Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZAKhSTAN_TARIKh_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
915.46 Кб
Скачать

32. Жоңғарларға қарсы күрестегі қазақ батырлары.

Басқыншы жауға карсы күреске бүкіл қазақ халқы көтерілді. Ірі-ірі әскери жасақтарды Әбілмәмбет, Барақ, Сәмеке, Әбілқайыр, Сұлтанбет сияқты хандар мен сұлтандар , Шыңғысханның басқа да көптеген ұрпақтары басқарды. Басқыншыларға қарсы қарулы карсылықты ұйымдастыруда қазақтың әр түрлі рулары мен тайпаларынан және жүздерінен шыққан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Жасыбай, Есет, Малайсары, Баян, Олжабай, Қожаберген, Түгел, Бөлек, Шақантай, Қошқарбай, Байболат сияқты басқа да көптеген батырлары маңызды рөл атқарды. Батырлар жеке дербес жасақтарды басқарды және оларды қанды шайқаска, ерен ерлік көрсете отырып, өздері бастап кірді. Олардың бәрі де Әбілқайыр хан мен Бөгенбай батырдың жалпы басшылығымен, қатаң жауынгерлік тәртіпті сақтай отырып, үйлесімді ұрыс қимылдарын жүргізді. Жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасқа әйелдер де белсене қатысты. Атап айтқанда, Олжабай батыр. Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Бұланбай батырдың қызы Айбике және басқалары жаумен қаһармандықпен шайқасты. Ал Қабанбай батырдың әйелі Гауһар батыр барлаушылар жасағын басқарды. Ол барлық ірі шайқастарға да қатысты. Кейінірек балалы болып, босанғаннан кейін соғысқа өзінің үлкен қызы Назымды жібереді. Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің интернационалдық сипаты болды. Онда ортақ жауға карсы қазақтарға тілі, діні, ділі жағынан да дәстүрлі мәдениеті жағынан да туыс қарақалпақтар мен қырғыздар аянбай соғысты. XV-XVIIҒ. ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСЫ. Қазақ-жоңғар қатынастар Жоңғарлар мен қазақтардың әскери қарым – қатынас, қақтығыстарын суреттеуге көшпес бұрын «жоңғар» атаусөзінің мағынасын аша кеткен жөн деп есептейміз. Жоңғар – ұлт емес. Бұл атау «сол жақ», «сол қанат» деген түсініктен шыққан. Бір деректерге қарағанда Шыңжан, Шығыс Түркістан аймағын Тянь-Шань таулары, дәлірек айтқанда Хан-Тәңірі ұлы шыңының өзі екі бөлікке бөледі. Егер адам Хан-Тәңірінің ұшар биігіне көтерілсе, оның сол қолы жағында «Солтүстік ойпат» - Жоңғар, оң қолы жағында «Оңтүстік ойпат» - Қашғар көсіліп жатады. «Ғар» деген сөз түркі тілінде ойпат, үңгір, шұңқыр дегенді білдіреді.

Кейбір мәліметтер бойынша, Шыңғысхан армиясы «сол қанатының» «жоңғар» деген атауы болған. Бұл кезеңде Жоңғарияны түркілік және моңғолдық төркіні бар ойраттар жайлады. Ол шорас, хошауыт, торғауыт, дүрбіт тайпаларының әрқилы атаулары. Бұларды да жоңғарлар деп атаған. Сөйтіп, «жоңғар» термині, қалмақтар, ойраттар, элюттер – сайып келгенде «сол жақтың», «сол қанаттың» адамдары. Олар XIY ғ. Екінші жартысында моңғолдар ханы билігінің астынан шығып, өз жетекшілері – тайшылардың қол астына қараған, «Ойрат одағын» құрып, ыдыраған тайпаларды біріктірген.

Жоңғарлар өз дәуірінде Ұлы Қытай қабырғасы мен Тибет, екінші жағы – Моңғолия мен Жоңғар ойпаты аралығындағы аймаққа билік жүргізген. Олар ғасыр бойына Қытай империясы мен Қазақ даласы арасындағы жұмсартқыш (буфер) рөлін атқарып, қытайлардың шығыстан мезгіл-мезгіл тықсыруларын тежеп отырған, XY ғасырда қытай саясатшылары жоңғар мемлекетінің ішіндегі алауыздықтарды пайдаланып, оларға қарсы жорыққа шығады. Жаугершілік зардабынан жоңғарлардың бір бөлігі өз жерінде қалады да, қалғандары елді тастап кетуге мәжбүр болады.

Отандарын тастап шыққан жоңғарлардың бір бөлігі Қазақстан аймағында, Самара далаларында, Қалмақияда тұрақтанып қалады. Қазіргі Қалмақияда сол жоңғарлардың ұрпақтары тұрып жатыр. Жоңғар тілі қазақ тілімен тамырлас болғандықтан, біздің жерге орныққандары қазақтарға сіңісіп кетті. Қытайдың Іле автономиялық облысында ойрат-жоңғарлардың төрт автономиялық мекендері бар. Сондықтан кейбір тарихшылардың жоңғарлар тарих сахнасынан мүлде жоғалып кетті деген тұжырым шыңдыққа сәйкеспейді.

Жоңғарлар мен қазақтар ұдайы жауығып, ылғи шайқасып өткен деген пікір де – қате түсінік. Рас, олардың арасында әлсін-әлсін саяси, экономикалық, аймақтық тұрғыдағы келіспеушіліктер болып тұрған. Әскери әрекеттер көбінесе көрші империялардың саясатынан туындаған. Бұл тұрғыда Қытай мен Ресейдің қазақтар мен жоңғарлар арасындағы қарама-қайшылықтарды тереңдете түсу мақсатымен екі елді кезек көтермелеп отырғандықтарын айтсақ та жеткілікті.

Қазақтар мен жоңғарлардың ылғи қырғи қабақ емес, бейбітшіл, кей шамада ағайыншылық қарым-қатынастары турасында мына мәліметтер куәлік ете алады. 1595 жылы Мәскеудегі қазақ елшісі былай деп жазды: «Сенің туысын Тәуекел Қазақ Ордасында хан болса, оның інісі Шахмұхамбет қалмақтардың ханы болып сайлагды». Ал, хан Тәуекел Ресейге жолдаған хатында: «Мен қазақтар мен қалмақтардың патшасымын» деп жазған.

Қазақ хандығы құрылған уақытпен бір мезгілде түркі тектес батыс моңғол халықтарының тобы, будда дінін ұстанатын қалмақтардың арғы аталарынан тұратын Жоңғар (ойрат) мемлекеті бой көтереді. Бұл тұста халықаралық жағдай былай болатын. Батыста – I Петрдің қазақ жерлерін өзіне қосуды мемлекеттік саясат деңгейіне дейін көтерген Ресей империясы. Қытай империясы тарапынан да басқыншылық қаупі аз төнген жоқ. Осындай жағдайды пайдаланған және дүрдараз көршілердің түртпектеуімен жоңғар-қалмақтар 150 жыл бойына, 1599-1750 ж.ж. аралығында қазақ жеріне ұдайы жортуылдар жасап тұрды.

33. Қазақстанның Ресейге қосылу себептері. Кіші, Орта жүздің Ресей империясына қосылуы1730ж билер жиналысы өтеді.онда 2 басты мәселе қарастырылады.жоңғарлармен күрес ресеи мен әскери одақ құру мәселесі.онда 2 сол жылдың қыркүиек аиында петербіргке орыс аиелі анна ивановнамен өздерінің бодандыққа қорғаушылыққа алуды сұраған өтінішін хатпен жолдап ауызбен тапсыруға елшілік жібереді.1731ж 17 ақпанда анна ивановна кіші жүзді ресеи бодандығына қабылдаиды. Же сенім грамотасына қол қоиады.тиісті ант қабылдау үшін қазқастанға әбілхаиыр ханға тапсырылатын грамотамен сыртқы істер коммисия тілмәш тевкелеев бастаған елші жіберіледі.1731ж10қазанда 27 старшин грамотаға қол қояды.солаи ресеиге кіші жүз қосылады.әбіл хаиырдың басты көздеген мақсаты 1 халықаралық жағдаи шеиленісуі ,қаз-ң 2 империяның ортасында тұруы рресеи мен цинь импер ол түсінді.қазақ халқын ұлт ретінде сақтап қалу жоңғарды талқандау үшін ресеиге арқа сүиеу ,кіші іжүздің ішінде әбілхаиырдың жеке басының жаулары көп болды.солаи патшаға суиеніп қарсылсқа соққы беру болды.1742ж жолбарыс ха бастап ресеидің қол астына өтеді.1740ж әбілмәмбет абылаи ресеидің қол астына өткендігі жаилы грамотаға қол қоиылады.ресеи қаз кең баитақ даласын отарлауын бастаиды.ресеи қаз арқ орта азия хиуа қоқан хан бағындырғысы келді.ең алдымен қаз жерінде әскери бекініс тұрғызылады.қамалдар бекіністер порттар құрылыстар кіреді.омбы1716,семеи 1718,өскемен1720,орынборор1735ақмола көкшет қарқаралы қамалдыары заисан орал ырғыз торғаи новопетров салынады.орыс мемл осы же басқа да дипломатиялық әрекеттері орыс қазақ орыс орта азия кар катынастарын дамытуға жол ашты

