- •3.Қазақстанның қызыл кітабына кірген өсімдіктер және оларды қорғау шаралары.
- •2. Өсімдік қорларын зерттеу ғылым саласының басқа ғылыми салалармен байланысы.
- •3. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктердің 5 тобын атаңыз, сипаттама беріңіз.
- •3. Құнды өсімдіктерді жерсіндіру жолдары, олардың нәтижелері (таңдау бойынша).
- •2. Asteraceae тұқымдасы Helichrysum туысының дәрілік өсімдіктерінің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдаланылуына сипаттама беру.
- •3. Шілтер жапырақты шайқурайдың Қазақстанда кең тараған аймақтары, оның пайдасы мен зияндығы туралы.
- •2. А.А Приступа (1973ж) тағамдық өсімдіктерді неше топқа жіктеген.
- •2. Инсектицидті қасиеттері бар өсімдіктер.
- •3. Қазақстанның қызыл кітабының биологиялық алуантүрлілікті сақтаудағы рөлі.
- •2. 1938 Жылы а.А.Гроссгейм, м.М. Ильин жасаған жүйеге қанша өсімдіктердің топтары енгізілген.
- •3. Құрамынан бояу алынатын өсімдіктер, оларды пайдалану (таңдау бойынша).
- •2. «Ботаникалық қортанудың» дәрілік өсімдіктерді тиімді пайдалану және оларды сақтау үшін маңызы.
- •3. Қандай дәрілік өсімдіктер «Қазақстанның қызыл кітабына» кірген, 1-3 ата және оларға сипаттама бер.
- •2. 1952 Жылы а.А.Гроссгейм жасаған жүйеге қанша тағамдық өсімдіктердің топтары енгізілген.
- •3. Тамыры мен тамыр сабақтары(корневище) қолданатын өсімдіктерді тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар.
- •2. 1932 Жылы н.В.Павловтың жасаған жүйесіне қанша тағамдық өсімдіктердің топтары енгізілген.
- •3. Дәруменді өсімдіктер жалпы сипаттама.
- •2. Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері қандай?
- •3. Жыл сайын жинауға болатын өнім туралы айт және оның маңызы
- •3. Өсімд-дегі биологиялық белсенді заттар (витаминдер, органикалық қосыл-р, минералды заттар, т.Б)
2. 1952 Жылы а.А.Гроссгейм жасаған жүйеге қанша тағамдық өсімдіктердің топтары енгізілген.
3. Тамыры мен тамыр сабақтары(корневище) қолданатын өсімдіктерді тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар.
Алтын тамыр. Сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде оның барлық түрінің тамыры жиналады. Дұрыс жиналып, сақталған бұл өсімдік тамыры 2,5-3 жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың құрамын-дағы экстракт ағзаның дене жұмысына шыдамдылығын арттырады, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің ыр-ғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын реттейді. Оны орнымен қолданбаса, кейбір адамдардың қан қысымын арттырып та жібереді.
Дәрмене жусан. Онымен емдеу ғылыми медицинаға қосылған үлкен үлес. Қазақтың халық емшілері ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды. Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады.
Женьшень. Ол тіршілік тамыры саналады. Аралия тұқымдасы панак туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 50 сантиметрдей, тамыры жуан, бұтақталған, сыртқы қабы-ғы ақ, қатты. Өте баяу өсіп, 10-11 жылдан кейін жеміс береді. Оның тамырында тритерпен глюкозидтері (сергіткіштік қасиеті бар) кездеседі. Женьшеньнің тамырынан дайындалған дәрі-дәрмек, ұнтақ, тұнба медицинада ор-ганизмнің жалпы тіршілік қа-білетін, ауруға төзімділігін арттырып, кейбір жүйке және жүрек – қан тамыры ауруларын емдеуге қолданылады. Мойыл. Биіктігі 3,5-8 метрлік, ағаш немесе бұталы өсімдік, жемісі – қара сүйекше. Дәрілік шикізат – жемісі. Жеміс тұнбасы жас бұзаулардың іш өтуін тоқтатады. Шыбын-шіркей, кене т.б. зиянкестерді қыру үшін ағаш қабығының тұнбасы пайдаланылады. Ол үшін ағаш қабығының 100 граммы 5 литр суға ерітіліп, шыбын-шіркейі мол жерге шашылады.
10-билет 1. Қазақстан флорасын кешенді зерттейтін «Ботаника және фитоинтродукция» ғылыми-зерттеу институты, оның биологиялық алуантүрлілікті сақтаудағы маңызы.
