Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ld_dif_synak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68.42 Кб
Скачать

1.Зертханалық диагностика (грекше diagnostikos – анықтауға қабілетті) деген мағына береді, физико-химиялық, биохимиялық және биологиялық диагностикалық әдістер арқылы адам ағзасында патологиялық процесстерің нәтижесінен жүретін тіндердегі, ағзадағы биологиялық сұйықтықтардағы өзгерістерді анықтайды. Науқастарда қанның жалпы анализі, биохимиясы, гемограммасы, жалпы билирубин, несеп анализі жүргізіледі.Зертханалық диагностика пәнінің міндеті – науқас ағзасындағы биологиялық сұйықтықтардағы өзгерістерді анықтап нақты диагностикалауға көмектесу.

2.Биохимиялық зерттеулердін объектісі

1 Ішкі орта сұйықтықтары (қан, лимфа, жұлын сұйықтықтары, лимфа, бұынаралық және көз ішіндегі сүйықтықтар).

2 экскреттер (несеп, өт, сілекей, асқазан және ішек сөлдері, нәжіс, көз жасы, ана сүті, тұқымдық сұйықтықтар).

3 биоптаттар немесе ұлпанын зерттеуге алынатын кішкіне бір бөлім.

Хирургиялық операциялар кезінде немесе арнаулы қүралдар арқалы алынған мүшелер

5.Метоболиттер концентрациясы, қалыпты және патологияда зерттеу негіздері Бауырдың метоболиттік қызметі адам ағзасына тағаммен бірге түскен көмірсулар, майлар және ақуыздардың қандай өзгерістерге ұшыратындығымен тікелей байланысты. Көмірсулардың алмасуының 5 негізгі жолы бар: 1.Гликоген синтезі: қанға түсетін глюкозадан синтезделеді 2. Глюкозаның көмірқышқылына және суға дейн тотығуы 3. Глюкозаның пентозафосфаттық жолмен тотығуы 4. Ацетил КоА арқылы холестерин мен өт қышқылдарының синтезі 5. Қандағы глюкоза концентрациясының тұрақтылығын қамтамасыз ету

Майлардың алмасуы 1.Глицерин мен ЖМҚ аэробты жолмен тотығу нэтижесінде CO2, H2O, АТФ түзілуі. 2. Липопротейдтердің синтезі 3. Кетондық денелердің түзілуі 4.Бос май қышқылдардың түзілуі 5.Өт қышқылдардың синтезі

Ақуыздардың алмасуы 1.Трансаминдену, дезаминдену реакциясы 2. глюкоза-аланиндік цикл 3. гемнің, нуклеотидтердің синтезі 4. амин қышқылдардың тасымалдануы 5. қан плазмасындағы ақуыздардың синтезі

Егер альбуминдердің концентрациясы төмендесе ісік пайда болады. Амин қышқылдардың несептегі концентрациясы көбейген кезде аминоцидоурия байқалады.

7.Зат алмасуды реттеудегі витаминдер, гармондар, ферменттер рөлі.Витаминдер – тамақ құрамында аздаған мөльшерде ағзаға түсетін зат алмасу процессі кезінде биохимиялық және физиологиялық процесстерге қатысатын төменгі молекулалы органикалық заттар. Олар суда және майда ерітін болып бөлінеді. Адам ағзасындағы витаминдерді қан плазмасы және несепте, биопсіялық материалда анықтайды. Гормондар организмдегі зат алмасу процесінің қарқынын реттейді. Зат алмасу процесіне гормондар қажетті ферменттердің түзілуін жандандыру, бәсеңдету немесе тоқтату нәтижесінде әсер етеді. Мысалы, инсулин, глюкагон, адреналин гормондары көмірсулардың алмасуын реттейді, өсу гормоны-белоктардың түзілуін жандандырып, көмірсулар мен майлардың алмасу қарқынын өзгертеді; тироксин-қуаттың өндірілуін күшейтіп, белоктардың, көмірсулардың, майлардың тотығуын жақсартады.Белоктық және пептидті гормондардың қабылдағыштары жасушаның цитоплазмалық мембранасында орналасқан. Бұл топтағы гормон-дар өз рецепторларымен қарым-қатынасқа түскенде аденилатциклаза ферментінің активтенуі жүреді. Оның әсерінен жасушада циклдік аденозинмонофосфат пайда болады. Ал олар протеинокиназаларды — белоктың синтезделуіне қажетті ферменттерді — белсендендіреді, бұл гормондардың кейбіреулері циклдік гуанозинмоно-фосфат арқылы әсер етеді.Тірі ағзада химиялық реакциялардың жүруіне қатысатын ақуыздарды фермент деп атайды. Яғни олар биологиялық катализатор болып табылады, барлық мүшелерде, клеткаларда, субклеткалық құрылымдарда кездеседі. Ферменттер белсенділігінің төменділігі патологиялық жағдайға себепші. Мысалы, бауырдың гликогенез ауруы глюкоза – 6 – фасфатаза ферментінің, фенилкетонория ауруы фенилаланингидроксилаза ферменттерінің жетіспеушілігінен дамиды.

