
- •10. Діни нанымдар.
- •24. . «Қазақ» термині туралы.
- •32. Жоңғарларға қарсы күрестегі қазақ батырлары.
- •59. .Ұлы отан соғыс жылдарындағы қазақстан(1941-1945жж).
- •66. Қазақстан тәуелсіз,егемен мелекет. 1995ж.Конституция.
- •68. Республикада көппартиялы жүйенің өріс алуы
- •Егемен Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі[өңдеу]
- •69.Нарықтық қатынастар шартындағы әлеуметтік-экономикалық процестер.
69.Нарықтық қатынастар шартындағы әлеуметтік-экономикалық процестер.
Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанныңмысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті. Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр. Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.
70. КСРО ыдырағаннан кейін құрамындағы республикалар өз тәуелсіздіктеріне ие болды. Осының нәтижесінде күрделі демографиялық өзгерістер мен көші-қон толқындары пайда болды. Мұндай жағдайды егеменді еліміз – Қазақстан Республикасы да бастан кешірді. Бұл кезеңдегі демографиялық процестердің негізгі ерекшелігі – халықтардың жалпы санының кемуі, өлімнің көбеюі, бала туудың азаюы осының нәтижесінде табиғи өсімнің құлдырауы. Осы келең алған теріс бағыттарға қоса, республикадан алыс және жақын жерлерге бағыт алған көші-қон толқындарының кең өрістеуі де халық санын күрт төмендетіп жіберді. Қазақстан халқы Ресейге бодан болғаннан бастап, Кеңес заманында да негізінен сырттан келген келімсектер көші-қон нәтижесінде өсті.
Қазақстан бұрынғы КСРО құрамындағы мемлекеттер арасында халықтың саны жағынан Ресей, Украина, Өзбекстаннан кейінгі төртінші орынды иеленеді, ал территориясы бойынша Ресейден кейінгі екінші орында.
Қазақстан 2724,9 мың шаршы километрге тең кең байтақ аумақты алып жатса да, халық аз қоныстанған ел болып табылады. Бірінші Ұлттық санақ деректеріне сәйкес, халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге небәрі 5,5 адамды құрады. Қазақстан халқына 14 әкімшілік-аумақтық бірліктер (облыстар) бойынша біркелкі орналаспау тән. Қала және қала секілді поселкалар саны - 284. Халқының тығыздығы 1 шаршы километрге 16,9 адамнан келетін Оңтүстік Қазақстан облысы халқы ең тығыз орналасқан аумақ болып табылса, Маңғыстау облысында халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге 1,9 адамды құрады. 1997 жылы Қазақстан Республикасында ауылдық аудандар мен әкімшілік аумақтардың шекарасын өзгерту туралы реформа жүргізілді, соған сәйкес республикадағы 19 облыс 14 облыс болып қайта құрылды [1].
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде халқымыздың демографиялық және әлеуметтік дамуы да ірі-ірі бетбұрыстар мен күрделі өзгерістерге ұшырады.
Қазақстандағы 16 млн. халықтың аймақтық орналасу ерекшеліктері әртүрлі еді. Республика халқының 45,2% Оңтүстік аймақта, 23,0% - Солтүстік аймақта, 14,4% - Батыс, 8,9% - Шығыс, 8,5% - Орталықта өмір сүреді. Оңтүстік аймақ тұрғындары үлесі 1989-2009 жж. 6,9%, ал адам саны 15,9% (яғни 935 мың) өсті. Солтүстіктің 4 облысы тұрғындары саны 1 млн 114 мыңға азайды, тек Астана тұрғындары 358 мыңға көбейіп, аймақ үлесі 4,1% кеміді. Сол сияқты, Шығыс және Орталық аймақтардың тұрғындары да азая түсті: олардың үлесі тиісінше 10,9%-дан 9,0%-ға, 10,8%-дан 8,5%-ға дейін төмендесе, тұрғындар саны тиісінше 19,8% және 22,7%-ға азайды. Батыста, Оңтүстік сияқты, үлесі 13,0%-дан 14,4%-ға көтеріліп, тұрғындар саны 7,0%-ға көбейді [2].
20-жылдың ішінде халық саны қайта қалыптасып, бұрынғы деңгейіне келуі табиғи өсім мен көші-қон процестерінің оң бағыт алуының нәтижесі болды. Көші-қон процестері де әртүрлі, қарама-қайшылықтарға толы кезеңдерді басынан өткізді. Кеңес өкіметі дәуірі соңында, 1970-1980 жж. басталған теріс айырым (сальдо-келгендерден кеткендердің көптігі) тәуелсіздік жағдайында – 13 жылдай (1991-2003 жж. арасында) күрт көтеріліп кетті, оның шыңы 1994 ж. болып, теріс айырым 406,6 мыңнан асып түсті, жалпы осы 13 жылдың ішінде еліміз тек көші-қонның өзінен 2 108,5 мың адамы кеміп қалды [3].
Кеткендер ең алдымен европалық этнос өкілдері, оның ішінде әсіресе орыс, украин мен белорустар және немістер өз тарихи отандарына қайта оралды. Тек 1993-2004 жж. арасында көші-қон теріс айырымында орыстар саны 1 206,7 мың, немістер 531,2 мың, украиндер 177,5 мыңға дейін жетті. Жалпы 1991-2009 жж. теріс айырым бойынша 2 млн. 058 мың адам шетелдерге кетсе, соның басым көпшілігі Ресей мен Германияға барды, олардың 1 370 мыңы орыстар, 690,1 мың немістер, басқа ұлт өкілдері – 398,7 мың еді [4]. Дегенмен көші-қонның да оң нәтижелері де болды – ол шетелдерге ауып кеткен отандастарымыздың өз еліне қайта оралуы еді. Бұл толқынмен келген оралман бауырларымыз Кеңес өкіметі дәуірінде аштық пен қуғын-сүргінге ұшырап, ауа көшкендер мен солардың ұрпақтары болатын. Жалпы тәуелсіздік жылдары ресми мәлімет бойынша 750 мыңдай қазақ өз Отанына оралды, оған еңбек етуге және оқуға келгендерді қоса есептесек, 1 млн-дай қазақ қайта оралған екен. Сөйтіп, көші-қон процестерінің қайта қалпына түсуі еліміздегі халық санының бұрынғы деңгейіне жетуіне әсер етті.
Қазақстан республикасында жүзден аса ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттер қатарындағы бірден-бір мемлекет Қазақстан Республикасы өзінің территориясындағы барлық ұлт өкілдерінің тілінің, мәдениетінің дамуына ерекше көңіл бөліп отырған ел. Оны біз кейінгі санақ қорытындыларынан да көре аламыз. Бізде барлық ұлт өкілдерінің өз тілінде білім алуына мүмкіндіктер жасалған, әр ұлт өкілінің мәдени орталықтары бар, Қазақстанда өмір сүріп жатқан аз ұлттардың Ассоцациясы құрылған. Көп ұлтты Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бастап бір ұлт өкіліндей ел экономикасын дамытуға үлес қосуда.
Көші-қон процестердің әсерінен Қазақстандағы көп ұлттың құрамы үнемі артып отырды: егер 1920 жылы 30 халықтың өкілі тіркелсе, 1970 жылы 114, ал 1986 жылы 120 болды. Ал қазіргі кезеңде елімізде ресми деректер бойынша 130 ұлттар мен ұлыстар тұрады. Олардың ішінде 8 ұлт өкілдері: қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар және беларустар – саны жағынан көп болып табылады, олардың үлесіне елдегі барлық халықтың 95,7% келеді.
1-кестеде көрсетілгендей, ұлттық құрамның күрт өзгеруі ең алдымен қазақтардың үлесі көбейгені мен европа ұлт өкілдерінің азаюынан көрініс тапты. Қазақтар 1989 ж. 40,1% болса, 1999 ж. – 53,5%-ға, ал 2009 ж. – 63,1%-ға жетті, яғни осы 20 жыл ішінде олардың үлесі 23,0%-ға өсті, саны 6 млн 496 мыңнан 10 млн 96 мыңға жетіп, 3 млн 600 мыңға өсті, яғни 55,4%-ға көбейді [5].
Қазақтар көптеген ғасырлар бойы алғаш рет 10 млн-нан асып, өз елінде тәуелсіздік жылдары басымдыққа ие болды. Кеңес заманында, 1931-1933 жж. ашаршылықта жаппай қырғынға ұшыраған қазақтар үлесі 1939 ж.- 38,9%, ал 1959 ж. - 29,8%-ға дейін құлдырап, тек 1960-1980 жж. табиғи өсім арқылы 1980 ж.- 40,1% әзер жеткен-ді. Енді 63,1% болып, Қазақстан халқының демографиялық даму көздері мен жолдарын, табиғи өсім, көші-қон, жастық-жыныстық құрамын, білім деңгейін, қала мен ауыл, аймақтар мен облыстарға орналасу ерекшеліктерін де анықтайтын, еліміздің санын да, өсу бағытын да өзі ғана белгілейтін дәрежеге көтерілген көш басшы ұлтқа айналды.
Қазақтардың аймақтар мен облыстарға орналасуы дәстүрлі түрде күшейе түсті: тәуелсіздік жағдайында қазақтардың жартысынан көбі – 50,4% - Оңтүстікте орналасуы ерекшелене түсті, ал қалған қазақтар Батыста – 19,1%, Солтүстікте – 16,9%, Шығыста - 8%, Орталықта – 6,2% еді. Қазақтардың үлесі Қызылорда облысында 95,2%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 72,3%, Жамбыл облысында – 71,30%, Алматы облысында – 67,6%, Алматы қаласында – 53,0%, Атырау облысында – 91,1%, Маңғыстау облысында – 88,2%, Ақтөбе облысында – 79,3%, Батыс Қазақстан облысында – 72,2%, Шығыс Қазақстанда – 55,9%, Орталық Қазақстанда (Қарағанды облысы) – 46,3%, Солтүстікте де әлі де қазақтар басым емес (46,3%), Павлодар облысында – 47,6%, Ақмола облысында – 47,3%, қалған екі облыста мұнан да төмен: Қостанайда – 37,1%, Солтүстік Қазақстан облысында – 33,3%. Тек Астанада ғана қазақтар үлесі 69,3% болып, басымдыққа ие болды [6].
