Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин анализ дайын теория.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
313.34 Кб
Скачать

24. Жиынтық пайда және оған әсер ететін факторлар.

ЖП = түсім - өзіндік құн

ЖП көлемінің сатудан түскен түсімге және жиынтық пайда маржасына тәуелділігін бағалау үшін:

ЖП= Тсату х ЖП/Тсату

ЖП/Тсату – ЖП маржасы

ЖП сатудан түскен түсім әсерінен өзгеруі:

ΔЖП= (Tcату1-Тсату0) х ЖП0/Тсату0

ЖП жоспардан немесе өткен кезеңмен салыстырғанда ауытқуына әсер ететін факторлар:

  • Сатылған өнімнің өзіндік құнының өзгеруінің әсері: ∑S1өз.құн-∑S0 өз.құн

∑-сатылған өнім көлемі S - өз.құн

  • Өнім бірлігінің бағасының өзгеруі: ∑P1баға-∑P0баға

  • Сатылған өнім көлемінің өзгеруі (Сатудан түскен түсім/өзіндік құн х 100) – 100 = өсім пайызы

(ЖП х өсім пайызы) : 100

Өсім пайызы өткен жылғы баға бойынша есепті жылғы сатылған өнім көлеміне қатысты өткен жылғы есептелген соманы сатудан түскен түсімге бөліп, қатысты ауытқуды есептеу арқылы анықталады.

  • Сатылған өнім құрамындағы құрылымдық өзгеріс

∑ЖП әсерін тигізеді, яғни жалпы сату көлемінде рентабельді өнім түрлерінің үлесі неғұрлым жоғары болса пайда сомасы ұлғаяды, ал керісінше болса төмендейді.

  • Сатылған өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістің әсерін есептеу үшін :

1) факторлық талдау мақсатында алынған ∑ЖП - өткен жылдағы ∑ЖП

2) нәтижеден сатылған өнім көлемін азайтамыз

25.Кезең ішінде жалғасқан қызметтен болған пайда көрсеткіштерінесипаттамаберіңіз

Пайда– тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда – кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы. Пайданың алынуын немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және негізгі қызметтен тыс жұмсалған шығын. Әдетте, табыс негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметтен тыс қызмет түрінен алынған табыс болып бөлінеді. Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табыс өнімді өткізуден (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен табыстарды, сыйақыны, дивидендті, роялтиді, жалгерлік ақыдан түскен табыстарды, т.б. қамтиды. Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынған табыстарда, мысалы, негізгі құрал-жабдықты сатудан алынған табыс, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан немесе ұзақ мерзімді активтердың баланстық құнын көбейтуден алынған табыс, т.б. қамтылады. Шығыстар (шығындар) – активтердің немесе олардың құнының азаюы не меншікті капиталды азайтатын, оны меншік иелері арасында бөлісумен байланысты емес міндеттемелердің көбеюі нысанында есепті кезең ішінде экономикалық тиімділіктердің азаюы. Шығыстар негізгі қызмет пен негізгі емес қызмет үдерісінде пайда болған шығыстарға бөлінеді. Негізгі қызмет шығыстары өнімнің (орындалатын жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнын қамтиды, ал негізгі қызметке жатпайтын қызмет шығыстарына, мысалы, негізгі құрал-жабдықты өткізу нәтижесінде пайда болған шығасы, төтенше жағдайдан келтірілген залалдар, т.б. жатады. Пайда бірқатар түрлерге бөлінеді: жалпы (баланстық) Пайда деп аталатын толық Пайда, ол өнімді өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден, өткізуден тыс операциялардан алынған Пайданы (алынған және төленген айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары арасындағы айырма, жалға берілген мүліктен төленетін жалгерлік ақы, т.б.) және салықтар мен аударымдар төлегеннен кейін қалған таза Пайданы қамтиды.