Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBJ-wpor2kurs.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163.17 Кб
Скачать
  1. Жүрекке массаж жасау техникасын келтіріңіз

Егер адамның жүрегі соқпаса онда миға қан бармай адам тез өліп қалады.

Жүректі жұмыс істеткізуге болады, егер оған біркелкі басып тұрумен бірге өкпеге ауыздан аузына тәсілімен ауаны беріп тұрсаң, адамды құтқаруға мүмкіндігіңіз бар. Бірақ бұл әдісті адамның жүрегі соқпағаның анық білсеңіз ғана пайдалануға болады. Егер жүрегі ақырын соқса, сіз жоғарыда айтылған қимылдармен қолдасаңыз, оны мүлде тоқтап тастау мүмкін.

Алақандарды бір біріне қосыпкеуденің төменгі жағына қойып, басқанда бүкіл күшті жұмсау керек. Үлкен адамның кеудесі төрт сантиметрге және минутына сексен рет жиілікпен басылу керек.

Егер массаждысіз жалғыз істесеңіз, онда 15 рет жүрек жағын басып бір рет жасанды дем беру керек. Егер массажді екі адам істесе, онда 5 рет жүрек жағын басып бір рет жасанды дем беру керек.

Егер адамда пульс пайда болса, онда жүректін массажды тоқтатып, жасанды дем беруді тоқтатпау керек.

Егер жүректін массажды он жасқа толмаған балаға жасасаңыз, онда кеудесіне бір қолымен басу қажет, ал басудың жиілігі 80-100 рет болуға тиісті.

Егер жүректін массажды сәби балаға жасасаңыз, онда кеудесіне екі саусағымен 25 мм.-ге дейін басу қажет, ал басудың жиілігі 100 рет болуға тиісті.

  1. Өкпені жасанды үрлеу техникасын келтіріңіз

Қолдан тыныс алдыру – ауру адамның қалыпты тыныс алу қабілеттілігі бұзылған жағдайларда жасанды түрде өкпеге, тыныс органдарына ауаны енгізу және шығару әдісі. Бұл әдіс кейбір ем шараларын қолдану барысында (өкпеге операция жасау, наркоз беру), тынысы уақытша тоқтағанда (иіс тию, әр түрлі газдармен улану, суға бату, электр тогымен жарақаттану, т.б.) қолданылады. Қолдан тыныс алдыру кезінде жәрдем көрсетіліп жатқан адамның қанын оттекпен қамтамасыз етумен қатар, өкпегебаратын ауа кезеген жүйке талшықтарын тітіркендіріп, мишықта орналасқан тыныс алу орталығын қоздыру арқылы тыныс алу қызметінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Қолдан тыныс алдыру әрекеттерін ауру (жарақат алған) адамның жүрек қызметі тоқтамаған жағдайда ғана қолдануға болады.

Жасанды тыныс алдыру әрекеттерін неғұрлым ерте бастаса, солғұрлым ол оң нәтиже береді. Сонымен қатар аталмыш әрекеттер дұрыс және қалыпты жағдайдағы тыныс алу ырғағына сәйкес жүргізілуі өте қажет. Қолдан тыныс алдыруды іске асыру алдында науқастың әуелі денесін қысып тұрған киімдерден (галстугін, жағасын, белдігін, т.б.), аузын түкіріктен, кілегей сұйықтан, т.б. тазарту керек. Ал тыныс алдыру әрекеттері барысында сырқаттың тілі көмекейді жауып қалмауы үшін науқастың тілін сыртқа шығарып оны саусақпен немесе арнайы қысқышпен ұстайды. Қолдан тыныс алдыру барысында, құсығы тыныс алу жолдарына құйылмауы үшін, көмек көрсететінадамның басын төмендетіп, бір жағына қарай бұру керек.

Жасанды тыныс алдыруды қолмен немесе арнайы аспаптармен іске асыруға болады. Аспапсыз қолдан тыныс алдырудың “ауызға үрлеу” әдісінде жәрдем көрсетушіадам тыныс алуы тоқтаған адамды шалқасынан жатқызып, бір қолымен оның мұрнын қысып, екінші қолымен аузын ашады да, терең тыныс алып, ауаны науқастың аузына дәке арқылы бірнеше рет үрлейді. Қолдан тыныс алдыруда Сильвестр және Шефер әдістері кең таралған.

Сильвестр әдісін қолданғанда жәрдем көрсетілетінадамды шалқасынан жатқызып жәрдем көрсетуші оның екі қолын жоғары көтереді. Бұл кезде сыртқы ауа ішке, яғни өкпеге өткізіледі (тынысты ішке алу). Одан соң қолдарын кеуденің төмен жағына келтіріп күшпен басады (тынысты сыртқа шығару).

Шефер әдісінде жарақат алған адам етпетінен (бетімен төмен) жатқызылады, ал жәрдем көрсетуші оның үстіне тізерлеп отырады да, кеудесін минутына 16–18 рет ырғақпен қысады. Қолдан тыныс алдыруды аспаптармен іске асыру, әдетте, ауруханаларда немесе арнайы жабдықталған жедел жәрдем көліктерінде жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]