Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан 2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

1 билет

1-сұрақ. 1960 — 90 ж. iшiнде Қазақ әдебиетінде тарихи тақырып ерекше қарқынмен дамыды. Ұлттар тарихына жасалған тұсау алынғаннан кейiн қазақ жазушылары елдiң тәуелсiздiгi мен бостандық идеясын тарихи материалдарға сүйене отырып, көтеруге мүмкiндiк алды. Бұл тұрғыда I.Есенберлиннiң (“Қаһар”, “Алмас қылыш”, “Жанталас”, “Алтын Орда”), Мұртазаның (“Қызыл жебе”), Мағауиннiң (“Аласапыран”), Кекiлбаевтың, (“Үркер”, “Елең-алаң”) Ә.Әлiмжановтың (“Жаушы”, “Ұстаздың орлауы”, “Махамбеттiң жебесi”), Жүнiсовтiң (“Ақан Серi”), С.Сматаевтың (“Елiм-ай”) тарихи романдары Қ. ә-нiң қомақты табыстарына айналды. Тарихи романдар үлгiсi бүгiнгi күн тақырыбына шығарма жазушылар үшiн де мектеп болды. Б.Соқпақбаевтың, Жұмадiловтiң, З.Қабдоловтың, Тоқтаровтың, Ысқақовтың, Таразидiң, т.б. жаңа романдары дәуiр шындығының қайшылықты жақтарын кең ашып бейнелеуде, оқырманға заман мен адам туралы ой салуда едәуiр әдеби-көркемдiк жетiстiктерге ие болды. Осы жылдарда театр сахналарында Ахтановтың “Әке мен бала”, “Жоғалған дос”, Әбiшевтiң “Нұрлы жаңбыр”, Жүнiсовтiң “Ай тұтылғанда”, Ысқақтың “Таңғы жаңғырық”, Исабековтiң “Әпке”, “Мұрагерлер”, М.Хасеновтiң “Пай-пай, жас жұбайлар-ай”, Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтiрiк бөрiк астында”, Н.Оразалиннiң “Шырақ жанған түн”, Р.Сейсенбаевтың “Түнгi диалог”, “Нартәуекел” пьесалары табыспен жүрдi. 80-жылдардың соңына қарай, қазақ жазушылары бұрын айтылмай келген халық басынан кешкен аштық, қуғын-сүргiн оқиғаларын жазуға мүмкiндiк алды. Соңғы он жылдықтағы әдеби құбылыстар тақырыбы бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерiн қозғауымен, тарихи ойымен, психологизм мен әлеум. iшкi өзара байланысымен, адамның iшкi жан дүниесiне, мiнезiне үңiле назар аударуымен, экол., урбанизация, ғыл.-тех. жетiстiктер көкейтестi, т.б. жайларға көңiл аударуымен ерекшеленедi. Тәуелсiздiк жылдарының рухани нәтижесi Нұрпейiсов (“Соңғы парыз”), Қабдолов (“Менiң Әуезовiм”), Мұртаза (“Ай мен Айша”), Мағауин (“Сары қазақ”), Жүнiсов (“Аманай мен Заманай”), Нұршайықов (“Жазушы мен оның достары”), Ысқақ (“Ақсу туралы аңыз”), Тоқтаров (“Абайдың жұмбағы”), Сматай (“Жарылғап батыр”), С.Елубай (“Тағзым”), Мұратбеков (“Ай туар алдында”), Исабеков (“Ай-Петри ақиқаты”), Тарази (“Қара жұлдызға сапар”), Жұмадiлов (“Тағдыр”), А.Жақсыбаев (“Тiрек”), Қ.Исабаев (“Шоң би”), Д.Досжан (“Құм кiтап”), Б.Мұқай (“Өмiрзая”), Ә.Сарай (“Едiл-Жайық”), О.Сәрсенбай (“Шеңбер”), т.б. көрнектi жазушылардың роман, повесть, әңгiмелерiнде көрiнiс тапты. Әдеби онжылдықта Қ. ә-нiң дәстүрлi жанры поэзияда ұлттық үн мен азаматтық әуен жоғары деңгейге көтерiлдi. Барлық уақыт қабаттарына барлау жасау, поэтик. қиялдың ауқымдылығы, лирик., баяндаушылық, публицистик. және сыншылдық көңiл-күйдiң байлығы, суреттеу тәсiлдерi мен құралдарындағы батыл iзденiстер осы жылдар поэзиясына тән болды. Мүшайра, айтыс, әдеби-поэтик. байқаулар шығарм. iзденiстердiң молаюына түрткi болды. 20 ғ-дың 90-жылдарында ұлттық драматургияның ең басты нысанасы болған Кекiлбаевтың “Абылай хан”, Ш.Құсайыновтың “Томирис”, М.Байсеркеновтың “Абылай ханның ақырғы күндерi” тарихи драмалары ендi ғана тәуелсiздiк алған елдiң егемендiгiн сақтап қалудағы қиын күрестiң тiрегiн iздеудiң ерекше түрi iспеттi болады

2- сұрақ. Оянған өлке - роман.

Оянған өлке - Ғабит Мүсіреповтің 1953 жылы жарыққа шыққан қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған шоқтығы биік туынды. Романның алғашқы журналдық нұсқасы «Әдебиет және исскуство» журналының 1952 жылғы 1-5 және 10-12 цандарында жарияланып, 1953 жылы роман жеке кітап болып шығады. Ал романның жалғасы ретінде «Жат қолында» романы арада отыз жыл салып жарыққа шықты.

