Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Момбиева Рогов - том.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12.96 Mб
Скачать

Рогов Е.И.

Тәжірибелік психология

оқулық

І

ББК 88 73 я7

Р 83

РОГОВ Е. И. ТӘЖІРИБЕЛІК ПСИХОЛОГИЯ.

Білім беру жүйссіндегі психологиялық қызметтің мазмұны мен әдістемесі, психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу технологиясы мен әдістемесі. Психодиагностика әэпе психокоррекция. (студенттерге, окытушыларға, психологтарға арналған оқулық). - Алматы, 2011 ж. 622 - бет.

ISBN 9965-667-94-2

Оқулықта тәжірибелік психологияның жалпы мәселелері, мазмулы, окушылардын жас ерекшеліктеріне байланысты онын жеке түлғалық қасиеттері мен процестерін зерттеу әдістері, психологиялык кызмст корсету барысында психологиялык кеңес беру және психологиялык коррекциянын міндеттері, үстанымдары, бүл қызметке койылатын галаптар, кснес беруді үйымдастыру жоне жүргізу реті, психологиялык коррекция түрлері, коррекцияға негіз болатын диаі ностикалык әдістер жәие ойын коррекцияларын жүргізуде пайдаланылатын тәсілдер, психодиагностика туралы түсінік, психодиапюстикалык әдістер, оларды пайдалаігу реті мен топтастыру ерекшеліктері берілгеп. Ецбек психолог маманларды даярлауда "Тожірибелік психология" пәнін окытуда пайдаланып жүргеп багдарламаға және психолог кызметін аткаратын мамандардыц кәсіби жұмысының мазмүнына сойкестендіріліп жазылған.

ББК 88 73 я7

ISBN 9965-667-94-2

О РОГОВ Е. И., 2011 ж.

АЛҒЫ СӨЗ

Мамандықтар өлемінде психолог жүмысын ең қиыы қызметтердің біріне жатқызады. Бұл мамандықты таңдаи алғандардың барлыгы оның қыр-сырын түгел меңгеріп, шеберлікке жете бермейді. Психолог мамандарын даярлау және өмір тәжірибеде кеңінен орын алып келе жатқан психологиялық қызметті оңтайландыру проблемасы психологияның теориясын және қолданбалы жағын зерттеушілсрді толғандыруда. Бүл проблема өзін жан-жақты зерттеуді талап етеді. Оны шешудің бір вариантын осы кітагггың авторы жасап шығарған.

Ұсынылып отырған оқулық авторы жазып жатқан "Қолданбалы психология" деп аталатын, авторлық бағдарлама бойынша көптеген жылдар бойы "Педагогика психология" (0314) мамандығы бойынша студенттерді оқыту барысында қолданылып жүрген интегративтік курс. Кітаптың авторы осы бағдарлама бойынша бірнеше жыл бойы психолог мамандарын даярлау барысында, біршама материалдырын М.Әуезов атындагы ОҚМУ-да және Обылстық Педагог кадрларының білімін жетілдіру және қайга даярлау инстатутында психологтардың біліктілігін арттыруга қолдану арқылы біздің мектептерге бейімдеп шыгарган.

Бүл кітапта мектеп психологы кәсіби қызметінің мазмүныи анықтауға негіз болатын үлгі үсынылып, окутігьіларга психологиялық кызмет көрсетуде колданылатын әдіс-тәсілдер балалардың жас кезеңдерініц ретімен жүйелі түрде корсстілген. Оқулықта оқушылардың таным процестерін, жекелік касиеттерін, күй-жагдайын багалау және тузету-дамыту жүмыстарын жүргізу тсориясы мен психодиагностикалық әдістемелері жинақталған. Сондықтан, бұл оқулықты мектеп психологиялық кызметін ұйымдастыруга жоне психолог мамандарын даярлауға негіз болатын жоба ретінде ұсынамыз.

Оқулық кіріспс, 7 тарау, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Барлық психодиагностикалық әдістемелер қолдану ережесімсн, нәтижесін бағалау өлшемдерімен, графиктер, кестелер тагы басқа қажетті үлгілермен қамтамасыз етілген.

Оқулық студенттерге, жоғары оқу орнының оқытушыларына. психолог мамандарына және оқу орындарының басшыларына арналған.

А.Г.Маджуга

- психология гылымдарының докпюры, доцент

КІРІСПЕ

Білім беру жүйесінде психологиялық кызмет корсетуді ұйыщастыруға соңгы кезде үлкен назар аударылуда. Мектептерде жөнс мектецтен тыс оқу-тәрбие мекемелеріндс тәжірибелік псйхолог қызметі ашылып, жоғары оқу орындары психолог мамаңдарын даярлап жатыр. Психолог мектепке әте қажетті маман екендігіис қазіргі кезде ешкім күмөнданбайды.