9.Фермерт әсерінің реттелуі

Ферменттердің белсенділігін реттеужәне метоболизм.Фермерттер белсенділінің бірліктері.

Клеткада болатын метоболитикалық процестер тұрақты тепе-теңдікте болады,бір бақытты,бағынышты физиологиялық жағдайын анықтайды.Метоболитикалық реакциялардың бағыты мен қарқындылығы ферменттердің белсенділігіне байланысты болды.Ферменттің белсенділігін өзгертуші факторлар метаболизмді реттеу процестеріне қатысады.

Клеткадағы ферменттің белсенділігі мынадай негізгі факторларға байланысты

-ферменттәң мөлшеріне,

-ферменттің клеткада орналасуі,

-рH,температурадеңгейінің өзгерістері,

-субстраттың мөлшері,

-аллостериялық эффекторлардың,активаторлар мен ингибиторлардың болуы.

Клеткада ферменттің мөлшері фермерттердің биосинтезінің жылдамдығы мен ыдырауына байланысты.Белок молекуласы ретінде ферменттер биосинтезі транскрипция мен трансляция процестерінің қарқындылығына байланысты.

Фермент молекуласының биосинтезі немесе ыдырауы үшін белгілі бір уақыт қажет болғандықтан ,Лаг-период деп аталатын интервал болады,ол ферменттің мөлшері өзгеруінің қажеттілі туралы белгі мен клеткадағы сәйкес деңгейінің қалыптасуы арасындағы уақыт.Қалыпт ы жағдайдаклнткаға тән Лаг-период көп болғанда (бірнеше сағат),метаболитиклық процестердің жылдамдылығын тез өзгерту қиынға түседі.

15.Витаминдер дегеніміз-тағам құрамында болатын,маңызы зор, өмірге өте қажетті және организмге өте аз мөлшерде керекті төмен молекулалы органикалық заттар.Витаминдерді 1880 ж ашқан орыс дәрігері Лунни болды.

Витаминдерді екі үлкен топқа бөледі 1)Суда еритін витаминдер(В тобына кіретін витаминдер) 2)Майда еритін витаминдер( АДЕКвиаминдері)

1)Суда еритін витамидердің ерекше қасиеттерінің бірі –ферменттердің кофферментін құруға қатысуы,сондықтан метаболизм процесінде маңызды роль атқарады.

2)Майда еритін витаминдер-майда ериді және майларды ерітетін еріткіштерде ериді. Майда еритін витаминдер сіңірілу үшін өт қышқылдары керек.

.№16. Витаминдержәнеолардыңмаңызы.

2.  А, В, С, Д, К витаминдері.

3. Тамақтавитаминдердіңсақталуы.

Витаминдер және олардың  маңызы.Витаминдер – ерекше органикалық заттар. Адам  олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ витаминсіз біздің  организміміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер организмнің  тіршілік  қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, организмнің жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдығады. Витаминдер өсімдік  пен жануар өнімдерінен алынатын азық – түліктерде  болады. Адам әр түрлі тағам ішу  арқылы  өзіне қажетті  витаминді  алып отырады. Витаминдерді  латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленіп,физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай 2 топқа бөледі:

1)суда еритіндер(С,Р,РР, және В тобының витаминдері);

2) майда еритіндер(А,Д,К,Е) 

А витамині (ретинол) организмнің өсуіне және дамып, жетілуіне әсерін  тигізеді. А витамині жетіспесе,адам қараңғыда көзі көрмейтін ақшам соқыр ауруына шалдығады. Ол организмнің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А витамині – балық  бауырында, теңіз  алабұғасында, сары майда, сәбізде, қызанда, т.б. болады. 

