Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Онайгул апай.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72.85 Кб
Скачать

10. Лоббистке қойылатын талаптар:

Лоббист ең алдымен өз қызметінің басым бағыты мен негізгі стратегиясын анықтап алуы тиіс. Ол үшін мыналарды нақты білуі керек:

осы мәслеге байланысты талқыланатын жағдайлар;

заң шығарушылық үдерісінің ерекшеліктері;

лоббистің заң шығарушылармен тіл табыса алуы;

бюджет айқындаудың үдерісі;

Сондай-ақ лоббист кәсіби маман ретіндегі өзіне қойылатын мынадай талаптарды естен шығармауы тиіс:

- ақпараттарды тасымалдаушы;

- белгілі бір мәселе бойынша жетіспейтін ақпаратты толықтырушы;

- ақпарат жеткізуде басқалардың алдында жүру;

- тиісті ақпаратты тиісті жеріне ең қысқа жолмен жеткізе алу;

- қашан да өз орнынан табылу;

- қашан да «оқиғаның дәл ортасынан» табылу;

- қандай да бір талап не ұсыныс жасағанда шектен шығып кетпеу;

- іс-қимылға барынша жедел кірісу, уақыт жоғалтпау;

- жұмысты аса ұқыптылықпен және үлкен жауапкершілікпен атқару;

- жұртшылықтың сенімін ие болу, жұртшылықты өз сөзіне ұйыта білу;

- танымал болуы;

- өзі көтеріп отырған мәселе жөнінде екіұшты ой айтпау, немесе біресе олай деп, біресе бұлай деп тайғанақтық танытпау;

- мәселені асырып, көпіршітіп айтудан сақтану, мақсатқа жету үшін алдап-арбап, жалған деректер ұсыну – лоббист жұмысы үшін аса қауіпті екендігін естен шығармау;

- өзіңе-өзің сенімді болып, өз жұмысыңа және көтеріп отырған мәселеңе өзіңнің лайықты екендігіңді сезініп жүру;

- бір-біріне пікірлері мен ұстанымдары жағынан ұқсас адамдары таныстыру, бұл осы мәселе жөнінде кеңірек пікір алысуға және ынталы топтың қатарын көбейтуге септігін тигізеді;

- лоббистік жұмысын айқайламай, жұртшылықты елеңдетпей, тыныш қана атқару;

- сол мәселеге қатысты өзінің біліктілік тұрғысынан лайық болуы – лоббистің бірінші қажеттілігі;

- лоббист мәселені жеткізгенде ауызша болсын, жазбаша болсын, мазмұнды да нақты сөйлеуі керек.

11. Жарнама – көптеген білім шеңберлерін қамтитын қоғамның күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылысы. Оны жасау үшін креаторлар, суретшілер, дизайнерлер редакторлар, мәтін жазушылар, психологтар, операторлар және т.б. жұмыс істейді.

Жарнама дегеніміз қаржыландыру көзі анық көрсетілген, БАҚ арқылы жүзеге асатын, жеке көрсетілмейтін, тауар мен қызметті жылжыту нысаны.

Жарнама аудиторияға екі тәсілмен беріледі:

— жарнама беруші жарнаманы өзін дайындап, содан кейін оны басып, БАҚ-қа ұсынады;

— жарнама беруші жарнама мақсатын атап көрсетіп, жарнама агенттіктеріне және агенттеріне тапсырыс береді.

Жарнама уақытына ие болушы фирмалар алдын ала үлкен көлемде БАҚ-тан орын сатып алады, содан кейін оны жарнама берушілерге және жарнама агенттіктеріне сатады.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша жарнама қызметінің нарығында 546 жарнама агенттіктері тіркелген, ал оның саны Жапонияда 4000–ға жетеді.

Жарнама агенттіктердің барлық түрлері өздерінің пайдасын БАҚ-дарынан түсетін комиссиялық алым немесе көрсетілген қызметтері үшін үстеме баға қою арқылы тауып отырады.

Жарнама құралдары – жарнама таратушылардың жиынтығы. Алты түрлі бұқаралық ақпарат құралдары бар, оларға: баспасөз, теледидар, жарнама, радио, кино және интернет жатады.

Қазіргі қоғамда жарнама туралы адамдарда әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жарнаманы сынаушылар оны адам санасына зиян келтіретін, тауарға қосымша құндылық дарытып, жалған қажеттіліктерді туғызатын айлалы әрекет деп жағымсыз жақтарын ғана көрсетеді.

