
- •Маркетингтің әлеуметтік-экономикалық мәнін ашып көрсетіңіз
- •Маркетингтің анықтамаларын атап шығыңыз
- •Қызмет көрсету маркетингінің ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •Туристік өнімнің ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз
- •Туризмдегі маркетингтің деңгейлерін анықтау
- •Туритсік мекеме – маркетинг концепциясын іске асырудың негізгі бөлігі ретінде
- •Туризмдегі маркетингтік қағидаларды түсіндіріп беріңіз
- •Туристік мекемеде маркетинг концепциясын іске асыру ттехнологиясын көрсетіңіз
- •Маркетинг кешеннің негізгі элементтері және оларға сәйкес маркетинг стратегияларын анықтаңыз
- •Маркетингтік зерттеулерінің ұйымдастыру түрлерін сипаттап беріңіз
- •Туристік кәсіпорынның маркетингтік ақпарат жүйесін сипаттап беріңіз
- •Туристік мекеменің маркетингтік ортасын зерттеу
- •Туристік нарық құрылымын суреттеп беріңіз
- •Нарық конъюнктурасын бағалау
- •Туристік мекеменің фирмалық стилін анықтау
- •Бәсекелестердің маркетингтік зерттеулерін талдау
- •Тұтынушының мінез-құлық мотивтерін суреттеп беріңіз
- •Туристік нарықты сегменттеу
- •Туристердің жасына қарай нарықты сегменттеу
- •Стратегиялық маркетингтік жоспарлаудың мәнін көрсетіңіз
- •5.Маркетинг бағдарламасын жасау.
- •Баламалы стратегияларды іздестіру
- •Өнім стратегиясын қалыптастыру
- •Туризм маркетингінде пайда болатын «каннибализм түрлерін» анықтау
- •Туристік мекеменің маркетингтік баға стратегиясын қалыптастыру
- •Өнім өткізу стратегиясын қалыптастыру
- •Тікелей маркетинг жүйелердің түрлерін анықтау
- •28)Туристік мекеменің маркетингідегі жеке сатылым түсінігін ашып көрсетіңіз
- •29)Туризм аясында жарнаманың ерекшеліктерін анықтау
- •30)Жарнама кампаниялар туралы түсінік
- •31. Ұйымдастыру туризм нарығының құрылымы.
- •33. Маркетинг зерттеулер қорытындысының есеп құрылымын жасау
- •36.Маркетингтік ақпараттардың классификациясы.
- •38. Ішкі маркетингтік ақпарат жүйесін құрастыру
- •39. Туристік нарықтың классификациясы
- •40.Туристік нарық конъюнктурасын зерттеу кезеңдері
- •42. Туризм сферасындағы бәсекелестік күрестің күшіне әсер ететін факторларды құрастыру
- •43. Мақсатты нарықты таңдаудың негізгі кезеңдері.
- •44. Бәсекелестік артықшылықтар туралы түсінік.
- •45. Swot – матрицасы.
- •47. Маркетинг іс‑әрекетінде жаңа туристік өнімді құрастыру кезеңдері. 47. Маркетинг іс‑әрекетінде жаңа туристік өнімді құрастыру кезеңдері.
- •51. Баға құрудың негізгі мақсаттары:
- •54. Туристік насихаттау шараларының кезеңдері
- •55. Туристік насихаттың бағыттары
- •56. Туристік жарнаманың түрлері:
- •57. Жарнама іс-әрекетті жүргізу кезеңдері
- •58. Көрме жұмысына қатысу кезеңдері
- •59. Көрмедегі стендтерге қойылатын талаптарды құрастыру
- •60. Фирмалық стильдің элементтерін құрастыру
56. Туристік жарнаманың түрлері:
Тауар жарнамасы – туристік өнімге сұранысты қалыптастыратын және оған ынталандыратын жарнама. Бұндай жарнама клиенттерге өнім туралы толық ақпарат беріп тұрады.
Престижді жарнама немесе имидж-жарнамасы (фирма беделі жарнамасы) – фирманың артықшылықтарын көрсететін, оны бәсекелестерден айыратын жарнама. Жарнаманың мақсаты – әлуетті клиенттерді өзіне тарту.
Фирманың мүмкіндіктері туралы жарнама – бұндай жарнама фирманың мүмкіндіктері туралы мақсатты аудиторияны керекті ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Қажеттілік жарнама – фирма туралы серіктестерді ақпараттау үшін берілетін жарнама. Бұндай жарнама арқылы фирма жұмысшыларды, делдалдарды өзіне тартады, сонымен қатар материалды-техникалық ресурстарды іздестіреді немесе сатады (мысалы, офистерді, көлікті, жиһаздарды, оргтехниканы).
Ақпараттық жарнама – тұтынушыларды жаңа қызметтер мен жаңа фирмалармен таныстыратын жарнама.
Сендірушілік – жарияланатын өнімнің басқа бәсекелестік өнімнен артықшылығын көрсететін жарнаманың түрі.
Ескерту жарнамасы –
тұтынушылар есіне тауар (фирма) туралы ақпаратты сақтауға арналған жарнама.
Тиімді жарнама – әлуетті тұтынушының өнім (фирма) туралы керекті ақпарат беріп, оларды дәлелдеп тұратын жарнама.
Эмоционалды жарнама – тұтынушылардың сезіміне, эмоциясына әсер ететін жарнама (мысалы, брошюра, журнал, иллюстрация арқылы).