Орыстардың үлесі 20 жыл ішінде 37,4%-дан 23,7%-ға дейін, яғни – 13,7%-ға төмендеді, саны 2 млн 268 мың адамға азайып кетті. Орыстар дәстүрлі түрде Солтүстік, Шығыс және Орталық аймақтарда орналасқан, осы үш аймақта Қазақстандағы орыстардың 2009 ж. 64,5% тұрды. Сыртқа бағытталған көші-қон нәтижесінде орыстардың үлесі бұл аймақтар тұрғындары арасында да едәуір төмендеп, 2009 ж. солтүстікте – 37,9%, шығыста – 40,2%, орталықта – 39,5% болды. Дегенмен орыстардың үлесі Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындардың жартысынан (50,4%) әлі де асып тұр, Қостанай облысында 43%-ға жетеді.
Сан жағынан үшінші орынға шыққан өзбектер (456,9 мың – 2,8%) негізінде - 98%-ға жуығы – Оңтүстік аймақты мекендейді, ал төртінші орындағы украиндықтардың (333,0 мың – 2,1%) үштен екісі Солтүстікте тұрады, қалғандары басқа аймақтарда шашыранды түрде орналасқан (9-15%), тек Шығыста олар өте аз (2,5%). Бесінші орындағы ұйғырлардың (224,7 мың – 1,4%) басым көпшілігі – Оңтүстік аймақта (98,0%), негізінде Алматы облысы мен қаласында тұрады. Келесі орындағы татарлардың (204,2 мың – 1,3%) үштен екісі Оңтүстік аймақта, нақтылап айтқанда Алматы қаласы мен облысында орналасқан, қалғандары Солтүстік пен Астанада тұрады. Сан жағынан 1989 ж. қазақтар мен орыстардан кейінгі үшінші орындағы немістер (946,8 мың – 5,9%) енді жетінші орынға түсті – 178,4 мың – 1,1%, олардың жартысынан көбі Солтүстікте, 18,4% - Орталықта, 7,8% - Шығыста тұрады, қалғандары басқа аймақтарды шашырап мекендейді.
Саны жүз мыңнан асқан этнос өкілдерінің соңғысы – кәрістер (100,3 мың – 0,6%) – 1989 ж. салыстырғанда сол деңгейден (100,7 мың – 0,6%) сәл-ақ төмендеді. Олар негізінде - 70%-ға жуығы – Оңтүстікте орналасқан. Қалғандары Солтүстік пен Орталық аймақтары қалаларында тұрады [7].
Тәуелсіздік жағдайында Қазақстан халқының қала мен ауылдық (селолық) мекендерге орналасуы қайшылыққа толы урбандану процесі ықпалында жүруге мәжбүр болды. Урбандану негізінде қала халқының, біріншіден, үлесі де, саны да азаюымен қабат, екіншіден, қалалықтардың дәстүрлі (европалық этнос өкілдері басым) ұлттық құрамында алғаш рет қазақтардың басымдыққа жетуі, яғни, бұрын негізінде аграрлық этнос болып келген қазақтардың қалаға бет бұруымен ерекшеленді. Қала тұрғындарының үлесі де, саны да кемуі онда мекендеген орыс, украин, белорус, неміс және басқа европалық этнос өкілдерінің сыртқа, өз тарихи отандарына көші-қоны себебінің нәтижесі еді. Бұған қосымша 1980 ж. соңы мен 1990-жылдардағы экономикалық дағдарыс та қала халқының кемуіне зор әсер етті.
2-кестеде көрсетілгендей, Республика халқының арасында қала тұрғындары 1989 ж. 56,7% болса, 1999 ж. – 56,0%, ал 2009 ж. – 54,1%-ға төмендеп, осы 20 жыл ішінде 2,6% азайды; ал саны 9 182,6 мыңнан 8 662,4 мыңға түсті, яғни 520,2 мыңға кеміді. Әсіресе, алғашқы онжылдықта кему күшті болды – (- 805,3 мың еді), тек екінші онжылдықта қала тұрғындары саны қайтадан көтеріле бастады – (285,1 мың адам қосылды). Экономикалық дағдарыс нәтижесінде қалалардың пайда болып, өсіп-дамуына жол ашқан көптеген ірі завод, фабрика, шахта және басқа кәсіпорындар тоқтап қалды, олардың және күйзеліске ұшыраған ауыл шаруашылығы (кеңшарлар мен ұжымшарлар таратылған соң) еңбеккерлері ірі – Алматы және Астана қалалары мен облыс орталықтарына қарай беталды, соның нәтижесінде жұмыссыздық проблемалары да күшейе түсті. Қалаға беталғандардың, әсіресе ауылдан келгендердің ішінде қазақ жастары басым еді.
1989-1999 жж. Қазақстан қалаларының бәрінде дерлік тұрғындар азайды, Бұл азаю 10%-дан 25%-ға дейін көтерілді. Әсіресе ірі индустриялық орталықтар осы жағдайға душар болды. Мысалы, тұрғындар саны Балхашта 24,6%, Теміртауда – 20,2%, Риддерде – 18,1%, Жезқазғанда – 15,9%, Семейде – 15,0%, Кентауда – 13,1%, Рудныйда – 12,6% және көптеген облыс орталықтарында: Талдықорған – 17,4%, Петропавловск – 15,1%, Қарағанды – 13,9% және т.б. кеміп кетті. Қазақстан бойынша тұрғындар тек бес қалада, оның ішінде Астана (13,4%) мен Алматыда (5,4%), екі облыс орталығы: Тараз (8,6%) бен Қызылордада (4,6%) және жалғыз Түркістанда (10,2%) өскені байқалады [10].
Урбандану процесі 1980 ж. соңында Маңғыстау мен Қарағанды облыстарында күшті болса (тиісінше, қала тұрғындары үлесі 88,6% және 81,7%), 2009 ж. Қарағанды мен Павлодар облыстары (тиісінше 77,5% және 68,0%) алға шықты. Қалалану процесі Оңтүстік өңірде төмен болды. Мысалы, қала тұрғындарының үлесі Алматы облысында 23,1%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 39,4%, Жамбыл облысында – 39,6% ғана еді; Солтүстік Қазақстанда осы деңгейге (39,8%) жақын болды.
Қазақтардың қалаға бет бұруына келсек, Кеңес заманында қазақтардың қаланы мекендеуі төмен болды (1989 ж. 27,1%). Тәуелсіздік жағдайында қала тұрғындары арасында қазақтардың саны да, үлесі де күрт өзгерді: қаладағы үлесі 1999 ж. 43,2%-ға, ал 2009 ж. – 55,9% жетіп, осы 20 жыл ішінде 12,7% өсті, ал саны 2.488,9 мыңнан 4 841,0 мыңға көтеріліп, екі есеге жуық – 2 352,1 мың адамға көбейді, яғни 2,5 млн. қазақ жаңадан қалаға келіп орналасып, (заңды түрде есепке тіркелмегендерді қоса есептегенде) өмір сүріп жатыр деген сөз.
3-кестеде көрсетілгендей, еліміздің ең ірі мегаполисі – Алматыда 724202 мың қазақ тұрады, олардың үлесі 53,0%, Астанада 425298 мың қазақ бар, үлесі – 69,3%. Облыс орталықтары ішінде қазағы көп Қызылорда (95,2%) мен Атырау (91,1%). Қазақтар едәуір басым қалалар: Ақтөбе – 68,2%, Ақтау – 64,4%, Талдықорған – 64,2%, Семей – 62,4%-і; қазақтары тұрғындардың жартысынан асатын қалалар: Тараз (59,1%), Шымкент (57,5%), Орал (53,2%), Көкшетау (50,9%). Қазақтар үлесі өте төмен қалалар: Петропавловск (20,8%), Өскемен (26,5%), Қостанай (27,7%), Павлодар (37,8%), Қарағанды (35,3%). Бұларда орыстар қазақтардан едәуір басым: Өскеменде – 68,1%, Петропавлда – 66,8%, Қостанайда – 50,9%, Павлодарда – 46,4%, Қарағандыда – 46,2% [11]. Жоғарыда көрсетілген урбанданудағы екі бағыт та ауыл шаруашылығының, әсіресе қазақ ауылының қайта жаңғырып, кең даму жолына түскенше жалғана беруі мүмкін.
Республика халқының көпшілігі әлі де болса ауылда тұрады. 1989 ж. санақ бойынша ауыл халқы 43,3% болса, 1999 ж. – 44,0%, 2009 ж. – 45,9% құраған. Республикадағы ауыл халқының өсу динамикасын мына төмендегі кестеден көре аламыз.
екі санақ аралығында (1989-1999 жж.) республика бойынша ауылда тұратын халық саны 440695 адамға кеміген болса, керісінше (1999-2009 жж.) аралығында 771342 мың адамға өскен. 20 жыл аралығында халықтың үлесі 2,6% өскен. Жалпы алғанда ауыл халқы әлі де кемуде, Қазақстанның Қостанай (-19609 адамға); Солтүстік Қазақстан (-92250 адамға); Ақмола (-60264 адамға); Шығыс Қазақстан (-36161 адамға), Павлодар (-57187) және Ақтөбе (-2166 адамға) облыстарында көптеп кемігені көрінеді. Керісінше халық санының өсуі Оңтүстік Қазақстан (248533 адам), Атырау (87276 адам), Маңғыстау (154389 адам) Қызылорда (159316 адам) және Алматы (297455 адам) облыстарында байқалады.
2009 жылдың мәліметі бойынша, Республикада тұратын ауыл халқының үлесі 45,9% құрап, абсолюттік саны - 7347,1 мың адамға жетті. Ең көп ауылда тұратын халықтар Алматы облысында – 76,9%, Оңтүстік Қазақстан – 60,6%, Жамбыл облысы – 60,4%, Солтүстік Қазақстан – 60,2%, Қызыл-Орда - 58,1%, және Батыс Қазақстан мен Ақмола облыстарында – 53,6% болып тұр [12].
