Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1256_simdikter_resurstary.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
102.82 Кб
Скачать

2. 1932 Жылы н.В.Павловтың жасаған жүйесіне қанша тағамдық өсімдіктердің топтары енгізілген.

3. Дәруменді өсімдіктер жалпы сипаттама.

Витаминдік өсімдіктер – құрамында витаминдер болатын өсімдіктер. В. ө. құрамында витаминдермен қатар, олардың провитаминдері де болады. Олар азықпен бірге организмге түскеннен кейін, қажетті витаминге айналады. Мыс., өсімдікте А витамині болмайды. Бірақ кейбір өсімдіктер құрамында болатын А провитамині – каротин организмге түскеннен кейін А витаминіне айналады. Сондай-ақ D провитамині – эргостеринорганизмге түскеннен кейін D витаминіне айналады. А витамині сәбіз, қымыздық, көк пияз, капуста, қызанақ, өрік, алхоры, итмұрын, беде, жоңышқа,бидайық, т.б. өсімдіктердің құрамында болады. В тобына жататын витаминдер ашытқыда, жеуге жарамды саңырауқұлақтарда, көптеген өсімдіктердің (пияз, капуста, т.б.) жасыл жапырақтарында, астық дақылдарының ұрықтарында болады. С витамині (аскорбин қышқылы) өсімдіктердің барлық түрінің жапырағында, кейбіреуінің жемістерінде (мыс., итмұрын, қарақат), картопта болады. D витаминінің негізгі көзі – стерин өсімдіктердің бәрінде бар. Ол әсіресе саңырауқұлақтарда көп болады. Е витамині (токоферол) көптеген өсімдіктерде бар, әсіресе, астық дақылдарының ұрықтарында көп болады. К витамині (филлохинон), негізінен, бедеде, капустада, сәбізде, асқабақта, Р витамині итмұрында, цитрус жемістерінде, қарақұмықта, т.б. болады. Өнеркәсіпте ВВ және РР витаминдерінің концентраттары негізінен астық дақылдарының ұрықтары мен ашытқыдан алынады. Қазіргі кезде таза витамин препараттары синтездік әдіспен де алынады.

13-билет 1. Қ-да өсетін әсемдік өсімдіктер оларды пайдалану болашағы.

Қ-да жоғ-ғы сатыда өсетін өсімд-ң 6мыңнан астам түрі кездеседі. Солардың ішінде әсемдік өсім-р. Оларды атап айтқанда раушан гүлі, лалагүлд-р тұқ-на жататын лалагүл, қызғалдақ,құртқашаш, сәлбен(шалфей), жауқазын. Күрделігүлділер тұқ-на жататын- ботагөз, баршынгүл, бақытгүл, нарғызгүл. Алқа тұқ-на жат-н өсімд-р шырайгүл, қызылқұлақ,т.б. көптеген әсемдік өсім-р бар. Оларды көбінесе қала әсемдігіне, көркейіп әдемі болып тұруға өсіреді. Олардан басқа дәрілік қасиеттері бар. Оларды тек әсемдік үшін ғана пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар косметикада, парфюмерияда, тағамдық, дәрумендік, т.б.қасиеттеріне байл-ты пайдаланады.

2. Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері қандай?

