
- •2. Дағдарыстың түрлері
- •3.Пиар дегеніміз не?
- •7.Халықаралық қатынастар pr-ы
- •8.Қара пиардың психологиялық ықпалы
- •10. Лоббистке қойылатын талаптар:
- •17. Саяси pr міндеті.
- •25.Стрингер – независимый (внештатный) репортёр.
- •29.Маркетинг және оның міндеті
- •32. Пиардың негізгі аудиториясы
- •33. Мақсатты аудитория
- •37. Спин-торнадо операциясы.
- •38.Корпоративтік имиджді құрайтын негізгі элементтер.
- •46. Айви Лидің қағидасы
- •47.Қарашы қызметі және оның мысалдары
- •48.Баспасөз хатшысының жұмысы және оны ұйымдастыру
- •50. Қоғаммен байланыс саласындағы зеттеулер.
- •51.Pr концепциясының дамуы
- •52.Қоғамдық байланыстың ақпараттық-құқықтық базасы
- •53. Қоғаммен байланыс қызметінің негізгі құрамдас бөліктері
- •54. Хvii-XX ғасырдағы қоғаммен байланыс
- •59. Корпоративтік саясатты әзірлеу, түсіндіру және талдау
- •68. Лоббистке қойылатын талаптар:
1.
2. Дағдарыстың түрлері
Дағдырыс [кризис] - мәселенің аса асқынып, ушығып, басқа мәселелерді кері ысырып, алдыңғы орынға шығатындай деңгейге көтерілу дәрежесі. Ал оның жағымсыз (ұнамсыз) салдарының орнын толтыру оңайға түспейді. Мысалы,саяси, экономикалық, экологиялық және т.б. дағдарыстар.Экономикалық дағдарыс – дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді дәйекті түрде қамтитын ұдайыөндірістік цикл кезеңдерінің бірі. Нарықтық жағдаяттың күрт құлдырауымен, ұлттық экономиканың тұрақсыздануымен,қоғамдық ұдайы өндірістегі үйлесімсіздіктің күшеюімен сипатталады. Экологиялық дағдарыс – қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарда қарама-қайшылықтың күрт шиеленісуі. Экологиялық дағдарыстан экология апатты ажырата білу керек: дағдарыс адамның белсенді әрекетінен болатын қайтымды күй, апат – қайтымсыз құбылыс, адам мәжбүрлі түрде енжар, зардап шегуші тарап (мысалы, ұзаққа созылған қуаңшылық, малдың жаппай қырылуы). Экологиялық дағдарыс экология қасірет деңгейіне жетті (Арал өңірі, Семей полигоны аймағы, Чернобыль, Гималай аймағы, Амазония, көптеген индустриялық агломерациялар).
Саяси дағдарыс - қоғамның саяси жүйесінің қызметі мен дамуындағы ерекше жағдай, әсіресе, оған мемлекеттік-биліктік құрылымындағы саяси институттар қызметіндегі түрақсыздық, тепе-теңдікті жоғалту, экономикалықүрдістерді басқару деңгейінің төмендеуі, бұқараның сыни белсенділігінің өсуі сияқты құбылыстар тән.
Саяси дағдарыс өз дамуында бірнеше кезеңдерді басынан кешіреді:
қоғамның немесе саяси жүйенің дағдарыс алдындағы жағдайы;
өкіметтің қоғам алдындағы мәселелерді саяси құралдармен шеше алмауға қабілетсіздігін көрсететін дағдарыстың туындауы;
дағдарыстың дамуы, әрі шиеленісуі.
Қоғамның саяси жүйесі шеңберіндегі ішкі саяси дағдарыстар:
1) конституциялық дағдарыс (мемлекеттің негізгі заңының қызметін тоқтатуын білдіреді);
2) өкіметтік дағдарыс (өкімет беделінің жоғалуы);
3) ішкіпартиялық дағдарыс (саяси партияның жікке бөлінуі).
Сонымен бірге мемлекетаралық, аймақтык және халықаралық қақтығыстарға байланысты сыртқы дағдарыстар да болады.
3.Пиар дегеніміз не?
1807 жылы әлемде бірінші рет PR біріккен сөзі пайда болды. Оны тарихқа енгізген Томас Джефферсон болды. Джефферсонның ойы бойынша пиардың негізгі мағынасы – адамдарды дұрыс таңдау жасауға сілтеу болатын. Осылайша тәуелсіздік декларациясының авторы және Америка президентінің арқасында жаңа ұғым пайда болды. Бұл ұғымның мағынасын және дұрыс қолданысын 1906 жылы Айви Ли өзінің «PR ерекшеліктерінің декларациясында» ашты. Сол мезеттен бастап Айви Ли PR әкесі атағына ие болды. Паблик рилейшнз (publіc relatіons – көпшілікпен қарым-қатынас) – мемлекеттікжәне қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік құрылымдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі; қоғаммен байланыстардың жаңа кәсіпкерлік салласы; қоғаммен ұйымдар арасындағы өзара түсінушілікке қол жеткізуге бағытталғанқызмет. Оның мақсаты – ортақ көзқарастар мен мүдделерді анықтау және сенімділік ауанын қалыптастыруға негізделген өзара түсіністікке қол жеткізу үшін екі жақты қарым-қатынаc орнату. Паблик рилейшнз бағдарламасының негізгі міндеттері: адамдар арасындағы қарым-қатынас жолдарын жақсарту, екі жақты ақпарат ағымы мен түсіністікті қалыптастыру әдістерін әзірлеу, ұйымның басшылығын қоғамдық пікір турасында ақпаратпен қамтамасыз ету, жұртшылықтың мүддесіне қарай басшылықтың қызметін қамтамасыз ету; бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау, ұйымның имиджін нығайту, т.б. Паблик рилейшнз өзінің міндетін атқару барысында шын ақпаратқа негізделеді, адамдарға белгілі бір көзқарасты ұстану, қайсыбір пікірлер мен идеяларды қабылдауды (теріске шығаруды) ұсынады, міндетті түрде екі жақты байланыс тетіктерін жолға қоюды ұйғарады. Дамыған елдердің көбісінде Паблик рилейшнз кез келген ұйымның қоршаған әлеум. ортасымен қарым-қатынас тетігінің ажырамас бөлігіне айналған.
4-6 жок