В витаминініңтүрлеріөтекөп: В1, В2, В6, В12. Сондықтаноларды В витаминдертобыдепатайды. В тобының витаминдерізат алмасу,көптеген ферменттік реакцияларды реттейді.В1 витаминінің(тиамин) жетіспеуі сал ауруы (бери-бери ),жүрек ауруына шалдықтырады.В 2  (рибофлавин)  жасушаның энергия алмасуын реттейді.Егер жетіспесе көз жанарының бұзылуына әкеліп соқтырады.В 6 (пиридоксин)нәруызбен майлар алмасуына қажет.В12  (цианокобаламин)витаминіжілікмайындақызылқантүйіршіктерініңжетіліп, қанғатүсуінежәнеоттектітасымалдауғаәсеретеді. Бұл витамин жеткіліксізболса,қаназдықауруыпайдаболады.В15 витамині – жүрекқантамырларыныңжұмысынаәсеретеді.

                  С витамині(аскорбин қышқылы) организмнің түрлі жұқпалы ауруларға  қарсы тұруын  арттырады, сүйек  пен тістің  мықтылығын жақсартады. Ол организмге  қыста және көктемде  көбірек қажет. Бұл витамин организмде  жеткілікті болу үшін – көкөніс  пен  жеміс – жидектерді , ашыған қырыққабатты  тағамға көбірек  пайдаланған  жөн. 

                      Д витамині(кальциферол)организмде  күн сәулесінің әсерінен  түзіледі. Бұл витаминнің  жетіспеуінен жас нәрестелер  мешел ауруымен  ауырады. Мешел ауруымен ауырғанда – баланың ұйқысы  нашарлап , қаңқасы  дұрыс қалыптаспайды, аяқ  сүйектері  қисайып, басы мен іші  үлкен  болады. Бұл аурудан сақтану  үшін  бала таза ауада, күншуақта көбірек  серуендеу керек.

                      Біздің дәрі –дәрмек шығаратын өндірістеріміз  тәтті қабықпен  қапталған  дайын витаминдер жасайды. Бірақ витаминдерді  ауру және сау адамдардың  дәрігердің  рұқсатынсыз  өз  бетімен  ішуге  болмайды. Витаминді  дұрыс пайдаланбай,  мөлшерден  көп пайдаланса, әр түрлі ауруларға  ұшырап, денсаулыққа  зиян келтіруі  мүмкін. 

К  витамині  қанның  құрамындағы  қан  ұюға  қатысатын  заттарға  әсерін  тигізеді. Сондықтан бұл  витамин  жетіспегенде – жарақаттанған  адамның қаны  ұйымай , қан  көп кетеді. К витамині қырыққабатта, қызанда  және  бауырда  болады. Оны ішектегі  микроорганизмдер  түзеді. 

                        Тамақта  витаминдердің  сақталуы. Тамақты сақтағанда  және  өңдегенде  витаминдер  бұзылады. С витамині  бұзылмай  сақталуы үшін  - жемістер  мен  көкөністердің  қабығын  өте жұқа етіп  аршу  керек.  Көкөністерді  пісіру және пайдалану  алдында  ғана қабығынан  тазартып, кеседі.   Қабығы аршылған  картопты  қарайып  кетпеу үшін  суға салып  қояды. Тамақты эмаль немесе  іші  тефлонмен  жабылған  ыдыста дайындайды.  Көкөністі  қайнап  жатқан  суға  немесе  сорпаға  салып  пісіреді.   Бұл кезде  судың  көлемінің  аз  болғаны  жөн. Піскен  тамақта  витаминдердің  бұзылмай  сақталуы қажет.

17.Витаминдердің коферменттік қызметтері

Суда еритін витаминдердің көпшілігі кофермент молекуласын түзуге қатысады. Коферменттер –табиғи ақуыздық емес төменгі молекулалық органикалық заттар болып табылады. Олар ферменттің ақуыздық компонентімен бірге биохимиялық реакцияларға тікелей қатысады. Қазіргі кезде липой қышқылы ,парааминобензой қышқылы, фалий қышқылы,биотин,В тобының дәрумендері мен дәрумен тәрізді заттардың коферменттік қызметі анықталған.т

18.Авитоминоздар гиповитоминоздар салыстырмалы түрде аз кездеседі көбінесе жеке гиповитоминоздар мен авитоминоздардың бірігуі кездеседі авитоминозға қарағанда гиповитоминоз көп кездесе витоминоз және авитоминоздың жалпы тамақтанудың бұзылысымен сипатталады гиповитоминозың көбінесе витаминдердің жетіспеушілігімен және экзогенді гиповитоминоз олар сондай ақ потологиялық жағдайда да кездеседі олар эндогендік және ді көбінесе а,с,В1 В2 гиповитоминозы кездеседі никотин қышқылының цианковаломиннің жетіспе анемия полиневрид дамиды.

