
- •Ұлттық және халықаралық стандарттардың айырмашылықтарын ашып көрсетіңіз
- •5. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы қр заңына шолу
- •Қехс артықшылықтары мен кемшіліктері
- •24. Шығынның шығыстан айырмашылығын
- •Төлем балансының құрылымына тоқталыңыз
- •Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
- •43. Қехс 34 аралық қаржылық есептілік ерекшеліктері
- •44.Қехс 28 Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар есебін ашып көрсетіңіз
- •Резервтер есебіне жалпы сипаттама беріңіз
Экономиканың даму мүмкіндігіне қарай шаруашылық жүргізуші ұйым мүлкіндегі материалдық емес активтердің маңызы мен үлесі арта түседі, ол техника мен технологиялардың дамуымен, ақпараттардың кеңінен таралуымен, экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты.
43. Қехс 34 аралық қаржылық есептілік ерекшеліктері
1 Осы Стандарт қандай ұйымдардың аралық кезең аяқталғаннан кейін қандай жиілікпен жəне қаншалықты тездікпен аралық қаржылық есептілігін жариялауы тиіс екендігін белгілемейді. Алайда, үкіметтер, бағалы қағаздар айналысын реттейтін органдар, қор биржалары жəне бухгалтерлік ұйымдар борыштық немесе үлестік бағалы қағаздары нарықта еркін айналатын ұйымдар аралық қаржылық есептілігін жариялауды жиі талап етеді. Осы Стандарт ұйым Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сəйкес аралық қаржылық есептілігін жариялауға мəжбүр болған немесе жариялауды шешкен жағдайда қолданады. Қаржылық есептіліктің Халықаралық Стандарттарының Комитеті[1] акциялары еркін айналатын ұйымдардың осы Стандартта ұсынылған тану, бағалау жəне ашу қағидаттарына сəйкес келетін аралық қаржылық есептілігін ұсынуын қолдайды. Атап айтқанда, акциялары еркін айналатын ұйымдардың мыналарды:
(а) аралық қаржылық есептілігінен кем дегенде олардың қаржы жылының бірінші жартысының аяғындағы жай-күйі бойынша; жəне
(b) аралық қаржылық есептілігін аралық кезең аяқталғаннан кейін 60 күннен кешіктірмей ұсынуына қолдану көрсетіледі.
2 Жылдық немесе аралық қаржылық есептілігінің Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сəйкестігі жеке бағаланады. Ұйымның нақты қаржы жылының ішінде аралық қаржылық есептілігін бере алмау немесе осы Стандартқа сəйкес емес аралық қаржылық есептілігін беру фактісі ұйымның жылдық қаржылық есептілігінің, егер олар барлық қалғандары бойынша олардың талаптарына жауап беретін болса, онда есептіліктің Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сəйкес еместігін білдірмейді.
3 Егер ұйымның аралық қаржылық есептілігі Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сəйкес ұсынылса, онда ол осы Стандарттың барлық талаптарын орындауы тиіс. Осыған байланысты 19-тармақ тиісті ақпараттың мəнін ашуды қажет етеді.
44.Қехс 28 Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар есебін ашып көрсетіңіз
Стандарттың мақсаты қауымдасқан ұйымдарған салынған инвестиция есептілігін және қауымдасқан ұйымдар мен бірлескен кәсіпорындарға салынған инвестиция есептілігін даярлағанда үлестік әдісті қолдануға қойылатын талаптарды береді.
Егер ұйым инвестиция алушының дауыс беру құқығы бар акцияларының кемінде 20 пайызына тікелей немесе жанама иелік етсе (мысалы, еншілес ұйымдар арқылы), бұл керісінше жағдайдың айқын дәлелдері болмаған жағдайда, инвестордың елеулі ықпалы бар екенін білдіреді. Және керісінше, егер инвестор инвестиция алушының дауыс беру құқығы бар акцияларының 20 пайызынан азына тікелей немесе жанама иелік етсе (мысалы, еншілес ұйымдар арқылы), бұл керісінше жағдайдың айқын дәлелдері болмаған жағдайда, инвестордың елеулі ықпалы жоқ екенін білдіреді. Басқа инвестордың акциялардың ірі немесе бақылау пакетіне ие болуы инвестордың елеулі ықпалға ие болуына кедергі жасауы міндетті емес.
6. Инвестордың елеулі ықпалының болуы, әдетте, төменде келтірілген тәсілдердің бірімен немесе бірнешеуімен расталады:
(a) инвестиция алушының директорлар кеңесіндегі немесе сондай басқару органындағы өкілдігі;
(b) дивидендтерге немесе басқа бөлістерге қатысты шешімдерді қабылдауға қатысуды қосқанда, саясатты құру барысына қатысуы;
(c) инвестор мен инвестиция алушыны арасындағы ірі операциялар;
(d) басқару қызметкерлерімен алмасуы; не
(e) маңызды техникалық ақпарат беруі.
