Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаһандық жылынуға әсер етуші факторларға зертте...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64.28 Кб
Скачать
  • Қазіргі таңда жаһандық жылыну құбылысына ғалымдардың көзқарасы қандай ?

География факультетінің криолитология мен гляциология кафедрасының доценті және география ғылымдарының кандидаты Виктор Поповиннің сөзіне сенсек, жер шары өзінің тауларындағы ақ қалпақтарынан мәңгіге айырылып қалуы мүмкін деген болжам жасауда. Ол өз сөзінде бұл құбылыс алдағы 100 жыл ішінде орын алмасада түбіне болатынын айтты.

  • Таулардағы мұздықтардың еруі жаһандық жылыну құбылысының басты белгілері деп санау қаншалықты шындыққа жанасады ?

Африканың екі биік шыңы тау мұздықтарының үштен екі бөлігінен айырылып қалған. Киллиманжаро тауы болса өз мұздығының 82% жоғалтқан. Кения тауы болса 92% мұздығынан айырылған. Туристтердің сүйікті жеріне айналған Алтай тауының мұздығы Актру шамамен жарты километрге дейіг шегінген. Дәл осындай құбылыс Анд, Альпі, Кавказ тауларында да жүріп жатыр және бұл құбылыс бар жоғы 80 жыл ішінде орын алған.

  • Қазіргі таңда жаһандық жылыну құбылысына ғалымдардың көзқарасы қандай ?

Гляциология бөлімінің жетекшісі Татьяна Хромованың сөзіне сенетін болсақ, ол таулардағы мұздықтардың еруі жаһандық жылынудың басты белгілері дегенді алға тартады. Егер жер шарының барлық мұздықтары түгел еріп кететін болса, дүниедүзілік мұхиттың деңгейі 60-70 метрге дейін көтеріледі. Салдарынан мұхит деңгейінен 60-70 метрге биік орналасқан өңірлер су астында қалып кететін болады. Спутниктен түсірілген суреттерді анализдеу арқылы гляциологтар таңкалдырарлық қорытынды жасады. Олардың айтуынша егер жер щарындағы барлық мұздықтардың еру қарқыны дәл бүгінгідей жалғаса беретін болса, 2100 жылға дейін Қытайдағы барлық тауларындағы қар мен мұздықтары еріп кетеді. Нью-Йорк, Петербург, Шанхай және батыс Сібірдің басым бөлігі су астында қалатын болады.

Aims

Жаһандық жылыну құбылысына әсер етуші факторлардың пайда болуын зерттеу менің зерттеу жұмысымның басты мақсаты болып табылады. Табиғаттың, адамзаттың жер шарының күн санап жылынуына қаншалықты қатысы бар екенін анықтау зерттеу жұмысымның басты мақсаты болып табылады.

Сондықтан, менің зерттеу жұмысым төмендегі сұрақтар бойынша жауап іздейтін болады:

  • Жаһандық жылыну құбылысы жер шары үшін қаншалықты қауіпті ?

  • Таулардағы мұздықтардың еруі жаһандық жылыну құбылысының басты белгілері деп санау қаншалықты шындыққа жанасады ?

  • БҰҰ жаһандық жылыну құбылысына өздерінің көзқарасы.

  • Қазіргі таңда жаһандық жылыну құбылысына ғалымдардың көзқарасы қандай ?

  • Жаһандық жылыну құбылысына астрономиялық көзқарастар туралы мәліметтер жинау.

  • Технологияның уақыт санап дамуы жер шары үшін қаншалықты зиянды ?

  • Ауыл шаруашылығы атмосфера үшін қауіпті деген теория туралы ғалымдардың көзқарасын білу.

  • IPCC ұйымының климаттық модельдерге байланысты мәліметтері.

Осы мақсаттарға жауап алу арқасында, адамдар жаһандық жылыну құбылысын жақынырақ білуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар бұл құбылыстың салдары табиғат үшін де, адамзат баласы үшінде қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсінік пайда болады.

Method

Осы зерттеу жұмысын тереңірек түсіну кезінде, сонымен қатар әр тәсілдің өзіндік әлсіз тұстары болса , келесі тәсілдер олардың кемшілігін жоюға ұмтылды. Aims бөлігінде берілген сұрақтарға толыққанды жауап алу үшін әрбір сұраққа өз дәрежесіндегі лайықты тәсілдер тандалып алынды. Дегенмен кейбір сұрақтар бірнеше тәсілдердің қолданылуын қажет етті Бірнеше тәсілдердің жұмыла жұмыс жасауы берілген тақырыпты жан жақты көптеген көзқарастардан зерттеуге мүмкіндік берді .

