
- •Маркетингтің әлеуметтік-экономикалық мәнін ашып көрсетіңіз
- •Маркетингтің анықтамаларын атап шығыңыз
- •Қызмет көрсету маркетингінің ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •Туристік өнімнің ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз
- •Туризмдегі маркетингтің деңгейлерін анықтау
- •Туритсік мекеме – маркетинг концепциясын іске асырудың негізгі бөлігі ретінде
- •Туризмдегі маркетингтік қағидаларды түсіндіріп беріңіз
- •Туристік мекемеде маркетинг концепциясын іске асыру ттехнологиясын көрсетіңіз
- •Маркетинг кешеннің негізгі элементтері және оларға сәйкес маркетинг стратегияларын анықтаңыз
- •Маркетингтік зерттеулерінің ұйымдастыру түрлерін сипаттап беріңіз
- •Туристік кәсіпорынның маркетингтік ақпарат жүйесін сипаттап беріңіз
- •Туристік мекеменің маркетингтік ортасын зерттеу
- •Туристік нарық құрылымын суреттеп беріңіз
- •Нарық конъюнктурасын бағалау
- •Туристік мекеменің фирмалық стилін анықтау
- •Бәсекелестердің маркетингтік зерттеулерін талдау
- •Тұтынушының мінез-құлық мотивтерін суреттеп беріңіз
- •Туристік нарықты сегменттеу
- •Туристердің жасына қарай нарықты сегменттеу
- •Стратегиялық маркетингтік жоспарлаудың мәнін көрсетіңіз
- •5.Маркетинг бағдарламасын жасау.
- •Баламалы стратегияларды іздестіру
- •Өнім стратегиясын қалыптастыру
- •Туризм маркетингінде пайда болатын «каннибализм түрлерін» анықтау
- •Туристік мекеменің маркетингтік баға стратегиясын қалыптастыру
- •Өнім өткізу стратегиясын қалыптастыру
- •Тікелей маркетинг жүйелердің түрлерін анықтау
- •28)Туристік мекеменің маркетингідегі жеке сатылым түсінігін ашып көрсетіңіз
- •29)Туризм аясында жарнаманың ерекшеліктерін анықтау
- •30)Жарнама кампаниялар туралы түсінік
- •31. Ұйымдастыру туризм нарығының құрылымы.
- •33. Маркетинг зерттеулер қорытындысының есеп құрылымын жасау
- •36.Маркетингтік ақпараттардың классификациясы.
- •38. Ішкі маркетингтік ақпарат жүйесін құрастыру
- •39. Туристік нарықтың классификациясы
- •40.Туристік нарық конъюнктурасын зерттеу кезеңдері
- •42. Туризм сферасындағы бәсекелестік күрестің күшіне әсер ететін факторларды құрастыру
- •43. Мақсатты нарықты таңдаудың негізгі кезеңдері.
- •44. Бәсекелестік артықшылықтар туралы түсінік.
- •45. Swot – матрицасы.
- •47. Маркетинг іс‑әрекетінде жаңа туристік өнімді құрастыру кезеңдері. 47. Маркетинг іс‑әрекетінде жаңа туристік өнімді құрастыру кезеңдері.
