- •1/ Ақпарат дегеніміз не? Ақпараттың берілу түрлерін атаңыздар. Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болатындығын тұжырымдаңыздар.
- •Ақпарат қалай беріледі?
- •Жүйелік блок
- •3/ Ақпараттық технология пәнінің негізгі приоритеттік бағыттары
- •4/ Қандай санау жүйелерін білесіздер? Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне қалай өтуге болады? Позициялық және позициялық емес санау жүйесі дегеніміз не?
- •5/ Есептеу техникасының даму сатылары
- •Жүйелік блок
- •Монитор
- •Пернетақта
- •7/ Жүйелік блоктың ішкі құрылғыларына не жатады?
- •Принтерлер мен плоттерлер
- •9/ Программалық жабдықтар құрамына не жатады? Программалық жабдықтар құрамы (Software)
- •10/ Аналық тақша дегеніміз
- •Микропроцессор
- •11/ Алгоритм ұғымы және оның қасиеттері жайлы түсініктеме
- •12/ Алгоритм құрылымында оның берілу тәсілдеріне мысал келтіріңіздер Блок-сызба элементтері
- •13/ Вирустарды қалай анықтайды, оның бар болу белгілерін атаңыздар.
- •14 Компьютерлік вирустардың негізгі түрлерін ашып жазыңыздар
- •15/ Вирустардың пайда болу белгілерін атаңыздар
- •20.Вирустан қорғауға арналған арнайы программалар
- •21.Компьютерлік вирустардың классификациясы
- •Емес элементі
- •24*.Фон Нейманның принципіне сәйкес компьютердің құрамына кіретіндер.
- •Жүйелік блок
- •Монитор
- •Пернетақта
20.Вирустан қорғауға арналған арнайы программалар
Детекторлар программалары (McAfee Associates-тен Scan, Norton Antivirus және “Диалог-МГУ”-дан AVSP) бірнеше әйгілі вирустарды табу үшін қолданылады.
Флаги немесе доктор (Д.Н. Лозинскийдің Aids Test, “Диалог-МГУ”-дан AVSP-сы) дискілерді немесе бұзылған программаларды “жазады” (тазалайды), бұзылған программалардан вирус денесін “тістеп алу” арқылы программаларды вируспен бұзылмаған кездегідей бастапқы қалыпқа келтіреді.
Фаг-программалар – зақымдалған программалардағы нақты вирусты өшірудің арнайы программалары.
Зақымдалған файлдармен фаг-программа файлдың зақымдануында вируспен шығатын әрекетке кері әрекетті орындайды, яғни файлды қалпына келтіруге тырысады. Қалпына келтіре алмаған файлдар, ереже бойынша жұмыс істеуге қабілетсіз болып қалады да өшіріледі. Вирусты табу үшін және өшіру үшін жасалатын әрекеттер вирустың әр версиясында жеке болады.
Ревизор (тексеруші) программалар (“Диалог-наука”-дан Adinf+AdinfExt) – бірінші дискінің жүйелік аймақтары және программа күйі жайлы ақпараттарды есіне сақтап, содан кейін оны бастапқы күйімен салыстыра отырып тексереді. Олардың салыстыруында келіспеушіліктер болса, онда ол туралы пайдаланушыға хабарлайды.
Ревизор (тексеруші) докторлар – ревизорлар мен докторлардың қызметін атқарады, яғни программалар тек өзгерулерді ғана көріп қоймай, сонымен қатар ол өзгерулерді автоматты түрде бастапқы қалыпқа келтіруге бар жағдай жасайды.
Фильтр программалары (-D, FlueShot Plus) резидентті түрде компьютердің жедел жадысына орнатылады да көбею және қауіп төндіру үшін вирустар қолданатын операциялық жүйеге түсетін хабарламаларды жолдарынан ұстап алып ол туралы пайдаланушыларға хабарлайды.
Вакцина – программалары (немесе иммунизаторлар), дискілерді немесе программаларды оның жұмыс нәтижесінде көрінбейтіндей етіп модификациялайды, бірақ вирус оны, яғни вакцинацияланған программаны вирусталған екен деп түсінеді.
21.Компьютерлік вирустардың классификациясы
Компьютерлік вирустар келесі белгілерге сəйкес классификацияланады:
1) Тіршілік ортасы;
2) Тіршілік ортасын зақымдау тəсілі;
3) Активтеу тəсілі;
4) Көрсету тəсілі;
5) Маскировка тəсілі.