Гипердәруменоздар дәрумендердің артық жиналуы болып табылады Гипердәруменоз майда еритін дәрумендерге тән байқалу белгілері тәбеттің жоғалуы асқазан ішек жолдарының қызметінің бұзылуы,бас ауруы,шаштың түсуі,терінің түлеуі жүйке қозғыштығының жоғарылауы және белгілі бір дәрумендерге тән басқа да ерекше белгілер жатады

20. Гормондардың реттелуі. Гормондардың классификациясы

Адам денесіндегі көптеген жасушалар,арнаулы тіндер,мүшелер жүйелердің дағдылы қызметі,олардың өзара және сыртқы ортаменөте күрделі қарым қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморалдық реттеледі.Қызметтердің гуморальді реттелуінде маңызды рольді ішкі сөлініс бездері яғни эндокриндік бездер атқарады.ОЛар организмнің ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шыгарады.Бұл заттар гармондар деп аталады.

Гармондардың классификациясы. Гармондарды жіктеу критерилерге байланысты.

Ерігіштігі бойынша-гидрофильді,липофильді

Химиялық құрылымы бойынша:

1.АМҚ туындылары-тирозин туындылары-адреналин,тироксин,дофамин,нораадреналин,трийодтиронин,

2.Белокты-пептидті гармондар:

-полипептидтер:глюкагон,кортикотропин,меланотропин,вазопрессин,окситоцин,пептидті гармондар

-жәй белокты(протеиндер):инсулин,самототропин,пролактин,паратгармон,кальцитонин.

-күрделі белоктар:тиреотропин,фоллитропин,лютропин

-стероидты гармондар:кортикостероидтар,жыныс гармондары,андроген,прогестерон

21. Эндокринді бездер қызметінің бұзылысы, гормондар гипер және гипо өнімі

Эндокриндік бездердің қызметі төмендеуін гипофункциясы, жоғарылауын гиперфункциясы дейді. Бірақ, кейбір эндокриндік бездер бірнеше гормондар өндіреді. Мәселен, гипофиз бірнеше троптық гормондар ( АКТГ, СТГ, ГТГ т.б.), бүйрек үсті бездері глюкокортикоидтық,минералокортикоидтық және жыныстық гармондар өндіреді. Осыған байланысты кейбір эндокриндік аурулар бездің барлық гормондары өндірілуі бұзылыстарымен көрінеді.

Басқа эндокриндік бұзылыстарда жекелеген гормонның өндіріліп шығарылуы бұзылады. Мұндай жағдайда эндокриндік бездің үлестік гиперфункциясы немесе гипофункциясы деп атайды. Мысалы, аденогипофизде тек өсу гормонының өндірілуі жетіспеуінен балалардың бойы өсуі баяулайды,ергежейлік дамиды.

  • бездердің гипофункциясы мына жағдайларда байқалады;

  • орталық реттелулерінің бұзылыстарынан ;

  • гормон өндіріліп шығарылуы азаюдан;

  • гормондардың безден тыс жеткіліксіздігінен;

  • нысана – тіндердің гормонға сезімталдығы азаюынан.

Бездердің гиперфункциясы мына жағдайларда дамиды

  • гормонның немесе оның белсенді аралық өнімдерінің тым артық өндірілуінен; ол өз алдына:

  • безде өспе өсуінен

  • кері байланыс негізінде бездердің өзін өзі реттеу тетіктері жеткіліксіздгінен

  • гормон өндіретін жасушалардың тым артық түрткіленуінен

  • гормон түзілуі бұзылыстары кездерінде оның белсенді аралық өнімдері артық жиналып қалуынан- байқалады.

  • гормондардың безден тыс белсенділігі артып кетуінен, ол өз алдына:

  • гормондардың әдеттен тыс ағзаларда өндірілуінен;

  • гормон емдік мақсатта артық енгізілуінен немесе қызыл мия түбірінің препараттарымен емдеуден.

  • нысана- тін рецепторларына аутоантиденелер әсер еткенде.

