамын бағалау
ақша қаражаттарының бөлімдерін қолдану барысында әр түрлі факторлардың әсерін анықтау және өлшеу;
ақша қаражаттарын пайдалану барысында резевтердің жоғарылауын бағалау және анықтау;
ақша қаражаттардың пайдалану тиімділігіндегі резевтерді жоғарылату бойынша ұсыныстарды өңдеу.
29.Кәсіпорынның нарықтық белсенділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
бір акцияға түскен табыс (пайда);
акцияның құндылығы;
бір акцияның баланстық құны;
акцияны котировкалау – бағалау коэффициенті;
Акцияға түскен табыс. Инвестор акцияны сатып алғанда, әрқашан дивидент түрінде алатын болашақ табысты бағдарға алады. Ол таза табыстан айрықша акциялар бойынша дивиденттерді алған соңғы қалдықтың, шығарылған және қолдағы әдеттегі акциялардың жалпы санына қатынасы ретінде формуламен есептелінеді:
ДЧА = ДЧ – ДВПР.А./ АО , (1)
Мұндағы: ДЧА – бір акцияға түскен түскен таза табыс;
ДЧ – таза табыс;
ДВПР.А. – айрықша акциялар бойынша дивиденттер;
АО – айналымдағы әдеттегі (кәдімгі) акциялар саны.
Акциялардың құндылығы. Ол акцияның нарықтық бағасын акцияға түскен табысқа бөлгендегі бөлінді ретінде формуламен есептелінеді.
ЦА= РЦ/ ДЧА (2)
Мұндағы: Ц А – акцияның құндылығы;
РЦ – акцияның нарықтық бағасы;
Д АЧ – бір акцияға түскен таза табыс.
Бір акцияның баланстық құны кәсіпорынның бухгалтерлік есеп пен есеп беру мәліметтеріне сәйкес бір әдеттегі акцияға келетін таза активтерінің (меншікті капиталдың) құнын көрсетеді. Бұл көрсетіш былайша есептелінеді:
БС.А.= СА.К. – СП.А./ АО (3
Мұндағы: БС.А. – акциялардың баланстық құны;
С А.К. – акционерлік капиталдың құны;
С П.А. – айрықша акциялардың құны;
А О – айналымдағы әдеттегі акциялар саны.
Акцияны бағалау коэффициенті – акцияның нарықтық бағасының оның баланстық құнына (есептеу бағасы) қатынасымен формула бойынша есептеледі:
КК.А. = РЦ / БС.А. (4)
Мұндағы: К К.А. — акцияны бағалау коэффициенті;
Р Ц – бір акцияның нарықтық бағасы;
Б С.А. — бір акцияның баланстық құны.