Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан 2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
  1. С.Жүнісов «Ақан сері» романы.

Жүнісов Сәкен Нұрмақұлының жасөспірімдерге арналған тұңғыш әңгімелері студент кезінде жарық көрді. “Сонарда” (1958), “Әжем мен емші және дәрігер” (1961), “Кімнің мекені жақсы?” (1961), “Өшпейтін іздер” (1968) атты әңгімелер мен повестер жинағы жарық көрген. “Жапандағы жалғыз үй” романы (1965) [2]кезінде қазақ әдебиетіндегі елеулі құбылыс ретінде бағаланды. Мұнда тың игеру кезіндегі қазақ даласындағы әлеуметтік қайшылықтар алғаш рет көркем шығарма арқауына айналған. Өнерде жарқын із қалдырған ақын, әнші-композитор Ақан сері Қорамсаұлының әдебиеттегі көркем образын сомдаған “Ақан сері” романы (1-кітап, 1971; 2-кітап, 1978) шығармашылық адамының қоғамдағы жеке трагедиясына ғана бойлап қоймай, 19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақ қоғамындағы әлеуметтік қарым-қатынастарды терең қопара көрсетіп берді. Туған жерге деген перзенттік махаббат пен Отанға деген сүйіспеншілікті суреттейтін “Аманай мен Заманай” романы (1987) бойынша “Заманай” атты көркем фильм түсірілді. Жүнісов Сәкен Нұрмақұлының “Ажар мен ажал” (1967), “Тұтқындар” (1972), “Жаралы гүлдер” (1973), “Қызым, саған айтам” (1973) сияқты драмалық туындылары республикалық және облыстық театрлар сахнасында қойылып, көрермендердің ықыласына ие болды. Онан кейінгі кезеңде “Қысылғаннан қыз болдық”, “Кроссворд”, “Қос анар”, “Әр үйдің еркесі”, “Елім-ай”, “Сабалақ Абылай”, “Сәукеле”, т.б. пьесалары көптеген театрларда табыспен қойылды. Жүнісов Сәкен Нұрмақұлы – әдебиет пен театрдың келелі мәселелерін қозғаған жүзге жуық зерттеулер мен сын мақалалардың авторы. Көркем аударма саласында да жемісті еңбек етіп, Л.Толстойдың, П.Федоровтың, В.Кочетовтың, С.Цвейгтің, О.Гончардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986).

Кешегі Ақан сері, Біржан сал, Балуан шолақтардан берірек, Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров, Ғабит Мүсіреповтердей алтындардың сынығы іспеттес ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиетіне тың жаңалық, соны ой әкелген ірі тұлға, ол – Сәкен сері Жүнісов еді.Киелі Көкше жерінде дүниеге келген Қазақстанның халық жазушысы, драматург, дарынды талант иесінің қалымынан туған туындылар қазақ әдебиетінетың жаңалықтар әкелгені сөзсіз.

         Жазушының қай шығармасы болмасын әрқайсысын жеке-жеке сөз етуге тұрарлық қомақты дүниелер. Бірақ солай бола тұрса да Сәкен сері шығармаларының арасында ғана емес, қазақ әдебиетінде ерекше орын алатын «Ақан сері» романы екендігі даусыз.Бұл роман жазушының  ізденісін, аталмыш тақырыпқа мол дайындықпен келгенін аңғартады. Басты кейіпкер – Ақан серінің мінез қырлары, оның ақындық, шешендік толғамды тектілігі, өзіне ғана тән ірі кісілік қасиеттері, аңшылық, саятшылығы, әнші-серілігі бәрі-бәрі де қамтылған. Автордың бұл туындыны жазудакейіпкерлердің әрқайсысының мінез-құлқын тайға таңба басқандай көрсетуі,  жазушының адам жан дүниесіне еркін бойлайтын дарынды психолог екендігін де айқын аңғартады.

         Жазушы Ақанның жоғарыда айтылған қасиеттерін көптеген жиын-тойларға, қоғамдық талас-тартыстарға араластыра отырып айқындап көрсетеді. Ақанның ел арасындағы беделін, халқының қалай құрметтейтіндігінің дәлелі ретінде Әлтай ақсақалдың серіге көрсеткен құрметінен байқауға болады.

        Ақан сері – қазақ әдебиетінен орнын ойып тұрып алған өнерпаз. Ақан сері туралы қалам тартқан бірнеше ақын-жазушылардың проза, поэзия, драма жанрларында жазылған көлемді туындылары бар. Атап айтқанда, Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы, Мағжан Жұмабаевтың «Ақан сері» очергі сияқты ірі туындыларымен қатар, Қ.Бекхожин, Т.Әлімқұловтың баға жетпес мұраларына Сәкен серінің «Ақан сері» романы қосылып отыр. Бұлар тек Ақанның өмірі ғана емес, кешегі көшпенді қазақ даласының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын кейінгі ұрпаққа насихаттаудың таптырмас құралы болып табылатын туындылар.

      Жазушының образсомдаудағы, сөз саптаудағы шеберлігі, романның оқырман жүрегінен еркін жол табуының бірден бір себебі. Ол Құлагер бейнесін суреттеуде, оған дейінгі жазылған Ілияс Жансүгіровтің, Мағжан Жұмабаевтың суреттеулерін қайталамауға тырысқан. Өзіндік сөз саптауымен, өзіндік сарынымен, көркемдік айшығымен  Құлагер бейнесін суреттеуде жаңа бір серпін берген.

     "Ақан сері” романында сонау бұлыңғыр заманда өмір сүрген дарынды өнер иесін айқын бейнелеген.Ақансолбір кереғар заманда дүниеге келсе де, өмірдің ащы сынағына малтығып жүрген ел-жұртын, өзінің ерекше серілік, саятшылық, әншілік дарынымен емдеп, мұңын домбыраның шанағынан шыққан әсем үнмен тарқатып отырған. Бұл романда Ақан қазақ даласына, қазақ еліне нағыз керек кезінде туғандай болып көрінеді. Осы бір кереғар замандағы бай-қожалардың көзсіз іс-әрекеттерінің кесірінен, серінің қанаты, жан досы, алтынға да айырбастамас асылы Құлагерден айырылады. Дәл сол сәттегі ұлы ақынның жан күйзелісін Сәкен сері бар болмысымен сезініп шынайы суреттеген. Романда бұл оқиғаныоқыған қандай оқырман болмасын өне бойы шымыр етпей қоймас.

         Міне, осындай ұлы тұлғаны суреттеуіне сүйсінген және автордың бойынан жоғарыда айтылған қасиеттердің барлығы дерлік бар екеніне сүйене отырып, академик Ғабит Мүсірепов:"Бойындағы қасиеттері, жазушылығына қосымша әншілік, домбырашылық өнеріне, мінез тіршілік әрекетіне орай мен Сәкенді Біздің Сәкен серідеп атағаным бар”,-еді деген.

         Сан ғасырлар бойы қазақпен бірге жасасып келе жатқан қасиетті жылқы жылында Сәкен серінің туғанына 80 жыл толғалы отыр. Мейлі сексен, мейлі жүз, тіпті талай ғасырлар өтсе де, дарынды қаламгердің мұралары қазақ халқының жадында, жүрегінде мәңгі сақталып, рухани өшпес мұра болып қалары сөзсіз.