Ботаника және фитоинтродукция институты - Қазақстандағы табиғи өсімдіктер дүниесін зерттейтін ғылыми мекеме. Институт – қазіргі заманғы ботаниканың көптеген салаларын (флоратану, өсімдіктер жіктелімі, геоботаника, палеоботаника, қор тану, экология, интродукция), сондай-ақ өсімдік әлемінің екі әлемі – жоғары ағзалы өсімдіктер мен төмен ағзалы өсімдіктерді (саңырауқұлақтар мен балдырлар) зерттейтін ірі ботаника орталығы. Ботаника зерттеулердің кешенді жүргізілуі өсімдіктер әлемін сақтау мен тиімді пайдалану стратегияларын құру мақсатында оның әр түрлі деңгейлерінде (биоценотикалық және флоралық) жүріп жатқан процестер туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Тарихы 1946 ж. Алматы қаласында құрылған. 1995 жылы Ботаника институты (1945) мен Бас ботаника бағының (1932) жергілікті аймақтарда орналасқан төрт бақпен бірігуі негізінде Ботаника және фитоинтродукция институты ретінде қайта құрылған.
Құрамы:Институтттың құрамында споралы өсімдіктер, жоғары сатыдағы өсімдіктер, өсімдіктер қоры, өсімдіктер морфологиясы және гермоплазма, жемісті өсімдіктер генофондын сақтау, өсімдіктер физиологиясы, интродукция, тропикалық өсімдіктер, өндірістік ботаника лабораториялары, 6 ботаникалық бақ (оның ішінде Бас ботаникалық бақ), 2 тәжірибелік станса (Арал қаласында, Боралдай кентінде) бар.
Зерттеу бағыттары:Ғыл.-зерт. жұмыстарының негізгі бағыттары — Қазақстанда өсімдіктер дүниесінің қалыптасу тарихы, өсімдіктер түрлері (6 мыңнан астам) мен өсімдік жамылғыларының (2 мыңға тарта) жүйелік құрамы, оның қазіргі күйі, өсіп-дамуы, таралу ерекшеліктері, оларды қорғау, эрозияға ұшыраған жерлерді қалпына келтіру, сирек кездесетін және жойылу қаупі төнген дәрілік, техникалық өсімдіктерді тиімді пайдаланудың ғылыми негіздері, олардың биологиясы, физиологиясы, генетикасы және селекциясы. Институтта Қазақстанның жекелеген аймақтарында өсетін жоғ. және төм. сатыдағы өсімдіктер флорасы зерттеліп, гербарий қоры жасалды. Қазіргі кезде институттың генофонд қорында 4000-дай гүлді және сәндік, 2000-дай ағашты, 1000-дай тропикалық және субтропикалық, 800-дей жеміс-жидекті, 600-дей тех., 500-дей дәрілік, 300-дей мал азықтық өсімдік түрлері бар. Республиканың, оның жеке аймақтарының геоботаникалық карталары құрастырылып, өсімдік қорлары анықталды. Фитоморфология менфизиология, өсімдіктер генетикасы салаларындағы зерттеулер өсімдіктер селекциясының негізі ретінде одан әрі дамытылуда, ауыл шаруашылығы дақылдарының физиологиясы, генетикасы зерттелуде.
Ғылыми еңбектер
Зерттеу нәтижелері —
9 томдық “Қазақстан флорасы” (1956 — 66);
13 томдық “Қазақстанның споралы өсімдіктері” (1956 — 87);
2 томдық “Қазақстан өсімдіктерінің анықтамалық көрсеткіші” (1969 — 70);
Қазақстанның “Қызыл кітабы” (2 бөлім, 1981)
сияқты басылымдарға енді.
Институт қызметкерлері «Қазақстан Республикасындағы шөлге қарсы күрес шараларының ұлттық бағдарламасы» (1997) мен «Биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен үнемді пайдалану шараларының ұлттық стратегиясы мен жоспарын» (1999) құрастыруға қатысты. Қазақстанда тұңғыш рет «Қазақстанның жабайы алма ағашы», «Қазақстанның жабайы сары өрігі», «Қазақстанның жабайы жеміс өсімдіктері» жинақ қорлары құрылып, табиғи популяциялардың, оның ішінде «Пияз», «Қызғалдақ», «Ирис», «Эремурус» түрлерінің тірі өсімдік түріндегі жинақтары жасалды. Республикада тұңғыш рет 15-і «Қызыл кітапқа» енгізілген 89 таксон өсірілетін рокарий құрыла бастады. Жойылу қаупі төнген сирек өсімдіктердің 3 түрін табиғи популяцияға көшіру шаралары бойынша оң нәтижелер алынды. Зерттеулер нәтижелері 15 монографиялық жинақта, оқулықтарда, тақырыптық анықтамалықтарда, мақалаларда, карталарда жарияланып, ұлттық жобалар мен баяндамаларға енгізілді.
