Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBJ-wpor2kurs.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163.17 Кб
Скачать
  1. Реанимация тәсілдерін сипаттаңыз

Организмді тірілту, реанимация (лат. re – қайта және лат. anіmatіon – жандандыру) – ағзаның тіршілік етуіне қажетті ең маңызды органдар қызметінің бұзылуын не тоқтауын қалпына келтіру.

Организмді тірілту терминальдық жағдайларда, оның ішіндеклиникалық өлім кезінде қолданылады. Әдетте, ағза тіршілігі біртіндеп барып тоқтайды. Бұл кезде ми және орталық жүйке жүйелері тіршілігін толық жоғалтпайды. Физиологиялық зерттеулер нәтижесінде өмір мен өлім арасында белгілі бір аралық жай болатыны дәлелденген. Бұны клиникалық өлім деп атайды. Бұл кезде тыныс алу, жүрек соғысы, шартты және шартсыз рефлекс байқалмайды, клиникалық өлім 5 – 8 минутқа созылады.

Организмді тірілту үшін ең алдымен қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж жасалынады. Сондай-ақ, қан құю, жүректі электрмен дефибрилляция жасау шаралары да жатады. Организмді тірілтуге бағытталған негізгі шаралар түріне қарай жүрек-өкпелік, жүректік, тыныс алу реанимациясы деп бөлінеді. Клиникалық өлімнен ағнаны тірілту неғұрлым ерте (8 минуттан) басталса және қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж дұрыс жасалcа нәтижелі болады. Бұрын ауырмаған адам кенеттен не кездейсоқ себептерден (мысалы, электр тогы соққанда, наркоз көп мөлшерде берілсе, әр түрлі себептермен жүрегі тоқтап қалғанда, т.б.) клиникалық өлімге ұшыраған жағдайда, ағнаны тірілту жиі қолданылады. Адам ұзақ ауырып, оның ағзасындағы тіршілікке маңызды органдарында (мысалы, жүйке жүйесінде, т.б.) қайтымсыз өзгерістер байқалса, Организмді тірілтуге мүмкіндік болмайды. Бұл кезде өлімнің биологиялық сатысы басталады.

Тірілтудің ұстанымдары:

  • жүрек қызметін қалпына келтіру

  • тынысты қалпына келтіру

  • бұзылған гомеостазды қалпына келтіру

  1. Клиникалық және биологиялық өлім белгілерін ажыратыңыз

Өлім деген ұғыды биологиялық тұрғыдан қараcақ, ол — организм тірлігінің толық тоқталуы. Өлген адам өлі денеге, яғни өлікке айналады. Өмір «сүрү өлу - деген сөз» деп Ф.Энгельс бекерге айтпаған.

Өлу заңдылыктарын, оның себептерін және өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілімді танатология деп атайды. Адам өлімін бүкіл организмнің өлімі деп карау керек. Бірак, әр түрлі зерттеулер аркылы кейбір ағзалардың, тіндердің өз тіршілігін организм өлгеннен кейін де біраз уақытқа дейін сақтай алатындығы анықталған. Осыған байланысты өлген адам ағзаларын, тіндерін трансплантация үшін пайдалану мүмкіншілігі туды. Қазіргі кезде бүйректерді, жүректі өлген адамнан ауру адамға кешіріп отырғызу практикада кең колданыс.

Өлу үрдісі өте күрделі болып, бірнеше сатылардан тұрады. Оларға: жанталасу күйі, жанталас (агония) және клиникалық өлім түсініктері кіреді. Өлімнің әрбір сатысының ұзактык мерзімі әр түрлі, мысалы, агония бірнеше минуттан бірнеше сағатка немесе тәулікке созылуы мүмкін. Клиникалык өлім әдетте 5-6 минуттан соң биологиялық өлімге өтеді. Бұл кезде орталық нерв жүйесінде, кейінірек басқа ағзаларда қайтымсыз өзгерістер дамиды. Осы кезден бастап қана организмді мәйіт деп атауға болады.

Ауру асқынып кеткенде, мысалы, миға қан құйылғанда, жүрек инфарктында, өкпе артериясының тромбоэмболиясында адам кенеттен, кейде бірнеше минуттар ішінде де өліп кетуі мүмкін. 

 Клиникалық өлім тынысалу және қан айналымының тоқталуымен сипатталады, бірак бүл өзгерістер бірнеше минуттай (ми қыртысының тіршілігі сақталғанша) қайтымды болады. 

Клиникалық өлім агониядан (жанталас кезеңінен) басталады (грекше: agon - күрес. жанталас). Ол гомеостазды қамтамасыз ететін жүйелер жұмысының терминальдық (ақтық) кезеңдегі үйлесімсіздігін бейнелейді (аритмия, сфинктрлердің паралич, құрыспа (судорога), өкпенің сусіңрділенуі. 

Биологиялық өлім организм тіршілігінің қайтымсыз өзгерістерімен және аутолиздік процестердің басталуы-мен сипатталады. Дегенмен клеткалар мен тканьдер бір мезгілде өлмейді. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]