- •1. Басқару есебiнiң мәнi, мақсаты және қызметтерi
- •2. Басқару процесiнiң моделi
- •4. Басқару есебінің негізгі элементтері
- •1. Шығындарды жіктеудің негізгі бағыттары
- •2. Өнімнің өзіндік құнын, табысты анықтау және қорларды
- •3. Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығынның жіктелуі.
- •А) жиынтық б) өнім бірлігіне
- •4. Бақылау және реттеу прцесін жүргізу үшін шығығынның жіктелеуі.
- •2. Өндірістік есептің шоттар жүйесі
- •1. Өндірістің түрлері мен типтері
- •3. Өндірістік есепті ұйымдастыру.
- •3.1. Негізгі өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыру
- •3.2 .Көмекші өндіріс шығындары есебінің шоттар жүйесі.
- •4. Көмекші өндірістің шығындарын есепке алудағы типтік операциялардың
- •3.3 Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттардың есебі.
- •4. Үстеме шығындардың есебі және таратылуы
- •5. Үстеме шығындарды есепке алудағы типтік операциялардың
- •6. Нормативтiк ставканы қолданған кездегi үстеме
- •7. Үстеме шығындарды өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызу тәртiбi
- •8. Көмекшi цехтардың өзара қызметiн бөлiп тарату әдiстерi
- •Өзіндік құнның түрлері мен құрамы.
- •2. Калькуляция баптары бойынша өнім өндіруге кеткен шығындар есебі.
- •3. Қазақстанда қолданылатын өндiрiс шығындарын есепке алу әдiстерi
- •Тапсырыстық әдiс
- •Нормативтiк әдiс
- •Қарапайым әдiс
- •4. Халықаралық тәжiрибеде қолданылатын өндiрiс шығындарын
- •5.Шығындар есебiнiң үрдіспе-үрдіс(прцестік) әдiсiнiң маңызы
- •6 Сурет. Процестiк калькуляциялаудың схемасы
- •7 Сурет. Процестiк калькуляциялауда шығындардың жинақтаулауы
- •6.Эквиваленттік шығым: мөлшері жоғалтулар мен жоғары мөлшері жоғалтулар.
- •7.Аяқталмаған өндіріс.
- •1. Тапсырыстық әдiстiң мәнi мен қолдану салалары
- •2. Тапсырыстық әдiсте есептi ұйымдастыру
- •4 Сурет. Тапсырыс карточкасы
- •5 Сурет. Цех бойынша жалпы өндiрiстiк шығындар есебiнiң журналы
- •3. Шығындар есебiнiң тапсырыстық әдiсiнде
- •4. Контракт бойынша өзiндiк құнның калькуляциясы
- •5. Аяқталмаған контракт бойынша пайданы мойындау проблемасы
- •1. Нормативтiк калькуляциялаудың маңызы
- •1.«Ауытқулар» түсінігі, ауытқулардың пайда болуына түрткі болатын себептер.
- •2.Нормалардың өзгеруi, нормадан ауытқуларды есеп объектiлерiне қарай бөлiп тарату әдiстерi.
- •1.Шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар бойынша (директ-костинг) өзіндік құнды калькуляциялау.
- •1. Зиянсыздықты талдаудың мақсаты мен маңызы
- •1. Бірлесіп өндірілетін және жанама өнімдер түсінігі.
- •Натуралды көрсеткіштер негізіндегі әдістің негізгі кемшілігі – ол белгілі өнімдердің пайда әкелу қабілеттерін назарға алмайды.
- •1.Бюджет және оның түрлері
- •1. Релевантты ақпараттардың мәні. «Шығындар-көлем-пайда» талдау.
- •1. Инвестицияны бағалау әдістері.
- •2. Салық салу және инвестициялық шешімдер
- •3. Инвестицияны бағалауға инфляцияның әсері. Күрделі қаржы салымдары кезіндегі тәуекелділікті талдау.
- •Әдебиеттер тізімі
2. Калькуляция баптары бойынша өнім өндіруге кеткен шығындар есебі.
өнiмнiң өзiндiк құны – өндiрiске және өнiмдi сатуға кеткен ақшалай түрiндегi шығындарды айтамыз.
Калькуляциялау дегенiмiз - өнiмнiң (атқарылған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) өзiндiк құнын есептеу немесе өнiмнiң бiр өлшемiнiң өзiндiк құнын есептеу болып табылады.
Калькуляциялау кезiнде төмендегiлердi дұрыс белгiлеу өте үлкен роль атқарады:
шығындардың есеп объектiсi;
калькуляциялаудың объектiсi;
калькуляциялық бiрлiк.
Шығындардың есеп объектiсi болып сол шығындардың аналитикалық есеп объектiсi болып табылады.
