Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BASKARU_ESEBI (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.93 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

«Есеп және аудит» кафедрасы

«Басқару есебі» пәні бойынша қысқаша лекциясы

Дайындаған: э.ғ.к., аға оқытушы Туребаева Ж.К.

Шымкент-2011

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңдағы, шаруашылық субъектілердің өз еркімен өндірістік бағдарламаларын, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын дайындай кезінде, баға саясаты аясында стратегияны анықтау жағдайында, ондағы қабылданған басқарушылық шешімдеріне басшылардың жауапкершілігі ерекше артып отыр. Бұл жағдайда, яғни шаруашылық субъектілердің әртүрлі меншік нысандарына жекеленуі, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің дамуы, өндірілетінөнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау мен еркін баға белгілеу механизмін енгізуі, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамытуда басқарушы есепке біртіндеп қажеттілігі артып келеді.

Басқарушы есепті қалыптастыру мен дамытуда епті қадам болып, кәсіпорынның жалпы бухгалтерлік қызметінен калькуляциялық (басқарушылық) бухгалтерияны бөлу қажет болды. Екі дербес бухгалетрияны (қаржылық және калькуляциялық) құру ең алдымен өндірістің ұлғаюымен, ірі компанияларды құрумен, сондай-ақ оларда коммерциялық құпияларды сақтау қажеттілігімен байланысты болып келеді.

Басқару есебінің мақсаты - әкімшілікке дұрыс шешім қабылдауына септігін тигізу. Пәнді оқу мақсаты – болашақ мамандар бойына кәсіпкерлік іс-әрекеттің бухгалтерлік басқару есебін ұйымдастыру, кәсіпорынды ұтымды басқару мақсатымен менеджерге толқ ақпаратты дайындау мен ұсыну, оның жұмыс қорытындыларын оперативті бақылау мен бағалау, кәсіпорын дамуын жоспарлау мен үйлестіру жөніндегі теориялық білімді және практикалық дағдыларды қалыптастыру.

Тақырып 1. Басқару есебi туралы негізгі түсінік

Дәріс 1

1. Басқару есебiнiң мәнi, мақсаты және қызметi

2. Басқару процесiнiң моделi

Дәріс 2

3. Баскару және қаржылық есеп жүйелерiнiң салыстырмалы сиппатамасы

4. Басқару есебінің негізгі элементтері

1. Басқару есебiнiң мәнi, мақсаты және қызметтерi

Басқару есебінің дербес оқу пәні ретінде пайда болуы Американдық бухгалтерлер ассоциациясының (American Accounting Association) түлектерге бухгалтер – талдаушы квалификациясын беріп, басқару есебі бойынша диплом алу жөнінде 1972 жылы әзірлеген бағдарламасымен байланысты. Бұл жыл бухгалтерлік есептің қаржы және басқару есебі болып, ресми түрде бөлінуін айқындады.

Отандық экономикада басқару есебін жаңа құбылыс түрінде қарау қателік болар. Бухгалтерлік қызметтің атқаратын жұмысы совет үкіметінің кейінгі жылдармен салыстырып қарағанда, 20-30 жылдардың басында едәуір кеңірек болған. Сол заманның бухгалтері есептік те, сондай-ақ жоспарлы – талдамалық жұмыстармен де айналысқан.

Басқару есебін қалыптастыру мен дамытуда епті қадам болып, кәсіпорынның жалпы бухгалтериялық қызметінен калькуциялық (басқару) бухгалтерияны бөлу қажет болады. Екі дербес бухгалтерияны (қаржылық және басқару) құру ең алдымен өндірістің ұлғаюымен, оны шоғырландырудың өсуімен, капиталды орталықтандырумен, ірі компанияларды құрумен, сондай-ақ оларда коммерциялық құпияларды сақтау қажеттілігімен байланысты болып келеді.

Басқару есебі жүйесінің мәні әр түрлі деңгейдегі кәсіпорынның басқарушыларының басқару шешімдерді қабылдауы үшін, қажет көлемде сезімталдық тұрғысынан жинақталған ақпараттардан тұрады.