34. Оңтүстік Қазақстанның жаулап алынуы. Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы (XIX ғ 50-60 ж ортасы) Әбілқайыр хан тұсындағы Кіші жүз қазақтарының Ресейге қосылуының тарихи себептері орыс патшалығы тұсындағы ғалым саяхатшылардың қолжазба еңбектеріне түскен. Солардың бірі. Л.Мейер өзінің еңбегінде: «Қалдан Серен Түркістан ханын құртуды ойлап, ұтымды сәтін күтіп жүрген болатын. Қазақ хандығының Ресейден қолдау тапқандығын біліп, 1723 жылы Түркістан қаласын алды. Барлық орданы өзіне бағындырғысы келгенімен Орта жүз бен Кіші жүз солтүстік пен батысқа қарай үдере көшті». Бұл «Ақтабан шұбырынды» кезі еді. Л.Мейер өзінің еңбегінде қазақтардың қоныс ауып келгендегі әрекеті туралы баяндай келіп, орыс патшасының қазақ халқын түбі бағындырып, мойынсұндыру туралы отарлық саясат бағдарын байыппен баяндаған пікірі мынадай: «Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүз қазақтарының Елек, Еділ, Жайық бойына көшіп келіп башқұрт, қалмақтарды ығыстырғанымен, өзінен күші басым Орыс мемлекеті түбі өзіне қаратпай қоймас еді» деген пікірін қалдырды. Хан Әбілқайыр өлгенше қалмақ- жоңғарлармен күресіп, Ресей патшасымен одақтасу арқылы айласын асырып, халқын тәуелсіз ұстауға тырысты. Сол үшін бар жігер-күшін салды. Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың Ресей қарамағына иек артуының себебін П.И.Рычков:« Өте ақылды Кіші жүздің ханы Әбілқайыр сол кездегі тығырықтан шығар жол Ресеймен бірге болу екенін білді », – деп көрсетті.Орыс тарихнамасында Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге бодан болуының үш негізгі себептері ерекшеленеді: бірінші, сыртқы саяси себеп (қазақтардың қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатер); екінші, ішкі саясаттағы келіспеушілік (өзара қақтығыстар); үшінші, Әбілқайыр ханның жеке мүддесі.Бұл мәселелер бойынша тарихшылар еңбектерінде сараланып, ақтаңдақтары ашылды десе болғандай. Қазақ хандығы Ресейге қосылғанға дейін, қуатты жауынгер заманына лайықты көшпенділер ішіндегі мықты мемлекеттердің бірі болды. Сондықтан Ресейге өздерімен тең қарым-қатынаста болатын одақтас ел керек емес еді. Ресейге патша өкіметіне бағынышты, тәуелді болатын, қазақ елі керек болатын. Сондықтан Ресей патшалығын жан-жақтан жау анталап қыспаққа алған тұсындағы әлсірей бастаған қазақ даласына назар аударды. ХVІІІ ғасырдың 30 жылдарына дейін де Қазақ хандығы Ресей патшалығын әскери одақтасы санатында көргісі келсе, Ресей Қазақ хандығын тәуелді отар елдерінің қатарында көргісі келген еді.ХVІІІ ғасырдың І жартысындағы қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты Батыр сұлтан иелігіндегі қазақтарға қауіп Хиуадан, Әбілқайыр хандығы үшін қауіп-орыс империясынан, ал Орта жүзге Жоңғар мемлекеті тарапынан төнгенде ел басыларына ауыз бірлік жетіспеді. Әрқайсысы өздеріне төнген қауіпті сейілтуге күш салуды көздеді. «Бодан болудың жолын ғана қарастырды» деген ойдан қашық болуымыз керектігін, ал сол кезде ел билеген елбасылары қазақ елдігінің сақталып қалуына септігі тиетін одақтас табу мәселесінде түрліше көзқараста болғандығын ғана көрсетті. Таңдаудың өзі дұрыс болғанда да отаршылдық пиғылды көздеген Ресей патшалығы сияқтылар өз мүдделеріне икемдеуге бейім тұрғанын естен шығармау керектігін алға тартқан Арынғазытанушы Ұ.Ахметованың пікірі орынды.

35. Әбілқайыр хандығы 15-ғасыр Ақ орданың ыдырауы нәтижесінде 15ғ 20ж орт солт жерінде жошы ұлы шаибани ұрпағы әбілхаиырр хан жаңа мемл құрды.оның негізін салды.1428ж Батыс сібір ді мекендеген ол хан жариялаиды.ханды сайлау салтанатына сұлтан болған батыр ру таипалары басшыларрымен қатар дін басшыларын шақырды.этникалық құрамы жағынан ноғаи ордасымен ақ орда құрамына жақын болды.тілі жағынан шаруашылығы тұрмыс салты жағынан 14ғ 60ж жинақ атпен өзбек деп атады.ал мемл әбілхаиыр хандығы не көшпелі өзбектер хандығы деп аталды. әбілхаиыр хандығы батысында жаиықпен шығысында балхашқа оңт арал теңізімен сыр төменгі ағысының солт тобыл мен ертістің орта сағасындағы деингі аралықты қамтыды.15ғ 30-40ж әбілхаиыр мауеренахр же сыр орта сағасындағы қалаларға жорық жасаиды.1430ж оның хорезмді алады.1446ж әбіл хан созақ сығанақ ақ қорған өзгент қалаларын қаратып сығанақты астанасы етіп алады,ӘБІЛ хан ішінде саяси тұтастық терең тамыр жая қойған жок.жошы ұрпағынан тараитын сұлтандардың біразы арасында орыс ханнан тараитын сұлтандардың біразы арасында орыс хан нан тараитын кереи мен жәнібек сұлтан бар топ Ә ХАНМЕН ЖАРАСА АЛМАИ ӨЗАРА АРАЗДЫҚ ОТЫН жағады.ішкі алауыздыққа сырттан қалмақтардан төнген шабуыл қаупі төнеді.15ғ 20 ж қалмақтар оираттар орта азиядағы қауыпті күшке аинала бастаиды.1456-1457жж кок кесек атты жерде сығанақ маңы Ә қолдары ҰЗЫН темір таишы бастаған қалмақтар қолынан жеңіліс табады.бұл себеп Ә хан-ң әлсіруіне себепші болды.бұны паидаланған Кереи мен жанибек бастаған ұлыс халқының біразы Моғолстанға қараитын Шу өзені бойындағы Қозы басы атты мекенге көшеді.1468ж Ә хан моғолстанға жорыққа аттанып жол үстінде қазаға ұшыраиды.ол себепші болған билеушісі сұлтандар арасында билік үшін күрестің толастамауы қала же отырықшы егіншілік мәд –ң ұлыс халқы арасында кең етек жая алмауы болды.бұл ақ орда ноғаи ордасы ә хандығы сияқты мемл құрылымдардың ыдырауының негізі болған ортақ себептер

36. АБЫЛАЙ ХАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК Ж/Е СЫРТҚЫ САЯСАТТАҒЫ ҚЫЗМЕТІ. Абылайдың шын аты -Əбілмансұр. 1711 жылы əкесі Көркем Уəли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бұл кезең қазақ халқы үшін өте қауіпті, ауыр кезең еді. Үш айдаһардың (Жоңғар, Қытай, Ресей) ортасында қазақ мемлекетінің жойылып кету қаупі төніп тұрды. Қытай мен Ресей жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып отырды. Ауыр «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22–де батыр, қолбасшы ретінде танылады. XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай Ресеймен жəне Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылығын талқандауды жөн көрді. Ең ірі қауіп жоңғарлардың басқыншылығы екендігін түсінді. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшысы болды. Қазақ əскері жоңғарларға қатты соққы берді. Жоңғарлар көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мəжбүр болды. Абылай қазақ əскерлерін ұйымдастырып, жауға қарсы көтеріп, басын біріктіріп, негізгі əскери күшті жинап көрші мемлекеттерге қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті. Абылай сұлтан бұл кезде қазақтарды біртіндеп жоңғар шабуылдарынан құтқарып, елдің тыныштығын, халықтың тұтастығын, мемлекеттің егемендігін, тəуелсіздігін сақтап қалуды мақсат еткен. XVІІІ ғ. 70-шы жылдары Түркістан аймағында тұратын қазақтарды қырғыздар шауып, мал-жандарын айдап əкетіп отырады. Қазақтар Абылайдан өздерін қорлықтан құтқарып,қорғауды талап етеді. 1779 жылы Абылай əскерлері қырғыздарды талқандап, басшысы – Садырбаланы тұтқынға алады. Қырғыздар келісімге келіп, бітім жасауды өтінеді. Сосын, Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ қалалары босатылады, ал 1781 жылы Ташкентті бағындырады, оны алым–салық төлеп тұруға міндетті етеді. Абылай хан «… өзі əулет басы ретінде рубасыларының ғұрпы бойынша өмір сүру үшін Түркістанда қалды. Сонда 1781 жылы дүние салып, мүрдесі Қожахмет Яссауидің мешіті алаңына жерленді», - дейді Ш. Уəлиханов. Абылай хан мемлекеттің, қазақ халқының жағдайын шұғыл түзеді. Абылай кезеңі тарихта ең бір елеулі кезең болды. Жау қуылды, халық өз жерінде емін – еркін тұрмыс құрды, бірлікке, ұйымшылдыққа негізделген хандық билігі құрылды. Солай бола тұрса да Абылай хан көзі тірісінде Қазақ елінің мемлекетінің тұрақты болуының тарихи жағдайын жасап үлгермеді. 1781 жылы Абылай хан дүние салғаннан кейін еліміздің тұтастығы ыдырап, Қазақстан тəуелсіздігінен айырыла бастады. Абылай хан – XVІІІ ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Ол туралы орыс ғалымы А. Левшин былай дейді: «Абылай тəжірибесі, ақыл – айласы жағынан болсын, қол астындағы халқының саны, күші жағынан болсын, сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен, Қытайдың боғда ханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын өз тұсындағылардың бəрінен де басым еді. Ол ұстамды, досына мінəйім мінезді, жауына қатал, қаһарлы кісі еді. Сондықтан жұртты өзіне тарта, ерте білетін еді». Бұл жерде Абылай ханның XVІІІ ғасырдан күйі жеткен санаулы күйшілеріміздің бірі екенін айта кеткен жөн болар. Себебі қазақ қоғамында күйдің алар орны айрықша, ең мол дерек көзі күй тілінде жəне күй аңыздары түрінде сақталған. Абылай ханның алға ұстаған саясаты, мақсаты – қазақ халқының бостандығы мен бірлігі, мемлекеттігі мен тəуелсіздігі еді. Абылай хан1711-1781 өмір сүрген мемл қаираткері дипломат қолбасшы төре тұқымынан шыққан орта жүздің ханы .көкшетауда билік еткен шын аты әбілмансұр толе би қоиған аты сабалақ,жолдастары опырық да.арғы атасы белгілі түркістан билеушісіқанішер абылаи.өз әкесі көркем уали.13ж жетім қалады,15ж жоңғарларға қарсы шабуылға қатысады.абылаидың оилағаны елдыңтыныштығы.бірлігі.жоңғар шап құтылу болды.хандық құрған жылдар 1771-1781жж өз ақылдылығымен парасаттылығымен ерекше тарихи тұлға.төңірегінде атақты батырларды жинап отырған.богенбаи кабан наурыз раиымбек бан батыр малаисары тб. Ресеи мен қазақ елінің ортасында тұрған елді сақтап қалу соғыс мәселесімен емес келіссөзбен шешілетін түсінді.ол халық салтыг дәстүрін мәдениетіне көп коніл болген дербес мемл ретінде көршілес елдермен тату тұруға тырыты.3жүз басын қосқан адам 1781 каитыс болады.қожа ахмет иассау мавзолеинде жерленген

XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастау алатын Қазақ, Жоңғар, Қытай арасындағы қарым-қатынастар қазақ ханы Абылайдың кезінде басталғаны баршаға белгілі.. Хан Абылайдың елдің елдігі үшін Қытай-Жоңғар арасындағы сыртқы саясатқа тікелей араласып атқарған мәмлегерлік саясатының тарихы мәніне тоқталсақ.XVIII ғасырдың қырқыншы жылдары Қалдан Цнрен хұнтайшы қаза тапқаннан кейін Жоңғар нояндарының арасында туылған тақа таласу мен алауыздық Жоңғарияны аса ауыр жағдайға тап қылғаны тарихта мәлім Қалдан Цереннің қалған екі ұлы Дауашы мен Әмірсана, Лама Доржимен соғысты. Бұл соғыста Лама Доржидан жеңіліп қалған, Дауашы мен Әмірсана қазақ хандығына қашып келіп Абылайды паналады. Абылайдың көктен сұрағанын жерден беріп бұл екеуін құшақ жая қарсы алды. Кезінде қазақ халқын талай қанды зұламаттарға ұшыратқан Жоңғар қаскөйлерін хан Абылайдың құшақ жая қарсы алуының себептеріне келсек: Біріншіден, отқа май құйып, шиеленісті одан әрі ушықтыра түсу, Екіншіден, қазақ халқының Жоңғарларда кеткен кегін қанды жорықтамен емес, қалмақтардың өз қолдарымен қайтару еді. Үшіншіден, кезінде Жоңғарлардың қолтығына су бүркіп қазақ даласына айдап салып, осы қалмақ қолдары арқылы қазақ жеріне өз билігін жүргізуді көксеген Қытай билеушілеріне қазақ халқының оңай шағылар жаңғақ емес екенін көрсету болатын. Абылайдың да бар назары сол екеуінде. Ол қазір өзінің көптен дайындаған саясатынын жемісін көріп тұрғандай.