Екі кітаптан тұратын романда ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен Октябрь революциясына дейінгі мерзімдегі қазақ халқының әлеуметтік,экономикалық хал – ахуалы, барша тұрмыс – тіршілігі,Қарағанды көмір өндірісі ашылып, онда қазақ жұмысшы тобының құрыла бастауы, Оралдан келген орыс, украин жұмысшыларымен өндіріске жаңа тартылған қазақ кедейлерінің ащы өмірдің азабын бірге тартып, біте қайнасуы, олардың таптық мақсатты терең түсінісіп, орыс капиталистері мен қазақ байларына қарсы тізе қоса бастауы, таптық сана-сезімінің оянуы суреттеледі. Романның екінші кітабы «Жат қолында» атты роман ширек ғасыр өткен соң — 1984 жылы дүниеге келді. Онда Қарағанды көмір кенін ағылшын алпауыттарының тонауы тартымды сипатталған.қоғамдық жағдайы кеңінен қамтылып, жан – жақты терең суреттеледі. Романда қазақ өмірінің сол кездегі тарихы да, әлеуметтік тұрғысы да, этика мен эстетика да, әдет – ғұрыптық, салт – санасы да үлкен суреткердің ой елегінен өтіп, бейнелі көрініс тапқан. Шығармада жазушы ескілікті әдет-ғұрыптарды сынап, кейбір дәстүрлердің қазақ даласында азая бастағандығын көрсетті. Қазақ топырағындағы Қарағанды шахтасы мен Ақбұйрат мыс қорыту зауытының құрылуы мен жаңа өмірге ұмтылған адамдар тағдыры, характер шиеленістері, түрлі қақтығыстар – барлығы романда көрініс тапты. Үш томға лайықталған еңбектің алғашқы кітабы Жұман мен Игілік секілді қазақ байларының, орыс байлары мен жұмысшы тобының тартысты қатынастарын жан-жақты көрсету арқылы қазақ даласының бүкіл бір дәуірін суреттейдіСонымен қатар романда қоныстандыру саясатының нәтижесінде жерлерінен айрылған,мұқтаждыққа ұшыраған,жұттың кесапатына душар болған,малдарын қырып алған шаруалардың күйзелісін көрсеткен.Мұның себептеріне көшпелі мал шаруашылығына кезектесіп келетін жұттың ауыр зардаптары,ХІХ ғасырдың соңына қарай отаршыл әкімшіліктің қазақ шаруашылықтарына мөлшерден тыс ауыр салықтардың салынуы,құнарлы жерлерін жаппай тартып алуыдың үдей түсуі жатады.Қоныс аударушы орыстар мен қазақтардың достық қарым –қатынасын шебер бейнелеп көрсеткен.

Шығарма кейіпкерлері

  • Игілік - паң да, тәккапар да емес. Даусын көтере сөйлегенін, бір адамға суық жүз көрсетеп, қабақ шытқанын ешкім көрген де, естіген де емес. Ала көзін бір төңкеріп, қалың қабағын бір түйіп қалса, бұл маңайдағы елдер басына қара жамылғандай болар еді.

  • Сандыбай – шебер. Он саусағыынан өнер тамады. Ағаштан түйме түйеді. Өзі айтқандай он саусағы алтын. Шеберлігімен елге танылған. Игіліктің ақ үйін салып берген де осы.

  • Жұман – мал бағумен ғана шұғылданатын ескіліктің адамы.

"Жат қолында" романы

Ғ. Мүсіреповтің көлемді соңғы туындысы - "Жат қолында" романы оқырман қауымынан жақсы бағасын алған. роман "Оянған өлкенің" заңды жалғасы. сондағы оқиғалар ілгері дамыған. сонымен бірге жаңа дәуірдің жаңа адамдарын, қазақ қоғамының нағыз оянған шағын - екі ғасыр аралығы мен жиырмасыншы ғасырдың бас кезін қамтыған дербес шығармадай әсері барын да айтқан жөн.

Көркем әдебиет те - адамзат қауымы тәрізді, биігі мен ойысы, тереңі мен тайызы бар тірі организм. Еңсесі биік, қолтаңбасы бөлеккейбір шығармалар көп жүкті көтеріп, бүкіл әдебиет әлпетін өзгеше таныттырады. Тап бүгінгі көркем әдебиетімізге көз салсақ, "Жат қолында" романы осы пікірімізді дәлелдей түседі. Олай дейтін себебіміз: біріншіден, жаңа романда қазақ тарихының ұзақ дәуірі, үлкен белесі терең, ауқымды алынып, оның қоғамдық, әлеуметтік мән-жайы шыншыл қаламмен ашып көрсетіледі; екіншіден, жалпы роман жанрының әрі қарай дами түскенін аңғарамыз.

"Жат қолында" романында өткен ғасыр аяғынан кейінгі ұзақ заман хикаясы баяндалады. Ірі тұлғалар, мықты характерле, бейнелі суреттер, мінез-құлықтар бар.

Ескінің өшіп,жаңаның өсіп келе жатқан заманында күрескерлік дәрежеге жеткен Кенжеғарадай қажырлы жан, бас кейіпкермен танысамыз.

Игілік бидің баласы Кенжеғара былай мінезделеді: "... Игілікке тартқан сом денелі, еңселі, кең иықты, көрнекті жігіт болып келеді. Алымды да шалымды ұтқыр жігіт болатын. Заман қалай құбылса да Кенжеғараны алдай да алмас, адастыра да алмас". Бірақ Кенжеғара бейнесі әрі қарай басқаша сомдалып, басқа арнаға түсе береді. Романның өне бойынан оның қалыптасу, ер жету жолын көріп отырамыз. "Ауылнайға хатшы болып, жұртқа пайдамды тигізсем" дейтін Кенжеғара болыс болған соң: "Игілік жолы маған емес, мен ол сүрлеумен жүре алмаймын". Оқығаны, ойлағаны бар жас жігіт әділет іздейді. романның соңғы бөлімінде Кенжеғара - саяси күрескер, қоғам қайраткері.

3-сұрақ. М.МАҚАТАЕВ ЛИРИКАСЫ

Жетпiсiншi жылдар поэзиясына зер салатын болсақ, сол таланттарымыздың санаулысының бiрi де бiрегейi, лирикалық асыл сезiмнiң жыршысы болған Мұқағали Мақатаев едi.“Мен өз дәуiрiмнiң жаңғырығымын” деп Виктор Гюго айтқандай, Мұқағали да 60-70-жылдардағы жыр әлемiнiң жаңалық жаңғырығы болды. Оның бойындағы асқақ азаматтық әуенмен қатар өрбiген биiк рухты әрбiр шығамасын оқыған сайын түйсiнiп, сезiне түсемiз.