№25.Гипер-диабеттік команың бір түрі болып гиперглиемиялық, гиперосмастық кетогендік емес ,кома есептеледі. Бұл кома инсулинге тәуелсіз диабет кезінде ұлғайған науқас адамдарда дамиды.Көмірсулар алмасуы бұзылыстарының келесі бір түрі болып гипогликемия есептеледі.Гипогликемия деп қанда глюкозаның деңгейі 3,5ммол л-ден азайып төмендеуін айтады .Гипогликемия төменде келтірілген жағдайларда дамуы мүмкін:

-организмде инсулиннің деңгейі көтерілуінен . -инсулинге қарсы гормондардың жеткіліксіз өндірілуінен . -бауыр аурулары кездерінде . -тұқым қуалайтын гликогеноздар кезінде. -ұзақ ашығудан. Амин қышқылдарының қалдықтары глюкоза түзілуіне пайдаланыладлы ,глюконеогенез артады .Диабет кезінде нәруыздардың түзілуі баяаулайды.Осыдан бұлшықеттердің атрофиясы дамиды ,қанда гипопротеинемия байқалады, антиденелердің түзілуі жеткіліксіз болады. Сондықтан теріде және шырышты қабықтарда іріңді қабынулар ,туберкулезбен ауыру қантты диабетпен ауыратын адамдарда жиі кездеседі.

26. Көмірсу алмасуының бұзылысы

1 көмірсудың ішек карында ыдырауы бұзылыстарынан

2гликогеннің тузілуі мен ыдрауы өзгерістерінен

3 көмірсулардың арлық алмасуының бұзылыстарынан

1ас қорыту жолдарының амилолиздік ферменттері әрттүрлі себептерден (панкреатит , энтерит)жжеткіліксіз болғанда байқалады . сонымен бірге ішектер қабынғанда , фосфорлайтын фермент гексокиназаның әсерсізденуінен немесе жеткіліксіз өндірілуінен глюкозаның сіңірілкуі бұзылады . гексокиназа глюкоза сіңірілуі үшін оны фосфорлайтын фермент бұндай бұзылыстар жжас балаларда жиі кездеседі

2ОЖЖ мен симпавтикалық жж козғанда гипофиздің бүйрек үсті бездерінің милық қабаты қалқанша бездердің қызметтері артканда ауыр кол жумысын аткарганда организмде гликогеннің ыдырауы кушейеді .гликоген тузілуі бауыр кабынғанда азаяды . керісінше онын түзіліу тукым куатаын гликогеноздар деп аталатын аурулар кездерінде кобейеді

3 комірсу алмасцуынын бузылысы гипоксия бауыр аурулары жане оргаанизмде в 1 витамини жеткіліксіздігі кезінде байкалады ойткени оттегі жетисспеушиилиги кезиинде аэробты тотыгу процеси алсирейди де анаэробты гликолиз артады

Комирсу алмасуынын бузылыстары гиперкликемия глюкозурия жане гипокликемия турлеринде байкалады .

27.Липид алмасуы.Липидтердің сіңірілуі мен түзілуінің бұзылыстары.

Май және май тәрәзді қосындылар липидтер деп аталады.Адам денесі үшін май- негізгі энергия көзі. Ересек адам ағзасына тәулігіне 70-100 гр май түсіп отыруы кк. 1 гр май тотықса 9,3 ккал, (38,39 кДЖ) жылу бөлінеді, сондықтан май көбінесе энергия ретінде жұмсалады. Май ағзаға тағаммен бірге келіп түседі, аз мөлшерде бауырда көмірсу мен белокта да түзілуі мүмкін.Май 12 елі ішекте өттің қатысуымен эмульсияға айналады да, липаза әсерінен ыдырыған кезде моноглицерид, май қышқылы мен глицеринге айналады. Май және басқа липидтердің ыдырау өнімдері лимфаға сіңеді. Моноглицерид, май қышқылдары өттің қатысуымен ішек эпителийіне өтеді. Өт құрамындағы қышқылдардың тұздары мен фосфатидтері май қышқылдарымен моноглицеридтерді қоршап, гидрофилдік қабық құрады, өте ұсақ мицеллаға айналады. Мицеллалар судағы ерітінді күйінде жай диффузия жолымен энергия жұмсамай-ақ, пиноцитоз арқылы ішек эпителийіне өтеді. Мұнда мицелла ыдырап, одан босап шыққан өт қышқылдары қанға сіңеді, оның 2,8-3,5 гр бауыр арқылы ішекке қайта оралып бір тәулік ішінде ішек-қарынға келіп түскен майдың сіңуін қамтамасыз етеді. Май тері асты шел май қабатында қор ретінде жиналады.