Мен зерттеу жұмысы барысында нақты мәліметтерді жинау үшін басты 3 тәсілдерді қолдандым. Олар:

  • Біріншісі: зерттеу жұмысыма қолданылған басты тәсіл ол сенімді веб-сайттарды іздеу. Көпшілік үшін сенімді, дұрыс мәліметтерді іздеу қиынға соғатыны бәрімізге мәлім. Мен өзімнің зерттеу жұмысыма қатысты дұрыс мәліметтерді жинау үшін веб-сайттардағы мәліметтерді толыққанды саралап шықтым. Осы тұрғыда RAVEN – тәсілі қолданылған болатын.

  • R – ақпарат көзінің абыройын талдау үшін арналған пункт . Бұл пункт арқылы ақпарат көзінің деңгейін білуге болады .

  • A- ақпарат көзінің берілген тақырыпқа қаншалықты жақын екенін білуге болады .

  • V- ақпарат көзінің жеке қызығушылықтарын зерттейді . Кейде адамдар ақпаратты өзіне пайда келтіру үшін тарады және ақпарат құрамында бұрламанулар болуы мүмкін.

  • E- демогафиялық бағдарламалар туралы қаншалықты тәжірбиелі екендігі анықталды

  • N- ақпарат көзінің тазалығын анықтайды .Мысалы берілген тақырыптан ауытқуы жатады .

Менің RAVEN тәсілін қолдануда жаһандық көзқарастар сабағынан жеткілікті тәжірибем бар. Мен әрбір мәліметті жеке – жеке саралап, әрбір автордың жаһандық жылыну құбылысына өзіндік позицияларын зерттеп шықтым. Сонымен қатар мен ақпараттың қаншалықты сенімді екенінде ұмыт қалдырмадым. Жаһандық жылыну құбылысы сағат сайын өзгеріп отырған, әлі күнге дейін ғалымдар арасында талқыланып жатқан өзекті мәселе.

Екіншісі: Қол жетімді тәсілдердің бірі жергілікті адамдардан сауалнама жүргізу арқылы олардың жаһандық жылыну құбылысынан қаншалықты хабары бар екені туралы мәлімет алу болатын. Сауалнама Шымкент қаласы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің оқушылары мен мұғалімдеріне, сонымен қатар Шымкент қаласы 21 мөлтек ауданы тұрғындарына бетпе – бет арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде 82 %-ы жаһандық жылыну құбылысын транспорттық техникалардан бөлінген зиянды газдардардың атмосфера қабатында қалып қоя отырып жер шарының температурасының көтерілу салдарынан пайда болған құбылыс деп біледі екен. 11 %-ы болса бұл құбылыс табиғи заңдылық деп біледі. Қалған 7 %-ы жаһандық жылыну құбылысы жай ғана аңыз дегенді алға тартты.

Менің сауалнамам негізгі үш бөлімнен құралды :

  1. Бірінші бөлім: жергілікті 21 мөлтек ауданының тұрғындарынан, Шымкент қаласы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің оқушылары мен мұғалімдерінен олардың жаһандық жылыну құбылысына көзқарастарын анықтау болды.

  2. Екінші бөлім: сауалнамаға қатысып жатқан адамдардан бұл құбылысқа әсер етуші факторлар туралы сұрақтар қойылған болатын, аланған нәтиже кейін салыстыруға қолданылады

  3. Үшінші бөлімге «PEST» талдауы жүргізілді . Сауалнамаға қатысушыға кез келген адамдар жаһандық жылыну құбылысына байланысты осы талдау арқылы өз ойын білдірді.