37. 19-ғасыр қазақ халқының мәдениеті. Қоғамдық ой мен әдебиеттегі «зар заман мектебі». Ақын-ойшылдар. Дулат Шортанбай Мұрат Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.

Зар – заман мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі – Шортанбай Қанайұлы ( 1818 – 1881 ) « зар – заман » атауы да ақынның сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Концерватор ақын қасиетті Түркістан маңында дүниеге келіп, қарқаралы өңірінде өмір сүреді. Ол патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері әсер еткенін , көптеген қайшылықтарды алып келгенін, заманның азғанын , әдеп-ғұрыптың тозғанын, ел – жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуір ықпал еткен капиталистік қатынастарды қабылдамаған ақын халық өмірінде болып жатқан өзгерістерге сын көзбен қарады..Шортанбай басқа халықтың заңдары мен тұрмыс ерекшеліктерінің екінші халыққа күшпен енгізілуінің қаншалықты қатерлі екендігін түсіндіреді.

Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Д-тың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. Осы кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді. Қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесін жою саясатын орнықтырған Ресей империясының 1822 — 24 жылдары шығарған Қазақ даласын басқару жөніндегі

ережелеріне қарсылық Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігін айқындады. Дулат мұрасы қазақ әдебиеті тарихында әр қилы таным тұрғысынан бағаланып, 1940 — 50 жылдары қызу пікірталас нысанына айналды. Дулат мұрасы жөніндегі ғылыми таным мен дұрыс баға талантты ғалым Қ.Өмірәлиевтің “Қазақ поэзиясының жанры мен стилі” деп аталатын көлемді ғылым монографиясының басылым көруіне байланысты тұрақтана бастады.

38. Сырым Датұлы бастаған кіші жүз қазақтарының халық азаттық көтерілісі. (1783-1797ж.ж) Көтерілістің алғышарттары: -Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі

-Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы

-Ресей үкіметінің Кіші жүзді әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп, Кіші және

Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы

-Орыс помещиктері Жайық казак әскерінің қазақтарға зомбылығының күшеюі. 1782-1783 жылдарда жұт әсерінен малдың шығын болуын казак әскерлері жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды.

  • 1782 ж-ғы 27желтоқсан- патша үкіметінің 1775 жылғы 7 қарашадағы жарлығы өзгертілді. Жаңа жарлық бойынша:

-Су көздері жанынан қыста мал айдауға ол жерлерді жалға алғанда ғана рұқсат етілді.

-Казактар жерлерінің қазақтарға жалға берілуіне тыйым салынды.

-Жалға алатын жер үшін қазақтар ақы төлеумен бірге, аманат қалдыруға тиіс болды. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты. Көтеріліс аумағы: Еділ - Арал теңізі. Көтерілісшілердің басты мақсаты:

  • Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.

  • Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.

  • Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығына шек қою.

Көтеріліс басшысы - Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы(1742-1802).

  • 1783 жылдың күз - батырдың Орал казак әскерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі басталды.

  • 1783 жылғы желтоқсан Сырымды оралдық казактар тұтқынға алды.

  • 1784 жылғы маусым Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды.

Қазақ жасақтары төменгі Жайық шебі мен Ор бекінісі төңірегінде шайқасты. 1784 жылғы қараша Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті.Сырым тобы Сахарная бекінісін алуға ұмтылып, зеңбіректерге қарсы келе алмай кейін шегінді. Сұлтан Айшуақтың өзі Орал қаласында тұтқындалды. Жазалаушылардың Нұралы ханның туыстарына қол көтеруі көтеріліс сипатын өзгертті. Нұралы ханның ашық түрде патша өкіметін жақтауы феодалдық топтар арасында жік туғызды. Нұралыны хандықтан тайдыру-көтерілісшілердің ендігі басты мақсаттарының бірі.

  • 1785 жыл Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. 1785 ж күзде қазақ билерінің (20 ру өкілдері) мәжілісі болып патша үкіметіне Нұралы тұқымдарын хан тағына жолатпау талаптарын қойды. Жүзді үш ордаға бөлу ұсынылды:

-Байұлы –Жетіру -Әлімұлы

Сырым үш орданың кеңесшісі болып сайланды. Осымен Кіші жүздегі отаршылдыққа және феодалдыққа қарсы қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды.

  • Кіші жүздегі қайшылықты бақылап отырған барон О.А Игельстром хандық билікті жойып, отарлауды тездетуді және әкімшілік билеуді іске асыруды ойластырған жоба ұсынды. Сырымның мақсаты- хандық билікті жойып, билердің билігін орнату. Сырым батырдың алдында екі жол тұрды:

-Патша үкіметімен күресті тоқтатып, отарлауға қарсылық көрсетпеу, Жайық бойындағы шұрайлы жерлерді казактардың қолында қалдыру.

-Қазақ руларының басын біріктіріп, патша үкіметіне қарсы күресті жалғастыру. Батыр екінші жолды таңдады. Көтерілістің жаңа кезеңінің кеңеюіне 1791 ж Орск қаласының маңында Ералыны хан етіп сайлау әсер етті(1791- 1794).

39. Бөкей хандығының құрылуы (1801 ж). Жәңгір ханның қоғамдық-саяси қызметі (1823-45жж) құрылуы 1801 жылдан бастап патша өкіметінің рұқсатымен кіші жүздің бөкеи сұлтан басқарған 5мың қазақ шаруашылықтары қоныс аударды.мұнің өзі ішкі бөкеи орданың құрылуына бастапқы негіз болды. Бөкеи ордасы жан жағынана асттрахань саратов орынбор губерниялардың жерлерімен орал боиындағы патша әскери бекінісімен же каспидің солт жағалауындағы балық кәсіпшілігі аимағымен шектесті.оның ауқымы шығыстан батысқа караи солт оңтүстікке ықшам жерді алып жатты.орынбор әкімшілігінің қолдауымен бөкеи сұлтан 1812ж өзі құрған орданың ханы болып саиланды.бұл ордада адам саны көп болды шамамен20-30мың адмдаи.олар көбісі шаруашылықпен аиналыстты.солаи бөкеи хан өз елін билеиді,1-1,2 жерлері орыстардың жеке меншігіне аиналды.сонымен қатар батыс жақтағы осы жаиық өңірін орыс казактар иемденеді.халықтың біраз бөлігі орыс казактар болды.бөкеи хан 1815 ж қаитыс болады.кеин хандық билікті южалғастыру үшін таққа оның баласы жәңгір отырады.бірақ ол кәмілет жасы сәикес келмеиди,оның орнына уақытша бөкеидің інісі шығаи сұлтан басқарады,1824ж жәңгір патша үкіметінің жарлығымен хан деп жарияланады.1827ж жәңгір хан нарын құмындағы жасқұс деген жерде тұрақты хан ордасын орнатып елді осы орталықтан басқаратын болды.осы ж хан кеңесі құрылып оған 12 ата байұлы руларынан 1 1 биден кірді.,жәңгір хан 400мың десятина жерді өз иелігіне игерды.жәңгір хан солаи 1845ж қаитыс болады.осы кездері ордада хандық билік жойылады.біраз жерлерді жәңгір інілеріне бөліп береді. Солаи олар тұрғылықты шаруашылықтарға салық тоөлеуді мәжбүр етті.

40. 1822-24 Сібір және Орынбор қырғыздары туралы ереже1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Г.С. Батеньков белсене қатысты.

1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ауыл старшиндері қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балағы мұра болып қалдырып отырды.

1822 жылғы «Жарғы» бойынша барлық сот істері үш категорияға бөлінді: а) қылмысты істер; б)даулы істер; в)басқару үстінен берілетін шағымдар жөніндегі істер. Қылмысты істер империясы жалпы заңдары негізінде округтік приказдарда қаралды. Қылмысты істерден өзгеше даулы істерді ауылдар мен болыстарда жергілікті қолданылып жүрген әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты талқылады.

Орта жүздің әкімшілік құрылымы: ОКРУГ (15-20 болыс) Басқарушысы- округтік приказ және аға сұлтан БОЛЫС (10-120 ауыл) Басқарушысы-болыс сұлтаны АУЫЛ (50-70 шаңырақ) Басқарушысы- ауыл старшыны 1822 жыл- Орта жүзде хандық билік жойылды. Әкімшілік-саяси реформаның салдары: Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп,өзара рулық қырқыстарға соққы берді. -Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай жасады.Ресми отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты. Хандық билікті жойды.

1824 ж. “Орынбор қырғыздары туралы ереже” 1822 жылы «Орынбор қырғыздары туралы Жарғының» жобасы жасалды. Кіші жүзде хандық билік 1824 жылы Азия комитеті бекіткен Орынбор генерал-губернаторы П.П.Эссеннің «Орынбор қазақтары туралы Устав» деп аталған жоба негізінде жойылды. Кіші жүз үш бөлікке Шығыс, Орта жəне Батыс бөліктерге бөлініп,оларды сұлтандар басқарған. Билеуші сұлтандар Орынбор шекаралық комиссиясының шенеуніктері еді. Шекаралық комиссияның құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан төр заседательдер болды.Шекаралық комиссияның міндеттері: тəртіпті сақтау, жергіліктішенеуніктердің жəне қамқоршылардың əрекеттерін бақылау, салық жинау, сот істері, дəрігерлік жағын бақылау. Жергілікті əкімшіліктің құрамына жүздер бөліктерінің билеуші сұлтандары, дистанциялар мен жергілікті жерлердің бастықтары енді.Билеуші сұлтандарды Орынбор əскери губернаторы, ал қалған шендегілердің бəрін Шекаралық комиссия тағайындады. Əрбір билеуші сұлтандар жанында 100-200 адамнан тұратын əскери топ болды.Кіші жүздегі басқару билігіндегі бір ерекшелік-шеп бойындағықамқоршы лауазымының енгізілуі. Бұл билікке тек патша шенеуніктері тағайындалды. Олар шеп бойындағы қазақтарға «қамқорлық жасаушы» органдар ретінде құрылды. Алайда бұлар да патша өкіметінің саясатын жүргізді.Бөліктер:• Батыс• Орта• ШығысБөліктерді сұлтандар басқарды.Нәтижесі: 1. Орталық басқарылу нығайтылды.2.Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік туды.