Селективтік (таңдамалы) жарнама – тұтынушылардың белгілі бір тобына, яғни нақты нарық сегментіне арналған жарнама.
Жалпылама жарнама – тұтынушылардың барлығына, яғни жалпы нарыққа арналған жарнама.
Жергілікті – белгіленген жердегі ғана жарнама.
Аймақтық - елдің белгілі бір аймағындағы жарнама.
Жалпы ұлттық - мемлекет ішіндегі жарнама.
Халықаралық жарнама.
Жеке туристік фирманың атынан жарнама
Бірлескен жарнама – көлденең және тікелей болуы мүмкін. Көлденең бірлескен жарнама деген – бұл белгілі бір өнімді жариялау үшін бірқатар туристік мекемелер бірлеседі. Тікелей бірлескен жарнама деген – бұл туристік фирманың және туристік қызметті өңдеушінің (қонақ үй, ресторан, көлік) бірлесуі. Бірлескен жарнаманың артықшылықтары бар: жарнама бюджетің көбейту, жарнама ақпаратты таратудың бірнеше құралдарының пайдалану және т.б.
Баспасөз жарнамасы – газеталар, журналдар.
Баспа жарнамасы – анықтамалар, каталогтар, пресс-релиз, буклет.
Тікелей пошта жарнамасы – пошта хаттары, пошта арқылы видеокассеталар, видеодисктер.
Сыртқы жарнама – үлкен габариттік плакаттар, газжарығы құрылымдар.
Транспорт жарнамасы – транспорт сыртындағы жарнама, транспорт салонындағы плакаттар және хабарландырулар.
57. Жарнама іс-әрекетті жүргізу кезеңдері
Жарнама – бұл маркетинг коммуникацияның ең қымбат элементі. Туристік мекемеде жарнама іс-әрекетті жүргізудің негізгі кезеңдері бар: жарнамалық зерттеулер ,жарнаманың мақсатын анықтау ,жарнамалық жариялау туралы шешім қабылдау ,жарнама тарату құралдарын таңдау ,жарнама бюджетін жасау ,жарнама қызметінің әсерлігін бағалау. Жарнамалық зерттеулердің бағыттары: -алдынғы жарнамалық әрекеттердің нәтижелеріне талдау жасау – болашақта қателер жасамау үшін жарнаманың күшті және әлсіз жақтарын анықтау; -туристік қызметтерді пайдаланатын тұтынушыларды зерттеу – туристік сұраныстың мотивациясын оқып-білу; -туристік өнімді анықтау – өнімнің ерекшелігіне әлуетті тұтынушылардың назарын аудару; -туристік нарықты талдау – нарықтағы кез келген туристік қызметтерді сатудың әлуетті көлемін бағалау, яғни қандай нарық сегментіне жарнама көбірек беру тиіс; – жарнама агенттігі, жарнама қызметтердің бағасы туралы мәліметтерді іріктеп жүйелеу. Жарнама мақсаттары мекеме қабылдаған жалпы маркетинг және коммуникациялық стратегияларына сәйкес анықталады. Ол мақсаттарды екі үлкен топқа бөлуге болады: 1) өнім өткізу облысына байланысты мақсаттар – сату көлемін көбейтуге және тұтынушылардың туристік қызметтерді сатып алуын ынталандыруға арналады; 2) коммуникация облысына байланысты мақсаттар – нақты идеяларды хабарлауға, мекеменің бейнесін қалыптастыруға бағытталады. Жарнамалық жариялау – тұтынушыларға туристік фирманың атынан ақпарат беру құралы. Жарнамалық жариялаудың нақты формалары болады: визуалды, текст немесе символика арқылы.
Жарнамалық жариялау жарнаманың негізгі элементі болып табылады. Ол: -мақсатты аудиторияны жарнама берушімен таныстырады; -турфирмаға немесе оның өнімдіріне әлуетті туристердің жағымды көзқарасын қалыптастырады; -жарнама әрекетінің мақсаттарына жету үшін негізгі құрал болып саналады. Жарнамалық жариялаудың құрылымы AIDA (Attention–назар, Interest–қызығу, Desire–ықылас, Action–әрекет) жарнама моделінің талаптарына сәйкес болуы қажет. Жарнамалық жариялауды дайындаумен бірге жарнама тарату құралдарын таңдау мәселелері де шешілуі қажет. Жарнама тарату құралдарын таңдау кезінде мына сұрақтарға жауап табу керек болады: -кімнің қажетін қамту қажет? Бұл сұраққа жауап беру үшін мақсатты аудиторияны (әлуетті тұтынушыларды) нақты табу керек Ол үшін нырық сегменттеуі жүргізіледі. -әлуетті тұтынушылар қай жерде орналасқан? Тұтынушылардың көбі орналасқан жерде жарнама берілуі тиіс. Жарнама тарату құралдары анықталғаннан кейін жарнамаға қажет қаржы көлемі есептеледі, яғни жарнама бюджеті құрастырылады..Жарнама қаржы көлемі анықталғанда келесі факторлар есепке алынады: -болжаған өткізу нарығының көлемі мен мөлшері; -сату мен түсетін табыстың шамалау мөлшері; -бәсекелестердің жарнамасына кететін шығындары; -өзінің қаржы мүмкіндіктері. Жарнама әрекеттің функциялары бойынша бюджеттің негізгі тарауларына әкімшілік шығындар (жұмысшылардың еңбекақысы, қосымша шығындар), жарнама орнын таңдауға кететін шығындар, жарнама тасымалдаушыларды сатып алуға кететін шығындар және т.б. жатады.