Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Момбиева Рогов - том.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12.96 Mб
Скачать

1.4. Оқушының психологиялық-педагогикалық статусы

Психологиялық-педагогикалық статус туралы түсінік. Оқушының статусын анықтау үшін психодиагностикалық минимум жүргізу. Статус көрссткіштерін анықтау.

Психолог өз жүмысын сол ортада қалыитасқан әлеуметтік-исихологиялық жағдайда жүргізеді. Психологиялық қызметті үйымдастыру формалары және қолданылатын әдіс-тәсілдер осы ортаныц ерекшеліктеріне және талаптарына сай жүргізілуі қажет. Оқушылар мектепте білім алып, соңымен қатар өздерінің жекелік қасиеттерін жетілдіру проблемаларын шешу барысында әлеуметтік ортада өмір сүруге икемделеді. Мсктеп оқу-тәрбие жүмысы арқылы окушыиың осы қажетгілігіи қанағаттандыруға барлық жагдайларды жасайды. Мектеп психологі оқушьиіардың және оқу-тәрбие процесінің осалдық көрсеткен жерлерін түзетуге өз үлесін қосып, балалардың жан-жақты дамуына психологиялық түрғыдан жағдай жасайды.

Оқушыларға психологиялық қызмст көрсетуді тиімді үйымдастырылуына кепіл болатын бір жәйт - оны жүйелі түрде жүргізу. Оқушылардың барлығын психологиялық зерттеуден өткізіп, олардың жекслік қасиеттерін, таным процесстерін бағалап шығу өте қыйын. Бұл жүмыс психологиялық зерттеулерді жүйеге келтіріп жүргізгенде ғана өз фукциясын толық орындайды.

Осы жүйелілікті қамтамасыз етуге негіз болатын үйымдастыру формасын психодиагиостикалық минимум деп атауды Н.Р.Битянова ұсынған. Оның ұсынысы бойынша психодиагностикалық зертгеуді жаппай, горизонталдық кескін бойынша өткізу арқылы қысқа мерзім ішінде бір параллельде оқитын балаларды толық қамтып, олардың барлық психологиялық қаситеттерін бағалап шығуға мүмкіндік туады. Біздің ойымызша, осы форманы мектеп ерекшеліктеріне икемдеп қолдану арқылы қысқа мерзімде барлық оқушылардың статусын анықтап шығу қажет.

Оқушының психологиялық-педагогикалық статусы дегеніміз баланың барлық психолоигиялық қасиеттерін, күй-жағдайын, таным процестерін, қарым-қатынас мәдениетін, мінез-қүлкын, оқуға деген ынтасын бағалау арқылы жасалған мінездемесі. Бүл мінездемені жасау үшін барлық оқушылар жан-жақты нсиходиагностикалық зерттеуден өткізіледі.

Оқушы статусына қойылатын талаптарды бес блокқа бөліп зерттсу арқылы жиналған материалдарды әр балаға арнайы жасалган карточкаларға түсіруге ыңғайлы етіп жинақтауға мүмкіндік береді. Барлық зерттелінетін көрсеткіштерді блоктарга келесі түрде бөлуге болады:

1-блок — бала өмір сүретін әлеуметтік орта ерскшелікгері;

2-блок — оқушы таным процестерінің және жалпы интеллектуалдық дамуының ерекшеліктері;

3-блок — мотивациялық-жекелік сферасын бағалау;

4-блок — баланың өзіне және қоршаған дүниеге қатынасы;

5-блок — мектепішілік қарым-қатынас барысындағы оқушының мінез-қүлқы.

Осы блоктар бойынша оқушылар қасиеттерін бағалау корсеткіштерін анықтап алып, сол корсеткіштерді зерттеу жөне бағалау әдіс-төсілдері жинақталады. Эр блок бойынша қолданылатын әдімтемелер жеке-жеке папкаларға топтастырылса, оны қажетті кезінде қолдану ыңғайлы болады.

