
- •1.Қаржылық талдаудың мақсаты мен міндеттерін ашып көрсетіңіз және қаржылық және басқарушылық талдау айырмашылықтарын сипаттаңыз.
- •2.Қаржылық талдау әдістерінің түрлерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз
- •3.Қаржылық есептілік нысандарының қаржылық талдаудың ақпараттық көзі ретіндегі маңызын ашып көрсетіңіз
- •4.Қаржылық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету көзі ретінде бухгалтерлік баланстың мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •5.Ұйым балансын талдаудың мақсаты мен міндеттеріне тоқталыңыз.
- •7. Ұйым активтерінің құрамы мен құрылымын талдау барысында қандай коэффициенттер анықталады? Олардың есептелу жолдарын көрсетіп, түсініктеме беріңіз
- •1)Активтердің мобильділік коэф.
- •2)Активтердің орналасу тиімділігін сипаттайтын коэф.
- •3)Ұйымның мүліктік жағдайын сипаттайтын коэф.
- •8. Негізгі құралдарын талдаудың мақсаты мен міндеттеріне тоқталыңыз
- •9. Негізгі құралдардың құрылымы мен қозғалысына талдау жасау барысында қолданылатын көрсеткіштерге сипаттама беріңіз
- •10. Негізгі құралдардың техникалық жағдайына талдау барысында қандай коэффициенттер анықталады? Олардың есептелу жолдарын көрсетіп, түсініктеме беріңіз
- •11. Ұйымның нқ-рмен қамтамасыз етілуіне ж/е оларды пайд-у тиімділігіне талдау жасау үшін қолд.Көрсеткіштерге сипаттама
- •12. Капитал түсінігін ашып көрсетіңіз ж/е оның қалыптастыру көздеріне сипаттама көрсетіңіз
- •13. Өтімділік түсінігін ашып көрсетіңіз және баланс активін өтімділігіне, пассивін төлем жеделдігіне қарай топтастырыңыз, олардың өзара қатынасын көрсетіңіз.
- •14. Банкроттық және оның негізгі пайда болу себептері
- •16. Ұйым капиталын коэффициенттік талдау үшін қолданылатын көрсеткіштерге сипаттама
- •17.Ұйымның төлем қабілеттілік түсінігі
- •1. Өнімдерді (жұмыстар мен қызметтерді) сатудан алынған табыс сомасы / қмм-дің орташа сомасы
- •1 Абсолютті өтімділік коэффициенті.
- •2 Аралық жабу коэффициенті
- •18.Ұйымның балансының өтімділігін талдау, жалпы өтімділік коэффициентін анықтау қалай жүргізіледі? Оның мәні нені білдіреді?
- •19.Ұйымның несиелік қабілетін бағалау
- •20.Ұйымның банкроттық ықтималдығын бағалау үшін нақты анықталған көрсеткіштер жүйесіне сипаттама беріңіз
- •21. Банкроттық түсінігін ашып көрсетіңіз және банкроттық белгілерін талдау үшін қолданылатын көрсеткіштер жүйесіне сипаттама
- •22. Ұйымның банкроттық ықтималдығын бағалау үшін қолданылатын дискриминанттық факторлық модельдерге сипаттама беріңіз
- •24. Жиынтық пайда және оған әсер ететін факторлар.
- •25.Кезең ішінде жалғасқан қызметтен болған пайда көрсеткіштерінесипаттамаберіңіз
- •26.Ұйымның рентабелділік көрсеткіштеріне талдау жасау әдістемесіне тоқталыңыз
- •27.Ұйымның іскерлік белсенділік көрсеткіштерін талдау қалай жүзеге асырылады? Оның мәнін ашып көрсетіңіз.
- •Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау қалай жүзеге асырылады? Оның мәнін ашып көрсетіңіз.
- •29.Кәсіпорынның нарықтық белсенділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
- •30. Ақ қозғалысы туралы есепті құрастыру әдісі,
19.Ұйымның несиелік қабілетін бағалау
Ұйымның несие қабілеттілігі - бұл оның қарыздық міндеттемелері бойынша банкпен уақытылы әрі толық есептесу мүмкіндігі. Несиелендіру шартын талдау:
Клиенттің «салиқалдылығы» (солидарность), яғни бұрын алынған несие бойынша уақытында есептесуі;
Қарыз алушының бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүмкіндігі;
Оның пайдалылығы (табыстылығы);
Қаржы тұрақтылығы, төлем қабілеттілігі және баланс өтімділігі;
Мүлікті пайдалану тиімділігі;
Сұралған несиенің мақсаты;
Клиенттің баланс өтімділігін ескергендегі несие көлемі;
Несиені кепілдік құқығы арқылы өтеу және кепілдік мүлігін өткізу;
Қарыз алушының активтерімен, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарды қосқанда, несиені өтеу.
Клиент заңды тұлғаларды несие қабілеттілігі бойынша 3 класқа бөлінеді.
– 1 класқа жататын қарыз алушыны сенімді клиент деп атайды және оған кейбір жағдайларда сенімділік несиелері берілуі мүмкін.
