- •3.Қазақстанның қызыл кітабына кірген өсімдіктер және оларды қорғау шаралары.
- •2. Өсімдік қорларын зерттеу ғылым саласының басқа ғылыми салалармен байланысы.
- •3. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктердің 5 тобын атаңыз, сипаттама беріңіз.
- •3. Құнды өсімдіктерді жерсіндіру жолдары, олардың нәтижелері (таңдау бойынша).
- •2. Asteraceae тұқымдасы Helichrysum туысының дәрілік өсімдіктерінің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдаланылуына сипаттама беру.
- •3. Шілтер жапырақты шайқурайдың Қазақстанда кең тараған аймақтары, оның пайдасы мен зияндығы туралы.
- •2. А.А Приступа (1973ж) тағамдық өсімдіктерді неше топқа жіктеген.
- •2. Инсектицидті қасиеттері бар өсімдіктер.
- •3. Қазақстанның қызыл кітабының биологиялық алуантүрлілікті сақтаудағы рөлі.
- •2. 1938 Жылы а.А.Гроссгейм, м.М. Ильин жасаған жүйеге қанша өсімдіктердің топтары енгізілген.
- •3. Құрамынан бояу алынатын өсімдіктер, оларды пайдалану (таңдау бойынша).
- •2. «Ботаникалық қортанудың» дәрілік өсімдіктерді тиімді пайдалану және оларды сақтау үшін маңызы.
- •3. Қандай дәрілік өсімдіктер «Қазақстанның қызыл кітабына» кірген, 1-3 ата және оларға сипаттама бер.
- •2. 1952 Жылы а.А.Гроссгейм жасаған жүйеге қанша тағамдық өсімдіктердің топтары енгізілген.
- •3. Тамыры мен тамыр сабақтары(корневище) қолданатын өсімдіктерді тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар.
- •2. 1932 Жылы н.В.Павловтың жасаған жүйесіне қанша тағамдық өсімдіктердің топтары енгізілген.
- •3. Дәруменді өсімдіктер жалпы сипаттама.
- •2. Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері қандай?
- •3. Жыл сайын жинауға болатын өнім туралы айт және оның маңызы
- •3. Өсімд-дегі биологиялық белсенді заттар (витаминдер, органикалық қосыл-р, минералды заттар, т.Б)
2. Өсімдік қорларын зерттеу ғылым саласының басқа ғылыми салалармен байланысы.
3. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктердің 5 тобын атаңыз, сипаттама беріңіз.
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады
Айыр;
Алоэ;
Аралия;
Арша;
Асқабақ;
Ақшайыр;
Аюқұлақ;
Бақалақ;
Бәрпі;
Валериана;
Дәрмене;
Дермене;
Жалпы сипаттамасы
Дәрілік өсімдіктердіӊ бірі - жалбыз. Ол- хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік қоӊыржай ендікте көп тараған. СССР-де 20-дан астам түрі өседі. Қазақстанда жалбыздыӊ 9- түрі өседі. Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады. Оныӊ дала жалбыз, су жалбызы, бұйра жалбыз, кермек немесе бұрыш жалбыз секілді маӊызды түрлері бар. Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маӊында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Оны сабынныӊ иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар. Ал кермек жалбыздыӊ жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдыӊ негізгі құрам бөлігі - ментол. Ментю парфюмерия, косметика кондитер, кондитер, тамақ өнеркәсібінде, сондай- ақ тіс порошогы мен пастасын жасауда пайдаланылады. Жүрек тамыр жұйесі ауруларына қарсы қолданылатын дәрі Валидол осы ментолдан алынады.
Жалбыздың қасиеттері
Жалбыздың емдік қасиеті ертеден мәлім. Оны халық жүз бір ауруға ем дейді. «Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді» деген мәтел бұл өсімдіктің осындай қасиетіне байланысты айтылған болса керек. Жалбыздың түрлері көп. Қазақстанда оның екі иүрі кездеседі – қара жалбыз, ақ жалбыз. Ол ерінгүлдер тұқымдас, көпжылдық өсімдік. Өзен мен көл жағаларында, тау баурайында, шабындықтар мен бақшаларда кездеседі. Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына пайдалы заттар мол. Соның екі қасығын аралыстырып күніне бір шай қасықтан үш рет екі ай ішсе, жүрек ауруының бәріне ем. Сондай-ақ оны бүйрек пен бүйрек түбекшесі, бауыр мен жолының қабынуына қарсы қолданады. Жалбыз ұнтағының осы мөошерін бал орнына сары майға аралыстырып жоғарыдағыдай ретпен қабылдаса демікпе сырқатын жазып, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Булығып жөтелгенді тиып, қарлыққан дауысты ашады. Тершең адам жалбыздың кепкен жапырағын ыстық суға бұқтырып демдеп, жатар алдында жарты стаканын ішіп, ал аяғының шуашы барлар сол суға үш мезгіл аяғын жуып жүрсе, бұл жағымсыз иістен арылады. Полиартритпен ауыратын адам кепкен жалбыз шөбін суға қайнатып, күніне бір реттен жатар алдында ванна жасап булап жүрсе сырқатынан сауығады. Ал, соңғы кезде жалбыз тұнбасын іштің кебуін басатын, бойға күш-қуат беретін, несеп жүргізіп қуықтың қабынуын жазатын, етеккірді шамадан тыс келуін тоқтататын дәрі ретінде қолданып жүр. Сонымен қатар жалбызды басқа дәрілік шөптерге қосып өкпе туберкулезін де емдей бастады. Еті тілініп кеткен жарақатқа, іріңді шиқан сияқты шығулар мен қотырларға жалбыз тұнбасын таңып тастаса, тез жазылады.