Бірінші блок көрсеткіштері:

— отбасы қүрамы, ата-анасыньщ мамандықтары, жұмыс орны, лауазымы, отбасы типі, адамдар саны, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы;

— отбасының материсии.іық жағдайы, түрғын үйі, жұмыс орны; оқушының отбасындағы статусы;

— отбасының бос уақытын өткізуі, спорт, дене шынықтыру, мәдениет коздерін қолдануы;

— оқушының күн тәртібі және оны үлкендердің қадағалауы;

— оқушының өз қүрбыларымен, өзінен улкен және кіші балармеи қарым-қатынасы.

Бұл блоктағы корсеткіштерді бағалап шығу ушін көптеген объективтік әдіс-тәсілдер қолданылады: баламен және оның ата-анасы, әжесі т.б. отбасы мүшелерімен, сынып жетекшісі, оқытушылармен әнгімелесу, пиктограмма, "Мен не білемін?" әдістемесі, Йирасек-Керн едістемелерінің жеке тапсырмалары. Осы аталған және басқа әдістемелерді қолданып мағлүмат жинау нәтижесінде баланың отбасындагы омірінің ерекшеліктері аныкталады.

Екінші блок көрсеткіштері:

— баланың хронологиялық жасы мсн ақыл-ой дамуыныц бір-біріне сәйкестігі;

когнитивтік процесстерінің дамуы: ойлау түрлерінің қалыптасқандығы, ой қызметінің көрінісі, тіл байлығы, майда қыймыл өрекеттерінің қальштасуы;

Таным процестерінің жекелік ерекшкліктері: интеллектуалдық белсенділігінің жоғары болуы, вербалдылығы, шизойдтығы, интеллектуалдық пассивтігі;

Баланың жеке түлғасында кездесетін қабілеттілігінің түрі (психомоторлық, музыкалық, лингвистикалық, физика-математикалық, бейнелеу өнері, педагогикалық, ұйымдастырушылық);

Ақыл-ой жүмысын үзақ уақыт орындауға қабілеттілігі, жүмыс темпі.

Екінші блок бойынша жүргізілген зерттеулср нотижесінде балардың таным ироцестерінің нормаға сай немесе дамуында одан ауытқуы байқалатындығы анықталып, олар баланың озық дамуына немесе кейін қалуына негіз болып отырғаны нақты бағаланады. Даму деңгейі төмен балалармен түзету-дамыту жұмысын жүргізу арқылы оларды оқу мазмұнын меңгеруге шамасы келетігг жағдайға жеткізу жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Екінші блок материалдары оқу-тәрбие жұмысын тиімді жүргізуге және ата-аналарға психолоғиялық кеңес беруді ұйымдастыруға негіз болады.

Үшінші блок көрсеткіштері:

оқушылардың оқуға деген ынтасын жәнс жалпы танымдық өрекетіңің себептсрін, баланың ішкі қайшылықтарының деңгейін анықтауға бағытталған. Бүл блок көрсеткіштері:

оқу себептерінің қалыптасқандығы және оның мазмүны (танымдық, әлеуметтік, бағыттылық т.б.);

танымдық өрекет барсында табысты болу ссбсбі немесе Сәтсіздіктен бас тарту себептерінің қайсысы жетекші екенін анықтау;

себептік сферада қайшылықтың болуы, мазасызданудың кәрініс бсруі;

— акцентуацияимң орын алуы.

Бүл блок корсеткіштері бойынша баланың психикалық дамуында мазасызданудың, өз-өзіне сенбеушілігі және басқа іиікі ироблемалардың орын алуын анықтау арқылы, оларға уақтылы психологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік туады,

Төртінші блок көрсеткіштері:

баланың қатынас жүйелерін эмоционалды бағалау бойынша талдаңады:

баланың өз қатарларымен қарым-қатынасының қалыптасқандығы;

— отбасындағы қарым-қатынас ерскшеліктері;

— оқытушылармен қарым-қатынасының эмоционалдық оң магнада болуы;

мектепішілік іс-шараларға көзқарасы;

оқушының өз-өзіне козқарасы.

