Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Момбиева Рогов - том.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12.96 Mб
Скачать

5.1. Жас оспірімдерге психологиялык қызмет көрсету міндеттері

Жас өсшрімдік шақ баланың жыныстық толысуынан басталып, ерессктік орын алғанға дейін созылатын, көптеген физиологиялық және өлеумеітік жағдайларға байланысты шсктері анықталатын жас кезеңі.

Бұл кезең 15-18 жас аралығында өтеді жэне көптеген өзіне төн ерекшеліктермсн сипатталады.

Жыныстық даму жонінен жігіттер мен қыздардың көбі бүл жаста пубертаттық кезеңде болады. Осы физиологиялық процсскс байланысты үл-қыздардың бір-біріне көз салып, жыныстық қызығушылығы орыи ала бастайды. Жас өспірімдік кезен бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Балалар материалдық жағынан өлі ата-аналар қарауында. Мектеігге оған, екінің бірінде, сен ересексің, үлкенсің десс, екінші жағынан, одан үнемі үлкендердің айтқанын сынамастан орындауды талап етеді. Бүл жағдай мектептен басқа жердеде анық байқалады. Сонымен катар, жогары сынып оқушылары болашақта некелесуге. өз отбасын қүруға өзірлену кезеңінде. Сондықтан, психолог алдында түрған үлкен міндеттердің бірі — жыныстык төрбие, болашақ отбасы өміріне даярлау, қарым-қаты.нас мәдеииетін торбиелеу болап Табылады.

Жас оспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері — мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану жэне болашақ мамандық алатын оқу орнын анықтау. Бүл міндсттерді жүзеге асыру баладан үзақ уақыт мақсатты даярлықты талап стсе, үлкендер жағынан баланың мүқтаждығын жақсы түсініп оған ксңес беріп, кол үшын беруді қажет етеді. Мамандық тандау баланың жалпы дүииетанымдық ізденістері мен омірлік жоспарларыңда ррнығып, нақтылаиады.

Жас өспірім ссейген сайын тандау қажеттігі күшейе түседі. Ойдағы, қиялдағы немссе абстрактілік көптеген мүмкіндіктердің ішінен неғүрлым шындыққа жақынын, қабылдауға келетін варианттарды тандау керек болады. Сондықтан мамандыққа баулу, баланың мамандык тандау мотивациясын, казагушылығын, ден саулығын және анатомо-физиологиялык мүмкіншілігін зерттеп кәсіби бағдар беру - психолог алдында тұрған екінші-міндет болады.

Жас өспірімдік жас кезеңінде адам озінің қандай екенін, қаншалық қүнды, қабілетті екенін барынша толығырақ түсініп білгісі келеді. Өзін-озі бағалаудың екі тәсілі бар. Оның біріншісі -өз талаптарының деңгейін жеткен нөтижелермен салыстырып бағалау, ал екіншісі — әлеуметтік жарыс, өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру. Осы төсілдер арқылы қурылған баланың өз "менінің" бейнелері күрделі өрі бір мәндес болмайтыны белгілі.

Мүнда нақты "мен" (қазір қандаймын), динамикалық "мен" (қандай болғым келеді), мүраттық "мен" (өзімніц адамгершілік үстанымдарыма байланысты сондай болуға тиістімін), қиялдағы "мен" (қолымнаи бөрі келетін болса, соццай болар едім!) т.с.с. көз алдына елестететін "мен" бейнелері бар. Өзін-өзі талдау нөтижссінде балалар өзін объективті, томен немесе асыра бағалауы мүмкін. Балалар психолог көмегімен "Мең" коріністсрін анықтауға, оны зерттеуге мүмкіндіктері болуы керек. Сондықтан әр баланы өзін-өзі танып білуге үйрету психологиялық қызметтің келесі міндеті.

Осы шақта эгоцентризм, невротизм белгілері болуы өбден мүмкін. Сонымен қатар жас өспірімдік рефлексияның теренділігі мен қанықтылығына байланысты коптеген әлеуметтік (әлсуметтік тегімен ортасы, білім деңгейі), жеке типологиялық (интроверсия-экстроверсияның дәрежесі) және омірбаяндық (отбасында тәрбиелену жагдайлары, қүрдастарымен қарым-қатынасы, оқыған кітаптары меи көрген кинофильмдерінің сипаты) факторларға байланысты. Психолог осы шақтағы баланың ерекшеліктерін анықтап, әрқайсысына қажетті көмек көрсетуі керек. Бүл жас өспірімдерге лсихологиялық қызмет көрсетудің келесі міндеті.

Жас оспірімдік шақта достыкты қажетсіну күрт өседі жөне бүл сезім өте түрақты да терең бола бастайды. Достық туралы жас өспірімдік үғым мен оның нақты дәрежесі өр балада ер түрлі болады. Қыз балаларда олардың ертерек толысатын-дығымен байланысты интимдік достықты қажетсіну ер балалардан ерте басталады. Егер жастары бір шамалас ер балалар мен қыз балалардың достық мүраттарын салыстырса, қыз балалар ер балаларга қарағанда достыққа неғүрлым жоғары талаптар қоятындығы көрінеді. Есейген сайын бүл айырмашылықтар жоғалады.

Достыққа деген көзқарастың жекелей айырмашылықтары да өте үлкен. Біреулер жүп достықты ғана мойындап, нағыз дос біреу ғана болу керек деп санайды. Ал екіншілерінде екі, үш және одан да коп достар болады. Тіптен барлық таныстарымен достасатындар да кездеседі. Бүл мәселе тәлім-тәрбие барысында көңіл аударатын проблемаларының бірі болғандықтан психологиялық қызмет корсету барысында оны талдап, шын достьгқтың мөн-мағнасын балаларға корсету психолог міндеттерінің бірі болып саналады.

Жас өспірімдердің біреулсрі оңашалықты үнатса, екіншілері жалгыздықтаи үрейлене қорқады, аз уақытқа да жалғыз қала алмайды. Кейде мазасыздану, фобия белгілері де орын алуы мүмкін. Психолог осы шақтағы балаиың психологиялық дамуындағы ерекшеліктерін анықтап, оның нормадан ауытқуларына ерекше кеңіл боліп, өрқайсысына жеке-дара қажетті комек көрсетуі керек. Бүл жас өспірімдерге психологиялық қызмет көрсетудің келесі міндеті.

Адамның күрделі интеллектілік оперецилларды меңгеруі және үғымдық ашіаратының баюы, теориялық интеллектінің қалыптасуы және көрініс беруі жас оспірімдік кезенде жетшеді. Әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүддедердің бағытталуьшьщ барған сайын саралана түсумен қосылып, мүның озі жастардың ақыл-ой қызметінің қүрылымын кіші жастардагыға Караганда күрделі де дара сипат береді.

Қазіргі кезде жаңа тестік жүйені қолдану арқылы жоғары сынып оқушыларын мамандық тавдауга даярлануы қажеттілігін ескере отырып, олардың шығармашылық қабілетін, білім меңгерудегі дербестік дәрежссін арттыруға аса маңыз беру қажет болып отыр. Арнайы қабілеттердең қалыптасуы оқытудың сииаты мен қатар исихологиялық түзету-дамыту жүмыстарымеи де тығыз байланысты. Сондыктан психологтің келесі міндеті — жоғары сынып оқушыларының интеллектуалдық дамуына ықпал жасау.

Осы аталған, тағыда баланың жас ерекшеліктеріне, омір талабына байланысты туып отырған міндеттерді басшылыққа ала отырып, өр психолог жас оспірімдермен жүргізетін қызметінің мазмүныи анықтайды.