Қазақстан халқының тәуелсіздік жағдайында білім деңгейінің көтерілуі негізінде мемлекеттік және жеке меншік оқу орындар жүйесінің кең дамуына сүйенді. 1989-1999 жж. арасында елдің білім деңгейі 47 промиллеге, оның ішінде жоғарғы білім бойынша 29 промиллеге, арнайы орта білім – 40 промиллеге, орта білім – 27 промиллеге өсті. Дегенмен, негізінде орта және бастауыш білім бойынша бұрынғы деңгейден едәуір төмендеп кетті. Осы жылдары қазақтардың жоғарғы білім алғандары 12,6%-дан 15,9% -ға, арнайы орта білімділері 15,6%-дан 19,7%-ға, жалпы орта білімділері – 39,8%-дан 42,3%, бастауыш білімділері – 7,5%-дан 23,0%-ға дейін көтерілді. Дегенмен 44 этнос өкілдері ішінде қазақтар жоғарғы білім бойынша сегізінші, аяқталмаған жоғары білімнен – оныншы, арнайы орта білімнен – жиырма сегізінші, жалпы орта білім бойынша – он бірінші, негізгі орта білімнен – отыз жетінші, бастауыш білімнен – отыз бесінші орында [13]. Бұл тек қатардағы қазақтардың ғана проблемасы емес, мемлекеттік мәселе екенін түсінгеніміз жөн.
Қорыта келгенде, тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан халқының демографиялық дамуы қазіргі кезде негізінде оң қалыптасуда. Көші-қонның сыртқа бағытталған толқыны баяулап, оң айырым қалыптасты. Табиғи өсім де бұрынғы деңгейіне жетті. Ұлттық құрылымда қазақтардың басымдығына қол жетті. Ендігі демографиялық көрсеткіштерді қазақ ұлтының өз дамуы қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мемлекетіміздің демографиялық және әлеуметтік салада ғылым мен тәжірибеге негізделген саясат жүргізуін талап етіп отырған проблемалар да баршылық.
71.Қазақстан Республикасының ішкі саяси жағдайы. Ұлтаралық жарасымдылық пен саяси тұрақтылық (1991-бүгінге дейін) әлемде ең үлкен империя ксроның ыдырауы оның құрамындағы респуликаның саяси экономикалық мәдени бөлінуі көптеген қиыншылықтар туғызды .тмдоға көзқарас әр түрлі болып қалыптасты. Балтық боиы елдері молдавия грузия тмд құрамын кіруде бастартты.қалған республикалар уақытша баиланысты жөғалтпаи ортақ мүліктік келісімнен бөлісуге болады деп есептеді.тмд елдерінде туындаған қиыншылықтар ксро мүлкін бөлісуге республикалар арасында туған пікір таластар соныдық аимақтар құру ксроның ортақ қару жарағын бөлісуде қақтығыстар болды.1993жпрезидент назарбаев саилау хаттамасына қол қоиды қазақстан ядролық қару жарақ еркін аимақ болып жарияяланды.соғыс өлеңдерін шығаратын кәсіпорындар беибіт шарттар өндірісіне аиналдыру жүзеге асырыла басталды.92жкыркүиекте алматыда дүние жүзілік қару құрылтаиы тұңғыш рет өткізілді.әлемнің 13 елінен келегне отандастарымыздың қатарына қазақ үлкен диаспоршылар өзбекстан 870 ресеиден 660мың келушілер көп болды.барлық қатысу шылар снарияды 860мың болды құрылтаида қазақстан жоғары кеңессін 92 ж 26 маусымда қабылданған көшіп келі туралы заң негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалуы жаилы аитылды.202ж түркістанда дүние жүзі қазақтардың 2 құрылтаиы өтті,оған 400ге жуық адам қатысты.оралмандардың елге келу же көшіп келуі жаилы оны ұлғаитуы мәселесі жоспары қаралып құрылды.93ж желтоқсанда қазақтардың дүние жүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанатты түрде өтті.93 ж өзінде ақ қазақстанға монғолиядан түркиядан ираннан же тмддан 7,5 мыңнан халық қазақ отбасы көшіп келді.92ж алматыда қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өтті.онда призиденттің беибітшілік же татулық сыилығы алғаш рет халық жазушысы снегинге тапсырылған болатын.сонымен қатар отан парасат құрмер ордендері үшін құрметті атақтар тағаиындау үшін ұсыныс қабылданды.
2. Капиталистік сауда. Ақша қатынасының қалыптасуы19ғ 60 ж бастап ресеидің кәсіп иелері қазқастан өлкесінде капиталдарын жеткізіп паидалы қазбалардың бірқатар кен көздері негізінде өнеркәсіп орындарымен құруды қолға алды.шикізат өңдеу кәсіпорындарының негізгі орталықтары солт батыс же шығыс қаз болды.былғары өнеркәсібі дамудың аитарлықтаи деңгеиіне жетті.шымкентте сантонин зауыты химия өнеркәсібінің бастамасы деп есептеуболды.1822жнегізі қаланған бұл зауыт өзенінің өнімін англияға америкаға германияға үндістан мен жапон ияға табыстытүрде экспортқа шығарып отырды.арал теңізінде павлодар уезіндегі қарабас көлінде тұз кен орындары ашылды, жаиық ембі ертіс өзендерінде жетісу алқаптарында арал мен каспи теңіщіне балық аулау кең көлемді деңгеиіне жетті.бұл сала кәсіпшілікке аиналды.заисан мен балхаш көлдері балық аулаудың дәстүрлі орталығы болды.19ғ соңы мен 20ғ басында қаз териториясында 300ден 500ге деин кәсіпорындар жұмыс істеи бастады.олар спасск мыс қорыту зауыты,успенск руднигі қарағанды көмір кен ,2бастұз риддер кәсіпорындары болатын.қаз өнеркәсібі әсіресе тау кен қазу көмір мен мұнаи өнеркәсібі шетел капиталистердің көңіл бөлетін обьектісіне аиналды.ресеи капитализмнің кеңие даму оның ұлттық шет аимақтарға жылжуы шикізаттың аса баи көздерін паидалануы өткізу рыноктарының кеңеюі банк филиалы мен кредит несие мекемелерінің тармақталған буындарын құрумен қабаттаса жүрді.мемл банк-ң қаз териториясын-ң бөлімдері ең алдымен өлкені сауда өнеркәсіп тік орталықтарында оралда 1846ж петропавл верныи де шалды.капиталист қатынастардың дамуы сауданың өркен жоюына аитарлықтаи ықпал етті. 19ғ 2 жатысында же 20ғ басында жергілікті көпестер сауда саттық жаңа жәрмеңкелік формасын қолдану бастады, аиналым қаржысы әсерлі көлемде жеткен қарқаралы уезіндегі қоянды петропвал уезінде верныи уезіндегі қарқара жәрмеңкелері болды бірақ содан кеин неғұрлым ірі сауда саттық ірі жәрменке салынды.ең ірісі қоянды жәрмеңкесінде 19 аяғында келісімдердің 3 млн сомға деин жеткен,
72. Тәуелсіз Қазақстандағы білім беру саласының дамуы Білім жүйесі. Қазақстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді. Қазақстан Республикасындағы білім берудің жай-күйі алғаш рет 1995 жылы көктемде оқу саласы қызметкерлерінің республикалық кеңесінде талқыланды. Гимназиялар, лицейлер, жеке және авторлық мектептер ашылды. Тарих, ана тілі 1–5 сыныптар үшін оқу пәндері бойынша оқулықтар шығарылды. Егер соңғы кезге дейін Қазақстан мектептерінде тек бұрынғы КСРО тарихы оқытылса, енді қазақ халқының өз тарихын терең талдап оқытуға көңіл бөлінді.Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 2000/2001 оқу жылында елде жалпы білім беретін мектептердің саны 8 109 болды. 2 «Интернет – мектепте» бағдарламасы аясында 1 414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылды. 2007 жылғы тамыз айында Қазақстанда «Білім туралы» жаңа Заң қабылданды.Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшу белгіленді. Оның негізгі мақсаты – жаңа кезеңнің талаптарына сай жастарды өмірге баулу үшін оларға бұрынғыдан да жоғары деңгейде білім беру.Қазақстан мектептерінде сапалы білім алуды қамтамасыз ету мақсатында 2004 жылы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) енгізілді.
Ғылым. Егемендік алған жылдары еліміздің ғылымын дамыту салаларында үрдіс өзгерістер байқалды. Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының құрылымы мен ғылыми ізденістерінің тақырыптары жаңа талаптарға сай қайтадан қарастырылды. Ә. Х. Марғұлан атындағы Археологиялық институт, Ғарыштық зерттеу, Механика және машина, Информатика және басқару, Физика-техникалық проблемаларды зерттеу т. б. институттары ұйымдастырылды. Салалық ғылым академияларының жүйесі кеңейтілді. Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясы құрылып, жұмыс істейді, ал Ауыл шаруашылық академиясы Қазақстан Ұлттық академиясының құрамына енгізілді. Ғылыми дәрежелер тағайындау және ғылыми атақтар беру, диссертациялық жұмыстардың сапасын бақылап бекіту үшін республика Жоғары аттестациялық комитеті құрылды.2000 жылы Республика бойынша 400-ден аса ғылыми институттар мен ғылыми орталықтарында 17 мыңнан астам ғалымдар қызмет етті. Бұлардың 1000-ы ғылым докторлары болса, 2800 ғылым кандидаттары еді. Егемендік алған уақыттан бері ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде 5 мың авторлық куәлік, 1354 шетелдік патенттер және 13 лицензиялық келісім куәландырылып бекітілді. Ғылым мен білім экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекет әуелетін арттыруға өзінің тиісті үлесін қосты.Жаңа оқу жылы тың серпіліс, жағымды жаңалықпен басталды. Елбасымыз Астанадағы Назарбаев Университетінде «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбында интерактивті дәріс өткізді.
73. ҚР сыртқы саясаты (1991-күні бүгінге дейін) Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
74. 2030 стратегиясы1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер: 1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары. 2. Реформаларды аяқтау. 3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу. 4. “Қазақстан барысын” қалыптастыру.
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық: 1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау. 2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту. 3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу. 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру. 5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану. 6. Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту. 7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.
Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көш-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер бұған немқұрайлықпен қарасақ, оның салдары өте ауыр болады.
ХХІ ғасыр қарсаңында Қазақстан Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін “демографиялық апатқа” ұшырайды.