Бұл көрсеткіштер баланың оқу-тәрбие процесінде табысты болуына үлксн әсерін тигізеді.

Бесінші блок көрсеткіштері:

— оқушының мектепішілік қарым-қатынастағы орнын анықтауға арналған және келесі көрсеткіштермен бағаланады:

оқушының жекелік психологиялық қасиеттсрімен байланысты мінез-құлық және қарым-қатынас ерекшеліктеріне сипаттама (жылдамдығы, жай қыймылдайтындығы, импульсивтігі);

жауапкершілікті сезінуі, шешім қабылдауы, адамдарға ықылас қоюы, қайырымдылығы, ашықтығы, іскерлігі, шыншылдығы;

әлеуметтік-исихологиялык адаптациясының төмендігі, эгоистігі, дөрекі, өтірікші, принципсіздігі;

мінез-құлық нормативтеріне бағынуы, әлеуметтік орта талаптарына икемделуі, ашықтығы, шыншылдығы;

— тәртіп сақтауы, қимыл әрекеттерініц үйлесімділігі. Блоктар бойынша психодиагностикалық зертгеу нәтижесі оқушының психологиялық-педагогикалык статусын корсстін, психологиялық қызмет корсету жүмыстарың ұйымдастыру ретін анықтауға негіз болады. Оқушылар статусының көрссткіштеріне сүйенн отырып недагогтардың білімін жетілдіру және ата-аналардға психологиялық білім беру тақырыптарын анықтап алуға мүмкіндік туады.

Окушылар статусының көрсеткіштері олардың психологиялық-педагогикалық карточкаларына түсіріледі. Бұл құжат әр психодиағностикалық минимум өткізілгенен соң толықтырылып, нәтижесі талданып, балалармен жеке-дара және топтық түзету-дамыту іс-шараларының мазмұнын анықтауға негіз болады.

Психодиағностикалық минимум жүргізумен қатар психолог оқушыларды жеке-дара үздіксіз зерттеп отырады. Біріншіден, бүл жұмыс интеллектуалдық қабілеті өте жоғары дамыған балалармен олардың дарындылығын қолдауға және бұл қасиетті жан-жақты дамытуға ықпал жасау үшін жүргізілсе, екіншіден, мінез-құлқы туралы шағым түскендермен т.с.с. арнайы зерттеуді, көмек көрсетуді талап ететін, дамуында ауытқуы бар оқушылармен жүргізіледі.

Психологиялық зерттеу барысында үлгерімі төмен, сабаққа қатыспайтын, отбасында баланың үй тапсырмасын орындауға ешқандай жағдайы жоқ, ата-аналары нашақор, ішкіш т.б. жағдайы нашарлар кездеседі. Бұл категориядагы балалар психологиялық сүйемелдеу көрсетуге кажеттілігі өте жоғары топқа жатады. Сондықтан оларға көмек көрсетуді психолог өзінің күнделікті міндеті деп түсінуі қажет.

Оқушылардың психологиялық педагогикалық статусын зерттеу барысында көптеген психодиагностикалық әдістемелер қолданылады. Оларды зерттелінетін балалардың жас кезендеріне байланысты ретке келтіріп жинақтау қажет. Көмшіекстік зерттеу' барысында кіші мектеп балаларын психолог өзіне үйретіп алу үшін әңгімелесу, суреттер, ойыншықтар қолданылатын әдістсмелер бірінші ретте қолданылады. Ал орта және жоғары сынып оқушыларын зерттеуді таным процестерін бағалаудан бастаған дұрыс сияқты.

Сондықтан психодиагностикалық әдістемелерді осы ретпен беріп отырмыз.

СӨЖ тақырыптары

  1. Тәжірибелік психология пәні.

  2. Тәжірибелік психологияның қалыптасу тарихы.

  3. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсаты мен міндеттері.

  4. Мекгеп психологиялық қызметінің мазмүны.

  5. Психодиагностикалық жүмыстың ерекшеліктері.

  6. Балалар психологиялық дамуындағы ауытқулардың аддын алу.

  7. Психологиялық түзету-дамытуды жүргізу ерекшеліктері.