  • P – жаһандық жылыну құбылысының әрбір мемлекеттің саяси жағдайына әсері

  • E – жаһандық жылыну құбылысының әрбір мемлекет экономикасына әсері

  • S - жаһандық жылыну құбылысының әрбір мемлекетінің әлеуметтік жағдайына әсері

  • T - жаһандық жылыну құбылысының техникалық прогресске әсері

Нәтижесінде жергілікті 21 мөлтек ауданының тұрғындары, Шымкент қаласы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің оқушылары мен мұғалімдері Р - жаһандық жылыну құбылысының әрбір мемлекеттің саяси жағдайына әсерін талдауда қиналатыны байқалды. Дегенмен олар Е – жаһандық жылыну құбылысының әрбір мемлекеттің әкономикасына әсеріне жауап бергенде көпшілігінің ойы бір жерден шыкты. Олар жаһандық жылыну құбылысы салдарынан туристтік орындарға айналған тау мұздықтары, спорт туризміне айналған тау шаңғы орталықтары, оның ішінде өзіміздің Шымбұлақ шаңғы орталығы табиғи қарларынан уақыт санап айырыл қалуы оларды шығынға ұшырауына әкеліп соғады дегенді алға тартты. Одан басқа сауалнамаларға жауап берген адамдар бұл тұрғыда тағы бір мысал келтірді. Ол уақыт санап түрлі мұздықтардың еруі бүкіл әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуі ізінше тасқынына демеуші болады. Салдарынан мұхиттарға жақын орналасқан елді мекендерді су шайып кетуі кез – келген мемлекет үшін 2 түрлі шығындар әкеледі. Олар адам шығыны және материялдық шығындар. Сауалнамаға жауап берген адамдар S - жаһандық жылыну құбылысының әрбір мемлекетінің әлеуметтік жағдайына әсерін жоғарыда айтылған екі жағдаймен байланыстырды. Олардың көшілігінің айтуы бойынша мемлекеттің шығынға ұшырауы еңбекпен қамтылған адамдардың жалақысының төмендеуіне әкеліп соғатын болады дегенді алға тартты. T - жаһандық жылыну құбылысының техникалық прогресске әсері бойынша олар техниканың жаһандық жылыну құбылысына әсері бар екенін айтты. Яғни транспорттардан бөлінген зиянды газдар атмосферада жиналып көктемелік әсерін тудырады дегенді алға тартты.

Үшіншісі: Басты тәсіл интервью алу болды . Осы тәсіл негізінен сауалнамадан кейін қолданылды. Сауалнамадан кейінгі тәсілдің бұл түріне жаһандық жылыну құбылысына қызығушылығы бар адамдар қатысты. Интервью кезінде олар алдын ала қандай сұрақтар келетінін біліп отырғандай тез ойларын жинап алды. Және мен қойған барлық сұрақтарға кідірмей жауап қатты. Бұл тәсілдер толығымен жүзеге асырылып , келесі нәтижелерге жетуге мүмкіндік берді .

Results

Зерттеу жұмысыма кітапханалардан, интернет веб – сайттардан алынған мәліметтер, сауалнама, интервью кезінде алынған жаңа ақпараттар зор көмегін тигізді. Сауалнамаға Шымкент қаласы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің оқушылары мен мұғалімдерін тұтас алғанда 82 адам қатысты. Олардың 73-і оқушылар және 9-ы мұғалімдер.

Нәтижелерді саралай отырып , зерттеу жұмысының сұрақтарына келесі мәліметтермен қорытындылауға болады.

Бар жоғы бір ғасырдың ішінде жер шарының температурасының 0.74 градуса жылынуы әлемдегі тау мұздықтарының, Арктика және Антарктидадағы мұздардың еруіне әсер етті. Салдарынан бүгінгі таңда әлемдік мұхит деңгеінің уақыт санап өсуі факторы орын алуда. Сонымен қатар көптеген адамдар жаз айында қапырық, ыстық ауаның құрбандары болды. Осы құбылыстарға әсер етуші факторлар ол тікелей адамдардың әрекеті болып табылады. Яғни атмосфераға түсіп жатқан улы, зиянды қалдықтар осы жайттарға өз септігін тікелей тигізуде.

Жаһандық жылыну құбылысы бүгінгі таңда ірі қарқын алуда. Және бұл қарқын әлемнің төрт бұрышындада орын алуда. Адамзат баласы жаһандық жылынудың осындай қарқынмен тез таралуына ат салысып жатыр. Транспорттарды елемегеннің өзінде, кәсіп орындар, фабрикалар, кен өндіретін орындарда атмосфераға күкірт қышқылы секілді улы қалдықтарды атмосфераға жіберуде.

Зерттеу жұмысы кезінде ауыл шаруашылығының өзі атмосфераға кең көлемде зиянды метан газын жіберетіні анықталды. Бір сиырдың өзі жылына 600 кг метан өндіреді екен. Қазіргі таңда бұл қараның басы 500000 – нан асады. Сиырдың санын оның бір жылда өндіретін метан газының көлеміне көбейтетін болсақ, онда 600 * 500000 одан 30 мың тонна метан газы быр жылда атмосфераға түседі екен.

Conclusion

Бұл зерттеу жұмысымды төмендегі 3 бөлім арқылы қорытынды жасадым.