Халықтың бай ауыз әдебиетiмен сусындаған, Абай поэзия-сын жетiк меңгерген, Қасымды жатқа оқыған, Әбдiлдәнi өзiнiң ұстазы санаған Мұқағали ешкiмге ұқсамайтын, образды сөз өрнектерiмен ерекшеленедi. Олай болса, образды сөйлемдер ақын лирикасының көркемдiгiн, мағыналылығын, шынайылы-ғын, жаңалығын көрсетедi.

Кең дүние, төсiңдi аш, мен келемiн,

Алынбаған ақым бар сенде менiң.

Бұйрат құмдар – бұйығып шөлдегенiм,

Бура бұлттар бусанып терлегенiм,

– деп ақын өзi айтқандай, сонау биiкке самғаған қазақ жырының өлең өлкесiне сыршыл да шыншыл поэзиясымен айқайлап келiп едi. Ақын лирикасынан үнемi табиғатпен, өзi өмiр сүрiп отырған қоғаммен, өмiрдегi болып жатқан сан қилы оқиғалармен тонның iшкi бауындай қабысып жатқан, оқырманын ойлантуға, сендi-руге мәжбүр ететiн ерекше байланысты байқаймыз. Ақын өлеңдерiн оқығанда тағы бiр байқайтын ерекшелiгiмiз сөзбен суреттелген өмiр, тiршiлiк құбылыстары тұтас бiр картинадай өтiп жатады. Осы тұтас картина ұтымды, оралымды, көркем әрi шебер қолданылған тiл нақышы арқылы көрiнiс бередi. М.Мақатаев өзiнiң тiлiн, стилдiк бояуын қалыптастырған ақын деп айтуымызға әбден болады.

2 билет.

1-сұрақ. Ғабиден Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романының сюжеттік құрылымын берерде Аман арқылы сол кездегі елдің жағдайын көрсетеді. Осыдан шығарманың өн бойында Аманның тіршілігі әңгіме болады. «Атылған оқ» бөлімінде Аманның елге жаны ашығыш екенін байқаймыз. Оған «Аманның қабағы салыңқы, ауыр отыр. Столында түтеленген қағаздар көп. Бәрі ауылдан түскен арыздар. Арыз сайын кемі бір қиянат, ұрлық не зорлық бар. Біреуді біреу, көзі тайса, ұрлап, әлі жетсе, зорлап жатқан тәрзді. Аман оқиды да күрсінеді. Биыл күрсінуден көз ашқан жоқ...Жасы жиырма мен отыздың арасында болса да, отыз бен қырықтың арасындағы жігітке ұқсайды». Оның ақылының толысып келе жатқанын әр оқиғаның барысында автор беріп отырады. «Аман ойланып қалды. Қазақта ер құнынан, жесір дауы, жер дауынан үлкен ештеме жоқ. Бұл үшеуі екі адамның ғана емес, екі рулы елдің дауы. Малқар сияқты нәннің қолындағы келінін айрыпы алу, Малқармен қоса, бүкіл сол рудың намысын қоздырады. Одан қорқып совет заңынан теңді, әділет жолынан шығуға Аман қорланады. Елге келіп, мемлекет ісіне тастай береді қазекең. Кеспесе, шешілмейтін ескі түйін. Аман беріп кетпе жігіт емес, жас та болса, қарияша толғанды біраз».Сонымен қатар, оның аңғақұмар қасиеті бар. «Қыс күндері бұнда аңшылар келе алмайды, кереғар. Жылқы қостап шыққан кезде жылқышылар ғана там-тұмдап аңшылық етеді. Аңқұмар Аман: «Қысты күні жылқышылардың қосында жатып, тым құраса, бірере жұма аң аулап қайтар ма еді!...» деп келеді...» Бұл үзінді айтқан ойымызға дәлел болып отыр.

Әрі ол өз ортасының білімді адамы. «... «Народный университет на дому» журналдардағы лекцияларды тапжылмай, күн ұзын оқығанда тоймайды, талмайды. Кешке оқуға шам жоқ... Мысалды осы ортаның өзінен алып, өзі шешіп бергенде, жолдастары ұстазындай тыңдап, ұйып қалады...» Міне айғағы.Намысшыл. «Бұл – Аман. Тұтқында отыр. Қолында - «Народный университет на домудың» бір номері. Қоғамтану лекциясын оқып отыр. Бұрын астық сарайы болған осы кішкентай тұтқын үйге енгізіп жібергенде, ол бір шыңырауға түсіп кеткендей сезінді. Кең даладан келіп, қапас қамауға бірінші рет тұтқиылдан түскен жастың көңілі торға түскен бүркіттей аласұрып, көпке дейін ақыл-ойға ырық бермеді. Тұла бойын намыс кернеп, қызарып, булығып, «жазығым не?» - деген бір сұраққа жауап таба алмай сенделумен болды».«Ұят-ары жоғары жігіт қазір қызарумен қоймай, танауының үсті де тершіді». Бұл автордың Аманның ар-ұятының көркемдігін жеткізіп тұр.«Аман былтыр келгенде, бәрінің басын қосып, былай деген: «... Жатақ болып алдыңдар. Енді үй-қораларынңды түзеп, поселке тәртібіне көше беру креек. Мойынсеріктің пайдалы екенін көрдіңдер. Енді серіктіктің бұдан да пайдалы түріне көшу керек... орталық қор жасаңда. Жұмыс көлігін, өндіріс құралдарын ортаға салыңдар. Сонда еңбек өнімі де, дәулеттерің де арта түседі... Қазына жәрдемі алдымен сендерге беріледі...» Бұл үзіндіден Аманның ұйымдастырғыш қабілетін, сондай-ақ, оның халықты өзіне қарата алатын жан екенін байқаймзы. Тағы да, үзіндіні оқысақ, назар аударатын бір тұсы бар: оның алға ұмтылғысы келетіні, дамып-өркендеу оның тілегі.Міне, осындай Аманның тағы да қыр-сыры көп. Бұл – Ғабиденнің авторлық тұлғасының жемісі. Бір ғана Аманның тағдыры арқылы бүкіл өңірдің хал-ахуалын, ішіндегі талай оқиғаларды бір-бірімен ұштастыра беру де автордың шеберлігі. Аманның көркемдік бейнесін, болмысын осы роман арқылы танысып, білдік.