  8. Ата-аналарға психологиялық қызмет керсету.

  9. Педагогикалық үжымға психологиялық қызмет корсету.

  1. Психологиялық қызмет жұмысын насихаттау.

  2. Психологиялық кеңес беру.

  3. Психолог міндеттері мен құқығы.

  4. Оқушының психологиялық-педагогикалық статусы.

  5. Балалардың психологиялық дамуына жетекшілік жасау.

2-тарау. ПСИХОЛОГТЫҢ МЕКТЕП АЛДЫ ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗЕТШ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Мектеп психологының мектепалды жасындағы балаларды зерттеу міндеттері. Балалардың мектепте оқытуғеа даярлығын анықтау. Балалардың таным процестерін зерттеу тестері Жеке тулгалық қасиеттерді багалац әдістемелері.

2.1. Мектеп алды тобындағы балаларды зерттеу міндеттері

Баланың мектепке баруымен байланысты оның өмірінің мүлдем жаңа кезеңі басталады. Мектеп балаға едәуір қиындығы бар міндеттер артады. Кішкентай мектеп оқушысы барлық сабақтарда берілген тапсырмаларды жүйелі орындауға, сол сәтте, қаласа да, қаламаса да, өзін мектеп ережелеріне сәйкес ұстауға міндетті болып саналады. Осы міндеттердің барлыгын толық орындау балаға оңай емес.

Мектеп психологы балармен жүргізетін психологиялық қызмет көрсету жүмысын мектеп алды тобына қабылдау кезеңнен бастайды. 5-6 жастағы бала мектепке келер алдында оқуға, мектеп режимі бойынша жүмыс жасауға, бағдарламаны меңгеруге, сөзбен түсіндірген тапсырмаларды орындауға және мектепішілік карым-қатьнас жасауға дайын болуга тиісті. Тек сонда ғана мектепке келген бала бағдарлама үсынып отырған білім мсн іскерлікті меңгеруге шамасы келеді. Мектеп психологы бала-бакшадағы әріптестерімен бірге осы мәселені зерітеуі оның мектепке даярлық тобындағылармен жүргізетін жүмысының ең басты міндеті болып табьшады. Сонымен катар баланың нәзік қимьиі эрекеттерінің үйлесімділігін, таным процестерінің даму деңгейін нақты бағалау мақсатыньщ орны ерекше.

Баланың мектепте оқуға даярлығын анықтайтын әдістер немесе психологиялық ортақ пікірлер осы уақытқа дейін қалыптаспаған. Дегенмен көптеген зерттеуціілер баланың таным процестерін, нәзік қимыл әрекеттерін, қарым-қатынас мәдениеттерін зерттеу өдістемелерін жасап шағарған. Осы еңбектерге сүйене отырып әр психолог мектеп алды деп аталатын даярлық тобындаға балалардың оқуға, мектеп талаптарын орындауға икемделгендігін аныктауы қажет. Баланың мектепке даярлық деңгейін сипаттайтын ерекшеліктерді аиыктау әдістемелері үш топка жинақталып берілген.

Қазіргі кезде балалардың мсктепке даярлығын аныктау үшін арнайы жасалған диагностикалық әдістер қолданылады. Олар Йирасек-Керн, А.Л.Венгер, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин т.б. ғалымдар жасаған тестер. Олардың бірнешеуін төменде келтіреміз.

2.2. Мектеп алды тобыидағылардың мектепте оқытуға даярлығын анықтау (1-сыныпқа қабылданғандарды зерттеу)

Йирасек-Керн тесті.

(бірнеше әдістемелер жииағы больш қалыптасқан) Мақсаты: баланың майда нәзік қимыл әрекеттерінің қалыптасқанын және үйлесімділігін анықтау.