Бұзылыс: 12 елі ішекке өт түспеуі немесе өте аз тусуі майлардың сіңірілуіне тікелей әсер етеді. Өт жолдарының бітелуі, өт қабының қабынуы және өт шығарылу бұзылыстарымен сипатталатын бауырдың кейбір аурулары кездерінде тағамдық май, эмульсияға айналмауынан, сіңірілмейді.Ұйқы безінің ферменттері өндіріліп шығарылмағанда немесе тым аз шығарылмағанда 12 елі ішекте майлардың май қышқылдарына, глицеринге дейін ыдыратылуы бұзылады. Сонымен қатар майлардың сіңірілуінің бұзылуы ішектердің шырышты қабықтарындағы эпителий жасушаларының қызметі төмендегенде немесе ашішектің толық жиырылуы күшейгенде болады.

28.Қан липидтері,олардың анықтамасы

Қан плазмасында липидтер негізінен май қышқылдары,триацилглицерин,холестерин,фосфолипидтер түрінде болады.Фосфолипидтер –олар жоғарғы активті ,қан ұю процесіне қатысады. Холестерин –органикалық қосылыс ,табиғи майлы спирт. Қандағы нормасы -4-4,5ммоль/литр. Айналымдағы қанға май ішектерден хиломикрондар түрінде,өкпеден және сүйек кемігінен бос май қышқылдары , ал бауырдан нәуызбен байланысқан майлар –липопротеидтер түрінде түседі. Хиломикрондар триглицеридтерден,холестериннің эфирлерінен ,ифосфолипидтерден тұрады. Олар 98 % майлардан және 2 % нәруыздан тұрады. Бауырдан қанға 3 түрлі липопротеидтер түседі. Оларды тығыздығы бойынша :Өте төмен тығыздықты липопротеидтер,төмен тығыздықты липопротеидтер,жоғары тығыздықты липопротеидтер деп ажыратылады. ӨТТЛП негізінен триглицеридтерден,ТТЛП холестериннен тұрады.ЖТЛП құрамы негізінен нәруыз бен фосфолипидтерден тұрады. Олар қан тамырларынан артық холестеринді бауырға тасымалдайды. Олардың қандағы жалпы мөлшері:4-8гл,май қышқылдары 0,3-0,8 ммоль,холестерин 4-10ммоль,ӨТТЛП-1,5-2 гр,Хиломикрондар 0-0,5.

29.Холестерин ,биосинтез,реттелуі.Гиперхолестеринемия,диагностикалық маңызы.

Адам ағзасында холестериннің биосинтезі 18 молекула ацетил –КоА және 35 ферменттің қатысуымен жүретін анаболиттік процесс. Холестериннің биосинтезі 3 кезеңнен тұрады. 1. Мевалон қышқылының түзілуі: 3 молекула ацетил-КоА конденсацияланып в-гидрокси –в-метилглутарил-КоА түзіп,содан соң 2 молекула НАДН2,ГМГ-КоА редуктаза ферментінің қатысуымен,тотықсызданып, мевалон қышқылы түзіледі. 2.Скваленнің түзілуі: Мевалон қышқылы бірнеше өзгерістерге ұшырайды,яғни 3 моль АТФ-тың ,3 киназа ферменттінің қатысуымен 3 фосфо-5-пирофосфомевалин қышқылына,одан әрі карбоксил тобынан фосфор қышқылы қалдығынан айрылып изопентинилпирофосфат қышқылына айналады.3.Сквален холестеринге айналады. Скваленнің эпоксидке дейін тотығуы жүріп,сонан соң молекула ішінде жүретін өзгеріс 4 циклдің түзулуімен ланостериннің түзілуіне әкеп соқтырса,ланостерин әрі қарай холестеринге айналады.Реттелуі;1. Холестерин синтезіне қатысатын в-гидрокси –в-метилглутарил-КоА редуктаза аллостерлік реттеуші ферменттер қатарына жатады. 2. Редуктаза ферменттінің тежеуші рөлін холестерин,өт қышқылдары ,мевалон қышқылы атқарады. Гиперхолестеринемия-бұл қандағы холестериннің қалыпты мөлшерден жоғарылауы. Қандағы нормасы -4-4,5ммоль/литр.Бұл теріде ксантоматоз,өт қапшығында өтке тастың байлануы,қан тамыр қабырғасына холестериннің жиналуы атеросклероз туындатады. Холестериннің диагностикалық маңызы осы аурулардың алдын алуга кедергі жасау

30. Атеросклероздың биохимиясы.