2-сұрақ. Әбділда шығармаларының негізгі үлгісі, жанры – поэзия. Бұл жанрдың ішінде айқын ерекшелігі оның сыршыл, лирик ақын болуында. Ақын еңбектері әуелі қысқа, көбінше саяси лирикадан басталады да, кейін лирикалық толғауларға, лирика сарыны мол романтикалық поэмаларға да ауысады.

Тәжібаевтың алғашқы өлендері баспасөз беттерінде 1927 жылдан жариялана бастады, тұңғыш жыр жинағы «Жаңа ырғақ» 1934 ж. жа­рыққа шықты. Алғаш кенес саясатын қолдап науқандық өлең-поэмалар («Құлғара», «Айдалған бай», т.б.) жазған Тәжібаев біртіндеп сыршыл, лирик ақын ретінде танылды. Көркем туындылары кезінде қатаң сыналып, әкімшіл-әміршіл қоғамның қысымына ұшырағанына қарамастан, ақын туындыларында социалистік реализмнің қасаң принциптеріне мойын-сұнбаушылық байқалды. Оның «Алтын ай», «Меруерт моншақ тіземіз», «Құшағыма кірді күнім» атты өлендері жастық сезім күйлерін шынайы бейнелеуімен құнды. Тәжібаевтың өленді заман шындығына бағыттауы, лирик, сыршылдығы мен жыр мазмұнын байыта түсуі, авторлық ұстанымының айқындығы, ақындық ізденістері нәтижесінде өміршең өлеңдері дүниеге келді. Ақын өзі монолог жайында «Монологқа ғашықпын. Егер мен поэзия майданында зәредей ғана салмағым болса, еміс-еміс қана есті сөз айта алар болсам әлсіз де болса адам сезіміне дарытқан болсам, осы монологқа қарыздармын» дайді. Монологтың айрықша үлгісін оның «Айнабұлақ» (1936), «Сырдария» (1936) өлендерінен көруге болады. «Сырда­рия» — табиғатты сүйген адамның сыршылдық үні, адамзаттың отансүйгіштік сезімін жырлаудағы жаңа белес бол­са, «Айнабұлақ» — сыршылдықты эпикалық үрдіске жалғаған суреткерлік үлгісі, адам еңбегі жайлы толғаныс.

3-сұрақ. Күләш Ахметова

Алғашқы өлеңдері училищеде оқып жүрген кезінде жариялана бастады. “Ақ гүлім менің” (1975), “Сен менің бақытымсың” (1977), Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, (1978), “Жапырақ жаздың жүрегі” (1979), “Мейірім” (1981), “Бұлақтағы жұлдыздар” (1982), “Жасыл жағалау” (1984), “Ләйлектер қайтып келгенде” (1985), “Арғымақтар даласы” (1987), “Сен жанымда жүрсең” (1987), “Наурыз нұры” (1991), “Күн шыққанда күліп оян” (1996) т.б. жыр-жинақтары жарық көрген. Ахметова өлеңдері орыс, украин, белорус, өзбек, башқұрт, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. А.Ахматова, А.Межиров, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады.[1] Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры — ақынның лирикалық толғаныстарының арқауын құрайды.

Жетпейтиндей бір нәрсе көркем ойға,

Ақындардың теңеуі келте, майда.

Беатриче бар, бірақ оның сұлу

образын жасайтын Данте қайда?

Арулар бар, аз емес күшти ұлдар да,

Көзден ұшқан бағынған ұшқындарға.

Сұлу әйел сүрінген тасты сүйіп

Өлмес өлең туғызған Пушкин бар ма?

Орын берді ойынан Жахан оған

Адам бар ма есімін атамаған.

Балқадиша кеткенде өлең жазған

Бар ма бүгін баяғы Ақан ағам?!

Сол жігіттер жоқ бүгин сүйе алатын,

Сүйгені үшін өмірін қия алатын.

Қорланамын көргенде кей жігіттің

Қорландарға жасаған қиянатын!

“Сіз осы шыныменен білмейсіз бе,

Кезігіп қала берем бірдей сізге?

Сіз жүретін жерлерде, әлде мені,

Адасып, не ерігіп жүр дейсіз бе?

Қағылуы махаббат қанатының,

Жаныңызға жабырқап баратыным.

Байқалмай ма сізге осы,

Қып-қызыл боп, қипақтап қалатыным.

Сізді ойламай көзімді әлі ілдіріп

Көргенім жоқ, керек пе жалындыру?

Өртенемін жаныма жалын кіріп,

Әдейі үнсіз жүрсіз бе, бәрін біліп?..

Қара көзден қашсаңыз, несіне ерсіз,

Бір әдемі бақытқа кешігерсіз.

Қарап қалсам, өтесіз көрмегенсіп,

Оңбағансыз, не деген, кешірерсіз…”

3-билет.

