Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин анализ дайын теория.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
313.34 Кб
Скачать

26.Ұйымның рентабелділік көрсеткіштеріне талдау жасау әдістемесіне тоқталыңыз

Кәсіпорынның рентабельділік көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет де мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында рентабельділіктің көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.

Рентабельділік көрсеткіштерін талдау міндетеріне мыналар жатады:

— рентабельділіктің көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;

— таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;

— табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;

— табысты бөлу бағыттарын пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;

— табыстың өсу резервтерін анықтау;

— кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;

— рентабельділіктің әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

Рентабельділіктің көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметін тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады.

Рентабельділік коэффициеттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын рентабелін қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Рентабелділік коэффициентіне талдау жүргізушілер:

— басқару тиімділігінің көрсеткіштері;

— кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті рентабельді жеткілікті үрде ала-алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;

— рентабельді болжау әдісі;

— шешім қабілдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.

Рентабельділік көрсеткіштерін төмендегілерді сипаттайтын 3 топқа біріктіруге болады:

— шығындарды өтемі;

— сатудың табыстылығы;

— капитал және оның бөліктерінің табыстылығы.

27.Ұйымның іскерлік белсенділік көрсеткіштерін талдау қалай жүзеге асырылады? Оның мәнін ашып көрсетіңіз.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықгы тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді. Іскерлік белсенділік коэффициентіне келесілер жатады:

  • Активтердің айналымдылық коэф; (Кайн.а=Тсату/Аорт.жыл.сомасы)

  • Негізгі құралдардың айналымдылық коэф; (Кайн.НҚ=Тсату/НҚорт.жыл.с)

  • Меншікті капитал айналымдылық коэф; (Кайн.а=Тсату/Аорт.жыл.сомасы)

  • Қысқа мер активтердің айналымдылық коэф; (Кайн.қма=Тсату/ҚМАорт.жыл.сомасы)

  • Материалдық ресурстардың айналымдылық коэф;

  • Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті;

  • Дебиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті;

  • Кредиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті;

  • Ақша қаражат-ның айналымдылық коэффициенті;

  • Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффициенті;

  • Іскерлік белсенділік индексі.

Іскерлік белсенділіктің салыстармалы көрсеткіштері кәсіпорын ресурстарының тиімді пайдаланылуын сипаттайды. Оларды айналымдылық көрсеткіштері – қаржылық коэффициенттер жүйесі ретінде көрсетуге болады.