Атеросклероз-грек тіліндегі екі терминнен тұрады,ather –бидай ботқасы,scleros-қатты.Яғни атеросклероз кезінде қантамырларынң қабырғасы зақымданады,алғашқы кезде ботқа сияқты тұнбаға түскен холестерин кейін қатаяды. Аурудың туындауына көптеген факторлар әсер етеді,соның бірі ит қан тамыры мен қан тамыры.Атеросклероз кезінде қан тамырларында өзгерістер бірден пайда болмайды,сатылы түрде жүреді. 1.Май таңбасының немесе майлы нүктенің пайда болуы 2.Әртүрлі майлардың ,әсіресе холестериннен тұратын фиброзды төмпешіктердің пайда болып,қанның жүру жолын тарылтады.3.Фиброзды төмпешіктердің ары қарай өсіп,дәнекерт ұлпаларға айналуы. 4.Осы қалыңдаған жерлерде кальция тұздарының жиналып,қанның жүру жылдамдығы азаяды. Атеросклероздан жүрек аурулары пайда болады. Қан анализінде жалпы холестеринге анықтамасы:

  • 5,2-6,5 мм\л көтерілсе – қауіпті аймақ.

  • 6,5-8,0 мм\л көтерілсе – әлсіз гиперхолестеринемия.

  • 8,0 мм\л ден жоғары көтерілсе- ерекшеленген гиперхолестеринемия.

Атеросклерозды анықтау үшін биохимиялық анализдері қажет.Олар:Жалпы қан анализі,жалпы зір анализі,қандағы белокты анықтау анализі,көмірсу ауысуының көрсеткіші,бауыр ферменті трансаминаз белсенділігін анықтау (АЛТ,АСТ).

31.Липидтердің тотығуы

Құрамында екі немесе одан да көп қос байланысы бар липидтердің ауадағы оттекпен әрекеттесіп, жалпы формуласы R-O-OH гидропероксидтер түзеді. Бұл тұрақсыз қосылыстар липидтердің тотығып полимерлену процесін тездетеді. Нәтижесінде, липид молекулалары өзара «тігіліп», қатты қабыршақ түзеді. Оны линоксин деп атайды. Полимерленіп, соның нәтижесінде линоксин түзетін липидтерді кебетін липидтер деп атайды.Табиғи майларды ұзақ сақтаған кезде жарықтың, ауаның және микроорганизмдердің әсерінен ашып кетеді, иісі және дәмі бұзылады. Сақталу мерзімін ұзарту үшін майға ас тұзы сияқты консерванттар қосады және тозазытқышқа сақтайды. Жылудың, жарықтың, ылғалдың әсерінен майлар гидролизге ұшырайдыжәне тотығады. Ауадағы оттектің әсерінен тотыққан кезде гидропериксидтер түзіледі., одан әрі тотығып, олар альдегидтерге, карбон қышқылдарына айналады. Көбіне бұл жағдайда иісі жағымсыз-бутан қышқылы түзіледі.

34. Белок денеге қажетті аса маңызды зат әрі клетка негізін құратын негігі материалы . қоректік заттар түзілуі мен ыдырауы ферменттердің қатысуымен өтеді .ал ферменттер түгелдей белоктардан тұрады.қанда газдар тасымалдайтын гемоглобин де белокка жатады .қан ұйуыына қатысып денені қансыраудан сақтайтын плазмалық фибриноген де – белок .1 г белок тотыққанда 4,1 ккал жылу яғни 17,7кдж жылу пайда болады .белок құрамында 20 амин қышқылы бар оның 12 адам денесінде кездеседі .олардың өзі алмастырылатын және алмастырылмайтын деп бөлінеді . аспен бірге асқазанға келіп түскен белоктар протеаза ферментінің әсерінен пептидтер сатысымен амин қышқылдарына дейін ыдырайды . аминқышқылдары ащы ішектен қанға сіңіп , бауырға барады .бауыр клеткаларында аминнқышқылдарынан қан клеткалары және өз клеткаларына қажет клеткалар түзіледі.клеткаларда белоктар түзілуімен қатар тотығу процесстері де жүреді .дессимиляция кезінде пайда болған аминқышқылдары қайтадан қанға өтеді де басқа клеткаларда белок түзілу процессіне қатысады .дессимиляция барысында аралық заттар пирожүзім және сірке қышқылы түзіледі . бұл заттар арқылы белоктан май және көмірсу түзіледі

35. Нәруыздар алмасуының жеткіліксіздігі тамақпен түсетін наруыздардың жеткіліксіздігінен болады . олар біріншілік және екіншілік деп бөлінеді .