41. . 1867-68 жж Уақытша ереже, Ресей империясының отарлау саясатының әкімщілік-құқықтық орнауы. Гирстың басшылығымен комиссия Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын, Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөнінде реформа жобасын дайындады. 1867 жылы шілденің 11-інде II Александр патша "Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ережені", 1868 жылғы қазанның 21-інде "Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ережені" бекітті.Бүкіл қазақ жері үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір. Азаматтық және әскери билікті қолдарына шоғырландырған генерал-губернаторлықтар жеке облыстарға бөлінді. Орынбор және Торғай облыстары Орынбор генерал-губернаторлығына, Жетісу, Сырдария облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына, Ақмола және Семей облыстары Батыс Сібір генерал-губернаторлығына біріктірілді. 1872 жылдан бұрынғы Бөкей хандығының жері Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау приставтығы 1870 жылдан Кавказ әскери округінің басқаруына, кейіннен Закаспий облысына енгізілді. Облыстар уездерге бөлінді. Уездер болыстарға, ал болыстар 100—200 шаңырақтан тұратын ауылдарға бөлінді. 1867—1868 жылдардағы реформалар арқылы әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Ашық таптық сипаты бар сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды. Сырдария облысында қазылар соты сақталынса да, әскери-уездік соттардың дау-жанжалдарды шешудегі рөлі басым еді. Алайда сот істеріндегі өзгерістердің бір айта кететін жайы — ол ескі шариғаттық патриархалдық-феодалдық салттардың күнделікті өмірге әсеріне шек қойды. Әрбір болыста төрттен сегізге дейін (шаңырақ санына қарай) билер сайлайтын еді. Шын мәнінде, әскери губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соттары патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны болды. Уездік және әскери соттар бұқараны қанауды үдетті. 1861 жылғы крепостниктік құқыны жою жөніндегі заң сияқты 1867—1868 жылдардағы реформалар қоғамның түбірлі қайшылықтарын шеше алмады. Реформа арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды. Халықты бағынышты жағдайда ұстайтын, үстем таптың саясатын бұлжытпай орындайтын әскери әміршілер Қазақстанда да өз күшіне енді.

1868 ж Далалық облыстарды басқару туралы Уақытша ереженің мақсаты мен міндеттері1868жылғы "Ереже” бойынша жер үкімет меншігі болып жарияланды. Қазақтар пайдаланған жері үшін түтін басы салығын бұрынғы 1 сом 50 тиын орнына 3 сом 50тиын төлеуге, түрлі қосымша алымдар төлеуге тиіс болды. 1869 жылдыңбасында елге ұйымдастыру комиссиялары шықты. Комиссия халық санағын жүргізіп, салық жинауға,жергілікті әкімдер сайлауын өткізуге, болыстар құруға кірісті. Бұл халық наразылығын күшейтіп, көтерілістің шығуына тікелей түрткі болды. Табын, Кете, Таз, Шеркеш, Есентемір руларының қарулы көтерілісшілері 1869 жылы наурызда Гурьев қаласындағы ұйымдастыру комиссиясына шабуыл жасап, 10 көлік пен 900 сомның бағалы заттарын қолға түсірді, комиссия мүшелеріқашып кетті.фон Штемпель отрядының белгісі Елек өзенінің бойында 200 солдат күзеткен азық-түлік отрядына 600-ге жуық көтерілісші қазақтар шабуыл жасады. 1869 жылы наурызда ұйымдастыру комиссиясына қарсы көтеріліс Орал облысын түгел қамтыды. Көтеріліс жаз шыға күшейе түсті. Көтерілісшілер казак-орыс селолары мен сауда керуендеріне 41 рет шабуыл жасады. Патша өкіметі көтерілісті біржола басуды Орал облысының әскери губернаторы Н.Н. Веревкинге тапсырды. Ол 1700 солдат, 1 атқыштар ротасымен Қазыбек биігіне келді. Қатары сиреген көтерілісшілер бұл күшке қарсы тұра алмады. Патша әскері көтерілісшілерді ауылдарымен бірге аяусыз жазалады. Көтеріліс жеңіліске ұшыраса да қазақ халқының отарлау саясатына қарсы қозғалысыныңерекше көрінісі болды

42. Орал, Торғай, Маңғыстау көтерілістері Көтерілістің алғышарты Қатал қанау көшпелілер мен жартылай көшпелілерді жоқшылыққа ұшыратты. «Уақытша Ереженің» түпкі астары—қазақтардың әлеуметтік-мәдени және этностың тұтастығынан айыру еді.

Көтерілістің басталуы 1869 жылы ақпанда комиссия күзетші жасақ пен бұрынғы сұлтандарды ертіп қайта шықты. «Уақытша Ережені» қабылдамай қайсарлық көрсетушілерге қарсы әрі Елек комиссиясына көмекке Ембі постындағы күшке қоса екі зеңбірегі бар 200 казак жіберілді. Бірінші кақтығыс 1869 жылы 21 қаңтарда Гурьев уезін ұйымдастыру комиссиясына қарсы болды. Адайлардың, 400 ысық руы қазақтарының Тентек, Сағыз өзендері бойында көрсеткен қарсылығынан Жемнен әрі қарай өте алмаған комиссия мүшелері жылдың көктемінде жекелеген ауылдардың ашынуы көтеріліске ұласты..

1869 жылғы наурызда толқу бүкіл Орал облысын, Торғай облысының батысы мен оңтүстігін түгел қамтыды. Көтерілісшілердің фон Штемпель жасағына жасаған шабуылы 1869 жылы Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістің ең бір шарықтау кезі болды. Шабуыл сәтсіз аяқталғанымен, көтерілісшілер көлге баратын жолды кесіп өтіп, фон Штемпель жасағын сусыз қалдырады. Патша үкіметі негізгі күштердің басын қосып көтеріліс ошағына бағыттау үшін біріктіруді ұсынды. Маусым айында Орал казак әскери атаманының өзі келе жатыр деген хабар, сондай-ақ патша үкіметінің барлық күштерді бір бағытқа көшіруі, қарулы отрядты жеңуге деген үмітті су сепкендей басты. 7 шілдеде 8 мың отбасы «Уақытша Ережені» мойындауға мәжбүр болды.

1870 жылғы Маңғыстау қазақтарының көтерілісіБасқару реформасын жүзеге асыру Маңғыстау аймағында да қарсылыққа кезікті. «Уақытша Ереже» Орал облысына қарасты Маңғыстау түбегіндегі адайларға кешірек 1870 жылы енгізілді.Маңғыстау приставы подполковник Рукин Баймұхамбет Маяев пен Ғафур Қалбин сияқты би шонжарлардың көмегімен салықты 1869—1870 жылдарға бірақ жинамақ болады. Досан Тажиев пен Иса Тіленбаев, Алғи Жалмағамбетовтың бастауымен Рукин жасағына қарсы көтерілді. Көтерілісшілер Рукин жасағымен 22 наурызда кездесті. Көтерілісшілердің тегеурініне төтеп бере алмай жасақ кейін шегінді.Көтеріліс жергілікті өкімет орындарымен қатар Петербургтегі Бас штабты да үрейлендірді. Маңғыстауға Кавказдан Апшерон полкінің бip батальоны, екіатқыштар ротасы, шептік батальонның екі ротасы және Терек казак-орыстарының 4 зеңбірекпен қаруланған екі жүздігі келді. Көтерілісшілер Ұсақ құдығында, Үшауыз шығанағында, Александров фортында күшті қарсылықтар көрсеткенімен, патшаның жақсы қаруланған тұрақты әскер бөлімдерінен жеңіліс тапты. Көтеріліс қатал жанышталды.

43. Бөкей ордасындағы Махамбет пен Исатай көтерілісі1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.

Ресей помещиктері Юсупов пен Безбородконың Каспий теңізі жағасында көлемі орасан зор жер телімдері болды. Жайық әскери кеңесі Үлкен және Кіші Өзен бойындағы және Қамыс-Самара көлдерінің төңірегіндегі жерлерді өз пайдасына басып алды. Жайық бойындағы жерлерді Жайық қазақ әскерлері иемденді. Қазақтардың кесіп өтіп, жағалаудағы жайылымдарды пайдалануына қатаң тыйым салынды. Далалық қазақтар ішкі жақ бетке, ішкі жақ қазақтары далалық сыртқы жақ бетке өте алмады. Жердің жеткіліксіздігі салдарынан қазақтар жерді Астрахан губерниясының шаруаларынан, Жайық қазақтарынан, жер иеленуші ірі помещиктер мен қазақ байларынан қымбат бағамен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Жәңгір хан тарапынан салынатын алым-салық түрлері де еңсені езіп жіберді. Ол өз жеке басының пайдасына жинап алынатын бірыңғай салық түрін енгізді. Патша үкіметі ханның өзі жасап алған фискальдық қаржы жүйесіне араласпады.

1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды.Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты.

Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын.

Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер 1837 жылғы қазанның аяқ кезінде Хан ордасына он шақырымдай жақын келді. Жәңгір хан да, оның төңірегіндегілер де қоршауда қалды. Көтерілісшілердің жалпы саны екі мың адамнан асатын еді. Алайда Исатайдың Хан ордасын күшпен басып алғысы келмеді. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан Балқы және Қарауылқожа билерді өз төңірегінен қуып жіберуді, билікті ру старшындарының қолына беруді талап етті.

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.

Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды.Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті.

Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патшаүкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді.

44. ЖАҢҚОЖА НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ Ж/Е ЕСЕТ КӨТІБАРҰЛЫНЫҢ КӨТЕРЕЛІСІ.жанқожа нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс 1856 жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастап, қазақ сұлтандары Жанғазы Шерғазиев пен Елікей (Ермұхамед) Қасымов қоштаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да тонауға ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700 сарбазымен қарсы шығады. Құрамында екі мың әскері бар хиуалықтар Жаңақала бекінісінің төңірегіне шоғырланады. Жанқожаға Ресейдің Райым бекінісінің бастығы Ерофив бастаған отряд көмекке келіп..

Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Орынбор генерал- губернаторы В. А. Перовский генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, т.б. қаруларымен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болды. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болды. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетті. 1856-1857 жылы қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожаға сатқындық жасаған рубасылар мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды келіп өлтіріп кетеді.

