
Қоғамдық және индивидуальді профилактика.
Индивидуальді профилактика дегеніміз – тек қана жеке адамның қандай да бір аурудың алдын – алуға, денсаулықты нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға (жеке бас гигиенасын сақтау, отбасылық қарым-қатынас гигиенасын сақтау, киім тазалығы, рационалды тамақтану, өсіп келе жатқан жасөспірімнің гигиеналық тәрбиесін қадағалау және т,б.) бағытталған іс-әрекеті.
Қоғамдық профилактика – әлеуметтік, экономикалық, заңды, тәрбиелік, технико-санитарлық, санитарлы - гигиеналық, эпидемияға қарсы және медициналық іс-шаралар, халықтың денсаулығын нығайту, қандайда бір қауіп факторының алдын-алу, елдің рухани күшін арттыру үшін мемлекеттік институттармен бірге қоғамдық ұйымдар атсалысатын іс-шаралар жиынтығы болып табылады. Қоғамдық профилактиканың эффективтілігі көбіне халықтың өзіне тікелей байланысты, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру, түрлі қоғамдық іс-шараларға қатысу, т.б.
Гонорея. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
Гонорея - бұл классикалық венереологиялық аурулардың ең кең таралған түрі. Гонорея басқа венереологиялық аурулар сияқты ең алдымен жыныстық жолмен беріледі.
Этиологиясы. Гонорея – қоздырушысы гонококк (Neisseria gonorrhoeae) болып табылатын инфекциялық ауру. Neisseriaceae тұқымдастығы, Neisseria туыстығына жатады. Бұл инфекцияны 1879 А.Нейссер ашқан. Ұзындығы 1,25 ден 1,6 мкм, ені0,7-0,8мкм, кофе дәніне ұқсас. Гонорея несеп жолын, тік ішекті, жатыр мойнын, аузын және көзді зақымдауы мүмкін , бұл жұқтыру қандай жағдайда болғанына байланысты.
Эпидемиологиясы.
Гонорея кең таралған ауру: жыл сайын дүние жүзінде гонорея бойынша 25млн науқастар тіркеліп отырады. Әйелдерде гонорея көбіне симптомсыз өтеді, яғни тек қана жатыр мойнының шырышты қабатын зақымдайды. Әйелдерде гонореяның даму жиілігі 15-24-29 жас аралығында 70-80%-да кездеседі. Ал ер адамдарда әйелдерге қарағанда кездесу жиілігі 1,5:1 қатынасында болады. Гонореяның басты жұғу жолы – жыныстық қатынас арқылы. Көбіне жұғу ерлерге қарағанда әйелдерде жоғары. Мысалы: ауру адаммен қатынаста болған жағдайда ер адамдарға жұғу қауіптілігі 20-25% болса, әйелдерде бұл 50-90%.
Гонорея. Классификациясы. Клиникасы.
Гонорея - бұл классикалық венереологиялық аурулардың ең кең таралған түрі. Гонорея басқа венереологиялық аурулар сияқты ең алдымен жыныстық жолмен беріледі.
Классификациясы.
Гонореяның классификацясы аурудың ұзақтығына қарай жіктеледі: жаңа 2 айға дейін(свежая) және созылмалы 2 айдан көп.
Клиникалық көрінісіне қарай гонореяның жаңа (свежая) түрі: - жедел;
өткір;
торпидті
болып бөлінеді.
Созылмалы түрі: торпидті және жасырын болып бөлінеді.
Сонымен қатар гонореялық инфекция: асқынған және асқынбаған;
Таралуына (локализация) генитальді және экстрагенитальді болып жіктеледі.
Клиникасы.
Ер адамдарда гонорея несеп каналының зақымдалуымен сипатталады- уретрит. Клиникалық белгілері: несеп каналының ауырсынуымен, несепағардан іріңнің бөлінуімен көрінеді. Уретрит: жедел, өткір және торпидті болып бөлінеді.
Жедел уретрит несепағардың ісінуімен, қызаруымен, несепағар каналынан сарғыш-жасыл түсті іріңнің ағуымен, интенсивті ауырсынумен көрінеді.
Жедел уретрит емделмесе ол өткір түріне ауысуы мүмкін. Бұнда ісіну, қызару белгілері болмайды. Азаңғы уақытта мардымсыз қою– іріңді бөлінді бөлінеді.
Торпидті гонорея өткір түрден дамуы мүмкін. Клиникалық белгілері: кіші дәретке отырған кездегі ашу сезімі, азаңғы уақытта немесе күш түскенде несепағардан кішкене мөлшерде бөлінді бөлінуі мүмкін. Ер адамдарда гонореяның асқынуы периуретральді және қосалқы бездердің зақымдалуымен жүреді. Инфекцияның таралуына байланысты келесідей асқынулар болуы мүмкін:
1)Литтреит- несепағардағы альвеолярлы түтікті бездің қабынуы. Бұл кезде қабынған бездерде инфильтрат, үлкен көлемдегі ауырсынумен көрінетін абцессті жолақтар пайда болады.
2)Тизонит – жыныс мүшесінің екі жағында жүгендерден латеральді орналасқан тизонидті бездердің қабынуы. Пальпация кезінде қабынулық жолақтар анықталады. Басу кезінде жыныс мүшесі түтігінен іріңді бөлінді бөлінеді және бездердің абцесі дамуы мүмкін.
3)Параутерит – уретрит дамуымен көрінетін парауретральді каналдың қабынуы. Бұл түрінде гонореяның рецидиві (қайталануы)болады. Инфильтрат, қызарған ойықтар және парауретральді абцесс дамиды.
4)Колликулит – қабынулық процесс ұрықтық іскке өтіп, ауырсынудың иррадиациялы таралуы (бел аймағы, жамбас, іштің төменгі бөлігі, жыныс мүшесі).
5)Простатит- кең таралған гонореяның асқынуы(еркектік бездің қабынуы). Бұл түрі несепағардың артқы бөлігіне гонокктардың енуінен дамиды. Простатит жедел немесе созылмалы болып өтуі мүмкін. Жедел түрінде біркелкі өтетін ауырсыну, интоксикация, әлсіздік, температураның 39С қа дейін жоғарылауы, пальпация кезіндегі тығыздалып, бір орынға жинақталған қатты ауыратын іріңді абцестердің болуы. Жедел простатит созылмалы түрге ауысуы мүмкін.
Әйел адамдарда гонорея асимптомды және көп ошақты болып өтеді. Түрлері:
1)зәр шығару жүйесінің төменгі бөлігінің гонореясы (уретрит-несепағар каналының қабынуы, эндоцервицит-жатыр мойны шырышты қабатының қабынуы, бартолинит-бартолинді бездердің қабынуы, вульвит-әйелдің сыртқы жыныс мүшесінің қабынуы, вагинит-қынаптың шырышты қабатының қабынуы);
2)зәр шығару жүйесінің жоғарғы немесе кіре беріс бөлігінің гонореясы (гонококкты эндометрит-жатырдың ішкі шырышты қабатының қабынуы, сальпингит-жатыр түтігінің қабынуы, оофорит-аналық бездің қабынуы).