7 Ұйым жазылу сертификаттарына, акциялар алуға арналған опциондарға, жай акцияларға айырбасталатын борыштық және үлестік құралдарға немесе орындау немесе айырбастау жағдайында ұйымға дауыс құқығын беруге, немесе басқа ұйымның қаржылық және операциялық саясатын айқындауға қатысты мәселелерде басқа тараптың дауыс құқығын азайтуға (әлеуетті дауыс құқығы) қабілетті сол секілді құралдарға ие бола алады. Ағымдағы сәтте іске асырылуы және айырбасталуы мүмкін әлеуетті дауыс құқықтарының болуын және оның ықпалын ұйымның елеулі ықпалын бағалау кезінде есепке алу қажет. Егер, мысалы, әлеуетті дауыс құқықтары болашақтағы белгілі бір күн немесе болашақ оқиға басталғанға дейін іске асырыла немесе айырбастала алмайтын болса, онда олар ағымдағы сәтте жүзеге асырылатын немесе айырбасталатын болып табылмайды.
8 Әлеуетті дауыс құқықтарының елеулі ықпалға үлес қосатын-қоспайтынын бағалай отырып, ұйым басшылықтың талап-тілектерін және осындай құқықтарды жүзеге асыру мен айырбастау мәселелеріндегі қаржылық мүмкіндіктердің сол әлеуеттік құқықтарын қоспағанда, әлеуетті құқықтарға ықпал ететін фактілер мен жағдайларды (әлеуетті дауыс құқықтарын іске асыру талаптарын және кез-келген шарттық келісімдерді қосқанда жеке-жеке, сол сияқты бір-бірімен байланыста) зерделейді.
9 Ұйым инвестиция алушының қаржылық және операциялық саясатының мәселелерінде шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігін жоғалтумен бірге инвестициялар объектісіне тигізетін елеулі ықпалын жоғалтады. Елеулі ықпалды жоғалту абсолютті және салыстырмалы ие болу деңгейінде өзгерістер болған кезде де, сол сияқты осындай өзгерістер болмаған кезде де орын алуы мүмкін. Мұндай жоғалту, мысалы, қауымдасқан ұйым мемлекет тарабынан, сот, әкімшілік немесе реттеуші орган тарабынан бақылау объектісіне айналғанда орын алуы мүмкін. Ол сондай-ақ шарттық келісім салдарынан да болуы мүмкін.
Резервтер есебіне жалпы сипаттама беріңіз
Резервтік капитал - акционерлерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивидендтерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарғылық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы больш табылады.
Резервтік капиталдың есебі 55-ші «Резервтік капитал» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 551-ші «Заңдармен белгіленген резервтік капитал» және 552-ші «Басқа да резервтік капитал».
Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.
Резервтік капиталдарды қалыптастырған (құраған) кезде 561 шоты дебеттеледі де, 551 шоты кредитгеледі.
Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 551-ші шоттың дебетінен мына шоттардың кредитінде көрініс табады:
621, 622, 687 — артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивидендтердің есебінен төлеген кезде; 561-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)», 562-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» — зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.
Басқа да резервтік капитал есебі. 552-ші «Басқа да резервтік капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.
552-шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар корреспонденциясы 551-шоттың корреспонденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.
Қорытынды
Жалпы және жеке меншіктің түпкі мәні ортақ болады. Бұлардың айырмашылықтары қарама-қарсылыққа жетпеген. Сондықтан жалпы меншік жеке меншікке, ал жеке меншік жалпы меншікке айнала алады. Бұлбіріншіден. Екіншіден, меншік қоғамның экономикалық өмірінің түпкі, негізгі процестерін көрсете отырып, өзінің өзгеріп отырмауы мүмкін емес. Тыныштық хал-жәй бұзылады және осы ауытқулар, енді осы форманың өзінің ішінен айырмашылықтар (өзгешеліктер) тудырады. Осылай жалпы және жеке меншіктің бірнеше түрі пайда болады. Жеке меншік жеке адамдық (индивидуалдық), бірлестік (бөлінетін және бөлінбейтін), жалпылық, ассоциациялық дәрежеге жеткізілген, мемлекеттік, трансұлттық, монополиялық түрлер алады. Жалпы меншіктің мазмұны жалпылықтың (ортақтылық, бірлік) көлемімен және оның өкілеттігімен анықталады. Жалпы меншік отбасылық (үй шаруашылықтары), қауымдық, ассоциациялық, мемлекеттік, қоғамның (халықтың) дәрежесінде болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып табылады.
Салық есептілігін жүргізу ерекшеліктерін көрсетіңіз
Салық есептілігі - Салық төлеуші, салық агенті салық органдарына табыс ететін салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпаратта бар кұжаттама. Салық есептемесінде мыналар қамтылады:
салыктың әрбір түрі және бюджетке тәленетін баска да міндетті телемдер бойынша, сондай-ақ жинақтаушы зейнетакы корына міндетті зейнетақы жарналары және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша салық
төлеуші жасайтын салық декларациясы, есеп-қисабы;
арнаулы салық режимдерін қолдануға патент алуға өтініштер;
салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді тіркеу және қайта тіркеу туралы өтініштер;
қосылған күн салығын бюджеттен қайтарып алуға өтініштер;
қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттар нормаларын қолдануға берілген өтініштер; шот-фактуралар тізілімі;
Салық кодексіне сәйкес электрондық мониторингке жататын. салық төлеушілер табыс ететін кұжаттама.