12. Лоббизм ағылшын тілінен аударғанда “дәліз, төбесі жабық орын” дегенді білдіреді,XVI ғ бұл сөз монастырьға қарай өтетін жолдың нұсқамасы ретінде қолданылған.Бұл сөздің зайырлы парламенттік қолданысқа өтуі XVIII ғ жүзеге асырыла бастады.Бұл ағылшын парламентінің құрылуымен байланыстырылады.1808ж лобби сөзі алғаш рет АҚШ конгресінде көрініс тапты. ХІХ ғ ортасында Американың саяси лексиконында бұл термин ең жиі қолданылатын сөзге айналды.

Лоббизм дегеніміз- экономика мен саясаттағы ,жекелеген салалар мен мәселелерді шешуге және оңтайландыруға, аймақтар мен серіктестерді, өнеркәсіп орындарын демеп қолдауға бағытталған өздерінің жеке қызығушылықтары мен материалдық табыстарын арттыруға мүдделі мемлекеттік заң шығарушы ,атқарушы орындардың, бірлестіктердің ,ұйымдардың, жеке тұлғалардың іс-қимылдары.

13. Үгіт-насихат технологиялары - жалпы адамдардың санасезімін бақылап, арбауға бағытталған технологиялар. Мұндай жағдайларда қолданылатын қоғамдық пікірмен байланыс және ақпараттандыру тәсілдері мен техникалары саяси реакциялар мен қалың қауымның, халықтың қалауын жасанды түрде түзуге бағытталған. Бұл тұрғыда ақпараттандыруға тән үгіт-насихаттың негізгі тәсілдері мен әдістері ретінде дезинформацияны, мәліметтерді бұрмалау, реципиенттердің санасын арбау технологияларын жатқызуға болады. "Дезинформация" термині I дүниежүзілік соғыс жылдарында қарсыластарды адастыру, шатастыру, жаңылыстыру мақсатында қолданылды. Бұл тактика қарсыласты тікелей алдауға, жала, жалған фактілерді бұрмалап беруді білдіреді. Жалған хабар тарату арбау технологияларының құрамдас бөлігі. Ол ерекше ақпарат арқылы реципиенттер санасында коммуникатордың өз мақсатымен сәйкес келіп, үндесетін ниет туғызуды көздейді. Басқаша айтқанда, арбау реципиенттердің еркін көзге ілмей, оларға құрал ретінде қарап, ниетін бағдарлау, оған жат мүдделерге қызмет еткізу. Жасырын жүргізілетін контрагенттің ойы мен сана-сезімін басқаруда арнайы соған сәйкес ақпараттық тәсілдер ойластырьшады. Мысалы, үзіп немесе тандап ақпараттандыру. Бұл жағдайда реципиенттерге оқиға жайлы ақпарат толық берілмейді. "Ақпарат толқыны" адамға аққарасын айыруға мұрсат бермейді, сөйтіп шарасыз күйге түсіреді. Арбаудың тағы бір көп кездесетін түрі "ақпаратты қалыптандыру". Яғни, дайын бейнелерді, стереотиптерді сомдау. Олар мағыналық өңдеуді қажетсінбейді, сондықтан, сөзсіз бағдарланған реакция тудырады. Мысалы, кеңестік кезеңде капитализм, жеке меншік образдары жағымсыз мәнге ие еді, ал жағымды социализм керісінше, бейбітшілік, түрақтылық ұясындай сипатталатын. Мұндай қалыптандырылған бейнелер көбіне адамдар арасында әлеуметтік, ұлттық, діни алауыздық тудырады. Арбау түріндегі көп кездесетін, кең таралған тәсілдердің бірі "таңба тағу", яғни жекелеген адамдарға, олардың іс-әрекетгеріне үзілді-кесілді оң немесе теріс баға беру. Сондай-ақ арбау технологияларына ақпаратқа кең түсініктеме беруден бас тартып, оны психологиялық ұйытып, сендіру техникасымен алмастыру техникасы жатады. Мұндай ақпараттық арсенал әлеуметтік қатерлі аймақтарда қолданылады. Мысалы, тұрғындардың әртүрлі топтарының арасындағы қарсыластықты пайдалану, биліктің адалдығына күмән келтіру, тағы басқалар. Мұндай акциялар адамдарда қорқьшыш, үрей, жек көрушілік тудырады. Сондай-ақ диффармация, яғни, қарсыласты әш-керелейтін ақпаратты жариялау да кең тараған (Қараңыз: Диффамация.) Үгіт-насихат түріндегі ақпараттық технологиялар саяси жанжал, ақпараттық және психологиялық соғыс, ақпараттық лаңкестік, бақталастардың мүдделері мен қоғамдық репутацияларына нұқсан келтіру, тіпті, оларды саясат аренасынан тықсырып, шығарып тастауға бағытталады