45.Саржан сұлтанның көтерілісі (1825 — 36) — Ресей империясының Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Хандық биліктің жойылуына байланысты окр. және шекаралық ресейлік басқару мекемелері ашылып, әскери бекіністер салына бастады. Көтерілістің шығуына Солт. Қазақстандағы суы мен жайылымы мол Есіл өз-нің бойындағы жерлердің орыс-казак шаруаларына берілуі және алым-салықтың өсуі де қатты әсер етті. Саржанның Қытайдағы Цинь үкіметімен қарым-қатынас орнату әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Ол інісі Есенгелдімен бірге қазақ ауылдарында халықты ашық бас көтеруге үгіттеп, 1825 ж. Қарқаралы окр-не қарасты Қарпық болыстығы қазақтарының көтеріліске шығуына ұйытқы болды. Қарулы жасақтар Саржан сұлтанның басшылығымен окр. приказдарға, керуен жолдарына тұтқиылдан шабуыл жасап, жергілікті билік орындарын әбігерге түсірді. Жасақтар қатарында Саржанның інісі Кенесары да болды. 1826 ж. 31 қаңтарда Бат. Сібір ген.-губернаторы П.М. Капцевичтің бұйрығына сәйкес жіберілген 200 казактан жасақталған жазалаушы жасақпен Саржан бастаған көтерілісшілер арасында шайқас болып, көтерілісшілер жеңіліс тапты. Бірқатар көтерілісшілер тұтқынға түсті. Қудалаудан құтылу үшін Саржан өз қол астындағы көптеген ауылдармен Орынбор шебіне қарай көшіп, Кіші жүз қазақтарын өз жағына тарту бағытында жұмыстар жүргізді. Соған орай Орынбор ген.-губернаторы Саржан сұлтанды Кіші жүздегі “барлық мазасыздыққа басты кінәлі” деп бағалап, оның мұндай әрекетіне тосқауыл қоюға әрекеттенді. Бұған қарамастан көтерілісшілер қатарына Кіші жүз қазақтарымен қоса қашқын орыс, татар, башқұрттар да қосылды. Саржан Қоқан, Хиуа хандықтарымен және Бұхар әмірлігімен байланыс орнатты. Саржан жасақтары барған сайын жаңа көтерілісшілермен толығып отырды. Оның жасақтарының бірін басқарған сұлтан Абылай Ғаббасов Қарқаралы окр-не жорықтар ұйымдастырды. Көкшетау окр-нде сұлтан Сартай Шыңғысов Саржанға қолдау білдіретіндігін танытып, ондағы халық көтерілісіне басшылық жасады. Отаршылдық әкімш-ке жағымпаздануымен ерекшеленген Қарқаралы окр-нің аға сұлтаны Тұрсын Шыңғысов Саржан бастаған көтерілісшілердің талқандалуына ынталылық танытып, патша әскеріне көмектесті. Саржан 1832 ж. Қоқан хандығының Ташкент құсбегімен патша өкіметіне қарсы бірлесе күресу жөнінде келісім жасап, Ұлытауға, Сарысу өз. бойына келіп қоныстанды. Қоқандықтардың қолдауымен бірнеше рет Орта жүз жеріне жорық жасады. Ол Ташкент құсбегіне бағынышты Ұлы жүз қазақтарын да өз жағына тартуға тырысты. Бұл өз кезегінде Саржанның қоқандықтармен жанжалына негіз болды. Ташкент құсбегі 1836 ж. жазда Саржанды және оның інілері Ержан мен Есенгелдіні, сондай-ақ оны қолдаған бірқатар белгілі батырларды Ташкентке алдап шақырып зұлымдықпен өлтіртті. Саржанның өлімінен кейін Ресейдің отарлық саясатына қарсы күрес оның інісі Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына ұласты

46. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлтазаттық көтеріліс. (1838-1847жж). Мақсаты, сипаты, барысы және негізгі кезеңдері. Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жалғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шығуына себеп болды. Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған басқа барлық көтерілістермен салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгелге дерлік катысты. Бұл күрестің кең қанат жайып, бүкілхалықтық сипат алуы, Кенесары күресінің өзіне тән саяси ерекшелігі деу керек. Азаттық күреске қатысушы рулардың саны күрестің алғашқы жылдарына қарағанда 1843-1845 жылдары көбейе түскені байқалады. Кенесарыны анағұрлым белсенді қолдаған рулар: Қыпшақ, Төрткара, Жағалбайлы, Табын, Тама, Бағаналы, ІІІекті, Алшын, Керей, Жаппас, Арғын, Үйсін, Дулат т.б. Кенесары жетекшілік жасаған азаттық күресіне ру басылары мен билер және басқа да ауқатты топ өкілдері қатысты. Олар, мысалы, Ш. Едігенов, Шорман Күшіков, Мұса Шорманов және т.б. Кенесарыға белсенді қолдау көрсеткендердің бірі оның әпкесі Бопай. Ол өзінің күйеуі Семеке мен оның туыстары сұлтан Сортек пен Досан Әбілқайыровтарды Кенесарыға қосылуға үгіттейді. Олар көнбеген соң күйеуін тастап, баласымен көтерілісшілерге қосылып, Кенесарының бір отрядын басқарады.Кенесары бастаған азаттық күрестің мақсаты Абылай хан тұсындағы қазақ хандығының территориялық тұтастығын қалпына келтіру, Ресейдің құрамына кірмеген қазақ жерлерінің тәуелсіздігін сақтап қалу болды.

Кенесары 1837 жылдың күзіне қарай ашық күреске шығады. Қараша айында Петропавлдан оңтүстікке қарай бара жатқан керуенді қорғаушы Ақтау бекінісінің казак отрядына шабуыл жасайды.1838 жылы Кенесары әскері Ақтау мен Ақмола арасындағы шептерге шабуыл жасап, онда орналасқан Симоновтың отрядын талқандап, 10 пистолет, 9 мылтық, 13 қылыш, 7 найза, 495 мың оқ, т.б., қару-жарақ, оқ-дәріні қолға түсірді. 1838 жылдың күзінде Кенесары сарбаздары патша үкіметінің жазалаушы әскерлерімен бірнеше дүркін қарулы қақтығысқа түсті. Солардың ішінде айрықша кескілескен шайқас мықты бекіністердің бірі саналатын Ақмола бекінісі үшін болды. Оны аға сұлтан полковник Қоңырқұлжа Құдаймендиннің жасағы мен старшина Карбышев басқаратын жақсы қаруланған гарнизон қорғайтын. Кенесарының әскері бекіністі өртеп, жаудың біраз әскерлерін тұтқындап, қару-жарақтарын олжалады.1838 жылдың аяғына қарай Кенесары Орынбор әскери губернаторлығына қарасты ЬІрғыз бен Торғай жаққа көшеді. Ол кездегі Орынбордың генерал-губернаторы граф В.А.Перовский алғашқы кезеңде көтерілісшілермен арақатынасты бейбіт жолмен шешуге тырысқан еді. Арадағы келіссөздер барысында В.А.Перовский Кенесарыға көмектесетін болады. Жылдың аяғында Кенесары мен В.А.Перовский арасында уақытша бітім жасауға қол жетеді. Ол бітім бойынша Кенесары бастаған көтерілісшілер шекара шебіне шабуыл жасамауға уәде береді. Бұл тыныштық 1842 жылға дейін созылды. Бірақ,, уақытша тыныштық орнаған тұста Батыс Сібір генерал-губернаторлығының әскери отрядтарымен қарулы қақтығыстар тоқталған жоқ болатын.1841 жылдың қыркүйек айында қазақтың үш жүзінің атынан жиналған ықпалды билер мен сұлтандар Кенесары Қасымұлын ата салт бойынша ақ киізге салып көтеріп, бүкілқазақ халқына билігі жүретін хан етіп сайлады. Осылайша, Қазақ хандығы қайта құрылып, қазақ мемлекеттілігі қайтадан қалпына келтірілді

47. XIXғ -XXғ басындағы әдебиет, өнер, бұқаралық баспаның дамуы. А.Құнанбайұлы. М. Өтемісұлы. Алғашқы қазақ баспасөзі «Айқап», «Қазақ» "Айқап" журналы қазақ елінде 1911-1915 жылдары шығып тұрды. Оның шығарушысы және редакторы Мұхамеджан Сералин (1871-1929) болды. Журнал Қазақстандағы сол кезеңнің идеялық-саяси ой-пікірдің аграрлық-демократиялық бағыттарын білдірді. Оған Б.Қаратаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Торайғыров, Ж.Сейдалин және басқалар қатысып тұрды. Журнал беттерінде негізгі мәселелер қатарында оқу-ағарту ісі мен аграрлық мәселе, яғни жер қатынастары, көшпенділердің дәстүрлі мал шаруашылығы және олардың отырықшылыққа көшуі туралы мақалалар көптеп жазылды. Сондай-ақ, журналда патша өкіметінің отаршылдық саясаты әшкереленіп отырды.Сонымен қатар, Орынбор қаласында 1913-1918 жылдары А.Байтұрсыновтың басшылығымен шығып тұрған ресми "Қазақ" газеті болды. Ол либерал-демократиялық бағыт идеяларын ұстанды. Газет редакциясында сол кездегі қазақ конституциялық-демократиялық партиясының және қазақ халқының жалпы ұлттық қозғалысының жетекшісі, экономист-ғалым Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және басқалар қызмет істеді. Олар ең күрделі аграрлық мәселеде жерге Ресей патшалығының тарапынан мемлекеттік меншіктің күшін жою және оны қазақтардың меншігіне беру, жер сатуға тыйым салу талаптарын қойды.Тұтас алғанда, қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің дамуы туралы әр түрлі көзқарастарда болғанына қарамастан, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде шығып тұрған "Айқап" журналы мен "Қазақ" газеті өз беттерінде ұлттық идеялар мен қазақ халқының мүдделерін ақиқат жолымен жан-жақты көрсете білді. Ш.УӘЛИХАНОВ-ҒАЛЫМ,ЭНЦЕКЛОПЕДИСТ.

Шоқан (Мұхамедқанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов - қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы.

1835 жылы қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде, аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген.

Жасында ауыл мектебінде мұсылманша хат таниды. 1847-1853 жылдары Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Зерттеушілік қабілеті осы оқу орнында оқып жүргенде оянған. 1853 жылы 18 жасында кадет корпусын бітіріп, Омбыдаәскери қызметке қалдырылады, генерал-губернатор Гасфорттың адъютанты болып тағайындалады. Әскёри қызметте жүріп, Орта Азия халықтарының тарихы мен әдет- ғұрпын, тұрмыс-салтын, жағрафиясын зерттеуге белсене араласады.

Қырғыз халқының "Манас"'жырын бірінші рет баспаға ұсынып, жоғары баға береді.

1858-1859 жылдары өзінің әйгілі Қашқарияға саяхатын жасайды. Қашқария мәліметтері Шоқанның дүниежүзілік ғылымға қосқан зор үлесі болып табылады.

1859-1861 жылдары Петербургте шығармашылық қызметпенайналысады, Петербург университетінде дәрістер тыңдайды.

1861-1863 жылдары денсаулығы нашарлаған Шоқан елінде болады.

1863-1864 жылдары Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан Сотреформасын (басқару) дайындау ісіне қатысады.

1865 жылдың сәуірінде Алтынемел тауының баурайында, Тезектөренің ауылында қайтыс болады.

Шоқан Уәлиханов әралуан ғылым саласын меңгерген энциклопедист ғалым еді. Оның жағрафия, әдебиет, этнография, тарих, экономика, құқық, дін, т.б. саласында құнды-құнды еңбектері бар.

Ы.АЛТЫНСАРИН-АҒАРТУШЫ,ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ. Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.1860 жылы Орынбор бекінісінде қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. 1868 жылы Ы. Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші ретінде қызметке орналасты.