Мектептегі оқушылардың әрқайсысының жекелік психологиялық қаситеттері, таным процестері, күй-жағдайлары тек өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Осы ерекшеліктерді оқу-тәрбие процесінде толық ескеру мұғалімге оте.қиын. Сондықтаи да білім беру жүйісінде психологиялық қызметті уйымдастыру күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі болып отыр.

Мектеп психологы мамандық қызметін атқару барысыыда оқушыларға, олардың ата-аналарына, педагогтарға көптеген мәселерді тиімді шешуге психологиялық жағынан көмек көрсетеді. Балардыц мектептс оқытуға даярлығын анықтаудан бастап, мектепке қабылдау, бастауыш сыныптарда жетелеу, орта және жоғары сынып оқушылары мектеп бітіргеннен соң өмір жолын тауып алу проблемаларын шешуге бірінші кеңесші және көмекші болатын адам – мектеп психологі. Ол оқушылардың жекелік қасиеттерін диагностикалап, зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, олардың күнделікті дамуына ықпал жасайтын іс-шаралар жүргізеді.

Сонымен қатар дамуында иормадан ауытқуы бар балалармен жеке- дара, қажеттілік туғанда — топпенен, түзету жене дамыту жұмыстарын ұйымдастырады. Ерекше қиын жағдайларда баланы басқа мамандарға көрсетіп, оның психологиялық дағдарысын оңтайландыру жолдарын анықтауға ат салысады.

Жаңадан қалыптасып келе жатқан психологиялық қызметтің жұмыс мазмұнын анықтау, психодиагностикалық әдіс-тәсілдерді жинақтап алу, әр буында оқитын балаларға тиімді қызмет көрсету жолдарын табу психологтарга қиын болып отыр. Өйткені, қазақ тілінде жазылған, психолог мамандарын даярлауға және жұмыс орнында психологиялық қызметті ұйымдастыруға негіз болатын оқу-әдістемелік құралдар өте тапшы. Осы қажеттілікті ескере отырып мектептегі, әлеуметтік ортадағы және басқа оқу-тәрбие мекемелеріндегі психологиялық қызметтің мазмұны мен әдістемелерін анықтауға кірістік.

Ұсынылып отырған "Тәжірибелік психология"деп аталатын оқулықтың авторы бүл еңбегін мектеп психологиялық қызметінің мазмүны мен өдістемелерін анықтауга арнаған. Кітап жеті тараудан тұрады. Оларда тәжірібелік психологияның зерттейтін пәнінен бастап мектеп психологінің мектеп алды тобында жүргізетін жұмыстары, барлық жас кезеңіндегі оқушыларға психологиялық қызмет көрсету мазмұнының жобасы және психолог жұмысын жоспарлау үлгілері көрсетілген. Сонымен қатар, балардың жас ерекшеліктеріне байланысты олардың таным процестерін зерттеп, дамтытуға арналған және жекелік қаситеттерін өлшеуге қолданылатын психодиагностикалық әдістемелер жүйеге келтіріліп берілген.

Жинақталған әдістемелер бірнеше жыл бойы озіміздің университетте және студенттердің мамандық іс-тәжірибеде болған мектептсрдс қоладнылып, біздің орта ерекшеліктеріне байланысты өзгертіліп, бейімделінген.

1-тарау. білім беру жүйесінде психологиялық қызмет көрсету

Тәжірибелік психологияның пәні. Тәжірибелік психология салалары. Тәжірибелік психолологияның даму тарихы.

1.1. Тәжірибелік психология пәні

Тәжірибелік психология ~ психикалық қасиеттердің корініс беруін, даму ерекшеліктерінің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеп, дамуъшда ауытқуы бар қасиеттерді өидеу жолдарын анықтайтын психологиялық гылымдардың бір саласы.

Психологиялык, қасиетгсрді зерттеу өте күрделі процесс. Оның барысында көптеген психодиагностикалық әдіс-тәсілдер қолданылып, әр адамның психикалық қасиеттерін, күй-жағдайларын, таным процестерін зерттеп, олардың даму деңгейін бағалауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге психикалық касиеттердің нормадан ауытқуларының алдын алу, коррекциялау, кеңес беру т.б. жәрдемді уйымдастыру да осы ғылым саласының міндеттеріне енеді. Тәжірибелік психологияның кызмет аясы өте кең және әртүрлі болуымен байланысты оның жекелегсн салалары пайда болды. Оларға қыскаша токтап өтейік.