Пайдалы өсімдіктер туралы ғылымның дамуы ерте замандағы Қытай,Египет,Рим,Греция және Шығыс Арабия тарихына,мәдениетіне тығыз байланысты. Қазақстанда пайдалы өсімдіктерді пайдалану,олардың ішінде,әрине бірінші ретте дәрілік өсімдіктер пайдалану Шығыс және Батыс елдерінің медицина мектептерінің әсеріне байланысты болды.Мысалы,Қазақстанның Оңтүстік аудандарына Иран,Ауғанстан,Үндістан сияқты елдердің әсері бар.Оған қосымша Қазақстанда Европа елдерінде белгілі көптеген шипалық қасиеті бар заттар да қолданылады.Қазақстан флорасында халық медицинасында кеңінен белгілі шипалық қасиеті бар өсімдіктерді,әсіресе,жүрек-қан тамырлары,өт айдайтын,ісікке қарсы қолданылатын өсімдіктерді іздеуге көңіл бөлінді.«Ресурстар» деген терминді (өсімдіктер ресурстары емес) пайдалы өсімдіктердің жеке топтарына қатысты пайдалануға болады.Мысалы, «дәрілік өсімдіктер ресурстары». «Ресурс» деген терминді «Қоры» деген түсінікпен шатастыруға болмайды.Яғни, Ресурс, Қоры синонимдер емес. «Ресурс» термині кеңірек,толығыра,ол пайдалы өсімдіктердің сандық және сапалық сипаттамаларын қамтиды.Федоров 1968жылы ботаникалық ресурстану ғылымына кеңірек сипаттама берді.Ботаникалық ресурстану:1)халық шаруашылығында және медицинада маңызы бар әртүрлі өсімдіктерді тауып айқындайды;2) өсімдік құрамындағы әртүрлі заттарды,қосылыстарды зерттейді;3)пайдалы өсімдіктердің табиғаттағы алабын зерттейді;4)мәденилендірудің биологиялық негізін жасайды.«Ботаникалық ресурстану» өзінің зерттеулерін әртүрлі деңгейде жүргізеді.Мысалы,молекулалық,ұлпалық,мүшелік,организмдік,популяциялық,түрлік,ценотикалық,биогеографиялық.Молекула деңгейінде ботаникалық ресурстану мәселелері химия және биохимия жәрдемімен шешіледі.Клетка және ұлпа деңгейінде анатомия,гистохимия және эмбриология көмегімен шешіледі.Мүшелер деңгейінде-морфология көмегімен,организм деңгейінде-физиологиялық және өсімдік шаруашылығы туралы ғылымдар көмегімен, популяция деңгейінде-тәжірибелік систематика көмегімен, түрлік деңгейде-систематика және филогения көмегімен, цитогенетикалық деңгейде-фитоценология көмегімен зерттеп шешіледі.Бұл жоғарыда айтылғандардан «Ботаникалық ресурстануда» өте кең спектрде өте нәзік химиялық анализден жер шары өсімдіктері жамылғысын жинақтап қорытуға дейінгі әдістер және тәсілдер пайдаланатынын айқын көруге болады.

3. Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың даденсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.[1]Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану.Қазақстан Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар - қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар деп есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары - 10. Бұл табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданға орналасқан.

16-билет 1. Оңтүстік Қ. региондарының ресурстық ерекшеліктері және ол региондағы құнды өсімдіктер қоры. Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өӨсімдігі

Қазақстан шөлінің топырақ және климат жағдайының біркелкі болмауы себебінен мұндағы өсімдіктер құрамы алуан түрлі болып келеді.

Оңтүстік-Шығыс Сырдариямаңы аумағының өсімдік жамылғысы ботани-калық-географиялық аудандастыруға байланысты Л.Я.Курочкина Оңтүстік Тұран провинция тобының Оңтүстік Қызылқұм провинциясына жатқызды. Өсімдік жамылғысы бойынша Оңтүстік-Шығыс Сырдариямаңы аумағының Қызылқұм алқабында жүзгінді, жусанды-жүзгінді, қылша-жүзгінді, жүзгін, қылша, жусан араласқан ақ сексеуілді, теріскен, жусан, жүзгін араласқан сексеуілді шөлдер кеңінен таралған.

Сырдария аңғарының жазығы баялыш, кейреуік аралас тамыржусанды, бұйырғын, бұйырғын-тасбұйырғынды шөлдер мен бүртікті сораң, қотыр көкпек, сібір сораңшасы аралас өсімдік жамылғысынан тұрады.

Тау бөктеріндегі жазықтарда негізінен қияқөлеңді-қоңырбасты, қоңырбасты-қияқөлеңді қылтанақ араласқан эфемероидты далалар мен Қаратау жусаны, қоңырбас және басқа өсімдік түрлері аралас эфемероидты- қаратаужусан шөлі кездеседі.

«Бақтыөлең» тәжірибе жайының өсімдік жамылғысы соңғы келтірілген деректер бойынша Батыстяньшаньмаңы бөлігіндегі эфемероидты - біржылдық өсімдіктер-жусанды мен эфемероидты-біржылдық сортаң-жусанды шөліне жатады. Шынында, тәжірибе жайының топырақ жамылғысының ашық сұр мен құмды жерлерден түруы мұнда сазды және құмды алқаптарда өсетін өсімдіктердің тіршілік етуше мүмкіндік береді.

Б.А.Быков келтірген деректер бойынша Оңтүстік-Шығыс Сырдариямаңы аумағында өсімдіктердің 830 түрі кездеседі, оның 10 түрі эндемик болып есептеледі.

«Бақтыөлең» тәжірибе жайы мен айналасындағы жерлердің өсімдік жамылғысын анықтау кезінде 105-тей түрлердің кездесетінін байқадық. Оның ішінде аласа мерендера, Корольков және Леман қызғалдағы, дермене, бәйшешек Қызыл кітапқа енген. Басым көпшілігі өсіп-дамуы көктем мен жаздың алғашқы айларында өтетін біржылдық және көпжылдық шөптерден тұрады. Бұталы және жартылай бұталы тіршілік түрлерінің мүлде аз екенін атап өту керек.