Ы. Алтынсарин патша өкіметінің жергілікті халыққа қысым жасайтын жүгенсіз саясатын айыптап отырды. Оған 1880 жылы «Оренбургский листок» газетінде жарияланған мақалалары айқын дәлел. Ол өз ғұмырының соңғы кезінде былай деп жазды: «Мен түбегейлі терең сеніммен туған халқыма шамамның келгенінше пайдамды тигізсем деген ниетімнен ешқашан бас тартпаймын». Ы. Алтынсариннің үшан- теңіз еңбегі қазақ халқының экономикалық дамуына, білім көкжиегінің кеңеюіне, рухани және мәдени гүлденуіне игі ықпал етті. Оның есімі халықтың есінде мәңгі сақталады. Бүгінде Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік білім академиясы Ыбырай Алтынсариннің есімімен аталады. Еліміздегі педагогтар қауымының ең таңдаулы өкілдері жыл сайын Ы. Алтынсарин атты төсбелгімен марапатталады. Ағартушы ғалымның қүрметіне жыл сайын ғылыми конференциялар өткізіліп түрады.

48.. XIX-XXғ басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы (қоныстану қозғалысы, отырықшылық пен егіншіліктің дамуы, дәстүрлі щаруашылықтың дағдарысы) орыс же украин шаруаларының өлкені барлық дерлік облыстарына жоспарлы түрде қоныс аударттыру.19ғ20ж басында басталды.ал бұл іс жаппаи көшіп келіп қоныстанушылық сипат алды.патша үкіметі 1889ж 13 шілдеде селолық адамдар мен мешандарды қазыналық жерлерге өз еріктерімен қоныс аулару туралы же осы топтың адамдарын бұрынғы уақыттары қоныс аударғандар қатарына жатқызу тәртібі туралы арнаиы ереже жасап бекітті.шаруаларды қазақ өлкесіне қоныс аудару қөшіп қазақтардың жерлерін тартып алу есебінен жүргізілді.тек 1885ж-1893ж деиінгі ралықта ғана ақмола облы-ң ежелг і тұрғын халқының паидалануынан 25мың десятина жер тартын алынды,10мыңдаи жан еркек жынысы халқы бар 24 қоныс аударғандар учаскілері құрылды.қоныс аударушылардың үлкен ағыны әсіресе жетісу обл келіп жатты.18989ж селолық адамдар мен мещандарды қазыналық жерлерге қоныс аудару туралы заң қабылданды.1891ж 98ж заңның күші торғаи мен орал облс тарады,заң боынша қоныс аудару үшун арнаиы рұқсат талап етілді,шаруалардың қазақ жерлерін өз беттерімен басып алуы жалғаса берді.19ғ 2 жатр 20ғ басында қазақтардың көшпелі шаруашылығын дамытып келе жатқан капиталистік ресеи таратпынан сыртқы зкономикалық фактордың әсерін сезіне бастады.шаруашылықтың отырықш –мал шаруаш-же отырықшы егіншлік сияқты жаңа түрлеі құрылды.сырдария ырғыз торғаи өз жағалауында суармалы егіншілікпен аиналысты,орыс селендері мен қалаларына жақын орн шар-ң едауір бөлігі бірте бірте нарықтық қатынстарға ыдырауға негіз алды.19ғ 70-80ж кедеиленген қазақтардың күнкөрістабыс іздеп әр түрлі кәсіпшіліктерге же тау кен өнеркәсібтеріне кетуі көбеие түсті,.19ғ соңына қазақстанда өнеркәсәп дамып өмірге келді.19ғ орта шенінде қаз да-паидалы қазбаладрыдң көптеген түрлері баршаға мәлім болды

49. XXҒ.БАСЫНДАҒЫ ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ АГРАРЛЫҚ САЯСАТЫ.СТОЛЫПИН РЕФОРМАЛАРЫ. Столыпиннің 1906 жылғы аграрлық реформасы

Қазақ халқының занды құқығын мүлде елеп-ескермеудің бір белгісі қоныс аударушы шаруалар санының одан әрі арта түсуі болды. Шаруаларды жер телімдерімен қамтамасыз ету қазақтардан тартып алынған жерлердің есебінен құрылған отаршылдық қоныс аудару қорынан жүзеге асырылды.

Жергілікті қоныс аудару мекемелері шаруаларға хутор салу үшін 45 десятинадан, егін егуге 15 десятинадан жер бөліп беруге міндеттелінді. Жер бөлумен айналысатын мекемелерге жергілікті халықтыңжерін тартып алып, олардың жеріне келімсек шаруаларды орналастыруына рұқсат етілді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қазақтардың егін суару құрылыстары да тартып алынды.

Шаруаларға ең құнарлы жерлерді іздеп тауып, көріп келетін адамдарды кедергісіз жіберіп тұру құқығы берілді. Шаруалардың темір жолмен жүруге де жеңілдіктері болды. Оның үстіне, патша үкіметі шаруалардың Қазақ жеріне емін-еркін қоныс аударуын кеңінен насихаттады. Мәселен, 1907 жылы Ресейдің орталық губернияларындағы шаруалар арасында осы тақырыпқа арналған 6,5 миллион дана кітапша мен парақша таратылған. Оларда үкімет шаруаларды Ресейдін азиялық бөлігіне неғұрлым көбірек қоныс аударуға шақырды. Ол басылымдарда Қазақстан мен Сібір аумағында қалай ыңғайлы орналасуға болатыны жөнінде практикалық ұсыныстар мен кеңестер берілді.

1917 жылға қарай жергілікті байырғы халықтың пайдалануындағы 45 миллион десятина жер тартып алынды. Бұл кезде Қазақстанға қоныс аударған шаруалардың жалпы саны 1,5 миллионға жуықтап қалған болатын. Патша самодержавиесінің аграрлық саясаты. Столыпин реформасы және оның әлеуметтік-демографиялық тағылымдары. XIXғ аяғы-XXғ басындағы қазақ ауылының әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге ұшырауы. 1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды. 1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді.Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.

Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді. Облыстардағы қазақстардың улесі: Ақмола облысы – 36,6% Семей облысы - 73% Жетісу облысы – 60,5% Сырдария облысы – 63,3% Төрғай облысы – 58,7% Орал облысы – 56,9%

50. 1-орыс революциясы. 1,2-мемлекеттік Дума Бiрiншi орыс төңкерiсi кезiнде патшалық тәртiпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езiлген халықтары да көтерiлдi. Қазақстан еңбекшiлерiнiң 1905-1907 жылдардағы ереуiлдерi орыс халқының төңкерiстiк күресiмен тығыз байланысты болды.

Қазақстан қалаларында өткен жұмысшылар мен қызметкерлердiң жиналыстарында Петербургтегi қарусыз жұмысшыларды атқылауға наразылық бiлдiрiлдi. Ереуiл кезiнде қаза тапқандардың отбасыларына көмек үшiн қаржы жиналды. Қалалар мен темiр жолдарда ереуiлдер өттi. 1905 жылы ақпанда Перовск, Түркiстан, Шалқар темiржолшылары өздерiнiң экономикалық жағдайларын жақсарту талабын қойған ереуiл жасады.соитип 1905ж бүкілресеилік ереуілдің әсерімен қазақстанның барлық қалаларында шеру митинг жиналыстар болды.бұнда патша өкіметіне қарсы талаптар қоылып отаршылдық әкімшілікке қарсы күресуге шықты.1905-07ж болған революциялық қозғалыстармен баиланысты қазақстанда жұмысшылардың кәсіподақ ұиымдары бой көтерді.соның ішінде орал қаласында теміржол кәсіродақ бои көтерді.,патша өкіметі революциялық қазғалыстан бөліп шығару үшін олардың өкілдері қатысатын мемлекеттік думаға шақыруға шешім қабылдады.1905ж 1 мемл дума шақыру жарлығы щықты.оған қазақстанна 9 депутат саиланды соның ішінде бөкеиханов болды.1 думада депуттартар патша өкіметі саясатына қарсы шықты соитип ол сеингі жылдары қуылып 2 мемл дума шақырылды,онда 14 депутат саиланды.нұркенов қатрбаев болды. 2 мемл думада депутаттар қазақ кедеилердің мүдделерін қорғауға деген мәселені шешті.олар еңбекшілердің ауыр жағдаи себептерінен жер мәселесін шет аимақтарллы отаарлау саясатымен шешуге болмаитынын аиты.сонымен тб мәселелер қарастырлы.

1905-1907ЖЖ. РЕСЕЙДЕГІ РЕВОЛЮЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ӘСЕРІ. Жалпы Қаз.ң еңбекшілерінің саяси оянуына өлкедегі отаршылдық езгіге, әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, әрине, патшалық Ресейдегі 1905-07 ж.да өткен тұңғыш буржуазиялық демократиялық революцияның ықпалы зор болды. I-шілен, өлкенің экономикалық және саяси дамуы дәрежесінің салдарынан жұмысшы қозғалысы өрістеді. ІІ шіден аграрлық қозғалыстар, негізінен қазақ ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың еңбеккерлер топтарының іс әрекетінен көрінді. IV-шіден,Ұлт зиялылары қоғамдық саяси жұмысқа белсене араласып,ұлт-азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді.Сөйтіп,1905-1907 жыл-да өткен Қазақстандағы жұмысщы қозғалысы өзінің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам басты.Осы жылдары жұмысшылардың бірқатар саяси ж/е экон/қ толқулары болып өтті. Оларға 1905ж желтоқсанда Успенск мыс рудинигі,Қарағанды кендеріндегі,сондай-ақ, Семей,Орал,Ақтөбе,Верный,Қостанай ж/е басқа да қалалардың кәсіп-орындарындағыөткен ереуілдері жатқызуға болады.Ресей империясындағы 1905ж қалыптасқан саяси ахуал қазақ халқының азаттық қозғалысының жаңа сатыға көтерілуі кезеңін бастап берді.Ә. Бөкейханов атап көрсеткендей «бүкіл дала саясат аясына тартылып азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді»-дейді