Компьютерлік вирустардың негізгі түрлеріне мыналар жатады:
• программалық вирустар;
• жүктелетін вирустар;
• макровирустар;
Программалық вирустар – басқа қолданбалы программаның ішіне мақсатты түрде ендірілетін программалық кодалардың блогы вирусы бар программа жұмыс атқарғанда ондағывирустық кода іске қосылады. Бұл кода қатты дискіде жəне басқа программаның файлдық жүйесінде пайдаланушыға көрінбейтін өзгерістер жасайды. Мысалы, вирустық кода басқа программалар денесінде өзін - өзі қайталайды. Бұл процесті көбейу деп атайды.Программалық вирус компьютерге иілгіш дискілерден, немесе интернеттен алынған тексерілмеген программаларды іске қосқанда енеді.
Жүктелетін вирустар – программалық вирустардың жүктелетін вирустардан ерекшелігі тарату əдістерінің басқаша болуы. Олар програмалық файлдарды емес, магниттік тасушы иілгіш жəне қатты дискілер белгілі бір жүйелік аумақтарды бұзады. Сонымен бірге іске қосылып тұрған компьютерде олар уақытша жедел жадыда орналасады.
Макровирустар. Вирустың бұл түрі макроклманданы орындауға арналған құралдары бар қолданбалы программалардағы құжаттарды бүлдіреді. Мысалы, мұндай құжаттарға Місrоsоft Word (dos кеңейтуі бар) мəтіндік процессорының құжаттары жатады. Егер макрокоманданы орындалу мүмкіндігі өшірілмесе, онда құжат файл ашқанда жұқтыру басталады. Шабуыл нəтижесі арқылы болуы мүмкін, өте қауіпсіз еместей қалпына келтіруі қиын бүлдіруге дейін апара алады.
22. Криптография – мәліметтердің өзгеру әдістерінің жиынтығы, яғни осы мәліметтерді айқынсыз бейнеге әкелуге бағытталған мәліметтерді қорғаудың екі басты мәселесін шешу:
жасырындық мәселесін;
бүтіндік мәселесін.
Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері ЭЕМ-де өңделген немесе есте сақтау құрылғысының әртүрлі типінде сақталған ақпаратты қорғау үшін қалай қолданылса, байланыс жолдары бойынша әртүрлі элементтер арасында берілген ақпаратты жабу үшін де солай қолданылады.
Криптоталдау – кілтке қатынаусыз шифрленген хабардың бастапқы мәтінін ашу жайлы ғылым.
Криптоталдаудың орнықты ережесі (1-ші рет XIX ғасырда голланд А. Керкхофпен құрылған) шифрдың (криптожүйенің) тұрақтылығы кілттің құпиялылығымен анықталуы керек деп қорытындыланады.
Криптожүйелерге қойылатын талаптар:
Шифрленген хабар тек кілт болғанда ғана оқылуы тиіс.
Шифрленген хабар фрагменті бойынша шифрлеудің қолданылған кілтін анықтау үшін қажетті операциялар саны және оған сәйкес ашық мәтін мүмкін болатын кілттердің жалпы санынан аз болмауы керек.
Барлық мүмкін болатын кілттерді артық таңдау жолымен ақпараттарды шифрлеуді ашу үшін қажетті операциялар саны қатал төмен бағамен болуы тиіс және қазіргі компьютерлердің мүмкіндіктерінің (тораптық есептеу мүмкіндіктерін ескере отырып) шегінен шығуы керек.
Шифрлеу алгоритмін білу қорғау сенімділігіне әсер етпеуі тиіс.
Кілттің аздап өзгеруі бір кілтті ғана қолданғанның өзінде шифрленген хабар түрінің елеулі өзгеруіне әкелуі тиіс.
Шифрлеу алгоритмінің құрылымдық элементтері өзгеріссіз болуы керек.
Шифрлеу процесінде хабарға енгізілетін қосымша биттер шифрленген мәтінде толық және сенімді жасырылуы тиіс.
Шифрленген мәтіннің ұзындығы бастапқы мәтіннің ұзындығына тең болуы тиіс.
Шифрлеу процесінде тізбектей қолданылатын кілттер арасында жай және жеңіл орнатылатын тәуелділіктер болмауы керек.
Мүмкін болатын жиындардың ішіндегі кез келген кілт ақпаратты сенімді қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.
Алгоритм программалық тәрізді аппараттық іске асуды жіберуі тиіс, бұл жағдайда кілт ұзындығының өзгеруі шифрлеу алгоритмінің сапалы төмендеуіне әкелмеуі керек.
23. . Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасын алғаш рет XIX ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Буль өз еңбектерінде пайдаланған.
Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердің негізі екілік санау жүйесі болып табылады, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады. Бұл компьютердің бір ғана құрылғылары екілік санау жүйесінде ұсынылған сандық ақпаратты да, логикалық айнымалыларды да өңдеу және сақтау үшін қолданыла алады дегенді білдіреді. Демек, компьютерді конструкциялағанда, оның логикалық функциялары мен схемаларының жұмысы айтарлықтай жеңілденеді және қарапайым логикалық элементтердің саны азаяды. Компьютердің негізгі тораптары ондаған мың осындай логикалық элементтерден тұрады.