Калькуляциялаудың объектiсi болып кәсiпорында калькуляцияланатын өнiм түрлерi, жұмыстар, қызметтер жатады.
Шығындар есеп объектiсi мен калькуляциялау объектiсi әрқашанда сәйкес келе бермейдi. Мысалға, мал шаруашылығында шығындардың есеп объектiсi болып сүттi табын болып табылады, ал калькуляциялау объектiсi- сол табынның сүтi, төлi, қиы.
Әдетте, калькуляциялық бiрлiк тиiстi өнiмнiң техникалық немесе стандарттық құжаттарда белгiленген өлшем бiрлiгiне сәйкес келуi тиiс. lс-жүзiндегi тәжiрибеде пайдаланатын калькуляциялық өлшем бiрлiктерiн келесi топқа бiрiктiруге болады:
натуральды бiрлiктерi – дана, литр, килограмм, тонна, метр және т.б.
iрiлендiрiлген (иесiздендiрiлген) бiрлiгi- тiгiн бұйымының прейскуранттақ нөмiрi, белгiлi бiр артикульдағы жүз жҮп аяқ киiмi және т.б.
өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау үшiн пайдаланылатын шартты – натуралды бiрлiк, ондағы пайдалы заттың құрамы әртүрлi тербелiсте болуы мүмкiн. (мысалға, спирт –100%~ ^
құндық бiрлiгi ;
еңбек бiрлiгi( норма-сағат);
орындалған жұмыс бiрлiгi(тонна-километр, машина-күнi, ай-күнi) ;
пайдалы нәтиженiң бiрлiгi- қуаты, өнiмдiлiгi және т.б.
өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау және шығындар есебiнiң әдiсi деп, кәсiпорын өнiмiнiң нақты өзiндiк құнын және шығындар есебiн жүргiзу үшiн ақпараттарды топтастыру және жинақтау тәсiлдерiнiң жиынтығын атайды.
өнiмнiң өзiндiк құнын қолданудағы әдiсiне әсер ететiн негiзгi факторлар ретiнде мыналарды атауға болады:
өндiрiс типi;
өндiрiстiң күрделiлiгi
шығарылатын өнiмнiң номенклатурасы мен сипаты;
өндiрiс циклының ұзақтылығы
аяқталмаған өнiдiрiстiң қолда бары, құрамы және көлемi
3. Қазақстанда қолданылатын өндiрiс шығындарын есепке алу әдiстерi
және өзiндiк құнның калькуляциялары
Бөлiстiк әдiс
Шығындар есебiнiң және өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялаудың бөлiстiк әдiсi өнiмдi жаппай өндiретiн кәсiпорында қолданылады, онда бастапқы шикiзат дайын өнiмге дейiн рет-ретiмен технологиялық өңдеуден өтедi, яғни дайын өнiм немесе шалафабрикат шығарумен аяқталатын технологиялық процестi бөлiс деп атайды. Бұл әдiс металлургиялық, химиялық, мұнай өңдеу және басқа да салаларда қолданылады.
Әрбiр бөлiстен кейiн шалафабрикат шығарылады, ал түптеп келгенде – дайын өнiм алынады. Мысалы, текстельдiк кәсiпорында 4 бөлiсi болады: шикiзатты дайындау, үйiру, тоқу, әрлеу.
Шығындардың есеп объектiсi әрбiр бөлiс болады,ал калькуляциялаудың объектiсi – әрбiр бөлiстiң өнiмi.
Бұл әдiсте шығындар есебiнiң карточкалары жүргiзiледi, ол карточка әрбiр бөлiске ашылады. Мұнда тiкелей шығыстар (негiзгi материалдар, шалафабрикат, өндiрiстiк жұмысшылардың еңбек ақысы және т.б.) бөлiстер бойынша, ал әрбiр бөлiстiң iшiнде – дайын өнiм немесе шалафабрикат түрлерi бойынша есепке алынады. Үстеме шығыстар бөлiстердiң арасында, ал әрбiр бөлiстiң iшiнде - шығарылатын өнiм түрлерiнiң арасында қабылданған база негiзiнде бөлiп таратылады.
өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың бөлiстiк әдiсiнiң 2 нұсқасы пайдаланылады: шалафабрикаттық және шалафабрикатсыз.
Шалафабрикаттық нұсқада әрбiр бөлiс бойынша калькуляциялау жасанылады, сондай-ақ үстеме шығысын қоса есептелiнедi. Шалафабрикатсыз нұсқасында бiрiншi қайта жасауға жұмсалған материалдық және еңбек шығындарына одан кейiнгi бөлiстерде туындаған өңдеу шығындарын қосып, содан соң өнiмнiң өзiндiк құны анықталады.