1) Жаһандық жылыну құбылысының бүкіл әлемге тигізетін әсері қандай?

Жаһандық жылынудың шындыққа жанасатын әсерлерін атап айтқанда бүгінгі таңдағы Антарктидадағы мұздықтардың еруі, бүкіл әлемдік мұхит деңгеінің өсуі, жаз маусымындағы қапырық, ыстық ауа массалары сонымен қатар аты шулы қауіпті ауру эболаның Еуразияға таралуы болып табылады.

2) Жаһандық жылыну құбылысы жер шарының қай өңірлеріне әсер етуде ?

Жаһандық жылыну құбылысы барлық мемлекеттерге тікелей қатысты. Әсіресе мұхит деңгейінен 60-70 метрге биік орналасқан қалалар үшін өте маңызды. Нью-Йорк, Петербург, Шанхай және батыс Сібірдің басым бөлігі мұхит деңгейінен 60 – 70 метр биіктікте орналасқан. Осы қалалар алдағы 2100 жылға дейін су астында қалу қауіпі бар. Одан бөлек Пекин қаласы әлемдегі ең лас 10 қалаға кыреді. Экологиясы машина түтіндерімен, зауыт фабрикаларынан пайда болған улы газдармен толы. Бұл қалада көктемелік әсері орын алу ықтималдылыға аса жоғары.

3) Жаһандық жылыну құбылысына қандай басты факторлар әсер етуде ?

Бұл факторларды антропогендік және табиғи деп екі бөліп қарастыруға болады :

1. Антропогендік жолмен әсер ететін факторларға :

  • Транспорттар (ұшақтар, түрлі деңгейдегі көліктер, кемелер)

  • Озон қабатының тесілуі

  • Зауыт фабрикалардың, кен өндіру орталықтарының уақыт санап артуы

  • Ауыл шаруашылығы

  • АЭС станцияларының қалдықтарының радияциясы

2. Табиғи жолмен әсер ететін факторларға :

  • Табиғи метан газдарының ошақтары

  • Периодты түрде уақыт аралығындағы жер шарының температурасының көтерілуі

Қандай факторлар болмасын адамзат баласы жаһандық жылынудың алдын алу шараларын бүгіннен бастағаны абзал. Өйткені бұл құбылысқа әсер етуші бірнеше факторлардың қарқыны тым жоғары. Халықты жылумен қамтамасыз ету үшін атмосфераға зиянды қалдықтар жібергенше, альтернативті энергия көздерінің санын арттыру керек. Бензинмен жүретін транспорттардың санын азайтып, табиғи таза энергия көзімен жүретін көліктердің санын арттыру керек.

Қорытындылай келе быз адамзат баласы келер ұрпақтың сау болып қалыптасуы үшін, сонымен қатар олардың бүгінгі адамдардың іс – әрекетінен зардап шекпейтіндей жаһандық жылыну құбылысының қарқынын төмендетуіміз керек. Зерттеу жұмысы барысында мен осы күнге дейін іздеген барлық сауалдарыма жауап алдым. Жаһандық жылыну құбылысы сонымен қатар климатты да өзгертті және оның келешектегі әсері қаншалықты ауыр болатынына көзім жетті.

Evaluation

Жалпы зерттеу жұмысы ойдағыдай сәтті өтті . Зерттеу жұмысын жүргізуге қажетті материалдарды сенімді, қолжетімді веб - сайттардан алынды. Интернеттен алынған басым мәліметтер ағылшын тілінде болды. Мәліметтердің барлығы қазақ тіліне аударылып, сарапталды. Жаһандық жылыну құбылысы туралы толық түсінік қалыптасу үшін осы құбылысқа қатысты әр түрлі ғалымдардың пікірін жинақтадым. веб – сайтындағы материялдар зерттеу жұмысыма көп септігін тигізді. Веб – сайттардағы әрбір материялдардың өзіндік дәлелдемелері бар. Пайда болатын факторлар жайлы анық айтылған. Ғалымдардың көзқарасы туралы да ақпараттар бар.

Осы веб – сайт арқылы мен зерттеу жұмысыма қатысты басты мәліметтерді жинаған болатынмен. Жаһандық жылыну құбылысын жан – жақты түсіну үшін бұл веб – сайтта түрлі мәліметтер бар. Қиынға соққаны барлық мәліметтерді жүйелі түрде қазақ тіліне аударып ішінен керекті деген ақпараттарды теріп алу болды. Дегенмен ойым жүзеге асырылған болатын.

