- •3.Қазақстанның қызыл кітабына кірген өсімдіктер және оларды қорғау шаралары.
- •2. Өсімдік қорларын зерттеу ғылым саласының басқа ғылыми салалармен байланысы.
- •3. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктердің 5 тобын атаңыз, сипаттама беріңіз.
- •3. Құнды өсімдіктерді жерсіндіру жолдары, олардың нәтижелері (таңдау бойынша).
- •2. Asteraceae тұқымдасы Helichrysum туысының дәрілік өсімдіктерінің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдаланылуына сипаттама беру.
- •3. Шілтер жапырақты шайқурайдың Қазақстанда кең тараған аймақтары, оның пайдасы мен зияндығы туралы.
- •2. А.А Приступа (1973ж) тағамдық өсімдіктерді неше топқа жіктеген.
- •2. Инсектицидті қасиеттері бар өсімдіктер.
- •3. Қазақстанның қызыл кітабының биологиялық алуантүрлілікті сақтаудағы рөлі.
- •2. 1938 Жылы а.А.Гроссгейм, м.М. Ильин жасаған жүйеге қанша өсімдіктердің топтары енгізілген.
- •3. Құрамынан бояу алынатын өсімдіктер, оларды пайдалану (таңдау бойынша).
- •2. «Ботаникалық қортанудың» дәрілік өсімдіктерді тиімді пайдалану және оларды сақтау үшін маңызы.
- •3. Қандай дәрілік өсімдіктер «Қазақстанның қызыл кітабына» кірген, 1-3 ата және оларға сипаттама бер.
- •2. 1952 Жылы а.А.Гроссгейм жасаған жүйеге қанша тағамдық өсімдіктердің топтары енгізілген.
- •3. Тамыры мен тамыр сабақтары(корневище) қолданатын өсімдіктерді тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар.
- •2. 1932 Жылы н.В.Павловтың жасаған жүйесіне қанша тағамдық өсімдіктердің топтары енгізілген.
- •3. Дәруменді өсімдіктер жалпы сипаттама.
- •2. Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері қандай?
- •3. Жыл сайын жинауға болатын өнім туралы айт және оның маңызы
- •3. Өсімд-дегі биологиялық белсенді заттар (витаминдер, органикалық қосыл-р, минералды заттар, т.Б)
2. 1938 Жылы а.А.Гроссгейм, м.М. Ильин жасаған жүйеге қанша өсімдіктердің топтары енгізілген.
3. Құрамынан бояу алынатын өсімдіктер, оларды пайдалану (таңдау бойынша).
Бояғыш өсімдіктер – тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі, тұқымы мен ұлпаларында (діңі, қабығы) бояуыш заттар түзілетін өсімдіктер. Б. ө-дің түрі өте көп. Мыс., күнбағыс қабығынан (тек «Гигант» сортынан) мақта бояйтын қоңыр бояу, дәнінің майынан олиф дайындалады, сабағы мен жапырағынан хим. ерітінділердің көмегімен бояуалынып, айна өндірісінде қолданылады. Қоянсүйектің тамыры мен сабағынан алынатын сары бояумен жүн және мақтаны бояйды. Мұндай жүннен кілем, киіз, алаша тоқылады. Жүзгіннің сабағынан қасық, ожау жасайды да, тамырында илік зат – танин болады. Одан қызыл күрең бояу дайындалып, мұнымен тері бояйды.Адыраспанның қауашағынан қызыл күрең бояу дайындалып, онымен мақта, жүн маталарын бояйды.Шыршаның қабығынан дайындалған ерітіндімен тері иленеді де, оның тамырынан дайындалған бояумен тері бояйды, смоласын (қарамайын) қайыққа, телеграф бағаналарына жағады. Еменнің қабығынан дайындалған ерітіндімен иленген тері жұмсақ болады әрі оның бояуы кетпейді. Тал мен қайың қабығынан жүн бояйтын қоңыр бояу, қынадан шаш, тырнақ бояйтын бояу; тарандар тұқымдасына жататын бояулы таран, қазоты, атқұлақ дәнінен мақта бояйтын қызыл күрең бояу дайындалады. Б. ө-ден алынатын бояу, тағамдық, косметик. заттар өндіру жұмысында пайдаланылады. Б. ө-ден жасалған бояулар өте сапалы және қанша жуылса да кетпейді, өңбейді.
8-билет 1. Пайдалы өсімдіктердің классификациясы.
Қазақстанның табиғи флорасы – пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі. Мұнда жем-шөптік өсімдіктердің 700-ден астам түрі, дәрілік өсімдіктердің 400-ге жуық, әсемдік-безендірушілік 700 – 800, ширнелік (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсімдіктер түрлері бар.
Эфир майлары
Жалпы сипаттама Көптеген ғасырлардың бойында адам хош иістің құпиясын тануға, оны иістенуші өсімдіктерден алуға және өзіне қызметке қоюға ұмтылды. Хош иістерді біз бала кезімізден пайдаланамыз, біз бұны арнайы оқуға немесе терминдерге мұқтажсынбай, қарапайым және табиғи жасаймыз. Сарымсақтың ұшы, жалбыз немесе жөке қосылған шай, үгілген лимон қабығы, әлбенмен шаю, жас раушан шоғы. Хош иістер – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Алайда… кесілген раушан тез солады және өз қасиетін жоғалтады, ақгүл жапырағы құрғап кетеді, ал қардың астынан жалбыз жапырақтарын таба алмайсыз… Сөйтіп, адамдар өсімдіктер иістерін жинауды және олардың сиқырлы қасиеттерін ұзақ сақтауды үйренді. Эфир майлары түрінде хош иістер көп шоғырланып, қолдануда ыңғайлылық алды, Мысалы, Еуропада тұратын шай ағашының немесе эвкалипттің адамдарға түсіндіру мүмкіндігін берді. Сұйықтарда мате-риалданған хош иістерді эфир майлары деп атайды. Ал ғылым тұрғысында эфир майлары – бұл эфир майлы өсімдіктер шығаратын терпендерді, спирттер мен альдегидтердің, кетондардың және басқа көміртегілердің көп компоненті, органикалық қосылыстары. Қазіргі уақытта 200 жуық әртүрлі эфир майлары белгілі. Олар сауатты пайдаланған кезде айқын көрінетін емдік әсер көрсетеді және жанама әсерлері жоқ. Эфир майының химиялық құрамы өте күрделі. Эфир майының құрамына кіретін әртүрлі органикалық және органикалық емес заттардың саны 120 бастап 500 дейін детеді. Сондықтан жасанды химиялық жолмен оны көшіру мүмкін емес. Синтетик майларда табиғи эфир майларының емдік қасиеттерінің жоқтығы міне осында. Эфир майы: Ол мөлдір, түссіз немесе өзіндік иісі мен дәмі бар жеңіл боялған сұйықтық.
Олар майлы емес, бөлме температурасын-да булана отыра, өсімдік майларымен салыстырғанда, қағазда майлы дақ қалдырмайды: егер эфир майының түсі болса, тек жеңіл бояу ғана байқалуы мүмкін.
Судан жеңіл және іс жүзінде суда ерімейді. Эфир майын сумен пайдаланған кезде, эмульгатор қажет (сүт, кілегей, бал, теңіз тұзы) Жарық пен оттегінің әсерімен тотықтанады, соған байланысты сақтаудың айрықша жағдайы қажет. Биологиялық белсенділіктің кең спектрі бар.