– 2 класқа жататын қарыз алушының қаржылық жағдайы салыстырмалы түрде тұрақсыз деп саналады. Мұндай клиенттерді несиелеу банктегі несиелік комитеттің шешіміне сәйкес жүргізіледі.
– 3 класқа жататын қарыз алушыны несиелік қабілеттілігі жоқ, сенімсіз клиент деп атайды. Мұндай клиенттерге несие берілмейді.
Кесте – Қарыз алушының несие қабілеттілік кластары
Коэффициенттер |
Кластар |
||
1 |
2 |
3 |
|
1Абсолютті өтімділік |
0 ,2 жоғары |
0,15-0,2 |
0,15 төмен |
2. Аралық жабу |
0,8 жоғары |
0,5-0,8 |
0,5 төмен |
3. Ағымдағы өтімділік |
2,0 жоғары |
1,0-2,0 |
1,0 төмен |
1. Ағымдағы Өтімділік коэффициенті. ҚМА/ҚММ
2. Қаражат көздерін тиімді басқаруды талдауға арналған қаржылық тəуелділік коэффициенттер..
Міндеттеменің Бір мерзімдегі орташа қарыз сомасы
активке = ⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯
қатынасы Бір мерзімдегі орташа активтер сомасы
Міндеттеменің Бір мерзімдегі орташа қарыз сомасы
капиталға = ⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯
қатынасы Бір мерзімдегі орташа меншікті капитал сомасы
Пайдалылық коэффициенттері.
Жалпы Жалпы пайда
пайда = ⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯
нормасы Сатудан түскен түсім
Таза Таза пайда
пайда = ⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯
нормасы Сатудан түскен түсім
20.Ұйымның банкроттық ықтималдығын бағалау үшін нақты анықталған көрсеткіштер жүйесіне сипаттама беріңіз
Ұйымның күйреуі оның кредиторлар алдында қарызын өтеу алмауы, ұйымның жойылуына әкелетін ресми түрде жариланған немесе сот шешімі танылған жағдайы болып табылады. Банкроттық пайда болуының объективті себебі:
экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базалардың ақша несие салық жүйесінің жеткіліксіздігі;
инфляцияның аса жоғары деңгейі;
фирманың құнды қағаздардың нарықтық құнының төмендеуі;
бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде болған оған сәйкес келмейтін өндіріс шығындарын төмендемей, өнім бағасының төмен
Субъективті себептері:
банкротттықты уақытша болжап, оны келешекте сақтай алмау;
жарнама өтімділік жүйенің болмауы, сұранысты дұрыс зерттелмегендіктен сату көлемінің төмен;
өндіріс көлемінің төмендеуі;
аяқталмаған жоғары шығындар;
ұқсас бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің бағаның жақындауы.
Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі тәсілін қарастырамыз:
несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;
формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану;
төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;
қаржылық ағымның құйылуының талдау.
Экономикалық - математикалық моделдеудің қаржылық болжамының ең, тиімдісін алу үшін ол эксперттік бағалау тәсілімен толықтырылады, нәтижесінде қаржылық; процестердің сандық мәндерге түзетулер жасауға мүмкіндік туады. Банкроттықтың ықтималдығын бағалаудың ең жиі қолданылатын әдісі белгілі американ экономисі Э.Альтман ұсынған Z модельдері.
Z = - 0,3877+ Кағөт(- 1,0736 )+ Кқаржтәуел *0,0579
Кағөт=ҚМА/ҚММ ; Кқаржтәуел=сырттан тартылған капитал/баланс валютасы
Z =0 болғанда кәсіпорындар үшін банкроттық ықтималдылығы 50 %- ға тең және Z төмендеген сайын пайыз да төмендей береді. Егер Z >0 болса, онда банкроттық ықтималдылығы 50 %-дан асып, Z өскен сайын ұлғая береді. Екі факторлы формула өте қарапайым т.рде болғандықтан, 1968 ж 5−факторлы Z моделін ұсынды.
Z=1,2x1+1.4x2+3.3x3+0,6x4+x5
Формальды критерийлер: негізгі өндірістік қызметте елеулі жоғалтулардығ көп қайталануы; қаржыландыру мақсатында қарыз капиталының көп пайдалануы; өтімділік коэф мәнінің төмендеуі; айналым қаражаттарының жетіспеушілігі; деб.береш. сомасының артуы; жабдықтаушыларды пайдалнау мерзімі өтіп кетуі; банк жүйесімен өзара қатынастардың бұзылуы.
Формальды емес критерийлер: басқару аппаратының басты мамандарын жоғалту; ұйым қызметінің мәжбүрлі тоқтап қалуы; ұйым нақты бір жобаға жабдыққа актив түрінде тәуелді болуы; тиімсіз келісімшарттар жасасу.
Төлемқабілеттілігін болжау коэффициенттері:
ағымдағы өтімділік коэффициенті 2↑ болса, қанағаттанарлық.
Меншікті айналым қаражаттар қамтамасыз ету коэф. Км.а.қе=МАҚ/ҚМА 0,1↑қанағаттанарлық
Қаржылық ағымдағы талдау көрсеткіштері: кірістер, түсімдер; шығыстар,төлемдер; кірістер мен шығыстар айырмасы; шоттарда қажетті қалдық болуы.