Наруыз түзілуінің бұзылыстары екі ттүрлі себептен болуы мүмкін -1 алмастырылмайтын аминқышқылдардың жеткіліксіздігінен 2 жасушалардын гендік құрылымдарының өзгерістерімен

Наруыз организмде түзілуі ушін ішектк сіңірілген аминқышқылдар пайдаланнылады . олардың ішінде аса маңыздысы –алмастырылмайтын аминқышқылдары .олардың біреуі болмаса тінде наруыз түзілмейді .Жасушалардың гендік құралдарының өзгерістері тұқым қуатын жіне жүре пайда болған деп бөлінеді . олардың нәтижесінде наруыз түзілуі бұзылады .туқым қуатын гендердің мутациясына – орак тәрізді анемия жатады .кейде гендік акаулардын натижесінде кейбір наруыздардын түзілмеуі байкалады .наруыздардың тузілуі ммен ыдырауынын клиникалык кориниси болып – азотты тепе тендік табылады

35.Ақуыздардың түзілу механизмдерінің бұзылысы,диагностикасы

Ақуыздардың түзілуінің бұзылуы екі түрлі себептерден болуы мүмкін:1.Амин қышқылдарының әсіресе алмастырылмайтын амин қышқылдарының жетіспеушілігінен;2.Жасушалардың гендік құрылымдарының өзгерістерінен немесе олардың қызметінің нашарлауынан.Адам организміне тәулігіне 8-10 г ақуыз тамақпен түсуі қажет,оның ішінде жануарлардың нәруыздары болу керек.Ақуыз организмде түзіоу үшін ішектер арқылы сіңірілген тамақтың аминқышқылдары пайдаланылады.Олардың ішінде ең маңыздысы алмастырылмайтын аминқышқылдары.Бұлардың тіпті біреуі болмаса нәруыз түзілмейді.Сондықтан тағамдағы нәруыздардың сіңірілуі мен қорытылуы бұзылғанда олардың қоректік жеткіліксіздігі дамиды.Бұндай жағдайлар ішектердің секрециялық және қимылдық әрекеттері бұзылуына әкелетін ішек-қарын жолдарының аурулары,ашығу,аминқышқылдары бойынша құрамы толық емес тамақтану кездерінде байқалады.Ағзалар мен тіндердің атқаратын қызметтері төмендегенде нәруыз түзілуі азаяды да,атрофия дамиды.Бұған мысал ретінде шынықпаған организмнің бұлшықетінің семуін келтіруге болады.Нәруыз түзілуі бұзылғанда эндокриндік бездерде гормон түзілуі,иммундық жүйеде антиденелер мен лимфоциттер,комплемен жүйесі,сүйек кемігінде қан жасушаларының өндірілуі бұзылады.Осыдан организмде гормондардың жеткіліксіздігі,жұқпаларға организм төзімділігінің төмендеуі,анемия ж.т.б құбылыстар бақалады.

36 ас пен бірге тускен азот молшерімен тер нажиспен шыкан азот молшери тен болса бул – азот тепе тендігі деп аталады . сыркаттанган кезде , кейбір физиологиялык жагдайдын озинде азот тепе тендиги озгереди . денеге келип тускен азот одан шыгарылып тасталган азоттан басым болса азот тепе тендиги он деп есептеледи .бул денеде белоктын тузилуи онын ыдырауынан басым екенин корсетеди . мундай жагдай спортшыларда , осип келе жаткан жас организмде , созылмалы аурудан айыккан рганизмде болады . ал сыртка шыгарылган азот калдыктары ишке енгеннен басым болса онда азот тепе тендиги теріс деп есептеледі . ол жаксы тамактанбагандыктан , ашаршылыкка ушыраганнан болады .

36 Азотты баланс бұзылысы,диагностикасы.

Азоттық тепе-теңдік-ағзаға түскен және

шығарылған азоттың тепе-теңдігі.Азоттық тепе-теңдік

нөлдік,оң және теріс тепе-теңдік деп анықтайды.Нөлдік-

азоттық тепе-теңдікдені сау ересек адамдарда байқалады

.оң-ағзаға түскен азоттанбөлінген азотың аз болуы.

Балаларда, жүкті әйелдерде,ауыр дене еңбегімен

шұғылданатын адамдарда,спортсмендерде,ауыр

жағдайлардан кейін сауығу кезінде байқалады.

Теріс ағзаға түскен азоттан бөлінген азоттың көп болуы.

Ашығу,қызба,қартайғанда ,ауыр операциялардан кейін

және тағы т.басқа ауыр жағдайларда байқалады.