Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1256_simdikter_resurstary.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
102.82 Кб
Скачать

2. Asteraceae тұқымдасы Helichrysum туысының дәрілік өсімдіктерінің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдаланылуына сипаттама беру.

Астралылар тұқымдасы (лат. Asteráceae), немесе ескі атауы Күрделі гүлділер (лат. Compósitae) — қос жарнақты өсімдіктердің класына жатады.

Күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктер. Қосжарнақты, гүлді өсімдіктердің ең көп тараған тобы - күрделігүлді өсімдіктер. Жер жүзінде, Арктика және Антарктида мұздарының өзге таралу аймақтарының барлығында 1300 туысқа бірігетін 25 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 140 туысы, 700-дей түрі кез-деседі. Қоңыржай аймақта — шөптесін өсімдік, шала бұта түрінде, тропикте — шырмауық, бұта, кейбір түрлері ағаш түрінде өсетін бір, екі не көп жылдық өсімдік. Бұлар - негізінен шөптекті, сүтті шырыны болатын өсімдіктер. Олардың шала бұталы, бұталы, ағаштекті түрлері де кездеседі. Күрделігүлділер - көбінесе көпжылдық өсімдіктер. Кейде біржылдық түрлері де кездеседі. Гүлшоғыры бір гүлден мың гүлге дейін жинақталатындықтан, себетгүл деп аталады. Себетгүлдегі гүлдердің құрылысы әр түрлі. Пішіні, құрылысына байланысты себетгүлде тілше, түтікшелі, қосерінді, жалдан тілшелі, шоқырақ тәрізді гүлдер орналасады. Міне сондықтан да бұл топқа жататын өсімдіктер күрделігүлділер тұқымдасы деп аталады.

Өсімдік себетгүлінің құрылысы да ерекше. Мысалы, күрделігүлділер тұқымдас бақбақтың себетгүлінде тек тілше гүлдер орналасады. Түймедақтың себетгүлінен тілше және түтікшелі гүлдерді көреміз. Гүлкекіре себетгүлінде шұқырақ тәрізді гүлдер болады. Себетгүлі тек түтікшелі гүлден тұратын да өсімдіктер (сарықалуен, түйетікен) бар.

Күрделігүлділер әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Күнбағыс, мақсырдан өсімдік майы алынады. Ассүттіген, бөрігүл - көкөністік өсімдіктер. Дермене, түймедағы, бақбақ, итошаған, қырмызыгүл дәрілік шөп ретінде пайдаланылады. Жералмұрт (топинамбур) - малазықтық дақыл

Шөпшай (Helichrysum) — күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердін бір туысы. Шөпшайдың 300-дей түрі бар. олардан бұрынғы КСРО жерінде өсетіндері — 20 шақты, бұлар көбінесе Кавказда өседі.

3. Шілтер жапырақты шайқурайдың Қазақстанда кең тараған аймақтары, оның пайдасы мен зияндығы туралы.

Марқакөлдің өсімдік жамылғысының басым бөлігін бағалы өсімдіктер құрайды. Дәрілік мақсаттағы өсімдіктерге қызғылт семізот, марал түбірі, шұғылық, шілтер жапырақты шайқурай.

Дәрілік мақсатқа өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін пайдаланады. Шайқурайды тыныс органдары ауруларына, бауырға тас байланғанда, іш өткенде, қуықтың қызметі бұзылғанда, әйелдердің жыныс аурулары кезінде, кейбір қа-быну процестерінде, іріңді ісіктерге, жараға, шиқанға қарсы пайдаланады. Халық медицинасында Шайқурайды қан тоқтату, қарын ауруларын, қан аралас іш өтуді емдеу үшін қолданады. Соңғы кезде ғалымдар Шайқурайдан алынған препараттардың кейбір аурулардың вирустарына (мысалы, тұмау, жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы) қарсы жақсы әсер ететінін анықтады. Шайқурайдан шай қайнатып ішеді, ол жүйкені тыныштандырады және кейбір түрлерін бальзам алуға пайдаланады.

5-билет 1. Қазақстандағы илік өсімдіктер, оларды тиімді пайдаланудың жолдары. Илік заттар — илік заттар барлық өсімдіктер қүрамында кездеседі. Тырыстыратын дэрі қүрамына кіреді, ағзадағы бактериялардың өсуіне кедергі болатын қасиеті бар, эртүрлі суық тигенге, қанның қалпына келу процесіне қатысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]