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асырудағы міндеттер: 1. Теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты дамыту. 2. Этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуы және этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету. 3. Дәулеттілер мен жарлылар арасындағы айырмашылықты азайту. Ауыл проблемасына үлкен ерекше көңіл бөлу. 4. Әлуметтік проблемаларды үнемі шешіп отыру. 5. Саяси тұрақтылықты және қоғамның топтасуын қамтамасыз ететін бай Қазақстанды қалыптастыру. 6. Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту. 7. Әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты нығайту.Қазіргі кезеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеуі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды.Мемлекет ең алдымен орта топтың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр. Село таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беретін және әлеуметтік пробемаларды шешуге ерекше көңіл беретін, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады.
Қазақстан - өзінің белгілі тархы мен өзіндік болашағы бар евразиялық ел. Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.Экономикалық стратегия.Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.Мемлекет белсенді роль атқара отырып, экономикаға араласы шектеулі болады. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы: 1. Үкіметке сауда мен өндіріске әкімгершілігі араласуын жою. 2. Жекешелендіру процесін аяқтау. 3. Орталық үкіметті және жергілікті өкімет орындары парасатты орындастыру. 4. Сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыру. 5. Заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау. 6. Билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану.Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қабілеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мұнай-газ өндіру және бүкіл өндіруші өнеркәсіп көлемі артады.Тұрақты өрлеуді қамтамасыз ету үшін өндірісті диверсификациялау қажет.Алдағы міндет: 1. Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсету. 2. Инвестицияларды пәрменді тарту.2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде мына салалардға көңіл бөлу қажеттісі баса көрсетілді: 1. Ауыл шаруашылығы; 2. Орман және ағаш өнеркәсібі; 3. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі; 4. Тұрғын үй құрылысы; 5. Туризм; 6. Инфрақұрылым жасау. Әлеуметтік стратегия.Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтерудегі стратегия: 1. Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтына ынталандыру. 2. Әйел мен бала денсаулығын жақсарту және қорғау. 3. Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.Көркеюші және саяси тұрақтанған Қазақстанға қажет үш белгі – ұлттық бірлік, әлеуметтік шындық, азаматтарының әл-ауқатыының артуы.Ұлттық қауіпсіздіктің бір тірегі – миграциялық саясат. Ол – халықтың бір елден басқа бір елге қоныс аударуы.Ресурстарды пайдалану стратегиясы.Қазақстандағы табиғи ресурстарды, әсіресе энергетикалық ресурстарды пайдалану стратегиясы: 1. Халықаралық шарттар жасағанда Қазақстанның мүддесін, экологиясын, өз адамдарымыздың жұмыспен қамтылуы мен даярлануын, әлеуметтік міндеттерді шешу қажеттігін көздеу. 2. Мұнай мен газ экспорты үшін құбыр арналарының жүйесін құру. 3. Әлемдік қауымдастықтың ірі елдерінің мүддесін Қазақстанның әлемдік отын өндіруші ретіндегі роліне бағыттау. 4. Ішкі энергетика инфрақұрылымын құру мен дамыту, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсекелестік проблемааларын шешу үшін шетел инвестицияларын тарту. 5. Ресурстардан түсетін кірістерді үнемшілдікпен пайдалану.Көлік пен байланысты дамыту стратегиясы.Инфрақұрым, көлік пен байланылс саласындағы Қазақстанның міндеті – отандық көлік-коммуникация кешенінің бәсекестік қабілетін және Қазақстан аумағы арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз ету.Қазақстандағы жүк тасымалының негізі – темір жол. Осы саланың алдында тұрған стратегиялық міндеттер: 1. Халықаралық көлік және сауда байланыстарын Трансазия магистралі бойынша транзиттік жүк тасуды қамтамасыз ететін негізгі темір жол бағыттарын жаңарту. 2. Достық станциясын дамыту, Достық-Ақтоғай учаскесін нығайтуды аяқтау. 3. Барлық көліктік-коммуникациялық монополияларды қайта құрылымдауды жүзеге асыру.Автомобиль жолдары бойынша:Жеке меншік магистральдарды салу, қазіргі барларын жекешелендіру мен концессияға беру жөніндегі жұмыстарды бастау.Әуе көлігі бойынша: 1. Авиацияда тәртіпті орнату және ұшақтар паркін лизинг пен жоғары деңгейді ұшақтардың белгілі бір көлемін сатып алу есебінен толықтыру. 2. Әуежайларды қайта жаңарту, қызмет көрсету мен сервисті қамтамасыз ету деңгейін халықаралық стандартқа жеткізу.Су көлігі бойынша:Ақтау” айлағын қайта жаңарту және флотты кемелермен толықтру үшін шетел инвестицияларын тарту.Байланыс және телекоммуникациялар желілері бойынша: 1. Шалғайдағы әлсіз дамыған аудандарға кем дегенде, байланыс қызметінің ең төмен деңгейін беру. 2. Болашақта әлемнің дамыған елдерінің инфрақұрылымдарымен
бәсекелесуге қабілетті дербес және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру.Қазақстанның әлемнің негізгі экономикалық аудандары аралығында орналасуы географиялық жағынан тиімді болып отыр. Ертедегі ірі Ұлы Жібек жолы өткен жерлерде енді темір жолы салынды. 1991 жылы Дружба-Алашанкоу темір жолы салынды, ал 1991 жылы мамырда Теджин-Серахс-Мешхед темір жол торабы (290 шақырымдық) іске қосылды.Басқару саласындағы стратегия.Қазақстан қоғамын басқарудағы негізгі міндеттер: 1. Мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау. 2. Басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру. 3. Ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру.Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін 7 негізгі стратегия ұстанымдары:1. Ықшам әрі кәсіпқой үкімет. 2. Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс. 3. Ведомстволық үйлестіру. 4. Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру. 5. Орталыққа тәуелділікті жою. 6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. 7. Кадрларды талдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.Қоғамның даму стратегиясы.Қазақстан елінің 8 артықшылығы баса көрсетіледі: 1) Тәуелсіз, егемен мемлекеттің негізі қаланды. 2) Ескі саяси және экономикалық жүйеден түбегейлі бөлектенді. 3) Қоғамдағы өзгерістер ықпалымен адамдар да түгел өзгерді. 4) Орасан зор байлық – табиғи ресурстар. 5) Жетекші фактор–адамдардың өзі, олардың ерік-жігері, күш-қуаты, табандылығы, білім-білігі. 6) Ауылшаруашылық жерлері. 7) Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігі. 8) Қазақстандықтардың байсалдылығы мен төзімділігі, кеңпейілділігі мен ақжарқындығы.Қазіргі Қазақстанның күшті жағын көрсететін ең басты жетекші фактор – адамдар, олардың ерік-жігері, білім-білігі мен күш-қуаты.Қазақстан қоғамы дамуындағы келеңсіз сипаттар:
1. Коммунистік ұстанымдар рухында тәрбиеленген адамдардың бірнеше ұрпақтары қалыптастырған – діл. Сондықтан бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғырту қажет. 2. Өндіріс көлемдері төмендеуі әсерінен әлеуметтік ахуалдың төмендеуі. 3. Азаматтардың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейінің нашарлауы. 4. Ұлттық жинақтардың ұлғаюы мен капитал қорларының баялауы. 5. Кедейлік пен жұмыссыздық проблемалары. 6. Демографиялық өнімсіздіктің ұлғаюы. 7. Жете даярланбаған және нашар ұйымдастырылған мемлекеттік басқару. 8. Заңдардың жартыкештігі және тұрлаусыздығы.Қазақстанның басты мұраты – ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттікке негізделген, әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау.Жолдаудағы өзекті сөздер – халықтың тұрмысын жақсарту, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету.33 жыл өткеннен кейінгі қазақстандықтар бейнесі: 1. Жаупты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты азаматтар; 2. Бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары; 3. Жоғары ақы төленетін, оқытып үйретілген, Қазақстан халқының мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен биік ұстайтынына сенімді азаматтар; 4. Мемлекттің өздерінің құқықтарын қорғайтына және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді, салауатты өмір сүретін азаматтар.2030 жылы Қазақстан жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың –Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын ролін атқаратын болады.2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады. 75. Қазақстанның сыртқы саясаты Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады. Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық[өңдеу] Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалык, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймактың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан баска аймактың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменістан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр. Ресей Федерациясымен ынтымақтастық[өңдеу] Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-ресейлік қарым-қатынастың біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Коллективті қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді. Кытай Халық Республикасымен ынтымақтастық[өңдеу] Біздің мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму үстінде. Бұл - Кытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы тауарайналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында көптеген ipi жобалар жүзеге асырылып отыр. Ұдайы қарым-қатынас арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді. Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық[өңдеу] Оған қоса Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысы жылдан жылға нығая түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы АҚШ-қа ресми сапары қазақстандық-американдық ара-қатынастың дамуына және нығая түсуіне септік еткен маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел арасында болған сындарлы сұхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен күрес, энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және Қазақстан Республикасындағы жоғарғы технологиялық, инновациялық өндірістерді дамыту процесіне американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды. Мұсылман елдерімен ынтымақтастық[өңдеу] Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi турасында 2006-2007 жылдар аралығында бұл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Катар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға 2007 жылдың қараша айында Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары елеулі оқиға болды. Бұл біздің ел Президентінің араб және мұсылман әлемінде ықпалы зор Сирия мемлекетіне деген алгашқы сапары болды. Бұл мемлекет территориясында Қазақстанның тарихына тікелей байланысы бар ұлы ғұламалар жерленген. Олар қазақ даласынан шыққан бүгінде Дамаскеде жерленген ұлы ғалым, ағартушы Әбу Насыр Әл-Фараби мен аты аңызға айналған қолбасшы, әмірші Сұлтан Бейбарыс. Осы ретте тарихи және мәдени мұраларды әрдайым сақтап, дәріптеген Қазақстанның Дамаскедегі Әл-Фараби кесенесін салуға және Сұлтан Бейбарыстың кесенесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөліп отырғандығы да кездейсоқтық емес. Бүгінгі күні республикамыз әлем ауқымындағы өзекті Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы «Батыс — мұсылман әлемі» диалогын дамыту идеясын алға тартып отыр, әзірше бұл сыртқы істер министрлері деңгейінде жүзеге асуда. Қазақстан аталмыш идеяны әлем діндерін біріктірген және дінаралық сұхбат кұруға мүмкіндік берген өзінің халықаралық тәжірибесіне сүйене ортаға салуда. Бұған мысал мемлекетімізде 2003, 2006 және 2009 жылдарда үш рет өткен және халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болған Әлем және дәстурлі діндер басшыларының Съезі. БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-i сессиясында сөйлеген сезінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев болашақ съездің БҰҰ аясында өткізілуі туралы ұсыныс жасады. Еуропа Одағымен ынтымақтастық[өңдеу] Соңғы жылдары Қазақстан Еуропа Одағына мүше елдер арасындағы қарым-қатынас едәуір алға басты. Бұл ретте мемлекетіміздің ЕО-мен «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» диалогы шеңберіндегі ара-қатынасын атап өту қажет. «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» аясындағы соңғы кездесу 2007 жылдың көктемінде Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласында өтті, оның барысында ЕО-ның Орталық Азиядағы 2007-2013 жылдарға арналған стратегаясы талқыланды. Сол жылдың 30 маусымында Берлин қаласында Еуроодақтың Орталық Азияға қатысты Стратегиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Демократиялық реформалар нәтижесінде қол жеткізілген Қазақстанның саяси, экономикалық жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың мойындауы және әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің республиканың ықпалының өcyi мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ТМД Төрағасы ретінде 2006 жылы Санкт-Петербургте өткен G-8 саммитіне қатысуға мүмкіндік берді. Саммит аясында Н.Ә. Назарбаев әлемдік және аймактық державалардың басшыларымен кездесіп, олармен болған сұхбат барысында екі жақты және көпсалалы ынтымақтастыққа байланысты көптеген мәселелерді талқылады. ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері[өңдеу] Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бұрынғы КСРОреспубликаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрагасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрыңғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде. Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық[өңдеу] Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕКЫҰ) бұрынгы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕКЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕКЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕКЫҰ төраға болуда. Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде соңгы 18 жылда қол жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның салмақты тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие болып келеді және де ЕКЫҰ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық. Өйткені ЕКЫҰ-на төрағалық ету - бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады. Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын. Бұл кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл басқосулар халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация және де аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия кұрлығындағы күрделі геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына айналды. ЭСКАТО-ға мүше 62 мемлекеттен 400-ден астам делегат қатысқан Алматы қаласында өткен Азия мен Тынық мұхиты мемлекеттерінің Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ ЭСКАТО) 63-i сессиясы Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия үшін маңызды шараға айналды. Бұндай дәрежедегі шара Орталық Азияда тұңғыш рет өткенін атап өту қажет. Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда халықаралық және аймактық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай ұйымдардың бipi Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады (ШЫҰ). 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалогарқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті. Жоғарыда айтып кеткен фактілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдар ішінде сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл мемлекет басшылығының сыртқы саясатты дұрыс және тиімді жүргізуіне байланысты мүмкін болып отырғанын атап кету керек. Экономикалық жетістіктеріміз де осыны анғартады. Тәуелсіздік жылдарында республикаға $50 млрд. көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылған. Мемлекеттің алтынвалюта қоры тұрақты көбеюде. 1995 жылдан 2005 жылға дейін алтынвалюта қорының көлемі 9 есеге көбейіп, ҚР Статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметі бойынша $15 085 млн. құраған. 2002 жылдың наурызында АҚШ Қазақстанға «нарықты экономикалы мемлекет» деген дәрежені берді. Бұл республика жүргізген нарықтық реформалар жемісінің белгісі. Бүкіләлемдік экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. әлемдік бәсекелестік индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін озып 56 орынды иемденді. Бұл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында көшбасшы. Кеңейген экономикалық мүмкіндіктер республика алдында жаңа сыртқысаяси мақсаттар қойып отыр. Сарапшылар көз-қарасы бойынша Қазақстанның қарқынды дамып жатқан экономикасы «тұрақтылық экспортері» ретінде бүкіл аймақ экономикасының дамуының катализаторы болуы мумкін. Бұл ретте қазақстандықтардың зияткерлік мүмккіндігі мен мемлекеттің табиғи байлыкқары негіз бола алады. Мұнай мен газдың үлкен қорлары бар республика болашақта қалыптасып келе жатқан галамдық энергетикалық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын әлемдік нарыққа көмірсутегін жеткізетін жетекші мемлекетке айналуы әбден мүмкін 76. «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы шегіндегі ЕО елдерімен Әділет министрлігінің ынтымақтастығының бағыттары туралы Баспасөз-реализі -AA+A 19.02.2009 2009 жылдың 19 ақпанында ҚР Әділет министрі Зағипа Балиева Қазақстан Республикасында өкілдік берілген Дипломатиялық Миссия Басшыларымен кездесті. Кездесу барысында Еуропалық Одақ елдерінің Қазақстанмен құқықтық салада атап айтқанда «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы шегіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Осыдан басқа Министр БАҚ, саяси партиялар, сайлау туралы ұлттық заңнаманы жетілдіру, диффамация мәселелері бойынша Еуропалық елдердің жағымды тәжірибесін зерттеуге және алмасуға Қазақстанның қызығушылығын білдірді.
Жиналыста Қазақстанда өлім жазасын қолдану мәселесі де көтерілді. Осы себеп бойынша Министр Парламент Мәжілісіне тиісті заң жобасы енгізілгенін хабарлады.Жобада өлім жазасы тағайындалатын қылмыс құрамдарын қысқарту қарастырылған. Қазақстан Республикасының сыртқы саясат Концепциясына сәйкес еуропалық елдермен жанжақты ынтымақтастықты дамыту Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие болып табылады. 2008 жылдың 28 тамыздағы Президент жарлығымен 2009-2011 ж.ж. арналған «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаны қабылдаудың қажеттілігі елдің ішкі дамуының маңызды мәселелерін шешудің, еуропалық бағыттағы ұлттық приоритеттерді дайындаудың, тарихи қалыптасқан байланыстарды нығайтудың, еуропалық интеграцияны және институттық-құқықтық реформалардың тәжірбиесіне баулаудың, технологиялық, энергетикалық, транспорттық, сауда, гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығымен байланысты. Бағдарламаның мақсаты - Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы еуропалық елдермен стратегиялық әріптестік деңгейіне шығу болып табылады. Әділет органдары саласында ынтымақтастықтың негізгі приоритеттері 2008 жылдың 27-28 қарашасында Брюссель қаласында өткен «Верховенство права – краеугольный камень развития» атты тақырыбындағы билікті оңайлату бойынша Еуроодақ Бастамасын іс жүзінде жүзеге асыру приоритеттері» тақырыбындағы ЕО және ОА әділет министрлері кеңесі шегінде талқыланған болатын. Брюссельде өткен кеңесте ұсынылған Орталық Азияда құқық билігін жеңілдету жөніндегі Еуропалық Одақ Бастамасы Еуроодақтың Қазақстан Республикасымен құқықтық салада қарым-қатынастарды дамыту ниетін растайды. Дипломатиялық Миссия Басшылары әділет Министрінің бастамасын бірауыздан қолдады және өз кезегінде өзара құқықтық ынтымақтастықты дамытуға көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді. Әділет министрі Еуроодақ елдерінің әріптестерімен тығыз байланыс орнатуды ұсынды. Кеңеске қатысушылар біріккен жобаларды оның ішінде әділет органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және әділет органдары қызметін жаңарту мен жетілдіру бойынша ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тәжірбиемен алмасуды іске асыруға мүмкіндік туғызатын ынтымақтастық туралы ведомствоаралық келісімдерге қол қоюға келісті. Ведомствоаралық ынтымақтастық шегінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасында Мемлекет басшысы анықтаған тапсырмаларды, атап айтқанда халықаралық құқық нормаларын және адам құқықтарын сақтау саласында халықаралық шарттарды қолдану, қылмыстық жазаларды орындау, нормативтік-құқықтық актілерді дайындау және талдау саласынды жағымды тәжірбиені енгізу және зерттеу бойынша іске асыруға ниетті. Еуроодақ әділет органдарымен тығыз ынтымақтастықты орнату «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасында және Бастамада баяндалған тапсырмаларды табысты жүзеге асыруға септігін тигізеді. 77. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының Президенті: 1) Қазақстан халқына елдегi жағдай мен Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды.
78. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы 1998 ж. 26 маусымдағыҰлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының тәуелсiз егемендi мемлекет ретiнде дамуының басты шарты болып табылады.Осы Заң мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың және азаматтардың ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң мақсатын, жүйесi мен бағыттШанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) [The Shanghai Cooperation Organisation] 2001 ж. 15 шілдеде Шанхай қаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның ізашары "Шанхай бестігі" болды, ал Шанхай әріптестігі Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан,Тәжікстан арасындағы шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларының күшейтілуімен жүзеге асырылды. 1996 және 1997 жж. бес мемлекеттің басшылары Шанхайда және Мәскеуде кездесіп, шекара аумағында әскери сенім шараларын күшейту Келісімі және шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларын күшейту Келісіміне қол қойды. Осыдан кейін бес мемлекеттің аумағында кезегімен ұйымдастырылып, толық қалыптасты, кездесулер тақырыбы да кеңейе бастады, енді бұл шаралар бес мемлекеттің арасындағы саяси, қауіпсіздік, сыртқы байланыс, экономика және сауда салаларындағы тиімді өзара әріптестік дәрежесіне көтерілді. 2000 ж. Өзбекстан президенті Душанбеде өткен саммитке қатысты. бұл бес мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі Шанхайда өткендіктен әріптестіктің бұл тетігі "Шанхай бестігі" деп аталды. 2001 ж. маусымда "Шанхай бестігінің" бес жылдығына орай мүше-мемлекеттер басшылары және Өзбекстан президенті Шанхайда кездесті. Осы кездесуде Өзбекстан құрылымға енді. Ӏлешала Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларация жарияланды. Бұл құжатта мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және жаңа айбаттар мен қатерлерге қарсы түру, өзара әріптестік деңгейін және дәрежесін көтеру үшін "Шанхай бестігінің" негізінде Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөнінде шешім қабылданғаны айтылған. ШЫҰ Хартиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларацияға сәйкес, ұйымның негізгі мақсаттары мынадай:
ШЫҰ келесідей негізгі қағидаттарды үстанады: БҮҮ-ның мақсаттары мен принциптерін үстану; тәуелсіздікті, егемендікті, аумақтық түтастықты сақтау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, өзара күш қолданбау және қолданамын деп қоқанлоқы кәрсетпеу; барлық мүшелердің тең құқықтығы; барлық мәселелерді өзара кеңесу арқылы шешу; басқа мемлекеттерге немесе ұйымдарға қарсы бағытталған одақтарға бірікпеу; басқа мемлекеттермен және аймақтық ұйымдармен әртүрлі диалогқа, пікір алмасуға жүгіну, әріптестікке ашықтық және даярлық. ШЫ¥ қарулы күштерді қысқартуға, қауіпсіздікке әріптестік жолымен қол жеткізуге, діңгегі одақтастық емес, әріптестік болып табылатын жаңа сипаттағы мемлекетаралық қатынастарға, аймақтық әріптестіктің жаңа үлгісіне негізделген қауіпсіздіктің жаңа түжырымдамасын толық қолдайды. Бүгінгі таңда ШЫ¥ шеңберіндегі әріптестік қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларын (қауіпсіздік, көлік, мәдениет, төтенше жағдайлардың алдын алу, салдарын жою; құқық қорғау қызметі және т.б.) қамтиды. Қауіпсіздік пен экономика саласындағы әріптестік басым бағыт ретінде қаралады. 79. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы рухани және білім беруді дамыту салаларындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып табылады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 6 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірдеҚазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 6 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.Сонымен бірге, әлемге ұлттық рухани ескерткіштер байлығын паш етеді. Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді.Ұлттық мәдени мұраны толық зерттеу жүйесінің құрылуы бағдарламаны құруда аса маңызды болмақ. Республика тәуелсіздік алғаннан кейін толық гуманитарлық білім беру қорын құру мақсатында мемлекеттік тілде алғашқы қадамдар жасалды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар және Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350-ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды.Бағдарламаның жүзеге асуын мәдениет, әдебиет, философия, тарих, этнография, және тіл білімі т.б. бойынша академиялық институттар құрылуынан, бағдарламаның тиімді жоспарларының орындалуынан көреміз. Ұлттық кітапхана елдің жоғары оқу орындарының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық жоба деп атаған. Бағдарлама халықтың гуманистикалық курсы және потенциалын көрсетіп, оның тарихи тәжірибесін байытып, болашақтың сенімді тірегі болмақ.Қазақстан тарихында гуманитарлық акция ретінде жүргізілетін «Мәдени мұра» бағдарламасы бұдан әрі қарыштап дами бермек. 80.Алғашқы газеттер — «Түркiстан уәлаятының газетi» (Ташкент, 1870 — 82), «Дала уәлаятының газетi» (Омбы, 1888 — 92). Бұдан кейiн Ордада және Оралда ағартушылық бағыттағы «Қазақстан» газетi (1911 — 13), Орынбор қ-нда А.Байтұрсыновтың ұйымдастыруымен «Қазақ» газетi (1913 — 1918), ақын-демократ М.Сералин ұйымдастырған қазақ тiлiндегi тұңғыш журнал «Айқап» (1911 — 15) шықты. 1913 ж. 11 газет болса, 1975 ж. 407 газет, оның iшiнде 15 респ., 38 облысы, 271 ауданы, 8 қалалық, 69 көп тиражды және 1 ұжымшарлық газет болды. Қазан төңкерiсiнен бастап қазiргi кезеңге дейiнгi аралықтағы респ. газеттер: «Егемен Қазақстан» (бұрынғы «Социалистiк Қазақстан», 1919 жылдан), «Казахстанская правда» (1920 жылдан), «Жас Алаш» (бұрынғы «Лениншiл жас», 1921 жылдан), «Экспресс К» (бұрынғы «Ленинская смена», 1922 жылдан), «Ұлан» (бұрынғы «Қазақстан пионерi», 1930 жылдан), «Дружные ребята» (1933 жылдан), «Қазақ әдебиетi» (1934 жылдан), «Қазақстан мұғалiмi», «Учитель Казахстана» (1952 жылдан), «Спорт» (1959 жылдан), ұйғыр тiлiнде «Коммунизм туғи» (1957 жылдан), оның араб алфавитiмен шығатын «Йени һаят» («Жаңа өмiр», 1970 жылдан) қосымшасы және үш ауданы газет; корей тiлiнде «Ленин кичи» («Ленин туы», 1938 жылдан); немiс тiлiнде «Фройндшафт» («Достық», 1966 жылдан); өзбек тiлiнде екi ауданы газет шығады. Респ. журналдар: «Ақиқат» (бұрынғы «Қазақстан коммунисi», 1921 жылдан), «Здравоохранение Казахстана» (1923 жылдан), «Қазақстан әйелдерi» (1925 жылдан), «Народное хозяйство Казахстана» (1926 жылдан), «Жұлдыз» (бұрынғы «Әдебиет және искусство», 1928 жылдан), «Мысль» (бұрынғы «Партийная жизнь Казахстана», 1930 жылдан), «Простор» (1932 жылдан), «Қазақстанның ауыл шаруашылығы», «Сельское хозяйство Казахстана» (1936 жылдан), «Ара», «Шмель» (1956 жылдан), «Парасат» (бұрынғы «Мәдениет және тұрмыс»), «Балдырған», «Автомобильный транспорт Казахстана», «Кооператор Казахстана» (1958 жылдан), «Зерде» (бұрынғы «Бiлiм және еңбек», 1960 жылдан), «Жалын» (1969 жылдан), т.б. 1921 жылдан Қазақ телеграф агенттiгi (ҚазТАГ) жұмыс iстейдi. Респ. радио хабары 1931 ж. берiле бастады. 1974 ж. радио хабарларының орта тәулiктiк көлемi 5 респ., 19 облысы бағдарлама бойынша 70 сағ болып, 200 ауданы және 8 қалалық радио редакция жұмыс iстеген болса, қазiр 60-тан астам қоғамдық-танымдық бағдарлама, 20-ға жуық муз. ойын-сауық бағдарламасы бар (2003) (қ. Қазақ радиосы). 1958 ж. тұңғыш телехабар берiлсе, 1972 ж. 15 телевизия студиясы және 40-тан астам ретранслятор жұмыс iстедi (қ. Қазақстан телеарнасы). Респ. радио мен телевизия қазақ, орыс, корей, ұйғыр, немiс, әзербайжан, түрiк, татар тiлдерiнде хабар бередi. Баспа iсi. Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде түркi тiлдес халықтардың iшiнде татар тiлiндегi кiтаптардан кейiн қазақ тiлiндегi кiтаптар саны мен көлемi жағынан екiншi орын алған. Бұл кiтаптар, негiзiнен, Қазан, Ташкент, Петербург, Уфа, Троицк, Астрахан баспаханаларынан шыққан. Қазақ тiлiндегi ең алғашқы басылым 1831 ж. «Қазақ халқына хабарлама» деген атпен Қазан ун-тi баспаханасынан жарық көрген. 1861 ж. Н.И. Ильминскийдiң құрастыруымен орыс-қазақ дала мектептерiне арналған «Қырғыздар үшiн өздiгiнен орысша сауат ашу» оқулығы шықты. 1862 ж. «Ер Тарғын» эпосы жұртшылықтың қолына тидi. Ол төрт рет қайта басылып, таралымы 33 800 данаға жеттi. 1908 жылға дейiн Едiл мен Жайық бойында 2 млн. 201 мың 105 дана 509 басылым (оның 461-i кiтап) жарияланған. Фольклорлық сипаттағы 25 басылым жарық көрген. Олардың iшiнде «Қыз Жiбек», «Айман — Шолпан», «Сал-сал», «Алпамыс», «Шах-Мұрат», «Қасым Жомарт», «Шәкiр-Шәкiрат» қиссалары мен «Құла мерген», «Сәтбек батыр», «Мәлiк Ажда», «Наурыз» жырлары бар. Суырып салма ақындық өнер iшiнде Бiржан мен Сараның айтысы халыққа кең тараған. Ол тоғыз рет қайта басылып, таралымы 57800 данаға жеткен. Қазақ ауыз әдебиетiнiң үлгiлерi де жеке кiтап болып шыққан. «Қазақ мақалдары», «Жұмбақтар мен мақалдар» (құраст. Г.Жәнiбеков), «Жұмбақ», «Шопан ата» (құраст. З.Әбдiқадыров), «Тоғыз құмалақ», т.б. Сонымен бiрге араб, парсы, әзербайжан, өзбек фольклорларының шығармалары қазақ тiлiне аударылған: «Ғашықтар кiтабы» (ауданы А.Сабасов), «Дарбұға туралы аңыз», «Өлеңмен жазылған махаббат хаты», түрiк тiлiнен «Қаһарман», «Зұлқарнай», «Сейфiлмәлiк», «Бахдам» аударылған. Орыс әдебиетiнен А.С. Пушкиннiң «Алтын балық туралы аңызы» (ауданы А.Сабасов), «Капитан қызы» (ауданы Молданияз Бекiмов), И.А. Крыловтың «Мысалдары» (ауданы Спандияр Көбеев) шықты. Елуге жуық қаламгердiң жаңа шығармалары жарық көрдi. Бұлардың iшiнде М.Сералин, С.Дөнентаев, Қ.Шопанов, Б.Өтемiсов, М.Қалтаев, М.Қашымов бар. Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелiк», С.Көбеевтiң «Қалың мал» романдарын, Қ.Түгiсовтiң «Надандық құрбаны» атты драмасын атауға болады. Жалпы 1917 жылға дейiн қазақ тiлiнде 1000-нан аса кiтап жарық көрдi. 1920 ж. қарашада Мемл. кiтап баспасы құрылды. Егер 1920 ж. республикада жалпы таралымы 13 мың дана небары 6-ақ кiтап шығарылған болса, 1930 ж. 2 млн. 671 мың дана 420 кiтап, 1940 ж. 5 млн. 775 мың дана 762 кiтап, 1971 ж. таралымы 25 млн. данадан асатын 2096 кiтап пен кiтапша жарық көрдi. 