Ақиқаттық кестесі – бұл логикалық операцияның кестелік түрде ұсынылуы. Логикалық элементтердің жұмысын ақиқаттық кестелердің көмегімен сипаттайды.
Компьютердің логикалық элементтері дегеніміз – ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС электрондық схемаларын айтамыз. ЖӘНЕ элементі
ЖӘНЕ элементінің көмегімен қарапайым екі Х1 мен Х2 айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту немесе конъюнкция (латынша conjunction-біріктіру), ал операцияның нәтижесі – логикалық көбейтінді деп аталады.
Белгіленуі: Х1Х2, Х1Х2, Х1Х2, Х1 AND Х2, Х1 және Х2
ЖӘНЕ схемасы екі немесе одан көп логикалық мәндерінің конъюнкциясын
жүзеге асырады. Құрылымдық схемаларда екі кірісі бар.
ЖӘНЕ схемасының шартты белгіленуі төмендегі 1- суретте көрсетілген.
ЖӘНЕ схемасының барлық кірістерінде бірлік болғанда, тек сонда ғана
оның шығуында бірлік болады. Ал кірістердің ең болмаса біреуінде нөл болса,
онда шығуында да нөл болады.
ЖӘНЕ схемасының ақиқаттық кестесі
Кірістік шамалар |
Шығуы |
|
Х1 |
Х2 |
У |
0 |
0 |
0 |
0 |
1 |
0 |
1 |
0 |
0 |
1 |
1 |
1 |
Пікірдің екеуі де ақиқат болғанда, Х1 және Х2 конъюнкциясы ақиқат.
Х1 немесе Х2 пікірлерінің бірі немесе екеуі де жалған болса, онда Х1 және Х2 конъюнкциясы жалған болады.
Т
ехника
жүзінде, конъюнкция конъюнктор
деп аталатын құрылғысының
көмегімен іске асырылады. Конъюнтордың
қарапайым моделі болып, бірнеше электрлік
кілттердің тізбектеліп қосылуы
табылады.Бұл жағдайда қарапайым ақиқат
пікірге кілттің тұйықталуы, ал ақиқат
күрделі пікірге жанып тұрған электр
шамы сәйкес келеді.
Егер конъюктордың кірісінде 1 болса, шығуында 1 болады.
Бұл физикалық тұрғыдан қосылғыштарды тізбектей жалғануы
арқылы сипатталады.
НЕМЕСЕ элементі
Біріктіруші мағынада қолданылатын НЕМЕСЕ элементінің көмегімен қарапайым Х1 және Х2 айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық қосу немесе дизъюнкция (латынша disjunction-бөлу), ал операцияның нәтижесі – логикалық қосынды деп аталады.
Белгіленуі: Х1Х2, Х1\Х2, Х1+Х2, Х1 OR Х2, Х1 немесе Х2.
НЕМЕСЕ схемасы екі немесе одан көп логикалық мәндерінің
дизъюнкциясын жүзеге асырады. Құрылымдық схемаларда екі
к
ірісі
бар НЕМЕСЕ схемасының шартты белгіленуі
төмендегі 2- суретте көрсетілген.
НЕМЕСЕ схемасының кірісінің ең болмаса біреуінде бірлік болғанда,
оның шығуында да бірлік болады
НЕМЕСЕ схемасының ақиқаттық кестесі
Кірістік шамалар |
Шығуы |
|
Х1 |
Х2 |
У |
0 |
0 |
0 |
0 |
1 |
1 |
1 |
0 |
1 |
1 |
1 |
1 |
Х1 немесе Х2 пікірлерінің ең болмағанда біреуі ақиқат болғанда, Х1 және Х2 дизъюнкциясы жалған
Х1 және Х2 пікірлерінің екеуі де жалған болғанда, Х1 және Х2 дизъюнкциясы жалған.
Т
ехника
жүзінде, дизъюнкция дизъюнктор
деп аталатын құрылғының
көмегімен іске асырылады. Дизъюнктор қарапайым моделі болып, бірнеше
электрлік кілттердің параллель қосылуы болып табылады.
Бұл жағдайда акиқат қарапайым пікірге кілттің тұйықталған күйі, ал
күрделі ақиқат пікірге жанып тұрған электр шамы сәйкес келеді.
Көрініп тұрғандай, бір тұйық кілт болғанның өзінде де, шам жанып тұрады.
Дизъюнктордың шығысында 1 болады, егер ең болмағанда кірісінің біреуінде 1 болғанда.
Бұл физикалық тұрғыдан қосылғыштардың параллель жалғануы арқылы сипатталады.
