Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
201.52 Кб
Скачать

Емес элементі

Қарапайым Х айтылымына ЕМЕС шылауын қосу логикалық терістеу операциясы немесе инверсия деп аталады.

Белгіленуі: Х, Х, NOT Х, Х ЕМЕС

Е МЕС схемасы терістеуді жүзеге асырады. Бұл схеманың Х кірісі мен

шығуының X = арасындағы байланысты қатынасымен жазуға

болады, мұндағы «х емес» немесе «х инверсиясы» деп оқылады.

Бұл схеманың кірісінде 0 болса, шығуында 1 болады.

Ал кірісінде 1 болғанда, шығуында 0 болады. Құрылымдық

схемалардындағы инвертордың шартты белгіленуі 3- суретте көрсетілген.

ЕМЕС схемасының ақиқаттық кестесі

Кірістік шамалар

Шығуы

Х

0

1

1

0

  • Бастапқы пікір жалған болғанда, терістеу-ақиқат.

  • Бастапқы пікір ақиқат болғанда, терістеу-жалған.

Бұны физикалық тұрғыдан қалыпты тұйық реленің (серіппе астылық)

көмегімен іске асырауға болады. Орамға реле ток берген кезде

(кіріс сигналы 1-ге тең), реле жұмыс істей бастайды және

байланысты ажыратады. Егер тізбекте ток болмаса, онда ол тұйықталады.

24*.Фон Нейманның принципіне сәйкес компьютердің құрамына кіретіндер.

Дербес компьютердің негізгі құрылғылары

1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсеткен ғалым.

ДК –дің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Негізгі конфигурация ретінде төрт құрылғы кіреді.

1.Жүйелік блок

2.Монитор

3.Перне тақтасы

4.Тышқан

Жүйелік блок

Компьютердің негізгі құрылғысы – жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына кіретіндер:

• процессор;

• жедел жад (RAM);

• тұрақты есте сақтау жады (ROM);

• қоректендіру блогы;

• енгізу-шығару порттары;

• ақпарат тасушылар.

Бұлар жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар болғандықтан ішкі құрылғылар деп аталады. Ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.

Аналық тақша

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мəлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша - жүйенің ядросы. Бұл шынында да ДК-дің басты бөлшегі- қалғандарының барлығы онымен жалғастырылған жəне жүйедегі құрылғылардың бəрін нақты сол басқарады.

Микропроцессор

Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мəліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Ол компьютерді басқарады жəне программадағы командаларды орындайды.

Процессор микросхема ретінде ұсынылған жəне оперативтік жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) өлшенетін оның тактілік жиілігімен анықталады.

Кең тараған модельдерге Іntel - 8088 (5МГц), 80286 (20МГц), 80386SX (25МГц), 80386DX (40МГц), 808486 (100МГц-ке дейін), Pentuіm (75МГц-тен жоғарғы) жəне Pentuіm - Pro ( 200МГц-тен жоғары) жатады, бұл тізім олардың жұмыс өнімділігі мен соған сəйкес бағасының өсуі бойынша реттеліп келтірілген. Кейде конструкциялық ерекшеліктеріне қарай бір модельге кіретін процессорлардың жиіліктері əртүрлі бола береді - жиілігі артқан сайын оның жұмыс жылдамдығы да өсе түседі.

Іntel 8088, 80286, 80386 тəрізді бұрын шыққан микропроцессорлардың аралас сандар мен амалдарды жылдам орындайтын арнаулы командалары жоқ, сондықтан олар жұмыс өнімділіктерін арттыратын қосымша математикалық сопроцессорлармен жабдықталады. Математикалық сопроцессорлар өзінің командалар жүйесі бар жəне ол негізгі процессормен қатар оның басқаруымен жұмыс істейді. Операциялар ондаған есе жылдамдатылады.

25. Жергілікті желі компьютерлері барлық қатысушылар үшін протоколдардың бірыңғай жинағын қолданады. Территориялық белгісі бойынша жергілікті желі тұтастығымен ерекшеленеді. Олар бір қабаттағы, ғимараттағы немесе тұтас орналасқан ғимараттар тобындағы компьютерлерді біріктіре алады. Ауқымды желінің географиялық мөлшері үлкен болады. Олар жеке компьютерлерді, сол сияқты әртүрлі протоколдарды қолданатын жеке жергілікті желілерді біріктіре алады. Әр түрлі протоколдармен жұмыс істейтін бірнеше жергілікті желілерді өзара байланыстыру үшін шлюздар деп аталатын арнайы құралдар болады. Шлюздар аппараттық та, программалық та бола алады. Мысалы, ол арнайы компьютер (шлюзды сервер) немесе компьютерлік программа да болуы мүмкін.