Бұл әдістемені әр баламен жеке дара немесе топпен жүргізуге болады. Тест үш тапсырмадан түрады: ойга сүйене отырып ер адамның суретін салып, дене бітімін бейнелеу; жазба әріптерін үлгіден көшіріп салу; нүктелер тобын көшіріп салу. Бүл тестіц тиімді жағы — балалардың мектепте оқуға дайындығын анықтауға жалпы бағадар беретіндігінде. Сонымеи қатар, окуға аса қажетті саусақтардың нәзік қимылының үйлесімділігін, зейінді бағытты ұстауыи және үлкендердің түсіндіргені бойынша баланың өз әрекеттерін ұйымдастыра алатындыгы анықталынады.

1 – ші тапсырма. "Ер адамның суретін салу" әдістемесі.

Орындау ережесі: "Сендер күп-щелікті көптсген ер адамдарды көріп жүрсіндер. Солардың сырт пішінін еске түсіріңдерші. Енді ер адамның суретін салындар".

Ер адамның суретін салғанда балалар осы кейіпкерді ойьша түсіріп сол қиялын бейнелеу бойынша салады.

Бағалау шкаласы.

Суретте адамның басы, мойны, денесі, аяқ-қолы салынған, басы мен денесінің пропорциясы сақталған, шашы, бет мүшелері толық көрсетілген, үстіне ер адамның киімі кигізілген болса, фигура біртұтас болып салынса — 1 балл деп бағаланады.

Басы, бет мүшелсрі, денесі, аяқ қолы салынған, бірақ шашы, мойны, қолының бір саусағы жетіспесе 2 балл.

Басы, денесі, аяқ-қолы салынған, ал шашы, мойны, құлағы, киімі, саусақтары салынбаған болса — 3 балл.

Өте қарапайым, дене мен басты жобалаған сурет — 4 балл.

Денені анық көрсетпеген, бас пен қолдың беліісі бар суретке — 5 балл.

2-ші тапсырма. "Әріптерді көшіріп салу" әдістемесі.

Тапсырманьщ үлгісі салынған парак, балаларға таратып беріледі. Оның бетінде алты әріптен түратын сөз жазылған. Балаға тапсырманы орындау тәртібі түсіндіріледі: "Мына парақта әріптер жазылған, оны дәл осындай етіп көшіріп сал. Әріптерді толық салып болғанша қаламды парақтың бетінен алма".

Бағалау шкаласы.

Көшіріп салынған әріптер үлгіге өте ұқсас, оріптердің үлкендігі үлгіден екі еседен аспайды, бірінші өріп басқалардан үлкенірек болып салынған (бас әріптің белгісі тәрізді) және олар горизонталды сызық бойымен жазылғанға жақын болып түссе бүл жүмысқа — 1 балл қойылады.

Үлгі анық көшірілген, оріптер размері жөне горизонталдық орналасуы нашар — 2 балл.

Көшіру барысында сөзді үш-төртке бөліп жазған, төрт әріпке дейін түсінуге болады — 3 балл.

Үлгіге ең болмаса екі әріп ұқсаған, көшірме бір қатарға түсірілген деп айтуға болады — 4 балл.

Шимайлар — 5 балл.

3-ші тапсырма. "Бір топ иуктелерді көшіріп салу" әдістемесі.

Балаға бір топ нүктелер (саны 20 дан аспауы керск) геометриялық фигураның пішініне үқсатып салынған парақ беріліп, тапсырманы орындау шарты түсіндіріледі: "Мына параққа қара. Оның бетінде нүктелер салынған. Осьищай суретті дәл қасына көшіріп сал".

Үлгіні дәл қайталағаң, сурет кішірейтілғен болуы мүмкін, бір нүкте қатардан кішкене шетке шыққан - 1 балл.

Нүктелер саны мен орналасуы үлгіге сай, екі-үш нүкте қатардан шығып кеткен - 2 балл.

Контуры үлгіге ұқсас, бойы мен кендігі үлгіден екі есеге дейін үлкен, кеңістукте 180 градусқа дейін бұрылған - 3 балл.

Контуры үлгіге ұқсамаған бірақ фигура нүктелерден тұрады - 4 балл .

Шимайлар — 5 балл.