Инженерлік психология қазіргі кезде тәжірибелік психологияның сң үлкен салаларының бірі болып отыр. Оның зерттейтін мәселелері ғылым меи техниканың дамуына жоне техниканы адам өмірінің барлық салаларында кеңінен қолдануымен байланысты туып отыр. Техникалық құрал жабдык.тармен жумыс жасау адам мен машина арасыидағы қатыпас ерекшеліктерін анықтау және адам ағзасына техниканың тигізетін әсерін бағалауды талап етеді. Сондықтан инженерлік психологияның нсгізгі мақсаты - адам еңбегіне және денінің саулышна техникалық жабдықтар конструкциясының тигізетін өсерін анықтау, оның икемді болу жолдарын табуға әз үлесін қосу. Қызмет атқару орынның түр-түсі, техникалық қүралдардыц дизайны адамның психикалық жағдайына үлкен әсерін тігізетіні дөлслденген.

Осы ғылыми қағидаларға сүйене отырып көптеген жұмыс орнын жабдықтау стандарттары анықталған. Қазіргі кезде кеңінен қолдяпылатын автоматтандырылган басқару жүйесі оператордың сезім мүшелері қызметіне ерекше талаптар қояды. Мысалы, панелде орналасқан өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін толық қамту үшін оператор козінің маршрутын анықтап, барлық жабдықтарды соған сай ориаластыру қажет.

Сонымен қатар адамның мағлұматтарды қабылдап, оларды жүйелі түрде талдау, мән-мағынасына түсініп жауап қайтару инженерлік-техникалық кадрлердің сенсорикасының ерекшеліктерімен байланысты. Техникалық құрал-жабдықтар қимыл әрекеттің және жауап реакцияның жылдамдыгын талап етеді. Ұзақ уақыт ішінде өлшеу аппараттары көрсеткіштеріне қадалып отыру оператордың қызметінің сапасына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Мамандық аурулардың алдын алу проблемасы, техника мен адам арасындагы қатынасты оңтайландыру және сол-сияқты көптеген курделі мәселелер өзін зерттеуді және мүмкіндігінше тезірек шешуді қажет етіп отыр. Сондықтан инженелік психология өте тез дамып келе жатқан сала.

Әлеуметтік ортада психологиялық қызмет көрсетудің өзін бірнеше салаға бөліп көрсетуге болады. Қазіргі кезде сұранысқа ие болып отырган отбасына психологиялық қызмет корсетудің мән-мағынасы оте терең. Отбасындағы тәлім-тәрбиені ұйымдастыру жолдарын ата-анага үйрету, "қиын" және "қиналып" жүрген ата-аналар мен балаларға токыраудан шығу жолдарын көрсету, нашақор, ішкілі, дромомания тагы басқа нормадан ауыткуы" барларға түзету шаралары арқылы көмек корссту мәселелері психологтің комегін талап етіп отыр.

Келесі саласы — тәжірибелік педагогикалық психология. Тәжірибелік пеихологияның бұл саласы оқушыларға, олардың ата-аналарына және педагогтарға психологиялық қызмет көрсету жолдарын жан-жақты зерттейді. Психологиялык қызмет көрсету — балалардың психологиялық дамуын диагностикалау, олардын дамуындагы психологиялық ауытқулардың алдын алу, психологиялык кеңес беру, таным процестері мен жекелік психикалық қасиеттерді өңдеу, ата-аналарға және педагогтарға психологиялық көмек корсету мәсслелерін шешуге өз үлесін қосады.

Білім беру саласында психологиялық қызмет көрсету жаца үйымдастырылып келе жатыр. Оның мазмұны, ұйымдастыру формалары, қолданылатын әдіс-тәсілдері әлі жүйеге келтірілген жок- Сондықтан әр психолог орысшадан өзі аударган зерттеу әдістерін қолданып, окушылардың таным процестерін коррекциялау жолдарын шамасы келгенінше анықтап келеді.

Тәжірибелік психологиялык зерттеулер адамзат қанша омір сүрсе, сонша уақыт дамып келе жатыр деп айтуга болады. Өйткені адам адам болғалы өзінің тәнімен қатар жанының ерекшкліктсрін де жете біліп, оны басқару, оңдеу жолдарын анықтап алуға құмарлығы оте зор болды. Дегенмен нақты психодиагностикалык зерттеулерді жүргізу өдірістері анықталып, жекелік психологиялық қасиеттер ерекшеліктерін анықтау 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап дамып келе жатыр. Бірінші психодиагностикалық зерттеулер психикалық аурулар арасында жүргізілді.

Тәжірибелік психологиялык зерттеу негізін құрушылардың айтуы бойынша, психоз ауруына ұшырағандардың психологиялық қасиеттері дені саулармен бірдей, тек кейбір касиеттері ерскше дамып, анық байқалатын ауытқуға ушыраган. Сондықтан оны зерттеу жеңілдеу болды деп корсеткен. Осындай ерекше дамыган қасиеттерді зерттеу де оңай болатындықтан исихологиялық касиеттерінің даму деңгейін диагностикалау жүргізілді. Тәжірибелік психология дамуындағы бұл кезең клиникалық деп аталады.

