Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
marketing_durysy_2014.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.7 Кб
Скачать
  1. Тікелей маркетинг жүйелердің түрлерін анықтау

Туризмдегі өнімді өткізу арналарының көбісі тікелей маркетинг жүйелері (ТМЖ) принципі бойынша құрастырылады.

Өзінің өнім өткізу желісін қалыптастыра отырып, туроператор оны өзі басқаруға және бақылауға тырысады. ТМЖ-нің бірнеше түрлерін айырады. ТМЖ түрлері: 1.Корпоративтік ТМЖ; 2.Келісім бойынша ТМЖ. Бұның өзі 2 түрге бөлінеді: Агенттік келісімдер және Лицензиялық болып; 3. Басқарулы ТМЖ.

  • Корпаративтік ТМЖ бойынша өндіру пен өткізу кезеңдері жеке тұлғаның қарамағында болады.

Бұл жүйе тікелей маркетинг арнасын пайдаланады. Корпаративтік ТМЖ-ні тек ірі компаниялар ғана құра алады, майдалар компаниялардың шамасы оған келмейді.

  • Келісім бойынша ТМЖ – келісім-шарт қатынастары бойынша құрастырылады. ТМЖ-нің бұл түрі отандық туристік бизнестегі ең көп таралғаны. Келісім-шарт бойынша ТМЖ-де екі негізгі типті бөледі: агенттік келісім, лицензиялық келісім.

  • Агенттік келісім – ең жиі қолданылатын түрі. Агенттік келісім шеңберінде қатынастар туроператор мен турагенттің арасындағы бірқатар өзара міндеттемелердің негізі бойынша құрылады.

  • Лицензиялық келісім (франчайзинг) – фирманың атынан қызметтерді сатуға құқық береді.

  • Басқарулы ТМЖ-де өнімді өткізу жолдарының ішінде қатысушылардың біреуі басым дауыста болады. Соның айтқаны басқаларға – заң. Турөнімді тұтынушыларға дейін жеткізу қатысушының байлығына емес, оның күші мен көлеміне байланысты. Мысалы Томас Кук компаниясы немесе Американ Экспресс басқарулы ТМЖ-ге жатады

27)Туристік мекеменің маркетингтік коммуникациялық стратегиясын суреттеп беріңізМаркетинг коммуникациясы туризм маркетингінде маңызды орын алады. Өйткені ол маркетинг кешенінің ол ең белсенді бөлімі болып табылады. Туристік өнімді тиімді сату үшін, нарықта əсерлі жұмыс істеу үшін маркетинг коммуникация кешенін пайдаланады. Коммуникация дегеніміз туристік өнім туралы хабарландыру, оған деген тұтынушының сенімін күшейту, ол туралы ескерту үшін фирма қолданатын əдіс-амалдары. Коммуникация – ақпарат алмасу процесі ретінде қаралады. Коммуникация тұлғааралық жəне тұлғааралық емес болып бөлінеді. Тұлғааралық коммуникация теледидар, телефон, Интернет арқылы екі немесе бірнеше адамдар арасында жүргізіледі. Тұлғааралық емес коммуникация адамдар бір-бірімен байланыспайды, керек болған жағдайда ғана радио, баспасөз, жарнаманы, плакаттарды, листовкаларды жəне тағы басқаларды пайдаланады. Туристік мекеме əрекетіндегі коммуникация деген – бұл ақпарат көзі, ақпарат жеткізушісі жəне нарыққа əсер ету құралы болып табылады, сонымен қатар маркетинг əрекетінің əсерін арттыру құралы болып саналады. Коммуникация стратегиясы мекеменің жалпы маркетинг стратегиясының негізінде құрылады және келесі кезеңдерден тұрады:

  1. адресатты анықтау;

  2. коммуникация мақсатын анықтау;

  3. коммуникация кешеннің құрылымын таңдау;

  4. бюджетті белгілеу;

  5. нәтижелеріне талдау жасау.

Бірінші кезеңде адресатты анықтап алу қажет, яғни мақсатты аудиторияны.Мақсатты аудиторияға туристердің өздері, туристік қызметті өндірушілер, маркетингтік делдалдар, мемлекеттік үкімет және басқару органдары жатады. Мақсатты аудиторияны таңдап алғаннан кейін коммуникациялық мақсатты анықтайды. Маркетинг коммуникацияның мақсаттары келесі болуы мүмкін: жариялау; керекті ақпараттарды беру; жағымды имидж құру; жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру; имиджіні қалыптастыру; сенімділікті білдіру; өнімді алуға ынтасын тудыру; сату мөлшерін арттыру; мақсатты аудиторияның көзқарасын өзгерту.

Коммуникация стратегиясының келесі кезеңі коммуникация кешеннің құрылымын таңдау. Бұл деген жеке коммуникация элементтерінің (жарнама, насихаттау, өнім өтімін ынталандыру, жеке сату) үйлесуі.

Коммуникация стратегияның келесі кезеңі қаржы бюджетін белгілеу болып табылады. Бюджетті белгілеу кезде коммуникацияның әрбір жеке элементтеріне кететін шығыны есептеледі.

Коммуникация стратегиясының нәтижесін талдап, фирма оның жетістігі мен кеткен олқылықтарын біліп отыруы қажет. Егерде сол нәтижелері дұрыс талданбаса, фирма коммуникация стратегиясының мақсатына жете алмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]