Барлық тапсырмалар орындалғаннан соң психолоғ парақтарды жинап :алып оны бағалапшығады. Әр баланың үш тапсырмадан жинаған баллдарын бір-біріне қосып, жалны суммасы шығарылады. Нәтижесіне қарай балалардьщ мектепке даярлығы өте төмен, төмен, орта, жаксы, жоғары деп бағаланады. Бүл тапсырмаларды орындау барысында балалардың нәзік қимыл өрекеттерінің үйлесімділігі, үлгі бойынша тапсырманы орыіідай алатындыгы, психикалық орекеттерінің ырықтылығы сипатталады.

2.3. Баланың оқу әрекеттерін зерттеу Мектепке баратын баланың ақыл-ойының оралымдылығын, логикалық ойлауының көрініс бергенін, математикалық ұғымдардан хабардарлығын, кеңістікті бағдарлауын, зсйіні, қабыпдау, есте сақтау процесін анықтау үшін қолданылатын тестер алуан түрде жасалған. Оларды орындату барысында баланың таным процестерін бағалаумсн қатар сол зерттелінген қасиеттер дамытылады. Сондықтан, тапсырманы орындауға қиналған балаларга ең бірінші оның фрагменттерін орындату арқылы, біртіндеп, қажетті дағдыны қалыптастырып алу керек. Бала жаттығудьг орындауға икемделгеннен соң оны басынан аяғына дейін толық орындатуға болады.

2.3.1. Д.Б.Эльконинің "Графикалык диктант" әдістемесі

Мақсаты: Әдістемені қолдану арқылы бала үлксндердін айтқанын зейін салып тындауы, сөзбсн түсіндірген тапсырмаларды дәл орындай алатындығы, қағаз бетіне сызықтарды айтылған бағытта түсіретіндігі, тапсырманы өз бетімен орындауға мүмкіндігі анықталады.

Тапсырманы орындату үшін әр балаға тор коз дәпетердің бір парағына торт нүкте түсіріліп беріледі. Психолог баларға тапсырманы орындау ретін түсіндірсді: "Біз қазір осы параққа әр түрлі ою-өрнек саламыз. Оларды қолдарыңнан келгенше әдемі етіп салуға тырысындар. Ою-өрнек жақсы шығуы үшін менің айтқан сөдерімді жақсылап тындандар. Мен ссндерге нешс клетка бойыменен қалай қарай сызық жүргізу керек екенін айтып отырамын. Тек мен айтқан сызықтарды ғана жүргізіндср. Әр сызықты аяқтағаннан соң қаламды қағаздан алмастан келесі жолды сол жерден бастайсындар.

Енді қаламды оң қолдарыңа алыңдар. Он қолдарынды көтеріңдерші. Мен, сызықты оңға қарай жүргізіңдер, дегенде оны мына қабырғаға қарай жүргізесіңдер (оң жақтағы қабырға көрсетіледі, немесе он жақта орналасқан зат айтылады және тақтада оң жаққа қарай сызық салынып көрсетіледі) Мен бір клетка бойымен оңға қарай сызық түсірдім. Енді борды тақтадан алмай екі клетка бойымен жоғары қарай сызық сызамын. Ою-өрнек түсіру үшін сызықты енді солға қарай бүрын түсірсмін. Сол қолдарынды котеріндерші. Сызықты терезеге қарай түсірсек ол солға болады (сол жақта ориаласқан зат аталады).

Борды тақтадан алмай осы бағытта үш клетка бойымен сызық түсіремін. Бүл орнекті қалай салу керек екенін барлығың түсіндіндер ме?" — деген сүрақтан кейін балаларға бірінші орнекті салғызу керск.

"Осы орнекті оздерің салындар. Қаламды ең жоғарғы клеткаға койндар. Енді менің түсіндіруім бойынша ою-өрнекті асықпай салындар". Психолог балалардың әрекеті қандай болатынын олардың жүмыс темпіне қарай айтып отырады. Балалардьщ барлығы әр сызықты толық аяқтауына мүмкіндік жасау кажет. Сондықтан орындау уақыты шектелмейді.