51. ҚАЗАҚСТАН I ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА.Бірінші д.ж.лік соғыс 1914 ж. 19 шілдеде басталды. Ер азаматтарды жаппай майданға алу шаруашылықтың да құлдырауына әкеліп соқты.Ұсақ мал көбірек ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Мал санының қырқауы ең алдымен қазақ халқының армия қажеттеріне мәжбүрлеу тәртібімен етберуге міндетті болғандығынан орын алды.I Д.ж.лік соғыс басталған соң Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді.Успен және Сасық Қарасу кеніштерінен темір кенінөндіру арта түстіБұл кенштерден 1914 ж. 246құт,ал 1916 ж. 1551құт темір кені өндірілді. Соғыстың үш жылы ішінде темір кенін өндіру 6,3 есе ұлғайды. Көмір өндіру Семей,Торғай, Ақмола, обл.да жүргізілді және Екібастұз кен орындары елеулі роль атқарды.Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың,қалалардағы еңбекшілердің жағдайы күрт нашарлады.жұмысшылар тәулігіне 10-12 сағат ал кейде 16 сағатжұмыс істеді.Селолар қалалар мен ауыл.р еңбекшілер жағдайының нашарлауы 1914-ж.өзін ақ Қарағанды,Екібастұз шах.да теміржол жұмысшылары арасында бас көтерілулер мен ереулдерге алып келді. Нәтижесинде бұл жағдайлар қазақтардың ұлт азаттық қозғалысына зор ықпал жасады.1916ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС. 1916 ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері, барысы,нәтижесі және маңызы.1916 ж.25 маусымда патшаның Қаз.н,Орта Азия,Сібір тұрғындарының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады.Бұл жарлық 1916-ж.ұлт азаттық көтерілісінің басталуына себеп болады.Қаз.ң әр түрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте бірте ұйымжасқан сипат ала бастады.Жетісуда (Басшылары:Бекболат Әшекеев,Ұ. Саулықов,Ж.Мамбетов,Т.Бокин,Ә.Жүнісов,С.Қанаев, Монай ж\е Мұқан Ұзақбаевтар ж\е т.б)Торғайда (басшылары:Ә.Жнабасынов,А.Иманов,Ә.Жангелдин ж\е т.б) Оның ірі ошақтары пайда болды.Жетісудағы көтеріліс тарихын:1)Шілде-стихиялы наразылық көріністері 2)Тамыз-оның қарулы көтеріліске ұласуы3)Қыркүйек-Қазан-көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі ж\е жеңіліс табуы деген кезеңге бөлуге болады.Сотсыз ж\е тергеусіз атылғандарды есептегенде,сот үкімімен Түркістан өлкесінде 1917ж. Ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға,129 адам түрмеге жабылуға кесілді.22 қазанда А.Иманов бас.н 15мың қол Торғай қаласын қоршады. Шайқас 1917ж. Ақпанның 2 ші жартысына,яғни ақпан революциясына дейін созылды.Қазақ халқының 1916 ж. Ұлт азаттық көтерілісі Торғайдан өзге барлық аймақтарда қатаң басып жаншылды.1916 ж. Ұлт азаттық көтеріліс қазақ халқаның сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады.Бұл көтеріліске қазақтармен қатар қырғыз,ұйғыр,өзбек ж\е т.б халықтар қатысуы болды. Қаз.н мен Оталық Азиядағы 1916 ж. Ұлт азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресенй империясындағы саяси ж\е әлеуметтік экономикалық дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды.

52.Ақпан революциясынан кейінгі кезең1917 ақпанда буржуазиялық демократиялық революцияның жеңіп шығуы елдегі тап күшінің арасалмағын күрт өзгертті. Социалистік революцияның жолындағы басты кедергі — самодержавие жойылды. Бірақ революция негізгі мәселесі — өкімет туралы мәселе — өзінше шешім тапты.Еңбекшілердің инициативасымен пролетариат пен шаруа-лардың революциялық демократиялық диктатурасының органы — жұмысшы, солдат, кейінірек оған қоса шаруалар депутаттарының Советтері пайда болды. Советтердің басшылығына еніп кеткен меньшевиктер мен эсерлердің келісім-паздық саясаты буржуазия өзінің өкімет оганы — Уақытша үкімет құруына мүмкіндік берді. Өтпелі кезеңнің аса күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын білдіретін қос өкімет дүниеге келді. Уақытша үкімет, сөз жүзінде өзгерістер енгізуге үмтыламыз дегенімен, іс жүзінде буржуазияның мүддесін көздеп, негізінен бүрынғы ішкі және сыртқы саясатты жалғастырды.1917 жылғы 23-27 ақпанда (8-12 мамыр) болған Ақпан буржуазиялық демократиялық революциясының нәтижесіңде самодержавие құлатылып, қос өкімет: буржуазия диктатурасының органы — Уақытша үкімет пен жұмысшы-шаруалар диктатурасының революциялық-демократиялық органдары — жұмысшы, соддат және шаруалар депутаттарының Советтері қүрыдды. Бүкіл елдегідей Қазақстанда да буржуазиялық демократиялық революция барысында 1917 жыддың наурыз-сәуірде Уақытша окімет органдарымен бірге Семейде Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Павлодарда, Өскеменде т.б. қалаларда жұмысшы және солдат депутаттарының Советтері пайда бола бастады. Кейін 1917 жылдың сәуір-маусымда Әулиеатада, Перовскіде, Қазалыда шаруа депутаттарының Советтері және қырғыз (қазақ) депутаттарының Советтері қүрыдды. Буржуазиялық Уақытша үкімет самодержавияның отаршылық және үлттық саясатын жалғастыра берді. Қазақстанда жерді күшпен тартып алу, 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларды қуғындау жүргізілді.Қазақстанның ауылдары, деревнялары мен станциялары самодержавиенің ішкі саясатының зардаптарын басынан кешіре отырып, шиелініскен әлеуметтік қайшылықтың торабына айнадды. Патшаның аграрлық-қоныс аударушылық бағытын жүзеге асырудың нәтижесінде қазақ ауылы 1917 жылы 45 млн десятинаға жуық қүнарлы жерінен айырылды. Қүнарлы жерлерді 4 казак әскерінің (Орал, Орынбор, Сібір, Жетісу) пайдасына, сондай-ақ қоныс аудару басқармалары мен Романовтардың жеке меншігіне (Алтайда) беру көшпелі және жартылай көшпелі еңбекшілерді пайдалануға жарамсыз сор және құмды далаға ығыстырды. Аса қатал аграрлық дағдарыс болатындай жағдай туды. Феодалдар мен байлар оның бүкіл ауыртаплығын орта шаруалар мен кедейлерге аударды. Ал орта шаруалар мен кедейлер бүкіл шаруашылық-тың 2/3 бөлігін қүрайтын.Соғыс аддында экономикалық жағынан нығайтып үлгер-меген қоныс аударған деревнялардың шаруашылықтары соғыс жылдарьшда қатал дағдарысты басынан кешірді. Ол, ең аддымен, кедейлер мен орташаларды немесе барлық шаруашылықтың 4/5 бөлігін қамтыды. Дағдарыс көптеген қазақ шаруашылықта-рына да соққы болып тиді. 1,6 млн адам түратын селолар мен станциялардан 250 мың адам армия қатарына алынды. Бұл — еңбекке жарамды ерлердің тең жартысы еді. Бірсыпыра жерлерде егістік жердің көлемі күрт азайды, сөйтіп астық тапшылығы туды (әсіресе қалаларда жөне өлкенің Оңтүстік-Батыс аймағында). Мұны село буржуазиясы астықтың бағасын көтеруге шебер пайдаланды. Соғыс жағдайыңда самодержавиенің бүрын-нан да оңып түрмаған салық саясаты кошпелі және жартылай кошпелі қазақ шаруаларына өте ауыр соқты. Малды, жемді, киізді жаппай ортаға салу, ақша салығының артуы әр түрлі алым-жиымның кобеюі кептеген шаруаларға жүтау қаупін туғызды. «АЛАШ » ПАРТИЯСЫ МЕН «АЛАШ ОРДА» ҮКІМЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ. 1917 ж көкьемінде болып өткен облыстық Қазақ съездері болашақ партияның бағдарламасын әзірлеуге көмектесіп, съездерге қатынасқан делегаттар мен қазақ комиттерінің мүшелері «Алаш» партиясының әлеуметтік негізін құрады. Осылайша, 1905 ж. өзінде-ақ құруға әрекет жасалған «Алаш» партиясы іс жүзінде 1917ж мамыр айында қалыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 ж желтоқсанында жүзеге асқан еді. Орынборда өткен І Бүкілқазақ съезі «Алаш» қазақ ұлттық саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды. 1917 ж 21 қараша «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. 1917 ж қараша 1918 ж қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің көпшілігі «Алаш» партиясының бағдарламалық талаптарын қолдайтынын көрсетті. Жетісу губерниясында -57,5%, Семей уезінде -85,6%, Торғай, Орал губерниясында -75%. Кеңестік дәуірдегі Коммунистік партияның идеологтары Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін буржуазиялық ұлтшылдық қозғалысының көрінісі деп бағалап келді. «Алаш» қазақ халқының нағыз ұлттық демократиялық партиясы болды.

53. ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ. Уақытша үкіметтің халықтың мәселесін шеше алмауы яғни жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті.

Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 ж: шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған «барлық билік Кеңестерге берілсін» деген ұранды қайта көтерді. Бұл ұран уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды. 1917ж 24 қазанда (6 қараша) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917ж 25 қазанда әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті. Сондай-ақ Қаз.мен іргелес Ташкент, Омбы, Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес үкіметінің орнауы Қаз-да да биліктің кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда, Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату төрт айға созылды.1917 ж. соңынан- 1918 ж наурыз. Кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Сонда да болса, ауыл селоларда әлі Кеңестер өкіметінің жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті болды. Халық азық түлік тапшылғынан зардап шекті. Кеңес өкіметіне қарсы күштер бас көтерді. Бұлқарсылықтарды басу үшін, жергілікті жерлерде өкімет билігін нығайту қажет болды. Кеңестер өкіметі нығайту жолындағы күресте облыстық және уездік кеңестер съезддері көп рөл атқарды. Кеңес өкіметінің негізгі принциптері маңызды екі құжатта – 1917 ж . 2 қарашада қабылданған «Ресей халықтары құқ.ң Декларациясы» және 1917 ж 20 қарашада жарияланған «Барлық Ресей және Шығыс мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде көрініс тапты. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТ СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА (1918-1920).Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен,адам күштерін барынша жұмылдыру,қалаларды,өнеркәсіп жұмысшыларын,Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету,елде қатаң еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм»саясатын енгізді.Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс,Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғанудың қажеттілігінен туған еді.»Әскери коммунизм» саясаты негізінде азық-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді.Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлары астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды,бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді,ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.Азық-түлік салғыртын енгізу елде астық дайындауға көбейтуге,Қызыл Армияны,жұмысшыларды азық-түлік қамтамасыз етуге,ашаршылықты барынша болдырмауға мүмкіндік берді.»Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді.Жергілікті жерлерде еңбек етуге бұрынғы қанаушы тап өкілдері тартылды.Қазақстанда»әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру,оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді.Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды.1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.Қызыл Армияның Қазақстан жеріндегі ұлттық бөлімдерін құруда Сырдария,Жетісу облыстары,Бөкей Ордасы мен Торғай облысының кеңестік уездері бірсыпыра айтуға тұрарлық ұйымдастыру

54. Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен,адам күштерін барынша жұмылдыру,қалаларды,өнеркәсіп жұмысшыларын,Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету,елде қатаң еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм»саясатын енгізді.Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс,Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғанудың қажеттілігінен туған еді.»Әскери коммунизм» саясаты негізінде азық-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді.Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлары астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды,бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді,ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.Азық-түлік салғыртын енгізу елде астық дайындауға көбейтуге,Қызыл Армияны,жұмысшыларды азық-түлік қамтамасыз етуге,ашаршылықты барынша болдырмауға мүмкіндік берді.»Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді.Жергілікті жерлерде еңбек етуге бұрынғы қанаушы тап өкілдері тартылды.Қазақстанда»әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру,оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді.Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды.1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.Қызыл Армияның Қазақстан жеріндегі ұлттық бөлімдерін құруда Сырдария,Жетісу облыстары,Бөкей Ордасы мен Торғай облысының кеңестік уездері бірсыпыра айтуға тұрарлық ұйымдастыру

55. 1929-32 жж ұжымдастыру1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді.

