Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BASKARU_ESEBI (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.93 Mб
Скачать

4. Басқару есебінің негізгі элементтері

Басқару есебінің негізгі элементтеріне түсініктеме беру үшін, оны құрайтын барлық элементтерін зерттеу, меңгеру және қайта жете ұғынуды талап етеді. Бұл элементтерді бір жағынан, отандық есептік – аналитикалық және экономикалық бай мұрасы бағытынан зерттеу керек болса, басқа жағынан – зерттеу, саналы түрде қолдану және батыстық теория мен басқару әдістерін меңгеру керек.

Басқару есебінің элементерінің қысқаша сипаттамасын келтірейк (2-сурет).

Басқару есебіні мақсаты болып, нақты өндірістік мақсаттарға жетуге жауапты менеджерлерді ақпараттармен қамтамасыз ету. Енді осы белгіленген мақсатқа жетелейтін элементтеріне қысқаша түсініктеме берейік.

Жоспарлаукәсәпорынның мақсаттарын болжамдау мен жоспарға айналдыру. Жоспарлаудың алғашқы қадамы – кәсіпорынның күшті (қуатты) және әлсіз жақтарын талдау, сосын оның мүмкіндіктер мен қауіптерін (SWOT - талдау) зарттеуден тұрады. Осының негізінде алдымен кәсәпорынның стратегиясын дайындайды, сосын – жоспар.

Кәсіпорынның жоспары алға қойылған мақсаттарға жетудің қаншылықты нақтылығын, ол жолда не көмектесетіндігін, оған жетуге не бөгет жасайтыдығын бағалауға мүмкіндік береді. Жоспар – бұл кәсіпорынның мақсаттарының сандық көрінісі және оларға жету жолдарын дайындау. Жоспар жалпы кәсәпорын бойынша, сондай-ақ әрбір бөлімше бойынша да дайындалады.

Басқару есебі жоспарлау әдістемесін жасауға қатысады. Жоспарлау процесінде кәсiпорынның службалары мен әр түрлі бөлімшелердің іс әрекетін үйлестіреді, сондай-ақ жоспарларды кәсәпорынның мақсаттарына қаншалықты сәйкес келетінін, осы әрекетке олар қаншалықты ынталы екенін, қаншалықты жоспарды орындауға болатындығын бағалайды.

Калькуляциялауорыс тіліне аударған кезінде өзіндік кұнды есептеуді білдіреді, немесе оны экономикалық әдибиеттерде үнемі өнім шығарумен бір мезгілдегі (немесе қатар жүретін) өндіріс шығындарының қорытынды немесе екінші кезектегі есебі деп санайды. Сәйкесінше, оның негізінде баскарушылықтың көптеген өзекті мәселелерін қамтитын проблемалары жатыр, олардың қатарында:

  • өнімді өндіруге кеткен шығындар, сату бағасын белгілеудің базасы болып табылады (әсіресе, трансфертік бағаны, яғни ішкі бағаны қалыптастыру кезінде);

  • өзіндік кұн туралы ақпараттар өндірісті басқару мен болжауға негіз болады.

Бірақ бұған төтенше қиын және ауқымдық мәселені – калькуляциялаудың әдісін таңдауды қосу қажет, өйткені бұл соңғы өндірістің типіне, оның күрделілігіне, ерекшілігіне, өндіріс процесінің ұзақтығына, өдірістілетін өнім номенклатурасына тәлуелді болып келеді. Оны (әдісті тандау туралы мәселе) кәсіпорын дербес жүргізеді (калькуляция объектісін таңдауға сияқты), содан соң таңдап алынған әдісі есеп саясатына жазылады да, ол бардық қаржылық жыл бойында өзінің тұрақтылығын сақтауы керек.

Сонымен, қорыта келе мынаны айтып кеткен жөн, калькуляциялау мен шығындар есебінің әдісін таңдаубұл калькуляциялау объектісі бойынша өндіріс шығындарының аналитикалық есебінің жиынтық әдістері мен калькуляциялаудың бірліктерін шығарудың тәсілдері.