Психолог, өзінің айтуы бойынша жасалған өрнекті тексеріп болғаннан соң, зерттелінушілерге бір-екі минут ішінде оюды өзінідігімен жалғастырып салуына мүмкіндік береді. Тапсырманы орындау барысында балалардың жұмысын мақтап, сызықтары кисық шыққандарға: "қолың біраз жаттыкқаннан соң жаксы салатын боласын", деп оларға үлкен үмітпен қарайтынын білдріп отырады, бірақ ешқандай қосымша түсіндірудің кажеті жоқ.

Бірінші жаттығуды орындап болғаннан соң оны жалғастырудын қажеті жоқ екені түсіндіріліп, келесі ою-өрнекті салу үшін қаламды қай клеткаға кою керек, одаң сызықтарды қалай қарап түсіру рсті бүрынғы үлгі бойынша жүргізіледі. Әр тапсырманы орындауға 1.5 2 минут уакыт беріледі. Барлыгы торт тапсырма орындалады.

Нәтижесін бағалау.

Бірінші жаттығу бағаланбайды. Келесі жаттығуларды бағалағанда тапсырманың психологтың айтуы бойынша орындалған болігі меп балалардың өз бетімен орындаған өрнек гсрі бөлек бағаланады.

Бағалау шкаласы:

— ою-өрнек дәл орындалса — 4 балл (қолы дірілдегені, жұмыс лас орындалғаны қате деп есептелмейді);

бір сызык дүрыс жүргізілмесе — 3 балл;

бірнеше қате жіберілсе — 2 балл;

кейбір элементтері ғана нұсқауға сай келсе - 1 балл;

ешқандай үқсастық болмаса — 0 балл;

бала жұмысты өзбетімен жалғастырса оның салған өрнектері

осы шкала бойынша бағаланып онда жинаған ұпайлар жалпы

баллға қосылады.

Баланың әр тапсырманы психолог сөзі бойынша және өз бетімен орыпдағандарының баллдарын қосу арқылы корытынды бағасы шыгарылады. Жалпы бал 0 (сң төменгі көрсеткіш) ден 16-ға (ең жоғарғы көрсеткіш) дейін болады. Жоғарғы көрсеткіштер баланың сөзбен түсіндірген тапсырманы орындай алатыңдығын жөііс майда қимыл әрскёттерінің жетілгенін корсетеді.

2.3.2. А.Л.Венгердіц "Үлгі мен ереже" әдістемесі

Мақсаты: баланың сөзбен айтылған срежеге, үлкендер қойгап талапқа түсінуін; тапсырманы дүрыс орындауын және бейнелі ойлау қабілетінің даму деңгейін бағалау.

Тапсырманы орындату үшін алдын ала оны орындауға арналған белгілер түсірілген парақтар даярланады. Парақтың артқы бетіне баланың аты-жөні, жасы жазылады.

Баларға тапсырма беруден алдын оларға орындау тәртібі түсіндіріледі. Психолог қолына үлгі парақты алып оның бетіне салынған бұрышты иректі балаларға көрсетіп тұрып тапсырманы орындау ережесін түсіндіреді: "Сендердің қолдарында дәл осындай парақ бар. Парақ бстінде бірнеше белгілер салынған еді. Оларды бір-бірімен қосқаннан соң мына сурет шықты (қаламмен үшбүрыштың бүрыштары корсетіледі жәнс оларды бір-бірімен қосып тұрған қабырғалардың ұзына бойы көрсетіледі) Осы парақтың бетінде тағы бірнеше белгілер бар. Өздерің оларды бір-бірімен қосып, дәл осындай сурет салып шығарыңдар (үлгі және бір рет керсетіледі) Бұл жерде артық белгілер бар, оларды сызыкпен қоспай, тастап кетіңдер. Енді парақтағы белгілерге жақсылап қарап алыңдар. Олардың барлығы бірдей ме?"

