Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BASKARU_ESEBI (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.93 Mб
Скачать

5. Аяқталмаған контракт бойынша пайданы мойындау проблемасы

Аяқталмаған контракт бойынша пайданы мойындауда сақтық концепциясын қолдана отырып келесiдей рекомендацияларды Үстану қажет:

  1. Аралық пайданы мойындаудан бҮрын бұл контрактының ұтымды, табысты болатыны нақты, тура белгiлi болуы қажет.

  2. Контрактының алдыңғы орындалу этаптарында пайданы есептемеу. Контракт бойынша табыстар жеткiлiктi дәрежеде анықталып бағаланғаннан жағдайда пайданы есептеу керек.

  3. Кез келген пайда белгiлi мерзiмде контрактының аяқталу деңгйiне пропорциональды есептелу қажет.

  4. зияндар пайда болған кезеңде мойындалуы қажет.

  5. контракт аяқталуына жақындағанда пайданы толық нақтылықпен бағалау қажет.

Аяқталмаған контракт бойынша пайданы есептеудi 5 қадам арқылы жүргiзсе болады:

1 қадам. Контрактының өткiзу жалпы құны немесе контракт бағасы анықталады.

2 қадам. Контрактының орындалуына шығындар сомасы есептеледi. Бұл сома 2 элементтен құралады:

  • есептi мерзiмге дейiн iс-жүзiндегi шығындарға қосамыз

  • контрактының аяқталуы үшiн қажеттi болашақ шамалау шығындарын.

3 қадам. шамалау пайда контракт құнынан (1қадам) жалпы шығындарды (2 қадам) алу жолымен анықталады.

4 қадам. Белгiлi уақытта мойындалатын пайда мына формуламен анықталады:

белгiлi күндегi эксперттiң қорытындысына

сәйкес жұмыс құны минус ұсталынған

ақша сомасы

-----------------------------------------------* шамалау пайдасы

контрактының iс-жүзiне асырылу

жалпы құны немесе контракт бағасы

Бұл пайданың белгiлi күнге жинақталған көлемiн көрсетедi.

5 қадам. Аяқталмаған контракт бойынша ағымдық кезеңдегi пайда тең 4 қадамдағы есептелген пайдадан аламыз алдыңғы кезеңдегi контракт бойынша алынған пайда.

Тақырып 6. Функционалды калькуляция

Дәріс 11

Шығындарды бөлудің функционалды жүйесі. Сипаттамасы, ұқсастығы мен айырмашылығы.

Дәріс 12

Шығынның мақсаттық калькуляциясы. Шығын калькуляциясының басқа да әдістері

Тақырып 7. Нормативтік калькуляция

Дәріс 13

Нормативтiк әдiстiң мәнi және принциптерi, нормативтiк әдiсiнiң жоспарлау, есептеу, шығындарды бақылау, шешiмдер қабылдау, талдаудағы ролi, қолдану өрiсi.

Дәріс 14

Нормалар, нормативтiк калькуляциялар. Ұйымның нормативті базасына қойылатын талаптар

1. Нормативтiк калькуляциялаудың маңызы

Өзiндiк құнның нормативтiк калькуляциясы (standart-costing) - бұл бақылау әдiсi, ол нормативтiк шығыс пен табысты iс-жүзiндегi шығыс және табыс пен салыстырады.

Бұл калькуляциялаудың әдiсi өндiрiстi бақылауды қамтамасыз ету және басқару қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау, сондай-ақ сметаларды жасау мақсаттары үшiн қолданылады.

Норма-сағат – бұл бір сағатта нормативтик өнімділікпен орындалуы қажет болған жұмыс көлемi.

Шығындар есебiнiң нормативтiк әдiсiнде орталық элементi ретінде өнім бірлігінің өзiндiк құн карточкасы болып табылады. Әдеттегiдей ол 3 негiзгi өзiндiк құн элементтерден тұрады: негiзгi материалдар, тiкелей еңбек шығындары және өндiрiстiк үстеме шығындар. Бұл карточканың шығындары iс-жүзiндегi шығындармен салыстырылады.

Нормативтiк шығындардан ауытқу – бұл жоспарланған немесе нормативтiк шығындарды iс-жүзiндегi шығындармен салыстыруда туындаған айырмашылық.

Нормативтiк калькуляциялаудағы ауытқулардың талдауы Бас кiтап шоттарында екi жақты есеп жүйесiн қолданумен жүргiзiледi. Ол үшiн бухгалтерлiк регистрлерде көрiнiс табатындар:

1) кiрiс мәлiметтері ретiнде iс-жүзiндегi шығындар;

2) шығыс мәлiметтері ретiнде стандартты (нормативтік) шығындар;

3) айырмашылық .ауытқу ретiнде.

Тақырып 8. Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі мен талдауы

Дәріс 15

  1. «Ауытқулар» түсінігі, ауытқулардың пайда болуына түрткі болатын себептер.

  2. Қолайлы және қолайсыз ауытқулар.

Дәріс 16

  1. Тiкелей және жанама шығындар бойынша нормалардан ауытқулардың есебi.

  2. Нормалардың өзгеруi, нормадан ауытқуларды есеп объектiлерiне қарай бөлiп тарату әдiстерi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]