1.ХХғасырдың 60-шы жыл-ғы драма жанрының дамуы 20 ғасырдың 60 — 70 жылдары драматургия еліміз өміріндегі елеулі әлеуметтік мәселелерді көтерген тың шығармалармен толықты. Осы кезеңде қазақ драматургиясына өз қолтаңбалары бар Қ.Мұқамеджанов, Қ.Байсейітов, Қ.Шаңғытбаев, Т.Ахтанов, С.Аянбеков, С.Жүнісов, Ә.Тарази (Ә.Әшімов), т.б. бір топ драматургтер келіп қосылды. Драматургияның басқа жанрларымен бірге комедиялық шығармалар театр репертуарларынан берік орын алды. Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында”, “Құдағи келіпті”, “Қуырдақ дайын”, “Өзіме де сол керек”, Байсейітов пен Шаңғытбаевтың “Беу, қыздар-ай!”, “Ой, жігіттер-ай!”, Ахтановтың “Сәуле”, Әбішевтің “Армандастар”, “Нұрлы жаңбыр”, Хұсаиновтың “Сырымбет саласында”, Жүнісовтің “Ажар мен ажал”, Таразидің “Күлмейтін комедия”, т.б. шығармалар жазылып, сахнада қойылды. Қ.Мұхамеджанов пьесалары адам мінезінің, іс-әрекетінің күлкілі жақтарын алып суреттеуге құрылады. Күлкінің ар жағында ойдан құбылысты әшкерелеу сарыны жатады. «Бөлтірік бөрік астынданың» бас кейіпкері Сапар – жылпос, опасыз, өмірді алдау мен арбауға құрып үйренген адам. Ол ауылда әйелі бола тұрып, қалада үйленеді. Автор осыны әшкерелейді. Оны «Бөрік астындағы бөлтірік» деген. Қала қыздарының қазақ тілін білмеуін күлкі етеді. Ал, «Құдағи келіпті» пьесасында ағылшын отбасындағы тіршілігін суреттеп отырып, қаланың тоғышар, сәнқұмар әйелдеріне еліктеген сауатсыз ауыл әйелі Айжанның қызын күйеуінен айырып алмақ болған ісі мен қылығын күлкі етеді. «Қуырдақ дайын» пьесасында Ережеп, Жақан сияқты өмірде өз орны жоқ, әркімге сүйеніп күн көрген мүсәпір адамдардың майысқақ жұрттың бәріне жақсы көрінуге тырысқан қылықтарын суреттеуді көздеген. Бәрі де күлкіге арқау боларлық дүниелер. Автордың үш пьесасы да кезінде театр сахналарынан көрсетілді. Алайда драмалық тартыстың әлсіздігінен, үлкен қоғамдық мәні бар қақтығыс тудыра алмаған пьесалар сюжеті ұсақ-түйекті әңгімелеу сатысында қалып қояды. Сапар - күн көрістің ғана адамы. Ол қасқыр болатындай зұлым сияқты емес. Бірақ ол қасқыр болуға дайындалып келе жатқан бөлтірік деп суреттеледі. Бірақ бөлтіріктерді тудырып жатқан құбылыстың табиғатын іздеу, табу, әшкерелеу көрінбейді. Соңғы екі пьесада да жеңіл күлкімен қанағаттанып сол күлкіні, ұнамсыздықты тудырып жатқан жағдайды тану, әшкерелеу жайы ашылмай қалады. Мұндай кемшіліктер Қ. Сатыбалдин, С.Адамбеков комедияларына да тән. «Махаббат машақатында» ол тентек баланың қылығын көрсетіп оның кінәсін анасына артады. «Қабаған итте» саудагерлікті сынайды. Алайда осы қоғамдық ұнамсыз құбылыстардың түп төркінін тану жетіспейді.

2. Ғафу Қайырбековтің лирикасы

Ғафу Қайырбеков(1928 – 1994) – 15 тамызда Қостанай облысы, Торғай қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1952). Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басқарды, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі болды.

1968—1973 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында жетекшілік етті. 1973—1989 жылдары «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. Өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағының ақындар қауымдастығының президенті болды. 1954 жылы оның «Құрдастар» атты тырнақалды жинағы жарық көрді. Содан бері қырықтан астам кітабы шықты. «Дала қоңырауы» (1956) поэмасы, «Жер астындағы жұлдыз дар» (1965), «Қанатты жылдар» (1973) сияқты жинақтарын, «Беласар» атты қос томдығын оқырман қауым ілтипатпен қабылдады. «Жұлдызды тағдырлар» атты өлеңдер жинағы үшін ақынға 1980 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Рудакидің, Байронның, Пушкиннің, Лермонтовтың, Некрасовтың, Шевченконың, Мақтымқұлының, Л.Толстойдың, Куприннің, Короленконың, Буниннің, Есениннің, Ғамзатовтың және басқа да сөз зергерлерінің туындыларын аударды. Көптеген әндердің өлеңін жазған.

Он екі жасар Ғафу ауылға тақау жердегі Ащыкөлдің жағасында ойнап жүріп, тып-тыныш тұнып жатқан құм үстіне шыбықпен шын сырын жазып көрсе, онысы кәдімгідей өлең жолдарының басын құрағанда жадында жатталып қалған. Кейін сол жырына «Туған жердің ақ шағаласы», - деп ат қойған. Туған Торғайы, Қазақстаны жайындағы болашақ жыр арнасы осыдан бастау алған.

Ақын баланың «Ана қуаты» деп аталатын алғашқы өлеңі аудандық «Социалды ауыл» газетіне 1941 жылдың қаһарлы айларының алғашқы күндерінде басылыпты. Ол кез шыныда да тылдағы адам айтқысыз ауыр еңбек пен алып ерлік салмағы әйелдер иығына түгелдей түскен, ошақ оттары өшсе де отан жұлдызы сөне көрмесін деп жан ұшырған ана ел қуатына айналып, адам анасы, Отан Ана дейтін екі ұғым бір-бірімен біте қайнаған кез болатын.

Өз бойындағы осындай ақындық құбылысты соғыс жылдары тылда шыңдай түскен Ғ.Қайырбеков оны кейін: Иә, бірінші өлең аты «Ақ шағала» болатын. Еркіндік атты жыр ғой ол. Енді ғана мән беріп отырмын. Ол кезде ол санадан тыс істелген ғажайып еді. Адамға еркіндіктен артық бола ма? Еркіндік – көзіңе алғаш құс болып елестейді екен. Сөйтіп менің бірінші кейіпкерім – еркіндік болды. Азаттық құсы- шағала болды.