Кейбір сайттардың ақпараты бір – біріне қарама – қайшылық туғызатын және жалпылама түрде жазылған мәліметтерге толы болды . Бірақ бұл қиыншылықтар «RAVEN» талдауы арқылы шешілді .

Сауалнама ойдағыдай құрылған болатын және оның құрылымы ойды тиянақтап дұрыс жазылуына әсерін тигізді. Зерттеу жұмысымның бұл бөлімінде адамдардың жаһандық жылыну құбылысынан хабардар болуы жұмысымды баршама жеңілдетті. Сауалнама кезінде мен әлі білмеген көптеген мәліметтерді естіген болатынмын. Алынған жаңа мәліметтер менің жұмысымның ішінен орын тапты.

Интервью тәсілі тікелей сауалнама жүргізіліп болғаннан кейін зерттеу жұмысына қатысушының жеке рұқсаты арқылы жасалды . Осылай өткізілген интервью кезінде адамдардың көзқарасын жүйелі анықтау үшін қолданылған болатын. Өйткені сауалнама кезінде зерттеу жұмысына қатысушы адамдар өздерінің ойларын жинақтай отырып , жеке позицияларын анықтайды . Ал интервьюге қатысты зерттеу жұмысыма қатысушы өз ойын жеткізуіне толығымен дайын болып келеді . Интервью жүргізілу кезінде ең басты мақсаттардың бірі интервью кезіндегі қарым-қатынастарды еркін жүргізу болды . Ол үшін интервьюге қатысушы адамдарға тіл еркіндігі берілді ,яғни әрбір адам өз тілінде сауалнамаларға жауап берді. Интервью жүргізілген жер өз деңгейінде үлкен рөл ойнады , өйткені жылы қарым-қатынас және жағымды атмосфера адамның уайымдамай, қобалжымай, абыржымай және ашық жауап беруіне әсерін тигізді . Қолданылған барлық 3 тәсілдер зерттеу жұмысының дәлдігін, сапасын жоғарлатуға септігін тигізді.

Further research

Жүргізілген зерттеу жұмысы жаһандық жылыну құбылысына көптеген көзқарас қалыптастырды. Бұл құбылысқа әсер ететін факторлардың жер шары үшін қаншалықты зиянды екені туралы түсінік қалыптасты.

Көптеген орындар енді толық өзгертулерді қажет етеді және сенімді дәлелдер ұсынады. Сонымен қатар, жаһандық жылыну проблемаларын жетік білетін, тәжірибесі бар адамды сұхбат алу зерттеу жұмысына көп көмегін тигізетін еді. Негізгі сұрақтарға дәл әрі нақты жауап алуға мүмкіндік туар еді. Сондай-ақ, зерттеу жұмысына жаһандық жылынудың негізгі себептерін қоса отырып, болашақта осы құбылыстың пайда болуын себептерін айқын түсінуге көмек берер еді .

Климаты өзгеріске ұшыраған мемлекеттер әлі де болса көп зерттеулер мен талдауларды қажет етіп отыр. Зерттеуде жаһандық жылыну өзгерістерінен зардап шеккен кейбір елдер толық табылмады. Зерттеу мені қызықтырған көптеген сұрақтарға жауап бере алды. Енді, бұл жаһандық жылыну климаттың өзгеруіне әсер еткендігі және болашақта салдарының болатыны айдан анық. Алайда, бұл зерттеудің маңыздылығы проблемасын түсіну, содан кейін олармен күресу шараларын қарастыру болып табылады.

Зерттеу жұмысы менің жеке көзқарасымды өзгертті . Зерттеу жұмысына дейін мен жаһандық жылыну құбылысын әсер етуші факторларына тек қана транспорттардың көп қолданылуын жатқызатынмын. Ал қазір бұл құбылысқа 2 түрлі көзқараспен қарайтын болдым. Бірі табиғи жолмен әсер ететін факторлар болса, екіншісі антропогендік факторлар.

Bibliography

http://www.nrdc.org/globalwarming/

http://www.ucsusa.org/global_warming#.VJEgNq2Xvbk

http://environment.nationalgeographic.com/environment/global-warming/

http://planeta-terra.ucoz.ru/index/globalnoe_poteplenie_prichiny_i_posledstvija/0-9

http://www.poteplenie.ru/

http://lurkmore.to/%D0%93%D0%BB%D0%BE%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%BE%D0%B5_%D0%BF%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BF%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5

http://www.worldwarming.info/

http://www.vokrugsveta.ru/vs/article/2726/

http://www.ecosystema.ru/07referats/warming.htm

http://elementy.ru/lib/430455