Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаһандық жылынуға әсер етуші факторларға зертте...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64.28 Кб
Скачать
  • Бұұ жаһандық жылыну құбылысына өздерінің көзқарасы.

Қоршаған орта, оның ішінде ауа, су, топырақ өте жоғары қарқынмен ластануда. Соңғы 30 жыл ішінде жер шарының температурасының тез көтерілуі  БҰҰ-ның мемлекетаралық эксперттер тобын алаңсыз калдырмады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша бұл фактылер жаһандық жылынудың белгілері болып табылады.

  • Ipcc ұйымының климаттық модельдерге байланысты мәліметтері.

Температураның көтерілуінен мұздықтардың еруі, дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуі құрлықтың орасан зор аумағын су шаюына әсер етеді. 18 ғасырдың екінші жартысынан бастап жердің орташа температурасы 0,7°C көтерілді. IPCC ұйымының климаттық модельдерге байланысты алынған мәліметтері бойынша: 21 ғасырда жер бетінің орташа температурасы 1,1°C-тан 6,4°C-қа көтеріледі деген болжам бар.

Дүниежүзілік мұхит деңгейінің өсуі және ғаламдық температураның өсуі атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің өзгеруіне алып келді. Кейбір зерттеушілердің ойынша, жаһандық жылыну — бұл тек миф, ал басқа ғалымдар бұл процеске адамның қатысы мүлдем жоқ деп санайды. Бірен-саран зерттеушілер жаһандық жылынудың өмірде орын алып жатқанына сенгенімен, климатқа қатты әсер ететіндердің бірі - өндірістік қалдықтар дегенге мүлдем келіспейді.

  • Технологияның уақыт санап дамуы жер шары үшін қаншалықты зиянды ?

Транспорттық, яғни көліктердің, кемелердің, ұшақтардың және зауыттар мен фабрикалардан бөлінетін CO2 көмірқышқыл газының жоғарғы концентрациясы табиғат үшін қаншалықты қауіпті. Тіпті адамзаттың өзі тыныс шығарғанда көмірқышқыл газын бөледі. Ғалымдар бұл сұрақты тәжірибе жүзінде лабараториялық практикалық зерттеу жұмысын жасап көрді. Зерттеу жұмысы барысында олар екі сфера шыны лампаның түбіне орнатты, біріншісін CO2 көмірқышқыл газының қалыпты нормасын егізді. Ал екіншісіне дәл сол CO2 көмірқышқыл газының жоғарғы концентрациясын енгізді. Шамды жаққаннан кейін санаулы минут ішінде екі сфераның температураларының айырмасы салыстырмалы түрде 3оС дейін өзгерді. Дәл осындай құбылыс біздің жер шарымызда да орын алуда. Алайда CO2 көмірқышқыл газы мен өндірістің, транспорттардың дамуына жаһандық жылынуға әсер етуші негізгі фактор деп алуымыз бұл ақымақтық болар. Жер шарында табиғи түрде кездесетін көктемелік газдар бар. Мысалы метан (CH4). Оның пайда болуы техниканың дамуына мүлдем қатысы жоқ. Метан газын кейбір жерлерде жер шарының өзі шығарады, тіпті уй жануарлары: сиыр, шошқа, түйе метан газын өндіруші тірі ағзалар болып табылады.

  • Қазіргі таңда жаһандық жылыну құбылысына ғалымдардың көзқарасы қандай ?

Мерзлотобед, география ғылымдарының кандидаты Глеб Краевтың сөзіне сенсек ауыл шаруашылығы, оның ішінде үй жануарларымен айналысатын шаруашылық фабрика мен зауыт өнер кәсібінен әлде қайда қауіптірек. Атмосфераға бөлінетін метан газының 30% жер астынан бөлінсе, 15% үй жануарлары бөледі екен.

  • Ауыл шаруашылығы атмосфера үшін қауіпті деген теория туралы ғалымдардың көзқарасын білу.

Қарапайым мысал: 1 сиыр жылына 600 кг метан газын бөледі. Ал қазіргі таңда олардың саны 500 миллионнан астам. Қорытындылай келе сиырлар өндіретін метан газы көктемелік (парниковый) газының үштен бір бөлігін алады екен. Ол әлемдегі барлық транспорттардан бөлінетін CO2 көмірқышқыл газынан әлде қайда көп.

Ауыл шаруашылығы жер шарының температурасының жоғарылауына басты себепкер деп алуға болама? Бұл сұраққа ғалымдар бүгінгі күнге дейін нақты жауап тапқан жоқ.