Нормативтік есеп орталықтандырылған экономика жағдайында жаксы дайындалған болатын. Бірақ ол шын мәнінде, кәсіпорынның тұтастай іс – жүзінде пайдалану қажеттілігіне айналмады. Ал бұл жағдайдың мыналармен уәделестігін байқаймыз: біріншіден, өзіне тән нормативтік базасы болмады; екіншіден, нормативтік есеп жүйесі мен өндіріс шығындарын бақылауды, өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялаудың тәсілімен де және әдістерімен де теңдестіруге болмайды. Бірінші міндет, яғни жедел есеп пен өндіріс шығындарына бақылау жасау, кәсәпорынның құрылымдық бөлімшелері бойынша да, өнімнің негізі элементтері мен жекелеген баптар бойынша да, өндіріс шығындарының қалыптастыру процесін бақылауға мүмкіндік береді. Екінші міндет - өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялау – есеп объектілері бойынша шолу жасау; шығындарды алгебралық қосу жолымен норманы, нормадан ауытқуын және норманың өзгерісін ескере отырып, өндірілген онімнің нақты өзіндік кұнын анықтау; нақты өнім түрін калькуляция баптары деңгейінде шығындарды тек өзінің кұнын есептеу сияқты мақсаттарды көздейді. Басқа әдістерге қарағанда нормативтік әдіс бірқатар басымдылықтарға ие. Бірақта ол өндірістік шығындар есебінде әлі жетекші орынға ие емес және де өте әлсіз таралып отыр Үшіншіден, жоспардың (норманың) нақты көрсеткіштерден ауытқуы ғана есепке алынып отырды. Нәтіжесінде жедел өзіндік кұнды басқару және ауытқулар сияқты бірде – бір басты міндеттері орындай алмағандықтан, нормативтік есептің пайдалану мағынасы жойыла бастады. Қазір нормативтік әдістің ұқсас түрі Батыстағы “стандарт – кост” жүйесі болып табылады. “Стандарт – кост” жүйесі өзіне мынадай стандарттардың жасалуын енгізеді, атап айтсақ: еңбек пен материалдар шығындарына, сосын осы жасалған стандарттары нақты шығындар есебімен салыстырып, стандарттан ауытқуларын бөліп көрсетеді де, нақты өзіндік кұннын қалыптасуына бақылау жасайды, нәтижесінде басқару процесінің де бірмаша белсенді мақсаттарын қамтиды.

“Стандарт – кост” (нормативті есеп) жүйесі шығындарды жоспарлау және оған бақылау жасау үшін басқару құралы түрінде қарастылады. “Стандарт – кост” жүйесінің мәні мынада – есепке өткен емес болатындар енгізіледі, нағызға қарағанда қолайлысы ескеріледі және пайда болатын ауытқулар жекелеген түрінде көрсетіледі. Бұл ауытқуларды ресурстар (табыстар) орталықтарының өнімділігн басқару үшін немесе олардың кері байланыс құралы ретінде пайдалануға болады.

Жауапкершілік орталықтары (сегменттері) бойынша жедел есепбұл басқару есебінің ішкі жүйесі, мұндай құрылым шеңберінде шығындар және нәтижелер туралы ақпараттар беру, көрсету, жинақтау және талдау қамтылады және нақты менеджерлер мен құрылымдық бірліктердің жұмыстарын бақылау мен бағалауға мүмкіндік береді, сөйтіп жауапкершілік орталықтары бойынша жедел – басқару есебі жүйесін құрайды. Айтылғаннан шығатын қорытынды; жедел және басқару есебінің өзара әрекеттілігі шаруашылық операцияларының есебін көрсету барысында оның әдістері мен тәсілдері бір – біріне еніп кететін және сабақтасып жататын негізде ғана қол жетеді.

Нәтижесінде, жедел есеп басқару есебімен интеграциялды, бұл кезде жедел – басқару есебі жүйесі мен өндіріс шығындарын бақылау және өзіндік кұнды жедел басқару жүйесі болып құрылады. Жедел есеп шүғыл түрде шығындарды бақылауға, кәсәпорынның әр түрлі деңгейлеріндегі нәтижелер мен менеджерлермен қызметін бағалауға мүмкіндік береді, басқару механизмінің жүйесінде дабылшы ролін атқарады.

Бәрімізге белгілі, бөлімшенің есеп беруінің нақты мазмұны, жауапкершілік орталықтары бойынша жедел – басқару есебінің ішкі жүйесінде қолдалынатын әдістер мен құралдардың өзгешелігі, осы жаупкершілік орталықтарының статусына тәуелді болып келеді.

Бүгінгі күні қазақстандық кәсәпорындарда үш типті жауапкершілік орталықтары бар: шығындар орталығы, табыстар орталығы және инвенстиция орталығы.

Сөйтіп, барлық ақпараттарды игеріп алған соң, кәсәпорын басшысы барлық қаржылық – шаруашылық қызметінің мониторингісін, яғни кәсәпорынның нақты уақыт режимде өтіп жатқан процестерін қадағалауды; қысқа уақыт жедел есеп беруді жасауды; мақсатты нәтижелерді нақты жетістіктермен салыстыруды жүзеге асырады. Осындай салыстырулардың негізінде кәсәпорынның күшті және әлсіз жақтарына; олардың өзгеру қарқына; сондай-ақ кәсәпорының жұмыс істеуге тура келетін сыртқы жағымды және жағамсыз тенденцияларының қарқынды дамыуна қорынтынды жасалады. Ішкі және сыртқы ортаның жағдайларының өзгеруі мынадай мақсатты параметрлерді қайта қарауға алып келеді: жаңа жағдайда қаншылықты қойылған мақсаттың оптимпльды екенін тексеру қажет; кәсәпорын өткен өзгерістерді ескеріп алға қойған мақсаттарға жете ала ма? Мақсатты параметрлердің өзгерісінің негізінде, сондай-ақ кәсәпорынның өзіндік болжамының күшті және әлсіз жақтарының өзгеруі, мақсатқа жетудің іс - әрекеті бойынша жасалған жоспарды түзетеді және осы жаңа, қайта қаралған жоспар іске асады, яғни мониторингілік зерттеулер өрісі тұықталады.