- •51. Баға құрудың негізгі мақсаттары:
- •54. Туристік насихаттау шараларының кезеңдері
- •55. Туристік насихаттың бағыттары
- •56. Туристік жарнаманың түрлері:
- •57. Жарнама іс-әрекетті жүргізу кезеңдері
- •58. Көрме жұмысына қатысу кезеңдері
- •59. Көрмедегі стендтерге қойылатын талаптарды құрастыру
- •60. Фирмалық стильдің элементтерін құрастыру
Маркетинг кешеннің негізгі элементтері және оларға сәйкес маркетинг стратегияларын анықтаңыз
Маркетинг стр-н іске асыру үшін маркетинг кешенін жасау қажет. Маркетинг кешені бұл мақсатты нарықтың тұтынушыларына әсер ететін барлық құралдар жиынтығы. Маркетинг кешенінің негізгі элементтері -өнім; -баға; -өнімді өткізу; -коммуникация Маркетинг кешенін басқа да компоненттері болады. Оған жататындар: -қызметкерлер, олардың мамандығы; -қызмет көрсету процесі; -қоршаған орта.Мекеменің қызметкерлері- бұл туристік өнімнің бір бөлігі, басқаша айтқанда туристік бизнестің бір ерекшелігі. Қонақжайлылық, мейірімділік, әдептілік- барлық қызметкерлер үшін негізгі шарт. Білімді, шеберлікті қолданатын туристік мекеменің жұмысшылары бір жағынан, түрлі мінез- құлығы бар клиенттерге бейімделеді, екінші жағынан- қызмет көрсету процесін құрастырады. Үйдің сырткөрінісі, офистің безендірілуі, жиһаздар, оргтехника ж/е т.б да айналада орналасқан заттар –клиентке сапалы қызмет көрсетуде маңызды фактор болып саналады. Барлық негізгі элементтер бойынша жеке стратегиялар жасалынады:
-өнім стратегиясы;
-баға стратегиясы;
-өнімді өткізу стратегиясы;
-коммуникациялық стратегия анықтау.
Өнім стратегиясы-туристердің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын туристік өнімдерді құрастыру мен нарыққа жаңатуристік қызметтер түрін ұсынуды қарастырады. Баға стратегиясы- әрбір туристік өнімнің баға тактикасын анықтап нарықтың белгілі бір сегментіне бағытталады. Өнімді өткізу стратегиясы- туристік өнімді тұтынушыға дейін жеткізу жолдарын, әдістерін қарастырады. Коммуникациялық стратегия- өзінің өнімдері туралы жағымды мәліметтерді таратып турфирмалардың мақсатты бағыттарын анықтайды. Осындай әрекеттерге – жарнама, өнімді өткізу жолдарын таңдау, сонымен қатар жәрменкеге қатысып фирманың стилин қалыптастыру жатады.
Маркетингтік зерттеулерінің ұйымдастыру түрлерін сипаттап беріңіз
Маркетинг зерттеулерінің ұйымдастыру түрлері әр алуан болуы мүмкін, Оны турфирма өз күшімен және осы салада маманданған өзге де ұйымдардың көмегімен жүргізіледі. Маркетинг зерттеулердің ұйымдастыру түрлерін таңдау келесі факторларға байланысты:
Нарықтағы фирма жұмысының тәжірибесіне байланысты
Зерттеулерді жүргізе алатын мамандардың болуына
Жұмысшылардың кәсіби потенциалына
Нарықтағы фирма жағдайына
Нарықтағы фирманың стратегиясы мен тактикасына байланысты
Барлық шетелдік ірі фирмалар нарықты оқып зерттейтін институттармен бірлесіп жұмыс істегенді қалайды. Өйткені: Біріншіден, бұндай институттарда нарықты кәсіби зерттейтін жоғарғы білімді мамандары болады. Екіншіден, маркетинг зерттеулерді жүргізуде олардың тәжірбиесі мол. Үшіншіден, тұтынушылардың айтуынша, мұндай ұйымдар нейтралды болған соң барлық сұрақтарға нақты және дұрыс жауап береді. Институттармен қатар маркетинг зерттеулерімен жарнама агенттігі кәсіпкерлер одағы, оқу орындары да айналысады.
Тапсырма беруші мен орындаушылар арасындағы алғашқы кеңес, яғни кәсіптік тілмен айтсақ зерттеу брифингі. Маркетинг зерттеулер жүргізу барысында маңызды рөл атқарады. Брифинг- нұсқау кеңес беру бұлардың шеңберінде маркетинг зерттеудің мақсатымен міндеттері қалыптасады.Брифинг бір немесе бірнеше зерттеу агенттермен кездесіп,тілдесуге мүмкіндік береді.
Брифтің негізгі элементтері:
1.Маркетинг шараларын бейнелеу (нарықтың көрсеткіштері, тұтынушылар, бәсекелестері)
2.Басқару мәселелерін анықтау
3.Шектеулер туралы ақпарат беру (зерттеу мерзімі,қызметтердің бағасы)
Брифтен кейін коммерциялық ұсыныстар дайыдалады, ал олар турфирмамен зерттеу ұйымының арасындағы іскерлік келісімнің негізін құрайды.