Бұталы өсімдіктерге жалғыз ақ шеңгел, жартылай бұталық өсімдіктерге ашық сұр топырақта өсетін басты жусан мен дермене, құмды жерде кездесетін ақшыл шырмауық, дара жапырақ таспа жатады. Өткен ғасырдың 70 жылдарында аракідік кездесетін шоңайна- Halothamnus sulaphyllus (Aellenia sulaphylla) кәзір жоқ. Керісінше үшгүлді көбенқұйрық, кекре бұрын бұл маңайда кездеспейтін. Бүгінде тәжірибе жайы орналасқан қоршау ішінде үшгүлді көбенқұйрық жаппай өсуде. Қоршау сыртында ол мүлдем кездеспейді. Н.Т.Нечаева бақылаулары Қарақұм шөлінде өсетін Хиуа мен Максимович таспашөптерінің қорықтан тыс жерде тұқым байламайтынын көрсетті, өйткені оларды гүлдеу дәуіріне дейін мал жеп қояды. Сондықтан олардың саны аз, яғни қорықсыз жағдайда өте сирек кездеседі. Мұндай жағдай «Бақтыөлең» тәжірибе жайында домалақбас және түлкіше таспашөптерінен де байқалады. Қоршау ішінде жақсы өсіп жатқан бұл екі түр айналадағы табиғи жайылымда мүлдем кездеспейді десек болады. Кей-кейде мал тұяғы сирек болатын жол бойларында түлкіше таспашөбі кездесіп қалады[3, 5, 7, 8].

Климат, топырақ және өсімдік жамылғысының әртүрлілігі себебінен Қазақстанның оңтүстік шөлінде жайылымдардың көптеген түрлері қалыптасқан.

Оңтүстік-Шығыс Сырдариямаңы аумағына тән жайылымдар түрі мына-лар: Қызылқұм шөлінде шөптесін-бұталы, яғни раңды-сексеуіл-жүзгінді, жусанды-сексеуіл-жүзгінді, жүзгін-раңды-селеулі жайылымдар кеңінен таралған. Мұнда қызылот, қияқөлең, ақселеу, түйесіңір, таспашөптің кейбір түрлері, құм ебелегі, құм құмаршығы көптеп өседі, сондай-ақ аракідік сұр теріскен, қылша кездеседі.

Сырдария аңғарының жазығында сораңды-жусанды, бұйырғын аралас сексеуілді-жусанды жайылымдар жатыр, таза күйреуік өсетін жерлер бар, құмды төбешіктерде теріскен, сор жерлерде – қараматау, сор ажырығы кездеседі. Бұл аймақта кең тараған бағалы мал азығындық өсімдіктерге тамыржусан, баялыш, күйреуік, шоңайна, көкпек, тасбұйырғын жатады.

Шардара даласында раң тәріздес жайылымдар орналасқан. Мұнда мал сүйсініп жейтін өсімдіктерден ноқатек, қоңырбас, қияқөлең өседі.

Тау етегіндегі жазықтарда жусанды-раңды, жусанды-астық тұқымдасты жайылымдар тараған. Негізгі мал азығындық өсімдіктер-тамыржусан, келін-шекбоз, қылтанақты арпабас және басқалар.

«Бақтыөлең» тәжірибе мекен жайында раңды-жусанды жайылым басым. Ауа райының тұрақсыздығына және жауын-шашынның жыл бойына біркелкі түспеуіне байланысты оның шығымдылығы өзгеріп отырады. С.Әбдіраимов мәліметі бойынша әр он жылдың төрт жылында шөп жөнді өспейді, бес жылында шығымдылығы төмен және орта дәрежеде, бір жыл ғана жоғары болады.

Т.Қ.Рисимбетов шөл аймақтың табиғи жайылымдарының жылдарға байланысты шығымдылығын және жұғымдылығын тексере келіп қолайсыз жылдары орта есеппен өнімділігі 1,58 ц/га, азықтық өлшемі 76,6 кг/га, орта жылдары тиісінше 2,35 және 117,5, қолайлы жылдары 4,55 ц/га және 225,3 кг/га болатынын анықтаған[11].

Сонымен қатар жайылым көктем мен жаздың бас кезінде өте шұрайлы болып, жаздың соңына – күздің басына қарай оты жұтаң тартады. Жусан бұл кезде малға жұғымсыздау келеді. Сондықтан күзге қарай малдың табиғи жемшөпке деген қажеті канағаттандырылмайды.

Тозған жайылымдарда шашақты жусан (бүрген), ақшыл жусан, есекмия сияқты малға жүғымсыз өсімдіктер көптеп өсуде.