Салықтық есептілік бұл салық органына ұсынылатын және салық салу объектілері және салық салумен байланысқан объектілер туралы, сонымен қатар бюджетке салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеумен байланысқан салық міндеттері және басқа да мәліметтерді есептеу туралы мәліметтері бар салықтөлеушінің, салық агентінің жазбаша арызы немесе электрондық құжаты.
Салықтық есептілік формалары декларациядан немесе есептен, салық салу объектілері және салық салумен байланысқан объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан қосымшаның бөлінбейтін бөлігі болып табылатын қосымша формалардан тұрады.
Салықтық есептілікті ұсыну жағдайы:
салықтөлеуші, салық агентін тіркеу бойынша салық органына ұсынылады;
ҚР ҚМ СК бекітілген тәртіпте және формалар бойынша өздігінен салықтөлеушілермен, салық агентімен немесе оның өкілдерімен құрастырылады;
алдыңғы жылдардағы салықтық кезеңге осы кезеңнің тиісті жылына бекітілген формасы бойынша ұсынылады;
оларды шифрлеу үшін тиісті қосымшалар болмаған жағдайда ұсынылмайды. Салық органына салықтық есептілік ұсынылмады деп, егер онда салықтөлеушінің тіркеу нөмірі дұрыс берілмесе, не салықтық кезең көрсетілмесе, не қолына және салықтық есептілікті мөрлеуге қатысты талаптарды бұзылса, ҚР ҚМ СК бекітілген электрондық форматты құрылымы бұзылса есептелінеді.
Салықтық есептілікті ұсыну мерзімдері Салық кодексімен белгіленеді. Тарату салықтық есептілік ұсынылады:
жеке кәсіпкерлермен кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 ай ішінде – салық кезеңінің басынан қызметтің тоқтаған күніне дейін құрылған;
заңды тұлғаларға беру актісі, бөлу және тарату балансы бекітілген күннен 3 жұмыс күні ішінде - салық кезеңінің басынан қайта құру немесе тарату аяқталған күнге дейін.
Салықтық есептілікті ұсыну тәртібі салықтөлеуші, салық агентінің таңдауы бойынша анықталады:
қағаз тасушысында: |
электрондық түрде: |
өзі келу тәртібінде |
өз офисінен хабарламаны кепілді жеткізу жүйесі арқылы |
Пошта арқылы хабарламамен |
электрондық цифрлік қол қоюмен магнитті тасушыларда |
|
Салық органдары офистерінде орнатылған «Салықтөлеуші терминалы» бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы |
«Электронды» салықтөлеуші электрондық цифрлік қолды (криптографикалық кілтті) алу қажет, ол үшін қажет:
салық органдарымен электрондық құжаттармен алмасу туралы арыз беру (009.00 формасы);
салық органымен электрондық құжаттармен алмасу кезінде электрондық цифрлік қолды қолдану және тану туралы келісім жасасу (009.02 формасы);
электрондық цифрлік қолы (криптографикалық кілті) салық органымен электрондық құжаттармен алмасу кезіндеэлектрондық цифрлік қолды қолдану және тану туралы келісім жасасу кезінде дискетте беріледі;
электрондық цифрлік қолды алу және келісім жасасу, арызды беру салықтөлеушінің тіркеу орны бойынша салық комитетінде жүзеге асырылады.
Салықтық декларацияны ұсыну мерзімін ұзарту салықтөлеушінің арызы негізінде ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетімен берілетін рұқсат негізінде жүзеге асырылады. ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетіне қаралған кезде Салықтық декларацияны ұсыну мерзімін ұзарту – үш айдан артық емес.
Электрондық үлгіде салықтық декларацияны ұсыну мерзімінің ұзаруына рұқсатты осы декларацияны беру мерзімі болғанға дейін ұсынылатын, тіркеу орны бойынша салық органына арызды ұсыну жолымен алуға болады.
Электрондық үлгіде салықтық декларацияны ұсыну мерзімінің ұзаруына рұқсат ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің бұйрығы негізінде беріледі.
Салықтық есептілікті сақтау мерзімі - салықтөлеушілер, салық агенттері және салық органдары үшін:
салықтық кезең аяқталғаннан кейін 5 жыл ішінде;
кенді пайдалануға келісім әрекетінің аяқталу мерзімінен кейін 5 жыл ішінде - кенді пайдалануға келісіміне сәйкес әрекетті жүзеге асырушы салықтөлеуші бойынша.
Салықтық есептілікті сақтау мерзімі шағымдану мерзімі (бес жыл) кем дегенде бір күнтізбелік жылдан кейін өтетін кезеңге салықтөлеушімен, салық агентімен қосымша салықтық есептілікті ұсынған жағдайда бір күнтізбелік жылға ұазартылады.