Тапсырманы балалар жақсылап қарап шығып, белгілер әртүрлі екенін айтқаннан сон,, психолог түсіндіруін жалғастырады: "Дүрыс, олар шеңбер, қиықша және шаршы болып келеді. Енді мына ережені есте сақтандар: екі бірдей белгілер арасына сызық жургізуге болмайды (екі шеңбер, екі шаршы, екі қиықшаларды бір-бірімен қосуға болмайды) Қазір үлгі бойынша парақ бетіндегі белгілер арасын сызықпен қосып мына фигураны шығарыңдар (үлгі көрсетіледі) Егср қате сызсандар оны маған айтындар, мен ол сызықты өшіріп беремін. Бір фигураны салып болғаннан соң айтылған ережс бойынша келесі суретті салыңдар (ереже кайталанады)".

Тапсырма түсіндірілгеннен соң балалар оны орындауға кіріседі. Жұмыс барысында психолог балардың тапсырманы орындауға ынтасын кәтеріп, дүрыс жасағандарды мақтап, қажеттілік туғанда ережені қайталап. отырады. Бірақ ешқандай қосымша нұсқаулар берілмейді. Барлығы алты тапсырма орындалады.

Осы сияқты тапсырма 6 рет түсірілген парақты әр зерттелінушіге берілетіндей етіп алдын ала даярлап қою керек. Балалардың жүмысын үйымдастырғанда олардың орқайсысына барлық тапсырмалардын шаблоны бар парақтар беріледі.

Бағалау шкаласы:

Алты тапсырманың әрқайсысы 0 ден 2 баллға дейін бағаланады.

Тапсырдманы орындау ережесі бүзылған және үлгі дұрыс көшірілмеген болса — 0 балл.

Ереже бұзылған, үлгі дөл қайталанған — 1 балл.

Ереже бұзылмаған, үлгі дүрыс көшірілмеген — 1 балл.

Ереже бұзылмаған, үлгі дүрыс көшірілгеп — 2 балл.

Барлық алты тапсырманы орындаған балалардың жинаған баллдары 0 ден 12 ге дейін болады.

Зерттеу барысында балалардың сенсо-моторлық қабілеті, нақты көрсетілген үлгіні қабылдауы, сөзбен айтылтан ереженің мағнасына түсінуі бағаланады. Нәтижесінде баланың психологиялық дамуының көрсеткіштеріне байланысты оны "мектепке дейінгі" немесе "мектептік" типтердің қайсысына жататыны анықталады.

Бала тек үлгіні көшіругс ғана барлық ынтасын жұмылдырып, ережеге онша көңіл аудармаса, ол «мектепке дейінгі типтің белгісі.

Тапсырманы орындауда баланың ережені бүзбауға оте көп коңіл белгсндігі "мектептік" типтің көрсеткіші жәнс оның мектепте окуға даярлығы жақсы екендігінің белгісі болып табылады.

Егер "мектептік» типтегі бала тапсырмаларды орындағанда үлгіде берілген формаларды қайталауға, өзі салған сурстті үлгі пішініне келтіруге қиналса, оны қосымша жаттығулар көмегімен түзету-дамытудан өткізу қажет.

2.3.3. "Корректура жасап көру" әдістемесі

Мақсаты: бала өз әрекетін үйымдастырғанда мақсат қоя білуін анықтау.

Балаға таныс геометриялық фигуралар салынған парақ беріледі. Ол өр түрлі фигуралардың ішіне шартты белгілср салуы керек. Мысалы:

Осы үлгі бір рет көрсетілгеннен кейін балаға бос фиіуралардың ішіне белгілер салынатыны түсіндіріледі. Ол белгілір ирек, қосу немесе теңдік белгісі т.б. болуы мүмкін. Үлгі қайта корсетілмейді. Тапсырманы орындап болғаннан соң бала озінің орындаган тапсырмасына мүқият қарап, қатесі болса, окы қызыл қаламмен түзетеді. Қатесі жоқ болса немесе жіберілген қатені баланың озі жөндссе оның оз алдында түрган мақсатты дүрыс түсінгснінің белгісі.

Психолог осы үлгі бойынша бірнеше тапсырмалар жасап аласа, оларды ксзегімен қолдануға болады. Орындау уақыты 5 минут.