Екінші кейіпкерім- Ана болатын. Кейін менің өмір бойымдағы жырларымның негізі Ана болды»(101),- деп тебірене еске алған болатын.

1952 жылы Қазақтың мемлекеттік Абай атындағы педагогикалық инстиутын бітірген ол «Жазушы» баспасында, жазушылар одағында, «Жұлдыз» журналында ұзақ жылдар бойы жемсіті еңбек етеді. Ақын қай қызметте де болмасын өзінің творчестволық өсу- өркендеу жағын назардан тыс қалдырған емес.

Поэзия өлкесінде өзіндік үнімен ерте танылған Ғ.Қайырбековтың 1964 жылы шыққан «Таңдамасына» дейін де өлеңдер жинағы оқырманын көп күттірмей үсті-үсті басылып жатты.

3. Жазушы Сайын Мұратбеков прозасы те әуелі КазГУ-дің журналистика факультетіне емтихан тапсырған. Оқуға түсе алмаған соң, ауылға барғысы келмеген жас жеткіншек Құрманғазы атындағы консерваторияның сценарий бөліміне оқуға түседі. Бұл жолда болашақ жазушыны бүгінгі қазақтың сахна өнерінің майталмандары Асанәлі Әшімов, Райымбек Сейтметов, Фарида Шәріпова, Оспанхан Әубәкіровпен табыстырады.

Консерваторияның өнер факультеті өзінің қолы емес екенін сезінген жас талапкердің күндіз-түні қолына алғаны қаламы мен қағазы болады. Тастақ жақта пәтер жалдап жататын төрт жігіттің үшеуінің ермегі роль жаттау, сценарий бойынша дайындалу болса, болашақ жазушы тумбочкасын теріс қаратып алып, этюд жазуға кіріседі екен. Сабақтан қала берген уақытында олар өздерінің шығармашылықтарын қызу талқыға салатын еді. Олар деп отырғанымыз: Асанәлі Әшімов, Райымбек Сейтметов, Мақай Нұртасов және Сайын Мұратбеков. Үшеуінің тірлігі бір төбе де, Сайын Мұратбековтің тіршілігі бір төбе. Қызу талқылаулар басталған осындай кештің бірінде Сайын аға өзінің жазған «Менің қарындасым» атты шығармасын достарына оқып береді. Шығарманың мазмұны, жылы лиризмге толы шығарма Асанәлі мен Мақай досына қатты ұнаса керек, олар жазушыға бұл шығармасын газетке бастыруын өтінеді.

Әуелі «Менің қарындасымды» алып, Сайын аға «Лениншіл жастың» есігін қағады. «Бір жұмадан соң, хабарын айтам» деген әдебиет және өнер бөлімінде отырған кісінің жауабы бір жұмада емес, екі-үш жұмаға созылады. Ақырында қайта-қайта келгіштеп, әңгімесінің жағдайын сұрап, мазасын ала берген мұның әрекеті ұнамаса керек, әлгі кісі жазушының бетін қайтарып тастайды.

Осылайша, «Лениншіл жастан» жолы болмаған «Менің қарындасымды» алып, «Әдебиет және искусство» журналына алып келеді. Мұнда да әңгіменің жолы болмайды. Жолы болмайды дегенге, «Менің қарындасым» мүлдем атаусыз қалды деуге де келмес. «Әдебиет және искусство» журналында жатқан әңгімесінің тағдыры журнал арқылы шешілмесе де, Жазушылар одағында өткен жас-ақын жазушылардың республикалық семинар-кеңесінде бағы ашылады. Жиналыстың екінші күнінде сөз алған жазушы Тахауи Ахтанов өз баяндамасының бір тұсында «Менің қарындасым» туралы жылы лебізін білдірсін. Жиналысқа қатысып, шет жақта отырған жазушыға бұл лебіз мүлдем күтпеген оқиға болғаны рас. Тахауи Ахтанов өз сөзінде: «Бізде шағын жанр-әңгімені жаңа форма, тың тақырыппен байыта отырып, оны жоғары деңгейге көтерудің ізгі нышандары байқалуда.

Сайын ағаның шығармаларының ішінде ерекше көңілге әсер ететіндерінің бірі – «Райгүл». Жазушының көзі тірісінде берген сұхбаттарының бірінде «Райгүлдің» оқиғасы белгілі сықақшы Оспанхан Әубәкіровтің басынан кешкен жайт екендігі туралы айтылған еді. Оспанхан аға қаладан ауылға барған сәтінде, әкесі оның көрші ауылдағы бір танысының үйіне соға кетуін өтінеді. Әкесінің өтінішін екі еткісі келмеген Оспанхан аға сол танысының үйінен қызын көріп, ұнатып қалады. Әкесінің де ойы Оспанханды әлгі жекжатының қызына қосу болса керек. Колхоз жұмысында белсенді жұмыс атқарып жүрген бойжеткен сықақшының бетін қайтарып жіберсе керек. Осы әңгімені қызыға айтып отырғанын естіп, Сайын аға Оспанхан Әубәкіровтен қолқалап сұрап алады. Осы оқиғаның желісімен «Райгүл» дүниеге келіпті. «Райгүл» дүниеге келген жылы жазушының дүниеге келген нәрестесіне де ауылдағы апалары Райгүл деп есім береді. Бұл туралы қаламгердің жары Мәриям апай айтқан естеліктердің бірінен оқыған едік.

Жазушының шығармаларының көбі елде жүргенінде жазылды. Әрбір кейіпкері ауылдағы қарапайым тірлік иесінен, ауылдастардың өмірінен ойып алынғандай көрінеді. Ол жазушының ауылдасы ғана емес, әрбір қазақтың басынан кешіп жатқан жайттар екені белгілі.