Жалбыздың пайдасы
Жалбыз қосылған шәй жүрек ауруымен ауыратындарға,тамақтан уланғанда,асқазан -бауырауруы мен ауыргандарга, жүйке жүйесі бұзылғандарға өте пайдалы. Және бас ауырғанда,қатты ашуланғанда ішу керек. Жалбызды 1 стаканға 2-3 еуін салса жеткіліті. Жалбыз қосылған шәйді: қан қысымы жоғары адамдарға,6 жасқа дейін толмаған балаларға, ішуге болмайды. Жалбыз қосылған шәй адам ағзасын тазалайды.Тағы бұл өсімдіктің дәрі жане құрғатылған шөп дәрі ретінде де қалалардың кез келген дәріханаларнда қол жетімді бағада сатылады.
3-билет 1. Қазақстанның пайдалы өсімдіктерінің классификациялары, оның маңызы.
Қазақстанның табиғи флорасы – пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі. Мұнда жем-шөптік өсімдіктердің 700-ден астам түрі, дәрілік өсімдіктердің 400-ге жуық, әсемдік-безендірушілік 700 – 800, ширнелік (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсімдіктер түрлері бар.
Эфир майлары
Жалпы сипаттама Көптеген ғасырлардың бойында адам хош иістің құпиясын тануға, оны иістенуші өсімдіктерден алуға және өзіне қызметке қоюға ұмтылды. Хош иістерді біз бала кезімізден пайдаланамыз, біз бұны арнайы оқуға немесе терминдерге мұқтажсынбай, қарапайым және табиғи жасаймыз. Сарымсақтың ұшы, жалбыз немесе жөке қосылған шай, үгілген лимон қабығы, әлбенмен шаю, жас раушан шоғы. Хош иістер – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Алайда… кесілген раушан тез солады және өз қасиетін жоғалтады, ақгүл жапырағы құрғап кетеді, ал қардың астынан жалбыз жапырақтарын таба алмайсыз… Сөйтіп, адамдар өсімдіктер иістерін жинауды және олардың сиқырлы қасиеттерін ұзақ сақтауды үйренді. Эфир майлары түрінде хош иістер көп шоғырланып, қолдануда ыңғайлылық алды, Мысалы, Еуропада тұратын шай ағашының немесе эвкалипттің адамдарға түсіндіру мүмкіндігін берді. Сұйықтарда мате-риалданған хош иістерді эфир майлары деп атайды. Ал ғылым тұрғысында эфир майлары – бұл эфир майлы өсімдіктер шығаратын терпендерді, спирттер мен альдегидтердің, кетондардың және басқа көміртегілердің көп компоненті, органикалық қосылыстары. Қазіргі уақытта 200 жуық әртүрлі эфир майлары белгілі. Олар сауатты пайдаланған кезде айқын көрінетін емдік әсер көрсетеді және жанама әсерлері жоқ. Эфир майының химиялық құрамы өте күрделі. Эфир майының құрамына кіретін әртүрлі органикалық және органикалық емес заттардың саны 120 бастап 500 дейін детеді. Сондықтан жасанды химиялық жолмен оны көшіру мүмкін емес. Синтетик майларда табиғи эфир майларының емдік қасиеттерінің жоқтығы міне осында. Эфир майы: Ол мөлдір, түссіз немесе өзіндік иісі мен дәмі бар жеңіл боялған сұйықтық.
Олар майлы емес, бөлме температурасын-да булана отыра, өсімдік майларымен салыстырғанда, қағазда майлы дақ қалдырмайды: егер эфир майының түсі болса, тек жеңіл бояу ғана байқалуы мүмкін.
Судан жеңіл және іс жүзінде суда ерімейді. Эфир майын сумен пайдаланған кезде, эмульгатор қажет (сүт, кілегей, бал, теңіз тұзы) Жарық пен оттегінің әсерімен тотықтанады, соған байланысты сақтаудың айрықша жағдайы қажет. Биологиялық белсенділіктің кең спектрі бар.
2.