XIX ғасырдың екінші жартысында жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері анықталуы, жүйке жүйесінің функциялары мен психологиялык қасиеттердің байланыстылығы дәлелденгенімен байланысты темпераментке жан-жақты сипаттама берілді. Сеченов, Павлов жүргізгсн зерттеулер нәтижесінде олар екінші сигналдық жүйенің, нағыз адамдық қасиеттердің қалыптасуына негіз болатыны анықталды. Бүл кезді, тәжірибелік психологияныц дамуына физиологтардың қосқан үлесін ескере отырып, психофизиологиялық кезең деп атауға болады.

Жекелік психологиялык қасиеттерді зерттеу тестілерін қолдану Франция, Германия т.б. елдерде 19 ғасырдың аягында кеңінен орын алды. Психологиялык зерттеу жүргізуге колданыла бастаған әдістерді 1870 жылы Гальтон тест деп атауды үсынды. Осы кезден бастап қабілетті зерттеу арқылы адам мүмкіндігін анықтауға қызығушылықты қанағаттавдыру мақсатымен Франция, Германия, АҚШ т.б. мемлекеттерде психологиялык зертханалар ашылып, барлық талапкерлердің іс-әрекет түрлеріие икемділігін аныктауға багытталған зерттеулер кеңінен қолданылды. Гальтонның ұсынысы бойыиша тест комегімен өлшенген касиеттердің бір-бірімен корреляциялық байланысы бар екендігі ескерілді.

Психологиялык зерттеулерде математикалык және статистикалық тәсілдерді қолдану үшін Парсонс, Фишер, Спирмен деген математиктер шақырылды. Фишер дисперсиялық талдауды, ал Спирмен — факторлык талдауды психологиялык зерттеуде колдану жолдарын анықтап берді. Фишер ұсынған дисперсиялық талдау әдісі көмегімен жеке факторлардың эксперимент нәтижесіне тигізетін әсерін статистикалык жолмен анықтауға мүмкіңдік туды. Ал Спирмен жасап шытарган көпөлшемді факторлық талдау әдісі көмегімен бір-бірімен корреляциялық байланысы өте төмен көрсеткіштер анықталып, олардың байқалуын статистикалык жолменен талдауға жол ашылды.

Келесі кезеңде Г. Айзенк жэне Р. Кеттел факторлық талдауды жекелік психологиялык касиеттерді зерттеуге қолданды. Осы кезден бастап жеке адамның психологиялык касиеттерін толық олшеп психологиялык кескінін жасауга, барлық кісілік психикалык корсеткіштерін бір-бірімен үштастырып анықтауға жол ашылды. Сонымен катар интеллектуалдык қасиеттерді зерттеу тестері кеңінен қолданыла бастады. 1905-1907 жылдары француз ғалымы А. Бине статистикалық жағынан негізделген интеллектуалдық тест жасап шығарды. Ұсынылган тәсілді өндеп шыгуга Т. Симон оз үлссін қосып, психодиагностикада бүл әдістеме Бине-Симон шкаласы деп қолданыла бастады.

Өткен ғасырдың 20-шы жылдары жекелік касиеттерді зерітеуге және интеллектуалдық қасиеттерді анықтауға арналған тестердің көптеген түрлері құрылды. Оларды қолдану арқылы жеке түлганыц психологиялык касиеттерін жан-жақты талдауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасын зерттеуге арналган Я. Морреноның социометриялық зерттеу әдісі, К. Левиннің өлшеу әдістемелері, Я. Коломснскийдің ұжымның қалыптасу деңгейін бағалау тестері кеңінен қолданылады. 50-60 жылдары психологиялык зерттеулерге қызығушылық күшейіп, психодиагностикалық зерттеулер саны және диагносгакалық әдістер көбейе түседі. Коптеген мемлекеттерде психологиялык зерттеу орталықтары, мамандыққа баулу кабинетгері, мамандыққа жарамдылыкты анықтау қызметін корсететін кеңселер, жеке адамды мазасыздану жағдайынан шыгару шараларын ұйымдастыратын орталықтар ашылады. Тәжірибелік психологияның дамуындағы бұл кезеңді психодиагностикалық деп атаймыз.

Қазіргі кезде психологиялык зерттеулер нәтижелері адам өмірінің барлык салаларында кеңінен қолданылуда. Психологиялык қызмет көрсету жүйесі жақсы дамыған болуды өмірдің-көптеген орындары талап етіп отыр. Сондықтан психологиялык кызметті білім беру жүйесіне және әлеуметтік орта ерекшеліктеріне икемдеп ұйымдастыру бүгінгі күн талабы деп айтуға әбден болады.