Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
marketing_durysy_2014.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.7 Кб
Скачать
  1. Туристік мекеменің маркетингтік баға стратегиясын қалыптастыру

БАҒА – маркетинг кешенің ең маңызды элементі, себебі баға арқылы фирма табысты жұмыс істейді. Баға дегеніміз тауар құнының ақшалай белгісі. Фирма әрекететінің коммерциялық нәтижелері бағаға байланысты. Дұрыс құрылған баға стратегиясы туристік өнімнің бәсекелестік қабілетіне және нарықта ұзақ болуына әсерін тигізеді. Нарықтың жағдайын ескере отырып, мекеме өзіне де және тұтынушыларға да тиімді бағаларды ұсынады. Ол үшін мекеме баға стратегиясын қалыптастырады. Баға стратегиясын қалыптастыру кезеңдері:

  1. бағаға әсер ететін сыртқы факторларды анықтау;

  2. бағаның қалыптасуы;

  3. баға қалыптасуының әдістерін таңдау;

  4. мекеменің баға стратегиясын анықтау.

Өнімнің бағасын белгілеу үшін, оған әсер ететін сыртқы факторларына талдау жасау керек. Баға стратегиясын жасаудағы сыртқы факторлар келесі: -сұраныс пен ұсыныстың қатынасы; -бәсекелес бағаның динамикасы мен деңгейі; -жалпы экономиканы және жеке алғанда, туризм сферасында мемлекеттік тұрғыдан реттеу; -тұтынушылар.

Бағаның қалыптасуы. Бағаны белгілеу көбінесе туристік мекеменің имиджімен анықталады. Клиенттер турфирманың имиджін әр түрлі қабылдайды. Мысалы, көп табысы бар клиенттер шағын фирмаларға сенім білдірмейді. Ал табысы аз клиенттер сол фирманың қызметтерін пайдаланады. Сондықтан, фирма өзінің баға стратегиясын құрастырып, мекеменің имиджіне сәйкес туристік өнімдерді ұсыну қажет. Баға құру мақсаттары: Күнделікті табысты максимизациялау; Өнім сапасындағы көшбасшылық; Нарықта өз позициясын ұстау; Нарықтағы көшбасшылық.

Баға қалыптасуының әдістерін таңдау. Өнімнің нақты бағасын шығындарды, сұранысты және нарықтағы бәсекелестердің жағдайларын анықтап белгілеуге болады. Осы факторларды есепке ала отырып маркетинг тәжірибесінде баға құру әдістері қалыптасқан. БАҒА ҚҰРУ ӘДІСТЕРІ: Мекеме шығындарының негізінде баға қою әдісі – бұл деген өндірістік, қызмет көрсетуге кететін шығындардың калькуляциясын жасау. Бұл әдісті инвестициядан табысты көп түсіру үшін мекемелер қолданады. Мұндай да минималды баға белгіленеді.; Бәсекелестер деңгейіне бағытталуы – бұл әдіс туризм сферасында кең түрде қолданылады. Мұндай да қойылатын баға (нарық бағасынан төмен немесе жоғары) туристердің талаптарына, көрсетілетін қызметтің түріне, бәсекелестердің реакциясына байланысты.;

Сұранысқа бағытталуы – туристердің қажетін ескеретін және нысаналы нарықта тиімді бағаны орнатуға бағытталған әдіс. Бірақ шығындардың орнын толтыру үшін бұл бағамен өнімнің белгілі көлемін өткізу қажет. Мұндай да максималді баға белгіленеді.

Мекеменің баға стратегиясын анықтау. Осы әдістердің барлығы туристік өнімнің бағасын анықтайды. Баға үнемі өзгеріп тұрады. Өзгерістер фирманың баға стратегиясына байланысты. Баға стратегиясы – бұл туристік өнімдердің алғашқы бағасын, нарық жағдайына қарай мекеменің мақсаттарына сәйкес келетіндей өзгерту мүмкіндіктерін таңдау.

  1. Өнім өткізу стратегиясын қалыптастыру

Маркетинг алдына қойылатын талаптары тұтынушылардың қажеттерін қанағаттандыратын жоғары сапалы өнім өндірумен жəне оған дұрыс баға қоюмен шектелмейді. Сонымен қатар сол сапалы өнімді туристерге жеткізе білу қажет. Өнімді тиімді өткізуді қамтамасыз ету үшін фирма шаралар кешенін жүргізеді, яғни өнім өткізу стратегиясын қалыптастырады. Өнім өткізу стратегиясын жасауда келесі сұрақтарға жауап іздестіру керек:-өнімді өткізу арналарын таңдау; -ортадағы делдалдарды табу.

Өнім өткізу үрдісінің кезеңдері:

1) өнім өткізу желісін ұйымдастыруға əсерін тигізетін сыртқы жəне ішкі факторларды анықтау.Бұл деген тұтынушыларды жан-жақтан толық зерттеу, бәсекелестердің өнім өткізу әрекетіне баға беру, өнімді сату көлемін көтеруге мүмкіндіктер жасау және т.б. 2) өнім өткізу мақсаттарын дұрыс қою. Бұл кезең туристік мекеменің жалпы маркетинг стратегиясының мақсатымен тығыз байланысады. Өнім өткізудің негізгі мақсаты – тұтынушыға дейін өнімді тез арада жағымды түрінде жеткізу. 3) өнім өткізу арналарын таңдау жəне оны басқару əдістерін табу. Тұтынушылардың талаптарына сай өнім өткізу арналарын ұйымдастыру.

4) өнім өткізу желісінің жұмысын талдау жəне бақылау. Өнім өткізу желісінің жұмысында ақпарат жинау үшін барлық өткізілетін шараларға жүйелі баға беру.

ТУРИСТІК ӨНІМДІ ӨТКІЗУ АРНАЛАРЫ. Туристік мекемелер жұмысының ерекшелігі – туристік өнімді шығарумен шектелмей, оны сату жолдарын да қарастыру. Өнімді сату арналар арқылы жүргізіледі. Туристік мекеме өзінің турөнімін тікелей немесе туристік агенттіктер арқылы сатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]