Өмірінің соңында Сайын аға «Мұң жапырақ» атты повестін аяқтамақ болыпты. Аталмыш шығарманың шағын үзіндісін бір журналға жариялағанымен, бұл дүние ол кісінің көңілінен шыға қоймаған соң, жыртып тастапты. «Мұң жапырақты» жақсы шықпаған соң, отқа өртеп жіберіп, қайта жазбақ та болған екен. Ағаның бұл арманы орындалмай, ішінде кетті. Тіршіліктің қым-қуыт уақытында жазуға мүмкіндігі болмады. Енді жазамын деп жүрген шағында, айықпас дертке шалдығып, төсекке таңылды. Жүзінде мейірім шуағы есіп тұратын, ұстамды, сабырлы Сайын ағаның әрбір шығармаларынан қаламгердің өзі көз алдымызға келеді.

4-билет

1.20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі кезеңдегі әдеби сынның даму ерекшелігі

Сын мен ғылымның даму жолында 60-жылдардың сүбелі олжалары аз емес. Бұл кезеңде мәнері де қомақты еңбектер беруге, әдебиеттің көп томдық тарихын жазуға, жоғары оқу орындарын оқулықтармен қамтамасыз етуге, бүгінгі әдеби процестің жай-күйін жан-жақты баяндауға бағытталған ірі қадамдар жасалды, көптеген монографиялық зерттеулер осы дәуірдің жоралғысы болды.

Әдебиет ғылымын өркендету ісіне ақын-жазушылардың өзі үлкен қолғабысын тигізді. Олар бүгінгі әдеби даму мен шеберлікті ұштау мәселелері төңірегінде пікірлер айтып отырды. Олардың съезд, пленум, конференцияларда сөйлеген сөздері, жасаған баяндамалары, жазған мақалалары жинақталып, кітап болып шықты. Әдеби процесстің ұлғаюы, жаңа туындылардың көбеюі - оны зерттеп, ғылыми бағалап отыратын әдебиет сыны мен әдебиет туралы ғылымының баюына да мол материал беріп, оның дамуын тездетті. Бұл саладағы еңбектің өнімді болғанын таныту үшін 1956-1966 жыл аралығындағы он жылда жүз елуден астам сын және зерттеу кітапарының жарық көргенін айтудың өзі жеткілікті. Мұндай өнімділік бұрынғы әдебиет дамуы кезеңдерінің ешбірінде болған емес. Жеке зерттеулер мен әдебиетші ғалымдардың сыншылдық ойларын қорыту түрінде 6 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1960-1967) жасалды. Онда қазақ ауыз әдебиеті мен әдебиет тарихы, Кеңестік дәуірдегі әдебиеттің даму жолы белгілі жүйеге түсіп, жинақталды. Орта және жоғары мектептерге арналған әдебиет оқулықтары, ауыз әдебиеті мен ақындар шығармаларының текстері көптеп басыла бастады. Қазақ әдебиеті сыны мен әдебиеттану ғылымының осы дәуірде қарқынды дамуы, ең алдымен қоғамдық ой-пікірде еркіндік тууымен байланысты болды. КОКП XX съезінен кейін бір кезде жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылар мұрасы халыққа қайтарылды. С. Сейфуллин, Б.Майлин, I. Жансүгіров ақталып, олардың кітаптары қайта басыла бастады.

2. З.Шашкин «Доктор Дарханов» романы

1962 жылы Зейін Шашкиннің “Доктор Дарханов” атты романы жарық көрді. Бұл роман өзінің мазмұны жөнінде ғана емес, жазылу формасы жағынан да қазақ совет әдебиетінде оқшау туынды. Оқшау болатын себебі ол қазақ әдебиетінің тарихында дәрігерлер өміріне арналған тұңғыш роман еді. Алайда бұл тек дәрігерлер өмірі жайындағы шығарма емес, шындығына келгенде ол қазіргі заман тақырыбын қозғайтын, бүгінгі замандастар өмірінің алуан салаларын қамтитын кең тынысты шығарма. Географиялық жағынан алғанда, оқиға Көкшетау облысындағы “Бармашы” санаториінде болады. Бірақ, роман арнасы санаторий өмірімен ғана шектелмейді, сол өңірдегі жапсарлас жатқан колхозды ауыл алқабында да шығады, бірде Павлодар өңірінде бірде Москваға, бірде Қырымға, енді бірде Алматыға апарады. Оқушы роман кейіпкерлерімен бірге аталған жерлердің тіршілік тынысынан хабар алып қана қоймайды. Сол өңірлердің табиғат ерекшеліктерімен де танысады.

Жазушы бұл шығармасында дәрігерлер өмірін арқау етіп ала отырып, бүгінгі өміріміздің алуан-алуан салаларына үңіледі, бүгінгі күннің бірсыпыра көкейкесті проблемаларын қозғайды. Ғылым-білімді насихаттау, адамдар санасындағы және тұрмыстағы ескілік қалдықтарына қарсы күрес, жаңа, озық дәстүрлерді тарату жөнінде интеллигенцияның ролі, дәрігердің қоғам алдындағы парызы, басшы қызметкердің адамдар арасында дұрыс қарым-қатынасты, өзара сенім достық, коллектившілдік рухын қалыптастырудағы жетекшілік өнегесі, әйелге көзқарасы, әйелдің семьядағы орны және басқа көптеген мәселелер – “Доктор Дарханов” романының өзекті идеялық арқауы болып табылады.

Романның басты қаһарманы – дәрігер Нияз Дарханов. Барлық оқиға сол Дарханов төңірегінде құрылған. Ол Бурабайдағы “Бармашы” санаториінде дәрігер болып қызмет істейді.

