Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин анализ дайын теория.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
313.34 Кб
Скачать

21. Банкроттық түсінігін ашып көрсетіңіз және банкроттық белгілерін талдау үшін қолданылатын көрсеткіштер жүйесіне сипаттама

Банкроттық— қарызын қайтаруға ақша қаражатының жоқтығынан борышқордың міндеттемелерін өтеуге төлем қабілетінің болмауы. Фирма банкроттығы әдетте ұзақ уақыт ішінде шығысы кірістен артық болып, шығынның орнын толтыру көздерінің табылмау салдарынан пайда болады. Юристік тәжірибеде банкроттық дегеніміз — сотпен не төрелікпен қарызын толық өтей алмайтыны айқындалған соң борышын өтеу үшін экономикалық іс - әрекетін тоқтату. Бұл несие берушілердің қарызын қайтару үшін борышқорды барлық мүлкін сатуға мәжбүр етеді. Банкроттылық түсінігі оның түрлерімен сипатталады. Заң және қаржылық тәжірибесінде кәсіпорын банкроттылығының келесі түрлері анық көрініс табуда:

1. Нақты банкроттылық. Кәсіпорынның болашақ кезеңде өзінің қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге толық қабілетсіз.

2. Техникалық банкроттылық. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін сипаттайды, яғни дебиторлық қарызының мерзімінен өтіп кетуінің себебінен. Кәсіпорынның дебиторлық қарыз көлемі кредиторлық қарыз көлемінен артық болады, ал активтерінің сомасы қаржылық міндеттемелер көлемінен артық болады.

3. Әдейі банкроттылық. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін басшысы немесе құрылтайшысы әдейі жасайды. Кәсіпорынды өзінің мүддесі немесе басқа тұлғаның мүддесі үшін экономикалық зардапқа әкеледі. 4. Тиімді банкроттылық. Несиелік міндеттемелерінің мерзімін ұзарту немесе несиелік қарыз сомасын жеңілдету мақсатында кәсіпорын өзінің өтірік төлем қабілетсіздігін кредиторларға жариялаумен сипатталады.

Борышкетдің банкроттылық ісі қаралғанда келесі процедуралар қолданылады:

  • бақылау;

  • қаржыны қалпына келтіру;

  • сыртқы басқару;

  • конкурстық өндіріс;

халықаралық келісім

22. Ұйымның банкроттық ықтималдығын бағалау үшін қолданылатын дискриминанттық факторлық модельдерге сипаттама беріңіз

Кәсіпорынның банкроттылығын болжау бойынша құралдарды кең пайдалана отырып, кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан шығу шараларын ойластыруға мүмкіндік туғызады. Болжау, қалыптасып жатқан тенденцияларды зерттеп қарауға сыртқы, ішкі жағдайлардың әсерін есепке ала отырып, қаржылық саясатты жүргізу үшін, кәсіпорынның келешегі төлем қабілеттігінің төмендеуі немесе жоғарылауы қандай деген ең маңызды сұраққа жауап беру керек.

Нарықтық экономикасы дамыған шет елдерде кәсіпорынның банкроттық ықтималдылығын болжау үшін жай және айрықша акциялардың нарықтық құны, қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп және кәсіпорын балансының негізінде есептелген Э. Альтманның көп факторлы моделі кеңінен қолданылады. 1968 жылы ол болжудың бес факторлы моделін ұсынған. Э. Альтманның жалпы түрдегі моделі (несие қабілеттілік индексі) мына түрде көрсетілген:

Z = 1,2 + К1 + 1,4 * К2 + 3,3 * К3 + 0,6 * К4 + 1,0 * К5.

Z индексінің шекті мәні статистикалық сұрыптау мәліметтері бойынша Э. Альтманның есептеуінше 2,675 болды. Осы өлшеммен нақты кәсіпорын үшін есептелген несие қабілеттілік индексінің мәні салыстырылады. Бұл кәсіпорындар арасында шек қоюға және болашақта (2 – 3 жыл) біреулердің банкроттыққа ұшырап (Z < 2,675 болғанда) және (Z > 2,675 болғанда) басқалардың қаржылық жағдайы тұрақтануы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.