Шығымдылығы төмендеген жайылымдардың өздігінен бұрыңғы қалпына келуі оңай емес. Л.Я.Курочкина, Л.Т.Османова, Г.А.Байгозова және басқалардың зерттеулері табиғи жайылымдардың бастапқы қалпына келуі үшін 10-25 жыл уақыт керек болатынын көрсетті. Осыған байланысты жайылымды тиімді пайдаланумен қатар, оларды түбегейлі жақсарту шараларын іске асырудың, яғни өсімдік жамылғысында жетіспейтін немесе сиреп бара жатқан, өнімділігі жоғары, экологиялық төзімді, қоршаған ортаның байлығын толық және тиімді игеретін бағалы өсімдіктерді енгізе отырып екпе жайылымдар жасаудың маңыздылығын атап өтті. Әрине, бұл мәселенің бүгінгі агро-өндірістік салада болып жатқан өзгерістерге байланысты өзектілігін жоғалтпай отырғанын айтуымыз керек. Өйткені мал шаруашылығындағы дамып келе жатқан меншік түрлерінің уақыт өте шаруашылық бағытына, топырақ-климат ерекшелігіне, жер бедеріне, өсімдік қауымдастығына, басқа да әлеуметтік-экологиялық жағдайларға байланысты мал азықтық өсімдіктердің көп түрлілігіне деген сұранысты тудыруы мүмкін. Сондықтан бағалы мал азықтық өсімдіктерді жинау және іріктеу жұмысында жерсіндіру ілімінің алар орны ерекше[1, 2, 6].

Сонымен Қазақстанның оңтүстік шөлінің табиғат - климат жағдайын сипаттау нәтижесі оның экологиялық әсерлердің шырқау шегіне жеткен орта екенін көрсетеді. Ауаның тым құрғақтығы, ылғалдың аздығы, жаздың аптап ыстығы мен ыссы аңызақ желдері, көктемде немесе күзде қайталанатын аязды күндер, топырақ құрылымының нашарлығы жөне құнарсыздығы мұнда мал азығындық өсімдіктерді жерсіндіру жұмысына көптеп әсер етеді.

Н.И.Вавиловтың жаңа ортада түрдің мүмкіншілігін анықтау үшін тікелей тәжірибе жүргізу қажет деген қағидасына байланысты Қазақстанның оңтүстік шөлінде мал-азықтық өсімдіктерді дақылдандыру мақсатында олардың тәжірибе жүзінде экологиялық-биологиялық ерекшіліктерін жете зерттеп тіршілік ауқымдылығын анықтау қажеті туындады өседі.

2.жеміс жидектері қолданатын өсімдіктерді тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жеміс-жидек өсіру — жеміс ағаштарының морфологиялық құрылысы, өсуі, дамуы, өнуі, жемістенуі және агротехникасы туралы ғылым. Жеміс-жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап дами бастады. Аймақтық тәжірибе станциясы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының қарамағына берілді. 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылды. Қазақстанда жеміс-жидек дақылдарының гендік қорын құру мәселелері зерттелді (А.Н. Кацейко, М.П. Левина, А.Д. Виновец, Н.Ю. Нұртазина, М.Т. Нұртазин, т.б.). Орта Азиядағы ең ірі жеміс және жидек дақылдарының 3000-нан астам сортының коллекциясы жасалды. Жеміс дақылдарын көбейтудің әдісі мен технологиясы (К.Г. Карычев, И.П. Савеко), таулы және жазық жерлердегі бақтарда жеміс өсірудің қарқынды технологиясы (А.Жанғалиев, И.С. Голованов, Ю.Л. Кудасов, Е.Г. Раузин, А.С. Куцуков), ағаш өсімдіктерін түзуші тіндері арқылы өсіру (С.Г. Долгих, Н.П. Клоконос), жидек дақылдарын өсіру технологиясы (С.Н. Олейченко) жасалды. Топырақ құнарлығын сақтау және бақ агроценозын құру (Г.П. Адрианова, Е.М. Коваленко), өсімдіктерді аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғау (М.М. Исин, Г.Н. Қайырова), егістіктерді суару (В.Х. Арст, А.И. Бондарцев), ауқымды процестерді механикаландыру (Ж.Мағажанов) мәселелері зерттелді. Құрамы реттелетін ауада жемістерді ұзақ сақтау (В.П. Гудковский, Т.Л. Урюпина) және жеміс шикізаттарын өңдеу (Д.Ізбасаров) технологиялары жасалып, өндіріске енгізілді. Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарған 15-ке жуық жеміс-жидек сорттары Қазақстанның әр түрлі аумақтарында аудандастырылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]