1940 ж. Қазақстанда небары төрт баспа: Қазақ баспасы (1964 жылдан — «Қазақстан» баспасы), Қазақ партия баспасы (Қазпартиздат), Көркем әдебиет баспасы және жастар баспасы болды. 1963 ж. Қазақ КСР Мин. Кеңесi жанынан Баспа iстерi жөнiндегi мемл. к-т құрылды. Ол 1978 ж. Қазақ КСР Мемл. баспа, полиграфия және кiтап саудасы iстерi жөнiндегi мемл. к-т болып қайта құрылды. 1989 ж. бұл к-т ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат мин. деп аталды. 1995 ж. оның негiзiнде ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат жөнiндегi ұлттық агенттiк құрылды. Ол 1997 ж. таратылып, оның орнына ҚР Ақпарат және қоғамдық келiсiм мин. өмiрге келдi. Бұл мин. ҚР Президентiнiң 1999 ж. 22 қаңтардағы Жарлығымен ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм мин. болып өзгердi. 2003 ж. 13 қыркүйекте ҚР-ның Ақпарат мин. болып қайта құрылды. Қазiр мемл. тапсырыспен жұмыс iстейтiн 38 баспа бар (2003). 1978 ж. құрылған Республика кiтап мұражайында ерте заманнан бүгiнге дейiнгi 60 мыңнан астам әр алуан кiтаптар, альбомдар, көне қолжазбалар сақталған. Қазақстанда Интернет, кабельді теледидар серпінді дамып келеді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар ақпарат нарығында кеңінен қолданыс табуда. Ұлттық ТД мен радиостансалар ұлттық ғарыштық жүйе арқылы таратылуда. 2002 жылы CaspioNet (операторы Eutelsat) ғарыштық арнасы құрылды.Республиканың барлық аумағында кабельдік және ғарыштық арналар арқылы BBC, CNN, Deutsche Welle арналарының бағдарламалары, Азаттық радиосы, Польшаның Polonia арнасы, ресейлік және басқа да телерадио арналар көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер миинстрлігінде әлемнің 20 елінен 80-нен астам шетелдік БАҚ-тардың өкілдері тіркелген. Олардың қатарында BBC, Associated Press, Интерфакс, France Press, Reuters, ITAR-TASS сияқты дүниежүзіне танымал аса ірі ақпараттар агенттіктері бар. 81. «ҚАЗАҚСТАН-2050» ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ. Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығы қарсаңында, елордадағы қазақ мәдениетінің ең биік тұғырына айналған, теңдесі жоқ өнер ордасы — «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында тұңғыш рет, Елбасымыз Қазақстан халқына жылдағы дәстүр бойынша «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты кезекті жолдауын жария еткен болатын. Қазақстан «2050 стратегияның бағыттары» мәңгілік жолындағы ұрпақ бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған ұрпақпен әрі қарай дамытқан ұрпақ сабақтастығының көрінісі болғанда ғана біз үлкен ел боламыз. Бұның бәрі жастардың қолында. Елбасының халыққа Жолдауында ұсынған «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаңа саяси бағыт. Басты мақсат – ХХІ ғасырда қазақ елінің орнықты дамуын жалғастыру, осы ғасыр ортасында әлемдегі ең дамыған 30 елдің санатына қосылу. Президент ұсынған «Қазақстан-2050» Стратегиясы біздің болашақ табыстарымыздың, үстіміздегі ғасырдың ұзақ жолының бағдары, жолбасшысы болмақ. Қазіргі заманда, құбылысы, жолайырғы көп заманда, адам да, бүкіл ел де адасады. Бізден екі ғасыр бұрын егемендік алған Латын Америкасы елдері дамитын жолдарын дұрыс таба алмай бір жарым ғасыр бір ілгері, бір кейін жүріп, тек кейінгі жарты ғасырда ғана беталыстарын түзегенін тарихтан жақсы білеміз. Осындайда адасып, жүрер бағытын дұрыс анықтай алмай жүрген елдер әлі де баршылық. Сондықтан да аталмыш Стратегияның тіке жүріп, діттеген мақсатымызға жетуде маңызы зор. 82. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылы («Қазақстанның бәсекеге аса қабілетті әлемнің 50 елінің қатарына қосылу Стратегиясы» атты ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы) аса дамыған әлемнің 50 елінің қатарына қосылуы мен бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету стратегиялық курсын жариялауы алдында жүргізілген реформалармен анықталған еді.. «Тіршілік ету мәселесін» шешіп және экономикалық өсімнің тұрақты деңгейіне жеткендіктен Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мен қоғам өмірінің сапасын көтеру міндеті толықтай негізді түрде қойылып отыр. Елге әлемдік нарықтың талаптары тұрғысынан қарау тиісті аймақтық дамыту бағдарламаларын әзірлеуді міндеттейді. Бұл ғылым, білімді де, экономиканы да әлеуметтік қызметті де дамытуға қатысты. Қазақстанның әлемдегі елу бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына ену бағдарламасы мемлекеттің көптеген аймақтары мен әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық деңгейінің бір-бірімен байланысты тапсырмалардың кешенді шешімі болып табылады. Оларға ең бірінші халықтың жұмыспен қамтылуы мен қазақстандық еңбек нарығы жатады. Тек жұмыспен қамтылу аясында тиімді өнім еңбек негізінде ұлттық тауар мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін қамтиды, ол өз кезегінде жабдықтардың техникалық жаңартылуына, жаңа технологиялардың енгізілуіне, көбінесе адами шикізаттың жаңа сапасына тәуелді. Жаңашылдық – индустрия даму және жоғары технологиялық экономикаға өту жағдайында жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді өндіру, бірқатар нарық талаптарына сай кәсіби білімді көтеру және кадрларды мамандандыру, дайындау жүйесін қайта бағыттау мен реформалау және маманданған жұмысшы күштерді қайта дайындауды қажет етеді. Мемлекеттік дамудың таяу болашақтағы басты мақсаты – бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына қосылу. Бұл міндетке Елбасымыз жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында тоқталып келеді. Ал мұндай мақсатқа біз экономика табысының шикізатқа тәуелді болуын жойғанда ғана қол жеткізе аламыз. Осы негізде ел Үкіметі экономикамызды әртараптандыру міндетін мойнына жүктеп, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын қабылдаған болатын. Аталған бағдарлама аясында бүгіндері еліміздің түкпір-түкпірінде жүздеген өндіріс орындары ашылуда. Дегенмен Кеден одағына ену, келесі жылы бірыңғай экономикалық кеңістік құру секілді ауқымды мемлекетаралық деңгейдегі қадамдар осы бағыттағы, нақтырақ айтқанда, ел экономикасын әртараптандыру ісін жеделдетуді талап етуде. Қазіргі уақытта экономикалық өсу барлық мемлекеттердің экономикалық саясатының өзекті мәселесі болып табылады. Кірістердің жоғары деңгейін, ЖІӨ-нің тұрақты қарқынмен өсуін қамтамасыз еткен дамыған елдерді ғаламдану әсерінен болатын экономикалық өсудің сапалық өзгерістері және экономикалық өсудің осы елдердің халқына тигізетін әлеуметтік ықпалы толғандырып отыр. Дамушы елдерді мүлдем өзге проблема – сапалық тұрғыдан жаңа инновациялық негізде ұзақ мерзімді тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз етуді мемлекеттік экономикалық саясаттың басым бағыты ретінде белгілеу ойландыруда. Экономикалық өсу азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын жоғарылатудың, қоғамның тұрақты дамуы үшін материалдық базаны қалыптастырудың негізі болуға, сондай-ақ дамыған елдермен қатар, дамушы елдердің әлемдік шаруашылық процестерге теңдей қатысуына кепілдік беруге тиіс. Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикасы ғаламдық дағдарыстың салдарын еңсеру проблемасын шешуде. Соңғы жылдары елімізде байқалған экономикалық өсу дүниежүзілік шикізат нарықтарының конъюнктурасына негізделді. Тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша, соңғы жылдарда Қазақстан экономикасының жоғары қарқынмен өсуінің шамамен 90% дүниежүзілік шикізат нарықтарында қалыптасқан қолайлы баға конъюнктурасы негізінде қол жеткізілген. Сондықтан ЖІӨ-нің құрылымында негізінен өндіруші саланың, сауда-делдалдық қызметтердің, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялардың, өнеркәсіптің үлесі басым болып отыр. ЖІӨ-нің құрылымында қызметтердің үлесі айтарлықтай үлкен емес, бұл орайда көлік және байланыс саласында теріс динамика байқалуда, ал шамадан тыс ұлғайтылған қаржы секторы материалдық түпкі макроэкономикалық нәтижелерде қандай да болмасын қомақты роль атқармайды, мұндай жағдай экономикалық өсу проблемасын, ұлттық экономика дамуының баламалы факторларын кешенді зерттеудің өзектілігін арттырып отыр. 88.Қазақ қоғамдық-саяси және экологиялық қозғалыстар (Невада-Семей, Арал) Енді соңғы мәліметтер бойынша бір ғана Қарағанды облысында 6 саяси партия, 8 саяси мақсаттағы қоғамдық қозғалыстар, 16 жастар ұйымдары, 6 әйелдер ұйымдары, 13 ұлттық мәдени орындар, 2 табиғат қорғау қозғалысы, 15 тәуелсіз кәсіподақ, 85 діни бірлестіктер, 273 басқа да әр түрлі ұйымдар мен бірлестіктер бар. Жеке ұйымдар мен қозғалыстар: «Азат» азаматтық қозғалысы. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-әрекеттің нысаны мен тәсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы және жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу. 300-ден астам мүшелері бар. Ең көп мүшелері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда.Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында. «Азат» басқа елдердегі осындай қозғалым ұйымдары мен тікелей байланысты. «Азат» газетін шығарады, «Қазақ тілі» қоғамымен тікелей байланыста. «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы - жарғысы, бағдарламасы бар. Қоғам мүшелері 19 халық комиссарының (министірдің), 1938 жылы Алматы маңында атылғандардың көмілген жерлерін анықтады. Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу үшін қаржы жинады. Орыс қауымы (русская община) - Әділет министірлігінде қыркүйектің 1- інде тіркеуден өтті. 14 облыста бөлімшелері бар. Жалпы саны 70 мың адамнан асады. Қазақстанның әйелдер одағы. Бұл қоғамдық ұйым 1991 жылдың мамыр айында құрылды. Құрылу мақсаты - әйелдердің қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани өмірдегі рөлін арттыру. Одақ республикадағы реформаны жақтайды. Соңғы 7-8 жылда бұл салада қыруар ұйымдастыру жұмысын атқарады. Қазақстанның жастар одағы – дербес қоғамдық ұйым, республиканың жастарын ерікті түрде біріктіреді.Республика Конституциясына, заңдарына негізделген жарғысы және бағдарламасы бар. Құрамында 500 мыңнан астам мүшесі бар. Одақтың негізгі мақсаты – жас азаматтардың еркін дамуына жағдай жасау, олардың экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын қорғау, іске асыру.