Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаһандық жылынуға әсер етуші факторларға зертте...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64.28 Кб
Скачать

Булегенов Жандос Талғатұлы

Искандеров Ерлан Гаппарович

Жаһандану Көзқарастары 12 «А»

3 желтоқсан 2014 жыл

Соз саны: 3004 сөз

Жаһандық жылынуға әсер етуші факторларға зерттеу жұмыстары

Introduction

Бұл тақырыпты таңдауыма түрткі болған негізгі 3 себеп бар. Олар бірінші: әлемде аты шулы проблема айналған жаһандық жылынудың қаншалықты біз үшін қауіпті екеніне зерттеу жүргізу. Екінші: жаһандық жылыну адамдардың колынан туындаған келеңсіз әрекеті ме? Үшінші: егер жаһандық жылыну құбылысы шындыққа жанасса, онда бұл құбылысқа табиғаттың қаншалықты қатысы бар? Менің мақсатым осы сұрақтарға жауап іздеу болып табылады. Кішкентай кезімнен табиғатқа деген қызығушылығым, осы бағытта ізденіс жасауыма тағы бір себепкер болып отыр.

Жаһандық жылыну мәселесі туралы зерттеу жұмысын жазуыма соңғы жылдардағы табиғаттың келеңсіз әрекеттерының көбеюі түрткі болды. Неліктен ғалымдар Арктика мен Антарктидадағы мұздықтардың еруін жаһандық жылынудың басты белгілері деп бағалауы маған осы тақырып аясында зерттеу жасауыма қызығушылығымды арттырды. Жақында мен “Discovery Channel” телеарнасында жаһандық жылынуға қатысты бейнефильм көрдім. Бұл бейнефильмде жаһандық жылынудың әсерінен жер шарының әрбір өңірінің климаттары күрделі өзгерістерге ұшырағаны туралы айтылды. Атап айтқанда Бразилия, Аргентина өңірінде, сонымен қатар ОАР жерінде мүлдем қыстың ызғары сезілмеген, 2013 жылы бірінші рет қар жауу факторы тіркелді. Соңғы жылдары Оңтүстік Азия өңірінде орын алып жатқан су тасқыны факторлары, салдарынан тіркелген адам шығындары туралы мәлімет берді. Бағдарлама аясында жаһандық жылыну құбылысына себекер болып отырған тағы бір теория туралы айтылды. Ол теория жер шарын жылытып, жарықпен қамтамасыз етіп отырған күн жұлдызының соңғы жылдары көлемінің ұлғаюымен түсіндіріледі. Өйткені күн жұлдызы өз жасының жартысын өмір сүріп қойған.

Сонымен қатар Ч. Дарвиннің теориясына көз жүгіртсек біз өсімдіктер, жануарлар секілді табиғаттың бөлігіміз. Соныдықтан табиғатқа әсер еткен бар келеңсіз жағдайлар адамзат баласына әсер етуі сөзсіз және біз табиғатты түрлі ауыртпашылықтардан сақтап қалу үшін барлық адамзат баласының қолынан келетін мүмкіншіліктерды қолдануымыз керек. Бүгінгі таңда жаһандық жылыну құбылысы жер шарына кері әсерін тигізуде. Ал оны тоқтату адамзат баласы үшін ең басты міндеттерының бірі. Дегенмен Адамзат баласы өз тарапынан табиғатқа зиян келтіруде. Салдарынан жаһандық жылыну құбылысы қаншалықты орын алуда, осы

Contex

  • Жаһандық жылыну құбылысы жер шары үшін қаншалықты қауіпті ?

Лондонда жаз айының температурасы 30°C-дан аспайтын, 2003 жылы 38°C-ге жеткен, ал Парижде 43°C. Еуропада жылына орташа адам шығынынан 40000-ға көп адам қаза табуда. 2010 жылдың жазында Ресейдің орталық аймағы ауа райының жаңа рекордын орнатты.

Миллионнан астам гектар отқа оранды. Мұндай сұмдық көрсеткішті Еуропа соңғы 5 ғасыр бой көрмеген. Ал ғалымдар болса алдағы жылдары қувңшылықтың болу ықтималдылығын алға тартып отыр. Егер жер шарының температурасы 6°C-ге көтерілсе, оның салдары адам сенгісіз апаттарға ұшыратады.

Мұздықтардың еруі, ауыз су тапшылығы, тропиктік аурулардың эмигрантталуы, құнарлы жерлердің шөл далаға айналуы, миллиондаған адамдардың аштан қырылуы, осындай болжамды 2007 жылы Нобель сыйлығын жеңіп алған климатолог тобы жасаған болатын. Олардың болжамы бойынша адам жаһандық жылыну процесін тоқтатуға қауқарсыз. Оған басты әсер етуші фактор CO2 көмір қышқыл газы.

  • Технологияның уақыт санап дамуы жер шары үшін қаншалықты зиянды ?

Адамдардың ғылыми жетістіктерінің әсерінен пайда болған дүниелер, оның ішінде жылдан жылға саны артып жатқан транспорттар, зауыт фабрикалар, кемелер мен ұшақтар табиғаттың құндылықтарын мәнгі өзгертті. Атап айтқанда жер шарының атмосферасына осы дүниелерден бөлініп жатқан CO2 көмір қышқыл және CH4 метан газдарынан пайда болған көктемелік әсерінің пайда болуы жер шары табиғатына барынша зиян келтыруде.