Сонымен, басқару есебі жүйесінде жинақталған барлық ақпараттың негізінде бақылау жүзеге асылырады, яғни кәсәпорынның қызметінде іске асырылған фактілерді реттейді және бағалайды.

Жоғарада келтірілген басқару есебі жүйесінің барлық элементтері – жоспардан мониторингісіне дейін жоспарды жүзеге асыру, яғни ол бірінші кезекте – ауытқулар, нәтижелер мен жоспарларды талдау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Өткенді, қазіргіні, болашақты талдауға болады. Өткенді талдау кәсіпорын өткен қызметінің нәтижесін бағалауға бағытталған (Кәсіпорын қойылған мақсатқа жетті ме? Оған не көмектесі, не кедергі болды? Кәсіпорын әлсіз және күшті жақтары қандай?). Қазіргі кездегі талдау кәсіпорын қазіргі болмысы қандай және қандай бағытта ол дамып отырғанын анықтауға көмектеседі. Болашақты талдау мынаны бағалайды: кәсіпорын қойылған мақсатқа жете ме, қандай мүмкіндіктер оның алдында ашылады, қандай тәукелдермен қақтығысады. Талдаудың осы барлық түрлері басқару есебі жүйесі аясында жүзеге асырылады.

Талдаудың негізінде басқарушылық шешімдерін қабылдау үшін нұсқаулар жасалады. Басқару есебі, қалыптасып отырған ахуалды ескере отырып, сондай-ақ келешектегі мүмкіндігі мен қауптілігін анықтайды да, кәсәпорында қандай баламаның әрекет етіп отырған анықтайды және сол баламаның қаншылықты қойылған мақсатқа жеткізілетіндігі туралы зерттеулер жүргізіледі.

Сөйтіп, басқару есебінің басты мақсаты – кәсәпорынды басқару жүйесін қойылған мақсаттарға жету үшін бағыттау.

Сондықтан, басқару есебінің мақсаттарды белгілеу, жоспарлау, шығындарды жіктеу, калькуляциялау, нормативтік есеп, жауапкершілік орталықтары бойынша жедел есеп, бақылау, талдау, ақпараттық ағымдарды басқару және басқарушылық шешімді қабылдау үшін нұсқаулар дайындау сияқты әр түрлі элементтерді өзіне біріктеретін күрделі конструкция болып табылады.

Өзінің интегралдандыру нәтижесінде басқару есебі синтетикалық есепті қамтамасыз етеді, яғни кәсіпорын қызметінің өткеніне, қазіргісіне және болашағына бүтіндей тұрғысынан қарап, кәсіпорынның алдында тұрған мәселелерді кешенді түрде шешуге және анықтауға бағытталған. Бұндай тәсіл негізінен өндірістің әдістемесі (жалпы сапаны да басқаруды қоса алғанда) мен жоспарлаудың есеп саласындағы соңғы жетістектері ретінде бағалануы керек, ал бұл өз кезегінде кәсіпорынға бағытталған қаржылық ақпараттық жүйелерді дайындау үшін жай және қисынды негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның есептік саясаты деп олардың таңдап алған бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерінің жиынтығы түсіндіріледі. Шын бөлек, басқару есебінің шоттар жүйесін ұйымдастыру мүмкіндіктері ұсынылады. Сонымен бірге есептік саясат өндіріс запастарын бағалау және бағалаудың барлық үш тәсілін қолданады, яғни нақты толық, толық емес және нормативтік, сондай-ақ кәсіпорында негізі құралдарың амортизациясын есептеу тәсілі мен жанама шығындарды, өнімнің жекелеген түрлерінің (шығындарды жатқызу объектілерінің) арасында тарату тәсілі таңдап алынады.

Сірә, барлық осы аталған міселелер басқару есебінің кұдіреттілігі болып табылады, өйткені ол өндірістік есеппен және өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялаумен байланысты.

Тақырып 2. Шығындардың жіктелуі

Дәріс 3

1. Шығындарды жіктеудің негізгі бағыттары

2. Өнімнің өзіндік құнын, табысты анықтау және қорларды бағалау

үшін өндірістік шығынның жіқтелуі.

Дәріс 4

3. Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығынның жіктелуі.

4. Бақылау және реттеу прцесін жүргізу үшін шығығынның жіктелеуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]