Одақ жастардың мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарда жігерлілігін және дербестігін арттыру, олардың ғылыми-техникалық және көркемөнер шығармашылығын дамыту саласында сан қырлы жұмыстарды іске асырып жатыр. Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы. Бұл тіркеуден өткен қоғамдық ұйым. Негізгі мақсаты – Ауғанстандағы соғыс ардагерлерін әлеуметтік бейімдеу, оларға медициналық көмек көрсету, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғау, олардың отбасына моральдық көмек ұйымдастыру, соғыста қайтыс болғандардың атын, ерлігін мәңгілік есте қалдыру, жастарды патриоттық және интернационализм рухында тәрбиелеу. Ұйым соғыс ардагерлерімен үнемі кездесу ұйымдастырып, олардың тілек-мүдделерін зерттеп отырады. Беделі өте жоғары. Адам құқығы бюросы.Бұл қоғамдық ұйым адам құқығын іске асыру туралы қрғамдық бақылауды іске асырады, республикадан тыс жерлерге қоныс аударғысы келетін азаматтардың құқығын, республикадағы демократияның іске асырылуын қорғайды. Жұртшылық қауым бұл ұйымды өте жақсы біледі, тиісті көмектерін алып отырады. «Невада-Семей» халықаралық ядролық соғысқа қарсы қозғалыс. Бұл еңбекшілердің еріктілік негізінде құрылған ұйымы. Ұйым халықаралық «Невада-Семй-Морура-Лобнор-Новая Земля» ядролық соғысқа қарсы бірлікке кіреді. Қозғалыстың негізгі мақсаты- ядролық қаруды және соғысты адамзат өркениетінен аластау, ядролық сынақ жүргізілген аймақтар халқын экологиялық және әлеуметтік қорғау. Табиғатты, Адамды, Мәдениетті қайта жаңғырту.Осы қозғалыстың бастамасына сәйкес Қазақстанда ядролық сынақ жүргізуге тыйым салынады, «ядролық қарусыз ел» деп жарияланды.Бүкіл әлем халқы бұл бастаманы қолдады. «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті. Бұл комитет 1987 жылы белгілі ақын М.Шахановтың бастамасымен құрылып, республика жұртшылығы оны мақұлдады. Оның мақсаты : Арал теңізі жағдайына, республикадағы экоклкгиялық дағдарысқа қоғамдық пікірді аудару, Арал теңізін қалпына келтіру туралы жобалар мен бағдарламалар жасау. Комитеттің бастамасымен Арал қорына қаражат түсірілді, Қазақстанның белгілі ақындарының қатысуымен поэзия кеші, дөңгелеки үстел,Мәскеуде арал күні,Арал аймағында экоклогиялық апат туралы телемарафон өткізіледі.1996 жылы халықаралық «Арал-азия-Қазақстан» қоғамдық комитетінің мәртебесі бекітілді. 89.Бүгінгі таңдағы Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық-саяси ағымдар. «НҰР ОТАН» Халықтық Демократиялық партиясы. Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары – Бахытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Қазақстан коммунистік партиясы Партияның бірінші хатшысы – Серікболсын Әбділдә ұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден өтті. Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы Бірінші хатшысы – Владимир Борисович Косарев. 2004 жылғы 21 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы. 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген.. Партия мақсаттары: мемлекеттік реттеуді және агросекторды қолдауды күшейту; ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді ықпал ету; экономиканың барлық салаларында нарықтық қатынастардың негізді формаларын жүзеге асыру. Қазақстанның патриоттар партиясы. Партия төрағасы – Ғани Есенкелді ұлы Қасымов. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы. Партия төрағасы - Әлихан Мұхамед ұлы Бәйменов. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды құрайды. партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденген, демократиялық және еркін Қазақстан. Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттік. «Руханият» партиясы. Партия төрайымы – Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 мың адамды құрайды. Партия бөлімшелері облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партияның негізгі міндеттері: экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, биік адамгершілікті және рухани бай қоғамды дамыту. «Әділет» демократиялық партиясы. Партия төрағасы – Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев. 2004 жылғы 14 маусымда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 70 мың адамды құрайды. Партия аумақтық принцип бойынша құрылып, республиканың барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларында өз бөлімшелерін иеленген. Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы. Партияның тең төрағалары: Болат Мұқышұлы Әбілов, Ораз Әлиұлы Жандосов, Төлеген Тілекұлы Жүкеев. Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның бөлінуінің нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірінде құрылған. Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП). Партия төрағасы: Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай. Төрағаның орынбасары: Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов. Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. 3. Қазақстан 2030 бағдарламасы1997 жылғы қазан – Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.Реформаларды аяқтау.Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.«Қазақстан барысын» қалыптастыру Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды.Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:Ұлттық қауіпсіздікті сақтау 2 Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту 3 Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу. 4 Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын көтеру.н арықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.5 Энергетика ресурстарын жете пайдалану. 6 Инфрақұрылым, көлік, байланысты дамыту. Теміржол, Автомобиль жолдары, Әуе көлігі, Су көлігі, Байланыс және телекоммуникациялар желілері 7Демократиялық кәсіби мемлекет құру.Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратег. ресми құжат болып табылады.Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді.Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды 90. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ.Қазақстанның мемлекеттік рәміздері.Н.Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР елтаңбасы туралы» және «ҚР Мемлекеттік әнұранның музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды.Сол күні Президент Резиденциясы мен ҚР Жоғарғы Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді.Соңынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы крнституциялық заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығымен айқындалды. Тудың авторы-суретші Ш.Ниязбеков, елтаңбаның авторлары-Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов.ҚР мемлекеттік рәміздерінің бірі әнұран,мемлекеттік ту мен мемлекеттік елтаңбаның поэтикалық музыкалық баламасы. Әнұран салтанатты рәсімдерде,мемлекеттік органдарда өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады. Алғашқы мемлекеттік әнұранды жазу үшін шығармашылық байқау жарияланды.Оған Қазақстан ақын, композитрлары қатысты.Мемлекеттік рәміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен ақындар: М.Әлімбаев,Қ.Мырзалиев,Т.Молдағалиев,Ж.Дәрібаева шығарған өлең сөзі бекітілді. Әуен кеңестік кезеңде М.Төлебаев, Е.Брусиловский,Л.Хамиди жазған бұрынғы мемлекеттік әнұран болып белгіленді.2006 жылдың 6 қаңтарыында ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды.Заң жобасын талқылау барысында бірқатар депуттар жаңа әнұранның авторлар құрамына Н.Ә.Назарбаев ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент депутарттары жаңа әнұранның авторлары Ж.Нәжмеденовпен Н.Ә.Назарбаевты бір ауыздан қолдады.Ал әні бұрынғы қалпында қалды.2006 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстанның тарихына еліміздің жаңа әнұранының туған күні ретінде кірді.Алғаш рет әнұран ресми түрде 11 қаңтарда, АқмолаДА Президенттің Н.Ә.Назарбаевиың кезекті президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұлықтау рәсімінде орындалды.Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі астананың ауысуы болды. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан жолы» атты еңбегінде астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдамас бұрын ұзак ойланғанын, барлық қадамдарын есептеп, тарихшылармен, саясаттанушылармен, мәдениеттанушылармен ақылдасқанын, басқа елдердегі астаналарын көшіру тарихымен танысқанын айта келіп, астананы ауыстырудың негізгі себептерін былайша түйіндейді: Біріншіден, астананы ауыстыру Қазақстанды геосаяси жағынан күшейтудің қажеттігінен туындайды. Сондыктан елдің бас қаласының орнын анықтауға ерекше көңіл бөлінді. Астана өзіне еуропалық және азиялық озық дәстүрлерді сіңіріп отырған Еуразияқұрлығының орталығы болып табылады. Екіншіден, бұл шешімді қабылдағанда қауіпсіздік мәселесі де еске алынды. Тәуелсіз мемлекеттің астанасы, мүмкіндігінше, сыртқы шекараларынан жырақта және елдің ортасында орналасуы тиіс. Үшіншіден, астананың орнын ауыстыру Қазақстанның экономикасын сауықтыру қажеттігінен де туындады. Ол елдің экономикасы үшін тиімділікті қамтамасыз етті. Облыс орталықтары дами бастады, экономиканың құрылыс материалдары өндірісі, жол төсеніштері, энергетика және машина жасау сияқты салалары аяғынан тік тұрды. Тұрғын үй құрылысы бұрын-сонды болып көрмеген қарқынмен дамуда. Төртіншіден, астананы көшіре отырып, құрамы жағынан көп ұлтты біз, тұрақты полиэтникалық мемлекетті құру, Қазақстанды мекендеп отырған халықтардың арасындағы достықты сақтау бағытын да есте ұстадық. Қазақстан Республикасының 1994 жылдың 6 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасының астанасын ауыстыру туралы» қаулысы тәуелсіз мемлекетіміз астанасының тағдырын шешті. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» заң күші бар Жарлығы, 1997 жылдың 20 қазанында «Ақмола қаласынҚазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы» Жарлығы шықты. 1997 жылдың 10 желтоксанында Президент Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен Парламент пен Үкіметтің біріккен мәжілісі өтті. Осы күннен бастап Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып танылды. 1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы астанасының ресми тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті.
|