Жергілікті және ауқымды желілер арасында желі  қолданбалы хаттамалар жоғары деңгейде боп есептеледі, бұлар Интернеттің арнайы қызмет баптарының – HTTP (Hyper Text Transfer Protocol – гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, FTP (File Transfer Protocol – файлдарды тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, TELNET (алыстан қатынасу) хаттамасының, электрондық поштаның SMTP және POP 3 тәрізді хаттамаларының, т.б. жұмысын қамтамасыз етеді. FTP компьютерлер арасында екілік және мәтіндік файлдарды тасымалдау мүмкіндігін береді. Ол ең «ежелгі» қолданбалы хаттамаға жатады, өйткені ДК тұтынушыларының ең алғашқы талаптарының бірі – осындай қызықты программалар мен құжаттар алмасу болатын. Осы әрекетті FTP хаттамасы атқарады. лік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін брандмауэрлер қолданылады. Брандмауэр арнайы компьютер немесе желілер арасында ақпараттардың рұқсатсыз алмасуына кедергі болатын компьютерлік программа.

26. HTML құжатты қалай құрылады?  HTML құжаттарды жасау үшін мәтіндік редакторларды (мысалы, қойын дәптер (блокнот)), мәтіндік процессорлар (Word) және визуалдық HTML редакторларын қолданады. Сіздер қарапайым блокнотта құжатты жасай алаcыздар. Арнайы стандартты ұстана отырып, HTML кодты мәтіндік файлында жазып қойып, қатқыл дискіде .txt деген кеңейтуді .html немесе .htm құжат ретінде сақтасаңыз толық құнды web бетті аласыз. HTML тегтер дегеніміз не? Тегтер - текстті белгілеу құралы. Тегтер бас әріппен де кіші әріппен де жазыла береді, еш айырмашылығы жоқ. Әрі олар жұптарымен де, жалғыз да болады. Жұптарымен тұратын тегке мысал ретінде келесі тегті келтіруге болады: <html></html>. Бұл тег кез-келген HTML құжатты ашып және жабатын тег. Тегтің екінші бөлігін бірінші бөлігінен мына символ арқылы "/" ажыратуға болады. Бірақ бірінші бөлігі қосымша параметрлерден тұруы мүмкін. Мысалы: <font size="4"></font> тегінде, size="4" параметрі мәтіннің өлшемін анықтайды. Ал дара, яғни жұп емес тегтің мысалы ретінде <hr> тегін келтіруге болады, ол HTML құжатқа көлденең сызықты орналастырады. HTML тіліндегі міндетті тегтер: Кез-келген HTML құжат келесі тегтердің көмегімен құралады <html></html>, <head></head>,  <body></body>, <title></title>. HTML құжатта тегтердің орналасу реті төменде көрсетілген

<html>

<head>

<title>Web беттің аты</title>

</head>

<body>

 Сіздің құжатыңыздың денесі

</body>

</html>

<head></head> тегінің ішінде сіздің HTML құжатыңыздың аты орналасады (негізінде сілтеме ретінде қандай да бір іздеу нәтижесінде осы берілген атауды көре аласыз), сонымен қатар, бұл тегтің <head></head> конструкциясының ішінде Мета тегтер деп аталатын тегтер болуы мүмкін.

27.WEB сайттың ең негізгі 7 типтері бар:

  1. Насихаттау сайты. (Advocacy site) қоғамдық лөзқарастың өзгеруіне қатысты қолданылады, активті түрде қолдау немесе түсім ақы жинау. Мынандай WEB – сайттар оған мысал бола алады, саяси компаниялар, ұйымдардың WEB-сайты, қоршаған ортаны қорғаудың бір нәрсеге сіздерді сендіру арқылы жүзеге асырылады, бір іске салым салуға шақыратын WEB-сайттар. Бұған мысал ретінде мына сайтты келтіруге болады: http://www.wwf.ru

2. Коммерциялық сайттар (Commercial site ) ол сайттарға сатуға арналған товарлардың жарнамасы мен ақпараттары туралы енгізілген сайттар; тапсырыс қызметін ұсынатын сайттар;бизнес және қандайда бір өндірісті арттыруды ұсынатын сайттар. Бұған мысал ретінде Microsoft http://www.microsoft.ru.

компаниясының сайттарын айтуға болады.

3.Ақпараттық сайттар(Informational site) мәліметтерді және статистиканы, тізімдер мен түрлерді, анықтаматарды, әртүрлі ақпараттарды ұсынады. Оған мысал ретінде мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтының ақпараттық және технологиялық сайтын алуға болады: http://www.informika.ru.