Британ ғылымдары Тофлер мен Тишоу 1977 жылы төрт факторлы болжамдық модельді ұсынды. Сол жылы Э. Альтман банкроттық ықтималдылығын 5 жыл бойы қадағалауға мүмкіндік беретін жеті факторлы модельді жасады, оның дәлдігі 70 %-ға дейін болды. Бұл модель келесі көрсеткіштерді қамтиды:

  • активтердің рентабельділігі;

  • пайданың динамикасы;

  • несие бойынша пайыздарды жабу коэффициенті;

  • комулятифті түсімділік;

  • ағымдағы өтімділік коэффициенті;

  • автономия коэффициенті;

  • жиындық активтер.

Бұл модельдің құндылығы өте дәлдігінде, бірақ қолданылуына ақпараттың жетіспеушілігі қиындық туғызады (сыртқы пайдаланушыларда жоқ аналитикалық есептің мәліметтері қажет).

23. КО-ды сауықтыру шаралары

Сауықтыру жоспарының мақсаты – кредитор–банкке, уәкілетті ұйымдарға және мемлекеттік органдарға сауықтыру бойынша жоспарланатын іс-шаралардың тиімділігі және кәсіпорынға субсидия берудің орындылығы және мемлекеттік қолдаудың өзге шаралары туралы принципиалды қорытынды жасауға мүмкіндік беретін жеткілікті деңгейде ақпарат ұсыну. Сол себепті Сауықтыру жоспарының осы мақсатқа сай келетін оңтайлы көлемі және мағынасын таңдау кәсіпорын басшылығының жауапкершілігі болып табылады. KO-ның Сауықтыру жоспары дұрыс ойластырылған және қисынды құрылымды болуы тиіс. Құжатта :1) субсидия алу үшін өтініш беру себептері және мақсаттың қисынды негіздемесі, банк тен және мемлекеттен сұралатын қолдау шараларының түсінікті дәлелдемесі;2) сауықтыру бойынша басшылық тарапынан жоспарланатын іс-шаралардың негізділігі және тиімділігі және кәсіпорынның одан әрі даму перспектив алары;3) кәсіпорын ахуалына (іске асырылатын жобасына), оған қоса оның қаржылық жағдайына, бәсекеге қабілетті өнім шығару және сату мүмкіндігіне және өзіне алған міндеттерін орындау мүмкіндігіне сауатты жүргізілген талдау;4) нарықтың салалық және профильді сегменттерінің қазіргі жағдайы мен беталысы, жақын бәсекелестер, негізгі клиенттер мен жеткізушілер туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.

Қаржылық жағдайды одан әрі дамыту, оны жақсарту үшін кәсіпорынға атқару керек жұмыстар тізімі:

1. Қазіргі заманғы есеп айырысуларды уақытылы тексеру, арқылы дебиторлық қарыздардың сомасын азайту. Ол ақша қаражаты айналысқа түсуге мүмкіншілік табады.

2. Тауар-материалдық қорларды төмендету. Бұл да ақшаның айналысқа түсуіне мүмкіндік береді.

3. Өнімді нақтырақ тоқталатын болсақ бидайды өңдеп сатуды мүмкіндігінше ұлғайту.

4. Тұрақты шығындарды үнемдеудің арқасында тауардың өзіндік құнын төмендету.

5. Өнім өндіру кезінде экологиялық сақтық, денсаулық қорғау, қауіпсіздік техникасы шараларына көңілді көбірек бөлу.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың ең бір маңызды жолы — өзін-дік құнды азайту болып табылады. Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің бірден бір жолы — өндірілетін өнімнің көлемін арттыру болып табылады, өйткені бұл жағдайда өнім бірлігіне келетін тұрақты шығындардың мөлшері азаяды. Экономикалық өрлеу кезеңiнде KO ақшалай түсімнің ұлғаятынына кәміл сеніп, өндiрiстi дамыту үшiн аса iрi көлемде кредиттер алды. Бiрақ дағдарыс кезiнде кәсiпорын кiрiсi күрт төмендеп кеткендiктен, бүгінде олардың көбісі Банк алдындағы міндеттемелерін уақытылы және толықтай өтеу жағынан қиыншылықтарға тап болып отыр. Даму перспективасы анық компанияларға мемлекет кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуді өз міндетіне алып, қол ұшын беруге ниеттеніп отыр. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағыты – кәсіпорындарды сауықтыру бойынша кәсіпкерлердің сұранысы мейлінше жоғары болғандықтан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бағдарламаның әлеуетті қатысушылары үшін практикалық ұсыныс әзірледі.