Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
marketing_durysy_2014.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.7 Кб
Скачать

36.Маркетингтік ақпараттардың классификациясы.

Туристік фирма жұмысын ұйымдастыру кезінде маркетинг ақпарат ең маңызды болып табылады.

Ақпарат – маркетинг зерттеулері барысында жиналған мəліметтердің жиынтығы. Жақсы ақпарат мына мəселелерді шешуге мүмкіндік береді:

-бəсекеде басымдылықты алу;

-шығын қаражатының қауіп-қатерін төмендету;

-ішкі жəне сыртқы ортаны бақылау;

-стратегияны дұрыстау;

-нарық жағдайын бағалау;

-тұтынушылардың жарнамаға деген сенімін арттыру;

-тиімділікті көбейту;

-фирманың өз жұмысын дұрыс бағалау.

Ақпарат əр түрлі сипатталады. Сондықтан оны арнайы белгілері бойынша жіктеуге болады.

Маркетинг ақпараттың жіктелуі

Белгілері

Маркетинг ақпараттың түрлері

Мәлімет пайда болған кезеңі

Тарихи, Күнделікті ,Болжау

Маркетинг шешімдерді қабылдау кезеңіне қатысты

Белгіленген(констатацияланған), Түсініктемелі, Жоспарлы, Маркетингті бақылауда қолданатын ақпарат

Сандық бағалаудың мүмкіндігі

Сандық, Сапалық

Қалыптасу мерзімділігі

Тұрақты Айнымалы Эпизодикалық

Ақпараттың сипаты

Демоскопиялық Экоскопиялық

Ақпарат көздері

Бастапқы Екінші ретті

Тарихи ақпарат мекеменің өткен кезеңдегі қызметтердің жағдайын баяндайды. Күнделікті ақпарат бизнестің күнделікті жағдайын көрсетіп тұрады.

Түсініктемелі ақпарат маркетинг жүйесінде мүмкін болатын өзгерістердің себебтері мен факторларына анықтама береді. Жоспарлы ақпарат маркетинг мақсаттары, стратегия, бағдарламасы туралы шешім қабылдау кезінде қолданылады. Сандық ақпарат зерттеу объектілерінің жағдайы туралы нақты сандық мәліметтер алуға мүмкіндік береді Сапалық ақпарат объектілерге жазба түрінде сапалық сипаттамалар береді.

Тұрақты ақпарат тұрақтылықты, яғни маркетинг ортасының ұзақ уақыт өзгермей тұруын көрсетеді.

Айнымалы ақпарат маркетинг жүйенің нақтылы сандық және сапалық сипаттамаларын көрсетіп тұрады.

Эпизодикалық ақпарат керекті жағдайда ғана қалыптасады, мысалғаөнім бағасының өзгеруіне анализ жасағанда немесе жаңа бәсекелестер туралы қосымша мәліметтер жинағанда.

Демоскопиялық ақпарат турист туралы мәліметтер жинау (жасы,жынысы, ұлты, әлеуметтік жағдайы, табыс деңгейі, жанұясының табысы және т.б.).

Экоскопиялық ақпарат жалпы экономикалық жағдайлар, туризм нарығының жағдайы, туристік қызметтердің бағасы туралы мәліметтерді көрсетеді.

Бастапқы ақпарат арнайы зерттеулерді жүргізу кезінде пайда болады (сұрақ-жауап алу, тестілеу, бақылау және т.б.).

Екінші ретті ақпарат бухгалтерлік, статистикалық есептерден, анықтамалықтардан алынады.

37. Маркетингтік зерттеулердегі фокус-топ әдісіне баға беру Уақыт өте келе маркетингтік зерттеулерде фокус-группа әдісінің қолданылу аясы кеңею үстінде. Ол сандық емес, сапалы ақпаратты алуға мүмкіндік береді.Фокус-группа әдісінің негізгі қызметтері: - Идеялардың генерациясы; - Тұтынушылардың сөздік қорын зерттеу; - Тұтыну шылардың сұранысын анықтау; - Тұтынушылардың жарнамаға деген эмоционалдық әсерін білу; т.б. Әдетте, фокус-группа әдісін қолданғанда көптеген аудио-,видиотехникалық құралдар пайдаланады. Мамандардың есебі бойынша, фокус-группа әдісін қолдану аясы 8-12 адам шамасында ең қолайлы болып табылады. Жұмыстың өту барысы жүргізушіге де тікелей байланысты,оған қойылатын талаптар: коммуникабельділігі, қызығушылық туғыза білуі, жоғары профессионалдылығы, қатысушылардың пікірін сыйлау т.б.

Фокус-группа әдісінің артықшылықтары келесідей:

  • қатысушылардың өз пікірлерін ашық,еркін және адал айту мүмкіндігі;

  • формальды зерттеулерден байқалмайтын тұтынушылар жайлы мағұлмат алуы;

Заманауи технологияларды қолдану фокус-группа әдісінің жұмысын жеңілдетіп, тез орындалуына септігін тигізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]