Доктор Дархановты жазушы Шортанды көлінің жағасында оңаша ойға шомып отырған күйінде таныстырады. Айнала мүлгіген табиғат. Ымырт жабылған шақ. Осындай бейуақта адам жападан-жалғыз көл жағасында, ну орман ішінде жәйдан-жәй отырмайтыны белгілі. Әлде бір тебіреніс, толғаныс күйі жетелеп әкелуі хақ. Бірақ, жазушы кейіпкерінің осы бір бөгде халін түсіндіріп жатпайды. “Түп-тұнық айна көл, көлді қапсыра құшаққа алған көкшіл тау, мүлгіген жасыл орман – бірі көзіне ілінбейді”, деп жәй ғана, сараң сөздермен өте шығады. Бірақ, осы көріністің өзінен-ақ, кейіпкер бойында әлде бір оғаш халдің бар екеніне шүбә қалмайды.

Романдағы басты образ да, сәтті образ да дәрігер Нияз Дарханов образы. Ең алдымен ол өз мамандығын сүйген, өз мамандығын жетік білетін, қоғам, халық алдындағы парызын сезіне білген дәрігер. Оның өмір жолы шырғалаң, бұралаңы мол соқпақты жол. Әкесінен ол жасында айрылған Кеңес өкіметінің қамқорлық аясында кемтарлық көрмей қатарға қосылды. Институтқа түскен жылы шешесі қайтыс болды да, жетім қалды. Медицина институтын бітіргесін, Қиыр Шығыста солдаттар арасында дәрігер болып, әскери қызметін өтейді. Даяр тамақ, даяр төсекке үйреніп, бейқам өскендіктен бе, әлде қасында ақыл-кеңес айтар әке мен шешенің, не болмаса етбауыр ағаның жоқтығы ма – алғаш семья құрарда жеңілтектік жасаған кезі де болды. Махаббат, әйел мәселесіне жеңілдеу қарайтын осалдығы да бұған себепші болмай қойған жоқ. Сағиламен ғана емес, Сусанна Михайловна, Генриэтталармен таныстық байланыстарында да кездейсоқтық табы жатыр. Нияздың әкесі Ертіс пароходствосының жұмыскері еді, революцияның алғашқы жылдары коммунист партиясына мүше болғанда, кешегі өзіне қорлық көрсеткен байлармен күрескен, округтік партия комитетінде істеп жүрген кезінде тап жауларының қолынан қаза болған коммунист.

Романдағы өндірістік тартыс өмірден алынған шындық, медицина үшін үлкен проблемалық мәні бар тартыс. Жазушы өндірістік тартыс пен махаббат желісін шебер қиюластырған. Екі желі жымдаса, қабар өріліп, роман сюжетінің шиеленісе дамуына жағдай туғызған.

Зейін Шашкиннің жазушы есебінде бір ерекшелігі ұнамды деген қаһарманның өзін кемшіліктен ада, күнәдан пәк адам етіп көрсетуден аулақ.

Романда Асқар образы аз көрінгенмен тәуір әсер қалдырады. Дәмеш қыздың ағасы, дәлірек айтқанда, әкесінің інісі Асқар Сағатовпен “Теміртау” романы арқылы танысқан оқушы, мұнда Асқар образы жаңа бір қырынан ашыла түскенін аңғарады. Асқар қазір әлеуметтік мәні бар мәселелер, туған халқының бақыты, болашағы жайында ой толғайтын, дәрігердің халық алдындағы, Отан алдындағы борышы жайында сара пікірлері бар зерделі азамат есебінде көрінеді. Бұл жағынан алғанда ол Дарханов образын толықтыра түседі, Дархановтың рухани өсіп, дәрігерлік парызын жете түсінуіне игі ықпал еткен тұлға деуге болады. Зерделі дәрігер, биік парасатты азамат болумен бірге, Асқар абзал адамгершілікті мейірбан аға есебінде танылады. Үйлену тойы ертең деп тұрғанда Дәмеш қатты сырқатқа шалдыққан кезде, Қайыр қалай ұстады өзін, Асқар қалай көрінді? Тек осы бір сын мезеттің үстіндегі екі азаматтың іс-әрекеттерін салыстырып қарағанның өзінде, Асқардың қай жағынан болса да анағұрлым биік тұрғанын аңғару қиынға түспейді. Жазушы Асқар образын осы кезеңде, сондай-ақ Дәмеш пен Асқар, Асқар мен Нияз арасындағы қарым-қатынастар үстінде аршып көрсете білген. “Теміртау” романындағы Асқар мен “Доктор Дарханов” романындағы Асқарды қосып алатын болсақ, жазушы қаһарманынының анағұрлым толыса, кемелдене түскенін байқаймыз.

Ал, Дәмеш, образы жөнінде мұндай пікір айтуға бола қоймайды. Мұнда да Дәмеш бар болмысымен заман рухына сай, мәдениетті, ойлы, зерделі азамат. Мұнда да Дәмеш ісімен, қимылымен, сөзімен анық-қанық көрінетін жанды бейне. Бірақ, мұндағы Дәмеш ақылы, мінезі, қылығы, ісі жағынан бұрынғыдан да өсе түскен, сүйкімді, баршаға ұнамды Дәмеш деуге келмейді. Неге? Себебі, мұнда жазушы Дәмеш образын “Теміртау” романындағы Дәмеш характеріне сай арнамен дамытпаған. “Теміртау” романынан Дәмешті оқушы мінезі де, ісі де орнықты білікті маман, әсіресе, махаббат мәселесіне жеңіл-желпі қарамайтын ақылды, Дәмеш дәл осындай биіктен көріне алмайды. Бұрын алды-артын терең ойлайтын, өмірдің барлық тарамдарына сергек те зерек қарайтын қыз, мұнда басқа дүниені түгелдей дерлік оп-оңай ұмыта қойып, көз алдындағыдан өзгені көрмеуге бейіл. Талай жылдар сынасып, сыр алыса сүйісіп барып табысқан жары Қайыр, қаршадайынан алақанына салып, аялап өсірген, әке орнына әке болған Құрышпай, құлын-тайдай бірге өскен, балғын махаббатты бөліскен Ораз, шахтадағы бірге істейтін достар, тіпті бірге туып, бірге өспесе де туғаннан артық ағасы Асқар, - бірде-бірі оның жанын тебіренте қоймайды.