
- •1/ Ақпарат дегеніміз не? Ақпараттың берілу түрлерін атаңыздар. Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болатындығын тұжырымдаңыздар.
- •Ақпарат қалай беріледі?
- •Жүйелік блок
- •3/ Ақпараттық технология пәнінің негізгі приоритеттік бағыттары
- •4/ Қандай санау жүйелерін білесіздер? Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне қалай өтуге болады? Позициялық және позициялық емес санау жүйесі дегеніміз не?
- •5/ Есептеу техникасының даму сатылары
- •Жүйелік блок
- •Монитор
- •Пернетақта
- •7/ Жүйелік блоктың ішкі құрылғыларына не жатады?
- •Принтерлер мен плоттерлер
- •9/ Программалық жабдықтар құрамына не жатады? Программалық жабдықтар құрамы (Software)
- •10/ Аналық тақша дегеніміз
- •Микропроцессор
- •11/ Алгоритм ұғымы және оның қасиеттері жайлы түсініктеме
- •12/ Алгоритм құрылымында оның берілу тәсілдеріне мысал келтіріңіздер Блок-сызба элементтері
- •13/ Вирустарды қалай анықтайды, оның бар болу белгілерін атаңыздар.
- •14 Компьютерлік вирустардың негізгі түрлерін ашып жазыңыздар
- •15/ Вирустардың пайда болу белгілерін атаңыздар
- •20.Вирустан қорғауға арналған арнайы программалар
- •21.Компьютерлік вирустардың классификациясы
- •Емес элементі
- •24*.Фон Нейманның принципіне сәйкес компьютердің құрамына кіретіндер.
- •Жүйелік блок
- •Монитор
- •Пернетақта
1/ Ақпарат дегеніміз не? Ақпараттың берілу түрлерін атаңыздар. Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болатындығын тұжырымдаңыздар.
Ақпарат" термині "informatio" деген латын сөзінен шыққан,мағынасында мәлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді білдіреді
Ақпарат – ғылым теориясының негізін салушы, ақпараттарды тарату, қабылдау, түрлендіру және сақтауға байланысты үрдістерді зерттеуші америка ғалымы Клод Шеннон, - ақпаратты біздің біліміміздің бірнәрсе туралы алған анықталмағандығы тұрғысынан қарайды.
Ақпарат туралы қазіргі ғылыми ұғымды кибернетиканың "әкесі" Норберт Винер өте дәл айқындап берді ,. Нақтырақ айтқанда: Ақпарат — бұл біздің оған деген бейімделуіміздің және біздің сана сезіміміздің оған бейімделуінің нәтижесінде сыртқы әлемнен алынған мағлұматтардың белгіленуі.
Ақпарат қалай беріледі?
Ақпарат хабарламалар түрінде қандай да бір ақпарат көзінен оны қабылдаушыға олардың арасындағы байланыс каналдары арқылы беріледі. Ақпарат көзі берілетін хабарламаны жібереді де, ол берілетін сигналға кодталады. Бұл сигнал байланыс каналы арқылы жіберіледі. Нәтижесінде қабылдаушыда қабылданған сигнал пайда болады, осында коды шешіледі және қабылданған хабарламаға айналады.
|
Байланыс каналы |
|
АҚПАРАТ КӨЗІ |
----------- |
ҚАБЫЛДАУШЫ |
Мысалдар:
Ауа райының болжамы туралы ақпараты бар хабарлама қабылдаушыға (телекөрерменге) ақпарат көзінен – метеоролог маманнан байланыс каналы- телевизиялық тарату аппараттары мен телевизор арқылы беріледі.
Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады?
2/ Ақпараттар мөлшері қалай өлшенеді?
Белгілі бір, барынша ауқымды жағдайларда ақпараттардың сапалық ерекшеліктерін елемеуге болады, оның мөлшерін санмен өрнектейді, сол сияқты мәліметтердің әртүрлі топтарындағы ақпараттар мөлшерін салыстырады.
Ақпараттар мөлшерін анықтауға арналған қадамдар. Хартли мен Шеннон формулалары.
1928 ж. америка инженері Р. Хартли ақпараттарды алу үрдісін алдын ала берілген тең ықтималдықтағы көптеген N хабарламалардың ішіндегі ақырғы біреуін таңдап алу тұрғысынан қарастырды, ал таңдап алынған хабарламалардағы ақпараттар мөлшері I, N.-нің екілік логарифмі арқылы анықталды.
Формула Хартли: I = log2N
Клод Шеннон 1948 ж. таңдалған хабарламаларда бірдей емес ықтималдықтың болуын ескеретін, ақпараттар мөлшерін анықтаудың басқа формуласын ұсынды.
Шеннона формуласы: I = — ( p1log2 p1 + p2 log2 p2 + . . . + pN log2 pN), мұндағы pi — i-ші хабарламаның N хабарламалар жиынынан алынғандығының ықтималдығы
Жүйелік блок
Бит — өлшем бірліктің өте аз шамасы. Практикада көбінесе одан ірі бірлік — байт қолданылады, ол сегіз битке тең. Компьютер пернелеріндегі 256 символдың кез келген біреуін кодтау үшін дәл осы сегіз бит қажет (256=28).
1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,
1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,
1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.
1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 240 байт,
1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 250 байт.