14. PR-технологиялардың түрлері. Ғаламдық PR-кампаниялар жүргізу үшін сын тезінен өткен дәстүрлі PR-технологиялар қолданылады: үгіт-насихат; промоушн (promotion) - талап етілген бағытта қоғамдық пікір қалыптастыру; паблисити (publicity) - сәйкес БАҚ-да жағымды ақпараттың пайда болуына жағдай жасау, жүртшылықты хабарландыру (public information), медиарилейшн (media relation) - саяси іс-әрекетті ақпараттық сүйемелдеу; басын айналдыру (brainwashing) - әсер етудің қарқынды түрлері; сыбыс тарату. Дағдарысты технологиялар - кейін шегінер жолды алдын ала ойластырып қойып, дағдарысты жағдайды әдейі ойдан шығару. Әсіресе, дәстүрлі мәдениеттегі елдерде тиімді. Дағдарыс нәтижесінде және ақпаратты қарқынды әрі жеделдетілген тәртіпте жүргізу барысында күйзелісті жағдай туады. Көптеген көзқарастар мен құндылықтар қайта қаралады, сананың қозғалмалылығы артады, дәстүрлі құндылықтарға сүйену жоғалады, нәтижесінде жаңа құндылықтар жүйесін енгізу оңайға түседі.

Символдық перфоманстарды қалыптастыру - ғаламдық ауқымда ұйымдастырылатын (мысалы, жаһандануға қарсылар, жасылдар және т.б.) бұқаралық шерулер (қолдау немесе наразылық); халық алдында мәлімдеме жасау, спорт жарыстары.

Аудиторияны жіктеу (сегменттеу) - PR-технологиялардың, әртүрлі елдер тобына немесе халық жіктерінің діни, мәдени, білім, мүліктік, құндылықты бағдарларын есепке ала отырып, мақсатты бағыттарын анықтау.

Спин-докторинг (spin-doctoring) - ақпаратгық кеңістікті басқару технологиясы, ақпараттық кеңістікті қайта кодтау және ақпараттық кеңістік арқылы әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени кеңістікке ену, сондай-ақ дағдарысты жағдайда ақпаратты қайта қалпына келтіру.

Ғаламдық деңгейде әлемнің бейнесін қалыптастыруға шешуші ықпал ететін ғаламдық БАҚ-ты пайдалану және дамыту.

e-PR-технологияларын, яғни, интернeT-PR-технологияларын пайдалану: веб-сайттар, антисайттар, электронды таратылымдар, жағымсыз ақпаратты Интернет арқылы тарату, БАҚ-та аты- жөні жоқ интернет-басылымға сілтеме жасап, жалған немесе жағымсыз ақпарат тарату және т.б.

15. Қоғамды басқару процесінде әрдайым екі тарап-басқару субъектісі мен объектісі болады. Субъект дегеніміз- билік немесе мемлекет құрылымдары, немесе фирма, кәсіпорын, ұйым, саяси партия, қоғамдық қозғалыс. Қай кезде де субъект жұртшылықпен байланыстың мазмұны мен формасын айқындап отырады. Басқару объектісі – субъектінің күш-жігері бағытталатын құрылым. Мысалы: жарнамаланатын өнім.

Паблик рилейшнз өзінің міндетін атқару барысында шын ақпаратқа негізделеді, адамдарға белгілі бір көзқарасты ұстану, қайсыбір пікірлер мен идеяларды қабылдауды (теріске шығаруды) ұсынады, міндетті түрде екі жақты байланыс тетіктерін жолға қоюды ұйғарады. Дамыған елдердің көбісінде Паблик рилейшнз кез келген ұйымның қоршаған әлеум. ортасымен қарым-қатынас тетігінің ажырамас бөлігіне айналған.

16. Пиар-технологиялар сипаты. PR-технологиялар - [ағылш. PR, public relation - жұртшылықпен (қоғаммен) байланыс] - хьютек-технологиялардың бір бағыты. PR деп ұйым мен қоғамның арасындағы өзара түсіністік пен өзара байланысты орнатып, тұрақтылығын сақтап отыруға, қоғамдық пікірді зерттеуге, оның даму ерекшеліктерін болжап, оған ілтипатпен жауап қайыруға, басшылыққа уақыт талабына сай болуға және ұйымның, оның қызметінің, даму бағытының жағымды бейнесін қалыптастыруға бағытталған басқарудың ерекше қызметі түсініледі.

PR-технологиялардың түрлері. Ғаламдық PR-кампаниялар жүргізу үшін сын тезінен өткен дәстүрлі PR-технологиялар қолданылады: үгіт-насихат; промоушн (promotion) - талап етілген бағытта қоғамдық пікір қалыптастыру; паблисити (publicity) - сәйкес БАҚ-да жағымды ақпараттың пайда болуына жағдай жасау, жүртшылықты хабарландыру (public information), медиарилейшн (media relation) - саяси іс-әрекетті ақпараттық сүйемелдеу; басын айналдыру (brainwashing) - әсер етудің қарқынды түрлері; сыбыс тарату.