Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
marketing_durysy_2014.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.7 Кб
Скачать
  1. Туризмдегі маркетингтің деңгейлерін анықтау

Туризмдегі маркетингтің деңгейлері қазіргі кезде туризм индустриясының барлық мекемелері маркетингпен айналысады. Бірақ маркетингтің мазмұны барлықтарында бірдей емес. Сондықтан туризм сферасында маркетингтің келесі деңгейлерін бөледі:

1)туристік мекемелер маркетингі (туроператор жəне турагенттер);--олардың негізгі мақсаты туристерге қызмет көрсетіп, олардың қажеттерін өтеп, мекемеге табыс түсіру.

2)туристік қызметтерді өндіретін маркетинг;(қонақ үй, мейрамхана, көлік ұйымдары ж/е т.б) Сұранысқа сәйкес қызмет көрсету, әсіресе жеке тұтынушылардың керегін жоғарғы дәрежеде өтеу.

3)қоғамдық туристік ұйымдардың маркетингі;(одақтар, ассоциацияларж/е т.б.) Туризм сферасындағы кәсіпкерлердің ұжымдық мүдделерін қорғайтын, сондай-ақ іс-әрекеттерді құруға н/се қоғамдық жағымды ойларға қарай өзгеруге бағытталған. Қоғамдық ойлар құру – бұл мәні жағынан маркетингті басқару болып табылады.

4)территория мен аймақтар маркетингі. бұл белгілі бір халық тұратын жерге аймаққа н/се елге клиенттің ой-көзқарасын өзгертетіндей мақсатпен жүргізілетін іс-әрекеттер. Мұндай іс-әрекеттермен туризмдегі түзеп, реттеп отыратын органды муниципальды, амақтық, ұлттық деңгейде аналысады.

Алдыңғы 2 деңгей коммерцилық маркетинг сферасына жатады. Қалған 2 деңгей коммерцилық сераға жатпайды. Сайып келгенде туризмдегі маркетинг жүйесіне түрлі институциялық бірлік кіреді. Мемлекеттік, ұлттық, туризмді басқаратын жергілікті органдар,яғни туризмдегі маркетингтің тікелей координациясы пайда болады. Туризмді басқаратын мемлекеттік жəне жергілікті органдарының маңызды маркетингтік міндеттері келесі: -маркетинг зерттеулерін жүргізу (нарық дамуының тенденцияларын анықтау, болжам жасау); -стратегиялық ұлттық, аймақтық, жергілікті маркетинг концепцияларын құрастыру; -туристік инфрақұрылымның дамуын қолдау; -маркетинг концепцияларын іске асыру үшін кеңес беру; -имидж қалыптастыру; -жарнама жасау, қоғаммен байланыс шараларын ұйымдастыру.

Туризмде маркетингтің тікелей координациясымен маркетингтің көлденең координациясы пада болды. Оның 2 аспектісі бар. Бір жағынан туристік өнімді өндіруге түрлі мекемелер /қонақ ү, мерамхана, әуе компанилры/ қатысады. 2-ші жағынан маркетигнг көп шығынды талап етеді. Мысалы, нарықты зерттеуге жаңа өнімді құруға жарнама жасауға кейбір мекемелердің қаражаты жетпеді, сондықтан шағын мекемелер маркетинг шараларын іске асыру үшін бірігіп жұмыс істеді.

  1. Туритсік мекеме – маркетинг концепциясын іске асырудың негізгі бөлігі ретінде

Туризм дамуында маңызды роль атқаратын туристік мекеме (фирма).Сарапшылардың айтуынша шет елге шығатын туристердің жартысы өз саяхаттарын турфирма арқылы ұйымдастырады. Туристік фирма өзінің негізгі іс-əрекеттерінің мазмұны мен сипаты жағынан тұтынушы (турист) мен туристік қызметті өндірушінің (қонақ үйі, көлік, мейрамхана) арасындағы дəнекер. Классикалық үлгіде туроператор жəне турагенттер фирмалары көрінеді. Туроператор – бұл туристік өнімді қалыптастыру, ілгері жылжыту жəне оны іске асыру əрекеттерімен айналысатын фирма. Турагент – бұл туристік өнімді, ілгері жылжытып, іске асыратын фирма. Туристік фирма делдал ретінде Туристік қызметті тұтынушы (турист) - Туристік фирма - Туристік қызметті өндіруші (қонақ үйі, мейрамхана, көлік). Нарықта туроператордың функциясы көтерме саудамен айналысатын мекемелердің əрекетіне сəйкес келеді. Туроператор туристік индустрия мекемелерінің (қонақ үйі, мейрамхана, көлік жəне т.б.) қызметтерін сатып алып, туристік пакет жинайды. Турагент туристік қызметтерді өндіруші мен тұтынушының арасындағы дəнекер. Туристік нарықтағы жағдайды "сатушы нарығынан" "сатып алушы нарығына" өту ретінде түсінуге болады. Ол жөнінде келесі аспектілер көрсетеді: -сұраныстан ұсыныстың көп болуы; -сұраныс ұсынысты анықтайды; -жоғары дəрежеде тұтынушылардың ақпарат алуға жетерлігі; -нарықта ұсынылып отырған қызметтердің сапасына талаптың өсуі; - нарықта бəсекелестіктің өсуі.

Сапалы туристік қызмет алуға туристердің талаптарының артуы жəне бəсекелестіктің күшеюі, туристік фирмаларды маркетингпен айналасуға итермелейді. Бұл концепцияның үш деңгейі бар: -маркетингтің жеке элементтерін қолдану;(жарнама, сатуды ынталандыру, көрмелерге қатысу) -бір-бірімен байланысатын жеке əдістер мен құралдарды пайдалану;(м:нарықтысегменттеу, содан барып туристік ұсынысты құрастыру) -шаруашылық шешімдерді қабылдағанда, ойлау əдісі ретінде нарыққа бағытталу. Нарық механизмдерінің жетілуіне қарай, маркетинг концепциясын тиімді қолдану мүмкіндіктері туады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]