1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер құрылып жатты.

Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.

Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.

ҰжымдастыруКезіндеЖіберілгенҚателіктер: 1.Қатаң-жаппай-қуғындау-мен-террорға-негізделді. 2.Даярлықсыз-жергілікті-жағдайлар-ескерілместенжүргізілді. 3.Әкімшілік–күштеу-әдістерімен-жеделдете-жүргізілді. 4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.

Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында – 70 %; Жымпиты ауданында – 60 %; Жәнібек ауданында – 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% - і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 – інде 56,4 % - і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды.

Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930 – 1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87 % - і, жекешелердің 51,8 % - і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. БұлжағдайҚазақстанда-аштық-қасіретін-туғызды: 1.1930жылы–313мыңадам; 2.1931жылы–755мыңадам; 3.1932жылы–769мыңадамқайтысболды. 4. 1930 – 1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40 % - і жаппай қырылды. ҰЖЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА ТИГІЗГЕН ҚАСІРЕТІ. Күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде ауылда әлеуметтік жіктеу саясаты өте жоғары қақынмен жүргізілді. КСРО ОАК мен ХКК нің 1930 жылы 1ақпанда қабылданған «жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды нығайту және кулактармен күрес шаралары туралы» қаулысы негізінде ауқатты шаруа қожалықтарына қарсы ашық террор басталды. Шаруа қожалықтарынан бай кулактардв бөліп алып, оларды тап ретінде жоюжүзеге асырылды. Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді. Күшпен ұжымдастырылған және материалдық жағынан өте әлсіз шаруашылықтар күйзеліске ұшырап, нәтижесінде 1932-33 жылдары халық аштыққа ұшырады. Сол кездегі мәліметтерге қарағанда аштық жайлаған аудандарда халық баудай түсіп қырылған. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың осындай зардаптары сталиндік басшылықты біраз сескендірді. 1929-1931 жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудырды. Сол жылдары өлке басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем алғанын, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі аумақты түгел қамтығанын , бұл туралы Кеңес өкіметі басшыларының хабардар болғанын көрсетеді. Бір ғана 1929 жылдың өзінде Қазақстанда 30 дан астам үлкенді кішілі халық наразылығы болды. Олардың ішінде өте кең көлемде болған көтерілістерге Тақтакөпір, Бостандық, Батпаққара, көтерілістері жатады. 1929 – 1930 жылдыр аралығындағы қыс айларында наразылық өте күшті өршіді. Ол туралы Голощекин Сталинге хабарлауға мәжбүр болды. 1929 – 1931 өлкеде барлығы 372 көтеріліс болып,олрға 80 мыңдай адам қатысты. Большевиктер бұл наразылықтың себебі байлар мен дінбасыларының кеңес үкіметіне қарсы халықты ұйымдастыруынан деп көрсетті. Кеңес үкіметі бұл көтерілістерді әскери күшпен басып жаншыды.

56. Қазақстандағы индустрияландыру саясаты (1928-40жж). Индустрияландырудың отарлық мазмұны қаз халық шаруашылығын қалыпқа келтіру аяқталғанна кеин елді индустрияландыру саясаты іске аса бастады.индустрияландыру өндіріске құрал жабдық жасаитын халық тұтынатын тауарлар жасаитын зауыт фабрикаларды салумен тығыз баиланысты болды.мұндаи касіпорындар ксроның шығыс аимақтарында оың ішінде қазақстанда коптеп салына бастады.қазақстан баи шикізат қорының болуы да өз әсерін тигізді.өзкеде темірдің көмір қорының мұнаидың түсті металдардың мол қоры болуы болды.индустрияландыру қазақстан еңбекшілерінің өмірлік мүдделеріне қаишы келген жоқ,оның дамуы 1 ден ұлттық жұмысшы ттобының қалыптасуы.техника дәрежесін котерді.голошекин республикада индустрияландыру идеясын қолдаи отырып қазақстанда ауыр өнеркәсіп салаларының орнына ауыл шаруашыллығымен баиланысты ұсақ же орта кәсіпорындарды дамыту жоспарын ұсынды.голошекиндік индустрияланудың мәнін тез арада түсінген қазақтар оған қарсы шықты.,комитетке ол коиган мақсатты қаита қарауға таоап етті.қазақтардың арасында садуақасов голошекинге қарсы шықты.бірақта кадрлар голошекиннин идеясын қолдады.индусртиялану барысында республикада кен химия өнеркәсібінің тұңғышы ақтобе химия комбинаты салнды.формацептикалық зауыттар ,сульфат комбинаты тб салалар салынып іске косыла бастады.жеңіл тағам өнімдері бас көтерді.олар жамбыл мерке талдықорған кант зауыты тб индустриялану барысында қазақстан индустрияал аграрлы елге аиналды.өнеркәсіп өнімінің халық шаруашылығындағы үлес салмағы 30паиыз,индустриялану барысында өндірісте екпінділер еңбек озаттары шаруашылық есеп бригадасы өріс алды.қазақстан индустриялы дамуының жоғары қарқында жүргізілуі ресеи украин кеңес одағының басқа өнеркәсібі дамыған республиканың жан жақты көмегінің арқасында ғана дамыды.сонымен қатар қазақстан индустриялану ешбір кемшіліксіз қаишылықсыз өтті деуге болмаиды.соның бірі машина жасау саласында машинаны оңдеу станок приборлар машина жасаитын кәсіпорындар болмады.индустрияланудың барлық ауырпашылықты шаруалар көтерді.соитип өндірістегі белсенділік бұрын сонды болып көрмеген дәрежеде дамып индустрияландыру ісінің табыстарына қол жеткізді ,қаз 30 жылдарды индустрия даму үлкен мәреге жетті.олардың қатарына ең алдынғы аграрлы елден индустриялы аграрлы елне аиналды.қаз шаруаш-да өнеркәсіп басым салаға аиналды.индус дамудың жүзеге асыру барынысында кеңестік жұмысшылардың қалыптасуында.

57. 1920-40 жж Қазақстандағы мәдени құрылыс, ағарту ісі. Негізгі бағыттары және қиылыстары Ағарту ісі 1924ж сәуірде ,ал сауатсыздық жою қоғамы құрылды.1921,27ж52мың адам оқып сауатын ашты 28 жыдың аяғында 25 процен оның ішінде қазақстандықтардың 10 паиызы болды.26 ж акср де біріңғаи еңбектер мектептер жарғысы қабылданды 3 ж 4жылдық мектептерүлес салмағын көбеиту қазақ қыздарына мектеп ашу болды.қыздарға арналған мектептер шымкент алматы түркістанда оралда ашылды ағату ісіне бөлінетін қаржы 1924,25ж30тиын болса кеин 60 тыин болды.ұлттық зиялылардың орнына мәдени құрылс процесін жеделді түрде орындары ерекше ахмет баитұрсыновты суретті әліппен мысал жөнінде дастан жинап,ж аимауытов қос тілді анатілді оқыту әдітемесін бөкеихан географ оқулығын жасаған болатын сәтбаев алгебралық оқулығын құрастырды.оқу әдістемелік жазуда сефулин мүсірепов дулатов жұмабаев болса қазақ тіл оқулығын әзірлеуде баспадан шығару құралын ахмет баитұрсынов бөкеихановқатысқан болатын.қазақ тілінде алғаш оқулықтар қазан қаласында басылды.1931ж желтоқсанда 15 50 жасы аралығында саутты халыққа жбб енгізілді. Білім беру жұмсалатын қаржы жыл саиын өсіп отырды.1930,32ж аштық салдарынан ббкүрт төмендеді.32ж күзі балалар үиіне 68 мың жетім бала орналастырды.32ж шығыс қазақстанда 1687 бала қаитыс болды.33 ж мыңнан астам бала панасыз есепке алынды.республикада сауатсыздықты жою қарқынның баяу жүру себебі ұжымдастырды асыра сілтеу зардаптары 3032жжаштықпен келген.34-35ж интернет саны жылдан жылға көбеиіп 700-221ге деин оскен болатын.сонымен қатар сауатсыздықты жоюда 500мың адам оқып мектеп мұғалымдеріне әдістемелік көмек ретінде ауыл мұғалімі мектепте газеттер шығарылды.соның ішінде мұғалім медалдермен 160 мұғалім орденмен медалдармен марапатталды.республиканың сауаттылық деңгеиі 1936ж25паиыз 80 65 70 паиызға деин өсіп отты,жалпы сауаттылық алматы шымкент орталықтары болды ұлы отан соғысы алдына еңбекке жарамды халық арасында сауаттылық жою тоқтатылды.

58.. 1920-50 жж Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір. Ұлттық интеллегенцияға қарсы репрессиялар. (XXғ 30-50 жж) 1937 38 ж жалпылаи сипат алды ұлт зиялылары халық жаулары деп аиыпталды.сталиндік тердің қолынан жалпылаи қаза алды.қазақ әдебиетінің негізін слушылар да болды.Репрессия жазықсыз жазалу.1937ж 38ж ең қасіретті жылдар деп атады.40млн адам ұшырады.көбінесе ғылым мен мәден-ң көрнекті қаираткерлері.сталинге қарсы шыққан үшін жазаланды. 20мың адам чикисті атып өлтірді.1934ж ОГПУ құрылды.бұл жылдары қаз-ң белгілі зиялылары қырылды.олар рұсқұлбеков бөкеихановв аимауытов тарихшы асфандияров қазақ тілін негізін салушысы баитұрсыноов сеифулин маилин дулатов тб ресеиден 70мың адамды лагерге қамады. Олардың ішінде тухачевский тб болды.30ж социалистік қатынастар орнықтап болды.елде социализм жолымен ілгерілген саиын тап күресі шиеленіске түседі.деген соц теория үстемддік етті.нәтижесінде жазалау органдарының қызметі күшеитілді.мемл өкімет органы ретінде кеңестер қызметі шектелді.қаз лагерлер жүиесі құрылды.парлак ерекше режимді қарағанды еңбек пен түзеу лагері құрылды осы парлак азабын көргендер араснда одақ көлемде ғалымдар мен мел қаратекерлері болды.соц құрылысты бұрмалаған жеке адамға табыну идеологиясының зардаптары –сталинеидің идеологиялық апараты халықтардың тарихи мүдделерін жоюға бағытталды.ұлттық зиялылардың көрнекті өкілдерін қырып жоиды.101мың қазақстандық отқа жағылып 27мың аталды.ссталиншілдік басты қылмысы әкімшілік әміршіл жүиені қолдауы лагерлер жүиесін құру халықтардың күштеп көшіру азаматық құқықтармен бостандықтарды бұзу,31 мамыр ұлттық азаттық күні болып белгіленді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]