Осыдан басқару есебінің негізгі мақсаты төмендегiлерден тұрады:

  • басқарушыға жедел басқарушылық шешімді қабылдауда ақпараттық көмек көрсету;

  • кәсіпорынның экономикалық тиімділігін бақылау, жоспарлау және болжау;

  • баға белгілеу үшін базалық негізін жасау;

  • кәсіпорынның дамуын ең тиімді жолдарын таңдау.

Басқару есебінің атқаратын қызметтері қатарына мыналарды жатқызуға болады:

  • жедел басқарушылық шешімді қабылдау және бақылау, басқарулық барлық деңгейлерінде ағымдағы жоспарлау үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ету;

  • басқару деңгейлері мен бірдей деңгейдегі әр түрлі құрылымдық бөлімшелер арасындағы ішкі байланыстың құралы болатын ақпараттарды қалыптастыру;

  • мақсатқа қол жеткузіде жалпы кәсіпорында және бөлімшелердің ішкі қызметінің нәтижелерін бағалау және жедел бақылау;

  • қызметтің (іс-әрекеттің) нақты нәтижесін бағалау мен талдау негізінде болашақта кәсіпорынның дамуын ұйлестіру және перспективті жоспарлау.

Кәсіпорынның жалпы басқару жүйесіне жататын жоспарлау, бақылау, ынталандыру сияқты функцияларын орындауға қатысты мәліметтерді бухгалтер-талдаушы (бухгалтер-менеджер) дайындайды.

Басқару есебiнiң пәнi болып кәсiпорындардың жалпы және оның жекелеген құрылымдық бөлiмшелерiндегi өндiрiстiк қызметi болып табылады.

Басқару есебiнде әр түрлi әдiстер мен тәсiлдер қолданады:

  • қаржылық есептiң әдiсiнiң элементтерi (құжаттау, түгелдеу, екi жақты жазу, топтастыру, жинақтау, есеп беру);

  • жоспарлы-экономикалық талдау тәсiлi;

  • индекстiк әдiс;

  • математикалық әдiс.

Басқару есебiнде басты назар жауапкершiлiк орталықтарына – басшылар басқаратын құрылымдық бөлiмшеге, яғни олардың жұмысының нәтижелерiне жауап беретiндерге аударылады. Бұл кезде бөлiмшенiң басшысының жауапкершiлiк саласына ол нақты әсер ететiн шығындар мен түсiмдердiң көрсеткiштерi кiредi. Жауапкершiлiк орталықтары мынадай ажыратылады:

  • шығындар орталығы;

  • түсiмдер орталығы;

  • табыстар (пайда) орталығы.

Басқару есебін, қаржылық есеппен де, өндірістік есеппен де теңдестіруге болмайды.

Басқару есебі интегралданған есеп ретінде ол өндіріс шығындарын есептейді, талдайды, жіктейді, бақылайды және жоспарлайды. Сондықтан оның мақсаты өндіріс шығындарын азайту, табысты ұлғайту және тиімді өнім құрылымын қалыптастыру болып табылады.

Ең бастысы, басқару есебінің негізі болып калькуляциялау мен шығындар жөніндегі ақпараттарды жинақтап, ұйымдастыру болып табылады.

Басқару есебінің қалыптасуы, деп жазады Карпова Т.П. ол калькуциялық есептің базасында (негізінде) қалыптасқан.

Өзінің мазмұнды әрі күрделі еңбегінде Друри К. екі терминнің екеуінде өте жиі синоним ретінде пайдаланады. Мәселен, Друри К. оны келесідей оймен тұжырымдайды: “өндірістік есеп деп өнім запастарының құнын бағалау үшін өндірістік шығындар туралы мәліметтер жиынтығын түсіндірді”, ал “басқару есебі” термині шешім қабылдау, жоспарлау, бақылау және реттеу сияқты басқарушылық сипаттағы іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажет ақпараттарды дайындауды білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]