4.Ойын- сауық сайты (Entertainment site) Бұл сайт музыканы, ойындарды және де ойын-сауық индустриясының ақпараты мен жаңалықтары туралы да ұсынады. Бұл сайтқа музыкалық топтардың және телевизиялық желілерді құрушылардың немесе жаңа фильмдердің сайттары мысал бола ала алады. Ойын –сауық сайттарының мысалы ретінде мына сайттар табылған: MSN http://zone.msn.com/en/root/freeonline.htm немесе ойын - сауық порталы EnForce.Ru http://www.enforce.ru.

5..Білім беру сайты (Educational site) бұндай сайттар әдетте шетелде болады және оның URL бар. Ол EDU мен бітеді. Олар білім беру институттарын алға ұмтылдырып немесе мектептер туралы ақпаратты ұсынады. Бұл топқа колледждермен университеттердің сайттары кіреді және тағы да басқа жоғары мектептердің сайттары кіпеді. Оған мысал ретінде Москва мемлекеттік университетінің сайты кіреді: http://www.msu.ru .

6.Жаңалықтар сайты(News site) бұл сайттар жергілікті, аймақтық және халықаралық дәрежедегі жаңалықтарды, болып жатқан оқиғалардың ақпаратын ұсынады. Олар журналдар мен газеттегі басылымдар мен немесе телевизиялық бағдарламаның ұйғарымдарымен сәйкес болуы мүмкін. Ресейлік газеттер http://www.rg.ru/, Известия http://www.izvestia.ru/, Интернет сайты немесе кабельдік желі, мысалы, http://www.rbc.ru/.

7.Дербес сайттар(Personal site) Визиттік карточкасы, фотоальбомы және нақты адамның басқа да дербес ақпараты.

28. Мәліметтер қоры (МҚ) деп өзара байланысқан мәліметтердің интеграцияланған (шоғырланған) жиынтығын айтады. Көбінесе мәлімет қорлары нақты бір аумаққа, ұйымға немесе қолданбалы есептерге құрылады.

Мәліметтер қорымен жұмыс жасауды жеңілдету мақсатында мәліметтер қорын басқару жүйесіМҚБЖ (СУБД) автоматтандырылған жүйесі қолданылады. МҚБЖ дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге арналған программалық құралдар кешені. Мәліметтерді және олардың арасында байланыстарды ұйымдастыру модельдері: иерархиалық, реляциялық және тораптық модельдер болып үшке бөлінеді.

Иерархиялық мәліметтер қорында жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы Norton Commander программасындағы каталогтар, білім жүйесіндегі иерархиялық кластар тізімі, т.б.

Реляциялық МҚ - кесте түрінде дайындалған шамалар. Мәліметтердің реляциялық моделінің концепциясын 1970 жылы МҚБЖ зерттеу облысының белгілі маманы Е.Ф.Кодд ұсынған. Реляция сөзі ағылшынның relation – қатынас сөзінен алынған. Шынында да реляциялық моделдің негізі кестелер арқылы көрсетілген қатынастардан тұрады. Коддтың дәлелдеуі бойынша қатынастардың жиыны өмірдегі объектілер туралы мәліметтерді сақтау үшін және оларды өзара байланыста ұстау үшін пайдаланылады. Реляциялық МҚ-да домен деп белгілі өріске пайдаланылатын мәндер жиынын айтамыз.

29. Компьютерлік желілер жергілікті, аймақтық және ауқымды болып түрлі түрге бөлінеді.

1. Жергілікті желі (LAN - Local Area Network) – бір бірімен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер. Олар мекеме ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы компьютерлерді бір-бірімен және сервермен (қуатты бас компьютер) байланыстырады. Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір компьютер желі түйіні немесе жұмыс станциясы деп аталады Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Біррангті желі - ерекшеленген сервері жоқ, барлық ЭЕМ-дердің қатынас құқықтары бірдей желілер.

Кейбір компьютерлер Интернетке тұрақты қосылып, желіге келіп түскен мәліметтер қозғалысын басқарып тұрады. Оларды Интернет серверлері деп атайды. Сервер арқылы Интернетке жеке компьютерлердің қосылуы да мүмкін. Қазіргі кезде қосылуды ұйымдастыратын мекеме – Провайдер деп аталады. Интенетке қосылатын компьютер үшін парольді, желілік арнайы аты-жөніңізді, телефон нөмірін және Интернетпен жұмыс істеу тәсілдерін айқындап алуыңыз керек.

30. ДК –дің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Негізгі конфигурация ретінде төрт құрылғы кіреді.

1.Жүйелік блок

2.Монитор

3.Перне тақтасы

4.Тышқан

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]